Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ағылшын тілі - XXI ғасырдың тілі

Ақмола облысы, Степногорск
қаласы
«С.Сейфуллин атындағы №5
көпсалалы мектеп –лицейі» ММ
ағылшын тілі мұғалімі
Жанаидарова Гульмайра Амантаевна

«Білім мазмұнын жаңарту аясында коммуникативтік технологияны пайдаланып
ағылшын тілін меңгерту ».

Білім беру берген білімнің санында емес, сенің білгеніңді
толық түсініп, оны құлшыныспен қолдана білу
Георг Гегель
Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін
жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат
қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі,
ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне,
даму бағытына байланысты.
XXI ғасыр деңгейінде білім беру және кәсіптік даярлау жөніндегі Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2007 жылғы 28
ақпандағы Жолдауында « Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар
деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Әр
оқушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас
жүйесін жасау қажеттігін, оқу жоспарларына жаратылыстану бейініндегі
арнаулы сыныптар құруды қарастырған жөн » екендігі атап көрсетілген
болатын.
Жаңа ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология
бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып
табылады. « Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды » дегендей,
жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі
күннің басты талабы. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың
жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы, жеке тұлғаға
қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік,
әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби
сауаттылық қасиеттерін арттыру.
Жаңа білімді іздену арқылы алу тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді,
мұндағы басты міндет – баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің
даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларын ағылшын тілін оқытуда
қалыптастыру және қолдану болып табылады.
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын,
әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз
күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге
құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі
мұғалімінің міндеті. Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт
талабы.Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай мектебімізде 1 сыныптан
бастап жүргізілуде.Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап
ұлтаралық,мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал
етеді.Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір
балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне
оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік
нығайтуын,білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде.
Білім сапасын арттыру, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып
отыр. Осы мәселені шешу- білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін
ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру болып табылады. Сондай-ақ,
білім беру мақсаты мен нәтижесіне ерекше мән берумен тығыз байланысты. БМЖ
байланысты оқушыларға ғана емес, сонымен қатар мұғалімге қойылған талап
зор. Білім беру барысында дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы бар және
бүгінгі таңда мұғалімнің өзіне қояр талабы жоғары болатыны анық байқалады.
Шәкірттерім сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастырып,
ойлау,шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамытып, білім сапасын көтеруде.
Себебі, алдыңғы білім беру мен жаңашаланған білім берудің айырмашылығы бар.
Сабақтың жоспарын жай ғана құра салып өткізу емес, сондағы басты мақсатқа
жету және оқушының білімінің жоғарылаған динамикасы айқын көрінеді. Осы
білім беру процесінде бірнеше технологиялардың ішінде ілгері ықпал жасап
отырған: Е.И.Пассовтың коммуникативтік технологиясы.
Коммуникативті технология деп оқуға қатысушылардың барлығын және мүмкін
болған құрал-жабдықтар мен ақпараттардың барлығын қарастыра отырып өзара
белсенді тілдік қатынасқа ену негізінде оқу үдерісін құруды айтады. Оның
жетекші әдісі тілдік өзара қарым-қатынас. Қолданылатын жұмыс түрлері:
ынтымақтастықта оқу(оқытушы мен оқушылар), жұптық оқыту(оқушылардың бірін-
бірі оқытуы), топтық құрамда жұмыс істеу (топтардың құрамы өзгеріп отыруы
шарт), оқу тілдік диалог (өзара пікір алысу). Коммуникативтік технологияда
тілдік қарым-қатынас алдыңғы орынға шығарылады да басқа жұмыстар осы
бағдарға бағытталады.
Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-
грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Оқушының тиісті лексикалық қоры,
сондай-ақ грамматикалық білімі болумен бірге, оны сөйлеу әрекетінде қолдана
білу керек. Сөйлеу әрекеттері, негізінен, белгілі бір мақсаттағы
жағдаяттар, жүйелі модульдер, ауызекі жауаптасу, сұрақ-жауап арқылы жүзеге
асады. Коммуникативтік әдістердің негізгі принциптері мыналардан тұрады:
1. тілдік бағыттар
2. функционалдық
3. оқиғалық
4. жаңашылдық
5. қарым-қатынастық дербестік бағыттар.
Коммуникативтік-оқыту процесінің тілдік бағытын білдіреді. Ол
коммуникативтің әдістемеде «сөйлеу»-тіл дамыту жұмыстарының бір түрі
ретінде және қарым-қатынас құралы ретінде үйретудің басты принциптерінің
бірі болып табылады. Ол сабаққа іскерлік бағыт-бағдар береді. Сабақтың
практикалық жағына бағытталады. Сөйлеу жаттығулары арқылы лексика мен
грамматикалық ұғымдар кең көлемде бір қалыпты және тез мөлшерде
жинақталады. Коммуникативтік оқыту қарым-қатынас жағдайларын құруға
мүмкіндік береді: коммунткативтік мотивация,дұрыс бағытта сөйлеу,өзара
қатынастың қалыптасуы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Коммуникативтік ойлау іс-әрекетіне дайын болатын когнитивтік құзырлық
коммуникативтік құзырлықтың керекті компоненті болып табылады. Шетел тілі
сабақтарында оқушылардың тіл-ойлау қабілетін дамытатын жағдайлар:
1.мәтінмен жұмыс
2. мәселемен жұмыс
3.ойын ойнату жұмысы
Ойлау- сөйлеуді керек ететін кез келген жағдайда үш компонент өзара
байланысады: шешілетін мәселе, бар білімдері, зерттеу әрекеттері.
Е.И.Пассовтың коммуникативтік технологиясы тілді үйрету барысында барлық
түрде қалыптасады: тыңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да,
өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді.
Күнделікті бір сарынды, дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың,
керісінше жалықтырып аласың. Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру
мақсатында осы технологияны үнемі қолданамын. Білім алу барысында балалар
өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, айтылым,
тыңдалып,оқылым дағдылары жақсарып, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге жете алмайтынымды
түсіндім.Сабақта түрлі әрекет болу керек екендігін аңғардым. Бірақ қандай
деңгейде? Сабақтың қай кезеңінде? Қай кезде жақсы нәтиже береді?Бұл
сұрақтар мені үнемі толғандыратын.Себебі мен бұл сұрақтарға бірден жауап
бере алмадым. Әріптестеріммен кеңестім, көптеген әдебиеттерді оқыдым, НЗМ
ағылшын тілі біліктілігін арттыру курстарында болдым, командалық сабақтар
әзірлеп, баспа-құралдарын оқып, сабақ жоспарларын зерттеп, талдадым. Осы
технология арқылы тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болатынын
түсіндім.Сонымен мынандай қорытындыға келдім. Сабақта жиі қолданып жүрген
әдіс-тәсілдерімнің үлгілері:
Лексиканы меңгеру үшін түрлі әдіс - тәсілдер пайдаланылады. Нақты
мағыналы сөздерді суреттер, зат, макет арқылы түсіндірген жөн. Абстрактілі
мағыналы сөзді түсіндіру үшін аударманы қолдану және тіл көрнекілігі арқылы
түсіндіру қажет. Ал тіл көрнекілігі дегеніміз – сөздің мағынасын контекст
арқылы, синонимдер мен антонимдер, сөздің құрамдас бөліктерін талдау арқылы
түсіндіру. Контексттерде грамматикалық құрылым, ондағы жаңа сөзбен басқа
сөздердің барлығы оқушыларға бұрыннан таныс болуы қажет. Сонда оқушының
назары жаңа сөздерге аударылады.
Яғни граматикалық материалды түсіндіруде қазақша мысал келтіріп, берілген
мысалды ағылшынға аударып, екі тілдегі ұқсастық пен айырмашылықтарға
тоқталамын. Содан кейін ағылшын тілінде жасалу жолын (ерекшелігін
түсіндіріп өтетін граматикалық материалды бекіту үшін, практикалық
жаттығулар көп жасалу керек, мүмкін болса, көбіне оқушылардың өз өміріне
байланысты мысалдар келтірген жөн. Оқушыларды міндетті түрде сұрақ қоюға,
сұраққа жауап беруге үйрету керек, бірақ ол жаттанды түрде болмауы тиіс.
Әсіресе, төменгі сынып оқушыларына сұрақ қою кезінде өзімнің қолданатын
әдісіме тоқтала кетейін:
Who? What are they do(ing)? Where? When?
Мысал: The children are playing in the yard now. – деген сөйлемді алатын
болсақ, сөйлемдегі әр сөзге қойылатын арнаулы сұрақтарын анықтап алған жөн.
Сонда оқушылар сөйлемдегі артикльдің, жалғаудың көмекші етістіктің орнын
ауыстырып алмайды. Қысқасы, грамматикалық материалды өткенде, негізінен,
ана тілі мен орыс тілінде салыстыра түсіндірген тиімді. Оқушы бұл тілдердің
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жете білгенде ғана, ол тілді дұрыс та,
тез игере алады.
Демек шетел тілін оқыту барысында оқушыларды тілдік материалмен
таныстырып қана қою жеткіліксіз, оларға оның қалай қолданылатынын көрсетіп,
дұрыс айтуға, жазуға, оқуға дағдыландырып төселдіру керек. Ол үшін мен
оқушыларға фонетикалық жаттығулар жасатамын. Фонетикалық материалды
меңгерту үшін, фонетикалық дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру үшін
жаңылтпаштар, тақпақтар, өлеңдер жаттатамын. Алғашқы кезде кейбір ұқсастау
дыбыстардың айтылуына мән беремін. Мысалы, know – білу, now – қазір, mouth
– ауыз, mouse - тышқан.
Сонымен қатар коммуникативтік бағыттағы ойындар: «Аралар ойыны»
Құрал-жабдықтар: ковбой қалпағын киген ағылшын арасы мен тақия киген қазақ
арасының суреті. Мұғалім екі араны таныстырады. Ағылшын арасы [р] деп
(тілімізді тістеп «з» деп айту) ызылдайды, ал қазақтың арасы [ʒ] деп
ызылдайды. Екі ара бір гүлдің үстінде кездесіп қалып бір-біріне екі елдің
жаңалықтарын айтып жатыр. (кезек-кезек[р],[ʒ]деп айту).
"Story" әңгіме құрастыру, белгілі бір дыбысқа арналған кез-келген
сөздерді пайдалануға болады. Содан соң әңгіме құрастырылады.Әңгімеде сол
дыбысқа арналған сөздер кездессе- балаларға оны карточкадан көрсетіп,олар
оны хормен айтады.
Мысалы: Бір күні (Rabbit) болыпты. Оның тамаша (rope) бар екен. Біздің
(Rabbit) өзінің (rope)мен (road) арқылы жүргенді жақсы көрді.( (road)
бойында өте әдемі (roses) өседі екен. Егер күнде таңертең (rain) жаумаса,
біздің (Rabbit) әдемі (roses)дерді теріп алып өз достарына апарып берер
еді!еtc.
«Is it true or not?» ойынды доппен өткізуге болады. Допты кез келген
ойыншыға лақтыруға болады және бір сөз тіркесін айтып:"Is it true or not?"
деген сұрақ қояды,.Ойыншы допты қағып алып "Yes, it’s true", немесе "No,
it’s not true" деп жауап береді. Сосын сол адам допты басқа ойыншыға
лақтырады.
Мысалға:
«Алтыншысын ата» тапсырмасы.Оқушылар дөңгелектеніп отырады.Бастаушы өткен
лексика бойынша сөздерді атай бастайды.Мысалы, 5 спорттың түрі,5 мамандық
,5 мектеп құралдары, 5жануар т.с.с.Жалғастыруға ұсынған адам 6-шысын
атайды.Егер тез айтса, сол адам жүргізуші болады.Біраз ойланып
айтса,бұрынғы адам бола береді.
Мысалы:a rubber, a desk, a ruler, a chair, a board…(a pen).
Орфографиялық сауаттылыққа арналған тапсырмалар.Мақсаты: сауатты жаза
білуге дағдыландыру:

Гусеница(қуыршақ) құрал-жабдықтар:магнит,әріптер жазылған дөңгелектер.
Ойынның барысы: Тақтада домалақтардан құралған гусеницанын суреті
бар.Бірінші гусеницада қысқа сөз жазылған.Әр гусеница бір домалаққа
артығырақ (домалақтар бос),қатысушылар кезекпен тақтаға шығып ереже бойынша
сөз жазады. Ереже:барлық сөздер бірдей әріптен басталу керек. Алдындағы
сөзден келесі сөз бір әріпке артығырақ болу керек.

Өткенді еске түсіріп, білімін жетілдіру:

1. Describe your classmate or a celebrity (appearance, character, hobbies
and deeds). Your classmates must guess the person.

2. Learn your classmates’ opinion about…
3. Your teacher stuck a paper on your back. For example: You are a vacuum
cleaner. You must ask all questions to learn what is written on your
back. The questions should be general.
Ситуативті жаттығулар: Оқушылар жағдайды жалғастырып, ойын аяқтауы
тиіс.Мысалы:

1.John was very unpopular in his class. But one day…

2. Alice was going home after a hard day at her office. But suddenly….

3. Harry could hardly imagine that it may happen to him…

Мәселеге байланысты ситуация: оқушы мәселеге байланысты оның шешу жолдарын
айтуға дағдыланады.Мысалы:

1. The Earth may become a desert because of cutting forests down. What is
the way out?

2. Grown- up children often do not have enough time to take care of their
old parents. How can we change the situation?

3. Obesity is a common problem of many Russians. What should we do to
solve the problem?

Рөлге бөлініп сөйлесу: арнайы белгіленген сюжет бойынша іске асады.

• line-up (оқушылар белгіленген бағыт бойынша жылдам тұруға ұмтылады);

• strip-story (әр оқушы өзіне берілген рөлге байланысты өзінің тиісті
орынын табуға тырысады);

• smile (күлімсіреген күйде бір-бірімен пікір алысу);

• merry-go-round (шеңберге тұрып, бір-біріне жылжи отырып пікірлесу);

• contact (қатысушылар бір-біріне жақындасып сөйлеседі);

• king words (оқушылар бір-біріне жағымды, жақсы сөздер айтып
сөйлеседі);

• reflection (оқушылар өзге сыныптастары олар туралы қандай пікірде
екенін болжайды);

• listening (оқушылар өзінің қасындағы оқушының оқылымын мұқият
тыңдайды) .

Дайын рөлдер берілсе де болады, мысалы: оптимист, пессимист.

You have just seen a football match. The score was 2: 2. Report it
if

1. You are an optimist 2. You are a pessimist.

Cinderella and her step mother. Describe a ball you have just visited.

Пікір алысу немесе сұхбат алу: оқушылар белгілі бір тақырыпқа байланысты
сұрақтар дайындайды және неғұрлым көп оқушылардан жауап алуға тырысады.
Сұрақтарын кесте түрінде жасап, жауаптарын белгілеп отырса тиімді болады.
Мысалы:

1.You have to learn everybody’s opinion about their favorite pastime.

2.Learn everybody’s opinion about the new film you saw yesterday.

Жаңа білім жүйесіндегі басты назар аударылатын мәселелердің бірі әр
оқушының құзыреттіліктер жиынтығы білім нәтижелері ретінде игеруіне
бағдарланған.Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға,
толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосып, тек Қазақстан ішінде
ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті шәкірт дайындау бүгінгі
ұзтаздардың қолында.

Ұқсас жұмыстар
Ойын элементтері арқылы оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын және сөздік қорын дамыту. 5-8 сыныптар
Көшбасшыға сұрақ
“тіл – халық қазынасы” атты xxi ғасыр көшбасшысы интеллектуалды ойыны
Етістіктің жасалуы
Сөздер ағылшын тілінде
Интеллектуалдық ойын XXI ғасыр көшбасшысы
Абылай хан 1723 жылы
Хіх ғасыр – ХХ ғасырдың басындағы иран. 8 сынып
Кодтау сағаты 2015
Ағылшын тілін оқыту әдістері мыналар
Пәндер