Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тік төртбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы

«ххі ғасыр математиктері»
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, жарысуға,
жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді дарынды озық болуға
тәрбиелеу.

Армысыздар, қымбатты оқушылар!
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа
Ақыл ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән – математика атанғансың, – дей келе, «ххі ғасыр
математиктері» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысқа 2 топ қатысады.
Сайыстың шарттарымен таныстырып кетейін. Сайыс 6 кезеңнен тұрады:
«Кім жылдам?», «Адасқан әріптер?», «Сиқырлы шаршы», «Үш тұғыр», «Төрт
таған» және «Жорға».
Сайыс бар ма қазыларсыз, ағасыз,
Оның әрбір сөзіне нанарсыз.
Ел сенімін ақтай білер төрдегі,
Ұстаздардан әділдікті табарсыз, – дей отырып, төрдегі
әділқазы алқасымен таныстырып өтейін.
Сайысымыздың алғашқы кезеңі – «Кім жылдам?». Бұл кезеңнің шартымен
таныстырып өтейін. Бұл кезеңде 20 сұрақ қойылады. Экранда көрсетілген
сұрақтарға бірінші болып белгі берген топ оқушысы жауап береді. Дұрыс жауап
берсе 10 ұпай алады.

«кім жылдам?»
1. Шаршының периметрі? (Р = 4а)
2. Тік бұрыш дегеніміз? (900)
3. Перпендикуляр түзулер? (тік бұрыш
жасайды)
4. Тік параллелепипед көлемі? (V =
abc)
5. 3 жылда қанша ай болады? (36)
6. Шеңбер сызатын құрал? (циркуль)
7. Бұрыш сызу үшін қолданатын құрал (транспортир)

8. х ( 15 = 120 теңдеуін шеш. (8)
9. 78 – х = 64 : 8 теңдеуін шеш? (70)
10. Арман ойлаған санын 16-ға бөлгенде 5 шықты. Арман қандай сан
ойлады? (80)
11. 900-тан кем бұрыш? (сүйір)
12. 5 тәулікте неше сағат? (120)
13. 720минут неше сағат? (12сағат)
14. 1-ден 10-ға дейінгі сандар қосындысы? (55)
15. 98 санын 5-ке бөлгендегі қалдық? (3)
16. Ең үлкен бес таңбалы сан (99999)
17. 3, 5, 8, 12, 17, 23, ??? (30)
18. Қабырғасы 8см шаршы ауданы? (64см2)
19. Бір кірпіш 5кг. Неше кірпіш 1тонна болады? (200)
20. 3000 секунд неше минут? (60)

ІІ кезең – «Адасқан әріптер». Бұл кезеңнің шартымен таныстырып өтейін.
Экранда 15 әріптер берілген. Осы әріптерді қолданып, математикаға қатысы
бар термин сөздер құрастыру керек. Әр терминге 10 ұпай беріледі.

ІІІ кезеңіміз – «Сиқырлы шаршы». Бұл кезеңнің шартымен таныстырып
өтейін. Экранда 9 ұяшық берілген. Осы ұяшықтарға 1-ден 9-ға дейінгі
сандарды орналастыру керек. Көлденеңінен де тігінен де қосқанда қосындысы
15-ке тең болу керек. Бірінші болып әкелген топ 50 ұпай жинайды. Екінші
болып дұрыс әкелген топқа 30 ұпай беріледі.
|4 |9 |2 |
|3 |5 |7 |
|8 |1 |6 |

«Үш тұғыр»
Келді кезек Үш тұғырды шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, шәкірт саған несібе.
ІҮ кезеңіміз – «Үш тұғыр». Бұл кезеңнің шартымен таныстырып өтейін.
Экранда 9 ұяшық берілген. Ұпайы аз топ бірінші болып таңдайды. Шешімдерін
дұрыс тауып, оны орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Әр жауапқа 10 ұпай
алынады.

1. 485 – х = 120 ( 4 теңдеуін шеш: (5)

2. Аулада жайылып жүрген 6 тауық пен 12 қойлардың аяқтарының саны
(60)

3. Қабырғалары 3см, 4см және 5см болатын үшбұрыштың периметрі неге тең?
(12)

4. Алманың бағасы 280 теңге. Бұл картоп бағасынан 7 есе қымбат. Картоп
бағасы қанша? (40)

5. Жүрдек пойыз 60км/сағ жылдамдықпен 360км жолды қанша уақытта жүріп
өтеді?
(6)

6.Есепте: (45 + 55) : 20 + 4 (9)

7. Тік төртбұрыш ұзындығы 20см, ені 15см болса, периметрін тап.
(70)

8. Ең кіші үш таңбалы саннан ең үлкен екі таңбалы санды азайтқанда неше
шығады? (1)

9. Оқушы кітаптың 16 бетін оқыды. Бұл барлық кітаптың бестен бір
бөлігіндей. Кітапта барлығы неше бет болғаны?
(80)

«Төрт таған»
Ойынымыздың келесі кезеңі «Төрт таған». Бірінші болып өткен турда аз
ұпай жинаған топ бастайды.
Теңдеу – 10
х ( 8 = 4 + 52 (7)

Теңдеу – 20
45 + у = 12 ( 6 (27)

Теңдеу – 30
х : 9 = 25 - 19 (54)

Теңдеу – 40
60: х + 9 = 120 : 8 (10)
Теңдеу – 50
125000 : а = 24 ( 20 + 20 (250)
Мәтін есептер – 10
Велосипедші 8 км/сағ жылдамдықпен 6 сағатта неше км жүреді?
(48км)

Мәтін есептер – 20
Тік төртбұрыш ені 6см, ал ұзындығы одан 8 см артық. Периметрі неге тең?
(40 см)
Мәтін есептер – 30
«Волга» автомобилі 100км жолға 20 литр бензин жұмсайды. 700км жолға неше
литр бензин жұмсайды? (140л)

Мәтін есептер – 40
Мектеп шеберханасы 120 кітапты 4 күнде түптеп бітіреді. Осындай қарқынмен
жұмыс істесе, 480 кітапты неше күнде түптеп бітіреді? (16 күн)

Мәтін есептер – 50
Демалыс орнына келген 675 бала тең бөлініп, 25 бөлмеге орналасты. Әр
бөлмеге неше баладан орналасты? (27)

Әзіл сұрақтар – 10
Алфавиттің ең соңғы әріпі? (Т)

Әзіл сұрақтар – 20
Есікті ашу үшін не қажет? (Есіктің жабық болуы қажет)

Әзіл сұрақтар – 30
Электровоздың түтіні батысқа қарай созылып жатса, өзі қай бағытқа қарай
жүріп жатыр? (Электровоздың түтіні
болмайды)

Әзіл сұрақтар – 40
Үйдің ең суық жері? (Сырты)

Әзіл сұрақтар – 50
Жеген сайын жылататын нәрсе? (Таяқ)

Логика – 10
Кубик жасау үшін неше шаршы керек? (6)

Логика – 20
Бір таңбалы санға дәл сондай санды тіркеп жазса, неше есе өседі?
(11)

Логика – 30
Бір аптада неше сағат бар? (168 сағат)

Логика – 40
Алманың жартысы неге ұқсас? (екінші жартысына)

Логика – 50
Бір кішкене қыз атасынан, сіз нешедесіз деп сұрады. Сонда атасы: «Менің
жасымды алты есе кемітіп, 6-ны алса, 6-ға тең болады» депті. Сонда атасы
неше жаста болған? (72)

“Жорға”
Ең қиыны жарыстың “Жорға” келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
Соңғы кезеңіміз Жорғаның шартымен таныстырайын. Әр топ басшысына жеке-
жеке 10 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 10 ұпай

І
1. 9 ( 7= ? 63
2. Үшбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы периметр
3. 900-тан артық, бірақ 1800-тан кем бұрыш доғал
4. 7 санының квадраты 49
5. Барлық қабырғалары тең болатын тік төртбұрыш? шаршы
6. Бір жылда неше тәулік бар? 365
7. 364және 359 сандарының қайсысы үлкен? 364
8. Шеңбердің диаметрі 44-ке тең. радиусы неге тең? 22
9. 1 тоннаның бестен бір бөлігі? 200кг
10. Үшбұрыштың қабырғалары 19, 11, 20. Периметрі неге тең? 50

ІІ
1. 8 · 6= ? 48
2. Тік төртбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы? периметр
3. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер Перпендикуляр
түзулер
4. 8 санының квадраты неге тең? 64
5. Ең кіші төрт таңбалы сан? 1000
6. Тік бұрыштан кіші бұрыш Сүйір
7. 968 және 971 сандарының қайсысы үлкен? 971
8. Шеңбердің радиусы 19-ға тең. Диаметрі неге тең? 38
9. 1 метрдің төрттен бір бөлігі? 25 см
10. Үшбұрыштың қабырғалары 20, 19, 21. Периметрі неге тең? 60

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды,
Ал, қазір әділқазы сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз, грамотасын тапсырады.

Осымен сайысымыз аяқталды, сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы

5 сыныптар арасында

Пән мұғалімі: Жалмендин Бекболат

Ақын Сара ауылы
2017 жыл

Ұқсас жұмыстар
Тік төртбұрыш тобы
Ғажайып әлем математикадан сыныптан тыс сабақ
Дұрыс көпбұрыштар жайлы ақпарат
Математика 3 кл. кайталау. ашык сабак
Көпбұрыштың периметірі
Тіктөртбұрыштың диагоналдары тең
Шаршының периметрі
Оқушылардың мәтінді есептерді теңдеу жүйесін құру арқылы шығару
Маб-қа дайындық тесттер жинағы (математика)
Трапецияға есептер шығару
Пәндер