Қазақтың байырғы қара есептері

Ф. Энгельс атындағы жалпы орта мектебі
Авторлық бағдарлама атауы:
«Қазақтың байырғы қара есептері»
Математика пәні мұғалімі: Амангалиева С. М.
Математика, физика, информатика
пән бірлестігінде қаралды.
Хаттама: №3
Бірлестік жетекшісі: Жубанаева Г. К.
2016-2017 оқу жылы
Аннотация
Жұмыстың өзектілігі: Байырғы есептерді зерттеу және зерттеліп отырған жұмыс білім алуды жалғастыруға, қазақ педагогикасының математикалық біліміне негіз бола алады.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстан Республикасы президенті Н. Назарбаевтың “Мәдени мұра” бағдарламасында ұлттық құндылықтар мен этникалық ерекшеліктерді қолдау ерекше орын алғандығы белгілі. Осы орайда көшпелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан есептеріне байланысты наным-сенімдерінің құпиясын ашып, сырына қанығу. «Қазақтың байырғы қара есептері » тақырыбымен танысып оның қазіргі кездегі қолданысын зерттеу.
Зерттеудің міндеті: «Қазақтың байырғы қара есептері» тақырыбын зерттей отырып, қазақ халқының математикалық білімінің қолданысы басымдау екенін көрсете білу.
Білім алуын жалғастыра отырып, алған білімдерін қолдану мақсатында математикалық білімді нақтылы меңгеру.
Зерттеудің нысаны: Қазақ педагогикасының математикалық қолданысын ашу.
Зерттеудің проблемасы: Мектеп математикасында қазақтың халық есебінің көп қолданылмауы.
Болжам:
«Қазақтың байырғы қара есептерін» күнделікті сабақтарда көп қолданса, мектеп математикасының маңызы кеңейе түсер еді.
Зерттеу кезеңдері:
1. Зерттеу материалдарын жинақтау;
2. Есептердің шешімдерін табу;
3. Тақырыпты ашуда С. Ерубаевтың «Қазақтың байырғы есептері», Я. И. Перельман «Қызықты алгебра» деген жұмыстарын басшылыққа алып, логикалық есептердің маңыздылығын ашып көрсету;
4. Зерттеудің нәтижелерін қорытындылау.
Эксперимент әдістемесі: Өз бетімен әдеби кітаптарды оқу және
есептер құру, интернет жүйесін
қарау, баспасөз беттерінен материалдар
жинау арқылы байырғы есепті шеше
білуге қызығушылығын арттыра отырып,
өз бетімен жұмыстана білуге үйрету.
Зерттеу жаңалығы: Зерттеу жұмысында бұрын-соңды ғылыми әдебиеттерде кездеспеген қызықты логикалық есептер қазақтың есептері талдау жасау арқылы сұрыпталып алынған. Негізінен логикалық есептер шығаруда өзінің білім деңгейі көтеріледі. Кең ауқымды есептерді шешуде зерттеу, ойлау қабілетін дамытып, жаңа іс - қимылға жетеледі. Пәндік икемділігі қалыптасты. Өскелең ұрпақтың біліктілігін қалыптастыруға бағытталған қазақ халқының математикалық білімінің тамыры терең екендігін жетілдіру.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Ғылыми жұмысты
орындаушы өз талдауларын қорытындылай
келіп, жоғарыда келтірілген логикалық есептерді
шығару және қолдану жолдарының тиімділігін,
халықтық есептерді шешуде, математика сабағында
тақырыпты жеңіл ұғынуға болатынын дәлілдеуге
ұмтылған және мектеп бағдарламасында көбірек
беру қажет деп түйін жасайды.
Теориялық және практикалық маңыздылғы: Өзіндік ой қорыту, нақты тұжырым жасау және зерттеу дағдысы оқушы бойында қалыптаса бастаған.
Ғылыми-әдістемелік деңгейі:
Қазіргі өмірде әлеуметтік жағдайдың барлық салаларын жан- жақты зерттеу нәтижесінде жас өспірім ұрпақтың жан дүниесі сол негізде тәрбиелеу оның бойындағы оянбай жатқан қасиеттерді жандандыру- өмір талабы.
Маңыздылығы:
Нәтижеге бағдарланған қазақтың математикалық білім деңгейін айқындауға жәрдемдеседі, математикалық білім оқушылардың танымына жол ашады.
Мазмұны
1. Кіріспе . . . 3
2. Негізгі бөлім. «Қазақтың байырғы қара есептері» 2. 1. Алгебралық есептер . . . 5
2. 2. Әдеби кітаптардан құрастырылған есептер . . .
2. 3. Логикалық есептер . . .
3. Қорытынды . . . 11
4. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 12
Кіріспе
«Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін
математика, сондықтан оны оқу керек»
М. В. Ломоносов
«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің бағдарламасында: «Көп ғасырлы мәдениеттің тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені шырынмен қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады»-дей келіп, «Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Демек, Қазақстанның мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатына екі түрлі міндет жүктелді: бірі: - өзіндік этникалық мәдениетті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін нығайту, екінші жағы - төл мәдениетті оңтайлы өрістете отырып, жалпы адамзат мәдениетіне ену үшін тиімді жағдай жасау». Ендеше ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына, күнделікті тұрмыстағы атқаратын роліне тоқтала отырып, тұжырым жасау әрбірімізді қызықтырары сөзсіз.
Сондықтан біз бүгін ата-бабаларымыздың әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген есептердің сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.
"Математика - ғылымдардың патшасы" деп ұлы ойшылдар айтқандай, бұл ғылым өте терең біліктер мен үлкен ізденушілікті талап етеді. Бірақ бұл ғылым өзінің қызығушылығымен қызықтыра түсетін жұмбақ тәрізді. Қиын жұмбақтың шешуін табу адамды қандай қанағаттану сезіміне бөлесе, қиын есептің шешуін тапқандығы, адамның сезімдері одан асып түспесе, кем болмайды.
Математика тарихына көз жүгірте отырып, оның ғалымдардың бос қиялының жемісі емес, тікелей өмірдің қажетілігінен туындаған ғылым екеніне көзін жете түседі. Мұны әсіресе қазақтың қара байыр есептерінен көруге болады. Мектеп математикада тарихи мәліметтердің, оның ішінде қазақтың ертедегі есептерінің көп қолданылмауы өз зерттеуімізді, осы арнада жүргізуімізге түрткі болып ғылыми жобаның тақырыбын «Қазақтың байырғы қара есептері» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің материалдарын жинақтау барысында математикадан түрлі есеп жинақтары, мерзімді баспасөздерде жарияланып тұратын ежелгі есептер сараланды. Зерттеулердің екінші кезеңінде жинақталған математикалық есептердің ішінен зерттеуге қажетті мәліметтер сұрыпталды.
Сұрыпталған есептердің шешімдері табылды. Зерттеу нәтижелері қағаз бетіне түсірілді.
Зерттеудің барысында жинақтау, салыстыру, талдау(анализ) және синтез тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылады.
Қазақтың байырғы қара есаптері
Алгебралық есептер
1. Құтты қазықтар есебі.
Бір қарияның ер жеткен үш ұлы болыпты. Қартайған шағында малын балаларына еншіге бөліп бергісі келіп, он екі жерге қаз қатар қазық қағады да, бірінші қазыққа бір қой, екіншісіне- екі қой, үшіншісіне- үш қой, осы ретпен ең соңғы он екінші қазыққа он екі қой байлайды.
- Ал, балаларым мына қазықтардың бәрі құтты. Осында байланған қойларды үшеуін тең бөліп алындар, - дейді ол балаларына.
- Қазықтардағы қойлар саны бірдей емес қой, сонда қалай тең бөліп аламыз? - деп қалды үлкен ұлы.
- Әрқайсысының төрт қазықтағы қойды ағытып алсаңдар, еншілерің тепе- тең болады - дейді қария.
Жауабы: 26 қой.
2) Жеңіл сақина .
Бәйбіше егіз қызы мен өгей қызына күміс тенгеден сақина соқтырғысы келді. Ол теңгені ұстаға ұстатып: -Түрі бірдей, бірақ біреуі жеңілдеу, небәрі үш сақина соқ, - деді. Ұста сақиналарды бәйбіше айтқандай етіп жасады. Мұны білмеген өгей қыз байқамай сақиналарды араластырып алады. Оны шешесіне келген соң айтты. Басқан ізін аңдып жүрген шеше өгей қызына кейіген жоқ, себебі таза күмістен жасалғаны қайсысы екенін бірден анықтады. Сақиналар аралысып кетсе, өзің қалай анықтар едің? Жау, жау, жаңбыр, Жау жаңбыр Көк биеңді сау, сау! Жауабы: Таразының екі басына екі сақинаны саламыз. Егер олар теңессе, жеңілі үшіншісінде, теңеспесе, табағы көтерілген жағындағы сақина жеңілі. Архимед заңын пайдаланып та жеңіл сақинаны табуға болады. Қалайша? Бұл есептің халық арасында мына түрлері тараған: 1) 7 теңгенің біреуі жеңіл. Табақты таразыға екі өлшеу арқылы жеңілін қалай анықтауға болады? 2) 8теңгенің біреуі жеңіл. Өлшеу арқылы жеңілін қалай табуға болады? 3) 10теңгенің біреуі жеңіл. Үш өлшеу арқылы қалай табуға болады?
3) «Әр түліктен нешеден?»
Жеті жасар баласын есепке үйреткісі келген әкесі бір күні:
- Енді жеті жылда түйеміз екі есе, жылқымыз үш, сиырымыз төрт қойымыз бес есе көбейсе, онда бәрін қосқандағы саны сенің қазіргі жасыңнан екі есе көп болады екен, - дейді.
- Ол кезде біздің үйдегі жылқының, түйенің, сиырдың, қойдың әрқайсысы қаншадан болады, - деп баласы әкесіне қарайды.
Оны білу қиын емес. Шешуін өзің тап деп әкесі баласын ойландырып тастады. Көп өтпей- ақ, бала өз сұрағының жауабын айтады.
Бұл үйдің түйесінің, жылқысының, сиырының, қойының саны қанша?
Шешуі: Бұл үйде бір түйе, бір сиыр, бір жылқы, бір қой болған. Жеті жылдан кейін екі түйе, үш жылқы, бес қой болады.
4) Неше желін, неше өркеш?
- Балалар, бір түйеден неше өркеш, бір биеде неше желін?
- Түйеде екі өркеш, нар түйеде -бір өркеш .
- Екі түйе, үш бие.
Бәрің маған қараңдар,
Желіндерін санаңдар.
Қыналы бармақ, жез оймақ. Сауға саламыз
Жауабы: екі түйе нар болса, 8 емшек, 3 биеде, небәрі 14 емшек . Жұмбақ шешуі: бүлдірген.
5) Судыр балықшы.
Балықшыдан неше балық ұстадың дегенде :
-Жиырманың жартысын, бассыз екеуін, құйрықсыз үшеуін, -деді .
Балықшы неше балық ұстады ?
Бақалшақ,
Тоқалшақ,
Қию-қию.
Жауабы: 10 балық.
6) Шынжыр . Шынжырдың алты буыны бар. Иесі оны күніне бір-бір буын қосып басқаға беретін болып шешім қабылдады. Шынжырдың қай буынынан кессе, осылай істей алады?
Жауабы: Үшінші буыннан кессе жетеді. Шынжыр туралы мына есептерді Жұбанияз ұста ұсынады: Әрқайсысы екі буыннан тұратын шынжырдың бес бөлігі бар. Олар өте жуан темірден соылған. Әрбір буынды кесу үшін 1сағат уақыт кетсе, оны қайтадан пісіріп біріктіру ұшін де 1сағат уақыт кетеді. Барлық буынды біріктіріп бір ұзын шынжыр жасау үшін қалай 8сағаттан аз уақыт жұмсауға болады.
7) Ауп! Әкесі:
--Балам, қыс көзі қыраулы. Қыс әлі алда. Шөпті сығымдап малғабермесек, құшақтай салуға жарамайды. Ол сәл ойланып:
Үш түйе шөп қалды. Он төрт сиыр бір ай жесе, 7 ешкі екі ай, алты қой үш ай жейді.
Осы шөп бүкіл малға қанша уақытқа жетеді? -деді. Әкесінің сұрағына баласы шапшаң жауап берді, өйткені бұл үйреншікті іс деді. Қой асығы демегін, қолыңа жақса, сақа қыл, Ауп! Жауабы: 14 күн жетеді, 12 айда 4 қоңыр сиыр 36 түйе шөп жейді. 7 ешкі үш түйе шөпті 2 ай жегендіктен, жылына 18 түйе шөп жейді. 6қой 36 түйе шөпті
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz