Логикалық тапсырмалар

Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтаарал ауданы

Жетісай қаласы

«Ш. Уәлиханов атындағы №2 жалпы орта мектебі»

мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Дуйсенбиева Кулсин

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Жетісай қаласы №2 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі мемлекеттік мекемесі.

Логикалық есептерді шығарудың

әдіс-тәсілдері.

Бастауыш сынып мұғалімі

Дүйсенбиева Гүлсім.

Жетісай

Кіріспе.

1. Теңдеу құру арқылы есептер құрастырудың жолдары.

. 2. Ертегі желісі бойынша қызықты есептер құрастырудың әдіс-тәсілдері.

3. «Математик-кәсіпкер»

Математикалық ойындар.

4. Қазақтың ұлттық ойындарын математикада қолданудың жолдары.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Наурызбайқызы Ә., Әубәкірқызы Қ., Мұқамбетқызы С. Математикадан дидактикалық материалдар мен ойындар және қызықты тапсырмалар
  2. «Ақ бота» интеллектуалды марафонының тапсырмалары мен шешімдері

Шымкент-2008

3. ӘбілқасымоваА. Е., Төлеубаева С. Қ Математика сабағында ұлттық ойынддар мен түрлі жанрларды қолдану

4. «Кенгуру» Халықаралық математикалық ойын-сайысы Астана-2007

5. С. Омарханов, А. Әуелбекова Оқушылардың логикалық танымдық әректтерін дамытуда қызықты есептерді пайдалану

6. Т. П Кучер, Ә. С. Акрамова, Г. И. Кукарина, А. Қ. Әділбекова Матеамтика 3 сынып Алматы «Атамұра» 2010

7. Бейсеков Ж., Жақсыбаева А., Қамбарова Ж

Бастауыш сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға даярлау

Төменгі сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға даярлау 1-4 сыныптар

8. «Кенгуру-математика барлығы үшін»-2008

Қорытынды

Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесінде математика негізінде ұлттық ойындар, өз бетінше орындауға арналған жаттығулар, жұптық жұмысқа арналған тапсырмалар, зерттеу өзгешелігі бар немесе үйреншікті емес жаттығулар, өзін-өзі бақылауға арналған жаттығулар, тексеріп қатесін табуға арналған жаттығулар, граф арқылы орындалатын жаттығуларды енгізу мектептерде жан-жақты өріс аклып келеді. Мектептер мен мектепке дейінгі тәрбие мекемелері жеткіншек ұрпаққа ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрлерді үйретудің түрлерін іздестіруде.

Оқыту мен тәрбиелеу процесінде математикалық ұлттық ойындар мен түрлі жанрларды пайдалану арқылы жаңа қоғам адамын қалыптастыру, еліміз бен жеріміздің тарихын білу, өткенге үңілу, жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Математика негізінде сандық мәні бар ұлттық түрлі ойындардың орны ерекше.

Сонымен қатар оқу-тәрбие процесінде математикалық тұрғыдағы жанрларды пайдаланудың түрлі амал-тәсілдерінің ықпалды әсерлері зор.

Сондықтан осы еңбекте бастауыш сынып оқушыларын математика негізінде ұлттық ойындар мен түрлі жанрларды сабақ барысында пайдаланып тәрбиелеудің түрлі жолдары қарастырылған.

-50-

Кіріспе.

Қазір ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында математика ең қажетті пәнге айналды.

Математика - ғылымдар атасы. Өйткені математикасыз ешбір пәнді игеру мүмкін емес. Математиканы әрбір азамат жақсы білуге тиіс. Бұл - өмір талабы.

Математика адамның күш - жігерін шыңдап, табандылыққа тәрбиелейді.

Математиканы жақсы игерген адам болашақта барлық істе жеңіс биігінен көріне алады.

Логикалық есептерді ойлап шығарудың әдіс-тәсілдері оқушының ақыл ойын тәртіпке келтіреді. Логикалық ойлауға үйретеді. Әсіресе, логикалық есептерді шығару - баланың ой-өрісін дамытатын негізгі құрал.

Логикалық есептерді шығарудың басты мақсаттарының бірі - оқушының тереңнен ойлауын, жан-жақты ізденуін дамытады және қазіргі халықаралық талаптар деңгейінде күнделікті өмірде математиканы еркін пайдалана алуға бастауыш сыныптан бастап үйренеді.

Оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысты дамып, оқушы дүниетанымы арта түсуі анық.

-3-

Логикалық есептерді ойлап шығарудағы мақсат - логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл - ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытудың ең ұтымды тәсілі.

Сонымен бірге, қазақтың ұлттық ойындарын математикада пайдаланудағы мақсат - оқушылардың бойына ибалық, байсалдылық, шыншылдықң т. б. қасиеттерді сіңіру, қалаптастыру.

Логикалық есептер оқушылардың танымдық қасиетін дамытып, математикаға қызығушылығын арттырады. Логикалық есептерді шешу үшін бағдарламалардан да басқа кітаптардан көп іздену керек.

Әрбір есепті шғару үшін мынаны есте сақтау керек.

  • Әрбір есепті шығарған кезде уақытпен санаспай оған барлық мүмкіндік пен күшін салу.
  • Есептерді шығарған кезде оның шығару жолдарына жете зер салып, оларды шешудің тәсілдері мен әдістері ерекшеліктеріне, есептерді талдаудың жолдарына, дәлелдеуге тырысу.
  • Есепті шығару үшін өз біліміңе, барлық күш - жігеріңе сену керек
  • Шығара алмаған есепті шыдамдылық пен қажырлық көрсетіп, есепті қайта-қайта шығарудан тайынбау.

Қызықты есептерді, логикалық есептерді шығару -

-4-

№20

Төрт сөмкеде 99 алма бар. Бірінші, екінші сөмкедегі алмалар бірдей. Үшіншісінде біріншідегінің жартысындай. Ал төртіншіде екіншіге қарағанда 2 есе артық. . Әр сөмкеде неше алма бар?

№21

Бұзау сиырдан 5 есе жеңіл. Ал олардың жалпы массасы 480 кг. Бұзау мен сиырдың әрқайсысының массасы қанша?

№22

Әуежайдың ұшу алаңының ұзындығы 928 м. Оның үстіне әр 8м сайын белгілер салынған. Осы ұшу алаңында неше белгі бар?

№23

Белгісіз санның жазылуында (1-ден 28-ге дейін) 1, 5 және 7 цифрлары жоқ. Ол тақ сан және 3-ке бөлінбейді. Осы санды тап.

№24

Көгалда қояндар мен қаздар жүрді. Қояндардың аяқтарының саны қаздардың аяқтарының санына тең. Қояндар көп пе, әлде қаздар көп пе?

№25

Кез келген екі таңбалы саннан сол санды жазу үшін қолданылған цифрлардың қоСоңғысындысының мәнін азайт. Алынған айырманың мәні әрқашанда 3 және 9 сандарына бөлінетінін тексер.

-49-

№15

Зәуре, Айнұр, Қымбат және Самалдың біреуі:6 наурызда, екіншісі 7 сәуірде, үшіншісі 6 шіледеде, төртіншісі 20 наурызда туған. Айнұр мен Қымбат бір айда туды, ал Қымбат пен Зәуренің туған күндері бірдей. Әр қыздың қай күні және қай айда туғанын анықта.

№16

Ойыншық жасау үшін қыз бала 4 жолақ кесті. Әр келесі жолақты ол алдыңғысынан 2 есе қысқа кесті. Егер төртінші жолақтың ұзындығы 42 см болса, бірінші жолақтың ұзындығын тап.

№17

Дымбілиес пен оның достары 3 алты орынды зымыранмен Айға ұшпақшы болды. Егер зымыранда 9 орын болса, неше зымыран қажет болады?

№18

Екі қызда барлығы 9 шар болды. Бірінші қыздың 2 шары, ал екінші қыздың 3 шары ұшып кеткенде, қыздардың шары тең болды. Әр қыздың қолында неше шардан болды?

№19

Динарада үш түсті 66 қағаз бар. Көк түсті қағаздар қызыл түстілерден 2 есе артық. Ал қызыл түсті қағаздар ақ түсті қағаздардың үштен бір бөлігін құрайды. Динарада әр түстен неше қағаз бар?

-48-

оқушылардың математикаға деген ынтасын арттырады, қызығушылығын оятады, өз білімдерін тереңдетуге, қабілетінің кемелденуіне мүмкіндік береді.

Теңдеу құру арқылы есептер құрастырудың жолдары .

Теңдеу құру арқылы шығарылатын есептер оқушыларды алғырлыққа, салыстыруға, белгісіз шамаларды анықтауға, есептің нәтижесін тексере білуге тәрбиелейді.

Теңдеу құруға берілген есептерді шығару үшін төмендегі шарттарды орындау керек.

  1. Есептің мәтінін анықтау.
  2. Белгісіз шамаларды анықтау.
  3. Теңдеу құру.
  4. Теңдеуді шешу.
  5. Теңдеудің шешімдерін зерттеу.
  6. Есепті тексеру.
  7. Есептің толық жауабын жазу.

-5-

Мысалы төмендегідей есептерді теңдеу құру арқылы шығарып көрейік.

1 . Еркін әкесі 36-ға келген кезде туылған болатын. Қазір оның жасы әкесінің жасынан 5 есе кіші. Еркіннің әкесі қазір нешеде болғаны?

Шешуі:

Х жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 5 есе кіші болады деп тұжырымдаймыз да, оның сандық мәнін іздейміз.

Ол үшін тапсырма шартына сәйкес теңдеу құрамыз.

5*(0+Х) =36+Х

5*Х=36+Х

5*Х-Х=36

4*Х=36

Х=36:4

Х =9

5*(0+9) =36+9

45=45

Баласы 9 жаст а болса, онда әкесінің жасын табу үшін:

36+9=45

Жауабы: Әкесі қазір 45 жаста.

-6-

№10

Шопанның барлық қойының 320-сы су ішіп жатыр, қалғаны жайылып жүр. Жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей. Шопанда барлығы қанша қой бар?

№11

Бірінші қатарға бір-бірінен 2 м қашықтықта 112 ағаш отырғызылды. Екінші қатарға бір-бірінен 1м қашықтықта 222 ағаш отырғызылы. Қай қатар ұзынырақ?

№12

Арман дүкеннен бір пакет кәмпит сатып алды. Бірінші күні ол оның бестен бір бөлігін жеді. Екінші күні пакетте қалған кәмпиттің жартысын жеді. Үшінші күні ол екінші күннен қалған кәмпиттің жартысын жеді. Сонда пакатте 5 кәмпит қалды. Әуелде пакетте неше кәмпит болды?

№13

Мерей бір сан ойлады. Оны 10-ға көбейтіп, нәтижеге 50-ді қосты. Қосындының мәнін 5-ке бөлді. Сонда 130 шықты. Мерей қандай сан ойлады?

№14

1, 2, 3, 123, 133, 234 сандарының ішінен қалған үш санның көбейтіндісінің мәні мәні 369-ға тең болатындай етіп, үш санды алып таста.

-47-

№6

Аня атасы туралы әр кезде жаңаша айтуға тырысады: «менің әкемнің әкесі», «менің әкемнің бауырының әкесі», «менің әкемнің қызының әкесінің әкесі», «менің бауырымның әкесінің әкесінің бауыры». Аня неше рет қателесті?

№7

4 тең квадрат қалатындай етіп 8 шырпыны алып таста.

:
:
:
:
:
:

№8

Гүлдана достарына 9 балмұздақ сатып алды. Гүлдана 316 теңге төледі ме, әлде 315 теңге төледі ме?

№9

3 жәшікте 90 кг шеге бар. Бірінші және екінші жәшікте 66 кг, ал екінші және үшінші жәшікте 54 кг. Әр жәшікте неше кг шеге бар?

-46-

2. Бабаханның Ұланннан 5 есе артық кітабы бар. Егер Бабаханның 20 кітабын Ұланға сыйласа, олардың кітаптарының саны бірдей болады. Бабаханның неше кітабы бар? Ұланның ше?

Шешуі:

( Х*5) -20=Х Ұланда-10 кітап

(10*5) -20=30 Бабаханда-50 кітап

50-20=30

30=30

3. Сенің жасыңды 3 есе арттырса, менің жасымдай болады. Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса, 20 қалады. Мен нешедемін? Сенің жасың нешеде?

Шешуі:

(3*Х) -Х=20 Сен-10 жастасың

3*Х-Х=20 Мен-30 жастамын

2*Х=20

Х=20:2

Х=10

(3*10) -10=20

20=20

-7-

4 . Сыныптағы 30 оқушының жартысы ағылшынша, жартысының үштен бірі әрі ағылшынша әрі немісше, қалғаны тек немісше оқиды. Оқушылардың нешеуі немісше, нешеуі ағылшынша, нешеуі әрі ағылшынша әрі немісше оқиды?

Шешуі:

I тәсіл.

Барлық оқушы-30

Оның жартысы-15

Жартысының үштен бірі-5

Қалғаны-10

(30:2) :3=5

30-(15+5) =10

Жауабы: 15, 10, 5.

II тәсіл.

Барлығы 30 оқушы.

Ағылшынша+немісше-Х

Немісше-2Х

Ағылшынша-3Х

Х+2Х+3Х=30

6Х=30

Х=30:6

Х=5

2Х=2*5=10

3Х=3*5=15

Жауабы:15, 10, 5.

-8-

№4

Баянда 6 фигура бар. Ол 3х3 өлшемді шаршыны құрастырғысы келеді. Фигуралардың әртүрлі жинақтарын қолданып осыны қанша тәсілмен жасай алады?

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:

№5

1*2*3*4*5=100 өрнегінде жұлдызшалардың орнына амал таңбалары мен жақшаны дұрыс орналастыр.

-45-

«Көкпар»

Бұл ойында оқушыларды екі топқа бөлеміз. Екі топқа да бірдей бірнеше тапсырмалар беріледі. Әр топтың басшысы алдын ала сайланады. Тапсырманы бірінші орындап біткен топ шығарған есептерін дәлелдейді.

Сұрақтарға жауап береді. Егер есептері дұрыс болмаған жағдайда 2 топ басшысы дәлелдеуге болады.

Осылай екі топ мүшелері арасында математикалық көкпар болады.

№1

Аликтің анасының жасы оның жасынан 4 есе үлкен. Ал әкесі анасынан 3 жас үлкен. Үшеуінің жастарының қосындысы 84-ке тең. Алик қанша жаста?

№2

Лимония елінде үш ауыл бар: Шыншылдар, Өтірікшілер, Қулар. Шыншылдар ауылының тұрғындары тек шындықты айтады. Өтірікшілер ауылының тұрғындары тек өтірік айтады. Ал Қулар ауылының тұрғындары кезек-кезек кейде шындық, кейде өтірік айтады. Бірде кезекші өрт сөндірушіге біреу қоңырау шалып: «Біздің ауылда өрт болып жатыр», -дейді. Ай ауылды» деген сұраққа «Қулар ауылында» деген жауап алады. Қай ауылдың тұрғыны телефон шалған және кезекші не істеу керек?

№3

8 8 8 8 8 8 8 8 8 8 8 8 жазылуындағы кейбір цифрлардың арасына «+» және «*» таңбаларын 2008 саны шығатындай етіп қой.

-44-

5. Ойлаған санның төрттен бір бөлігіне 26-ны қосқанда 70 шықты. Ойлаған санды тап.

(Х : 4) +26=70

Х : 4=70-26

Х : 4=44

Х=44*4

Х=176

(176:4) +26=70

70=70

6 . 4 бала екі доңғалақты және үш доңғалақты велосипед теуіп жүр. Егер велосипедтердің барлық доңғалақтарының саны 9 болса, екі доңғалақты велосипед нешеу, үш доңғалақты велосипед нешеу?

I тәсіл.

Х+У=4 Х=4-У

3Х+2У=9 3(4-У) +2У=912-3У+2У=9

У=12-9Х=4-3Х=1

У=3 Х=1 У=3

Жауабы: 1, 3.

Яғни, екі доңғалақты велосипед-3

үш доңғалақты велосипед-1

3*2=6

3*1=3

6+3=9 болады.

-9-

7 . Дананың ойлаған санынан ең үлкен бір таңбалы санды азайтып, нәтижеге ең кіші екі таңбалы санды қосқанда 100 шықты. Дана қандай сан ойлады?

(Х-9) +10=100

Х-9=100-10

Х-9=90

Х=90+9

Х=99

(99-9) +10=100

100=100

8 . Нұрсұлтан саяжайдан алма жинады. Барлық жиналған алманың үштен бір бөлігін, яғни 12 алманы Нұрсәулеге, ал қалғанының үштен бір бөлігін және 1 алманы Кәмшатқа берді. Нұрсұлтанның өзінде 15 алма қалды. Нұрсұлтан неше алма жинаған еді?

Шешуі:

(а-12) :3+1=15

(а-12) :3=14

а-12=14*3

а-12=42

а=42+12

а=54

(54-12) :3+1=15

15=15

Жауабы: 54 алма жинаған.

-10-

14 тапсырма. 3 ұпай

Қорапта 200-ден жаңғақ бар. Оларды тең етіп 2, 3, 4, 5, 6 балаға бөліп беруге болады. Қорапта қанша жаңғақ бар?

15 тапсырма 3 ұпай

«5» цифрын 20 рет қолданып, «+» таңбасын қой. Нәтижесі 1000 шығу керек.

16 тапсырма. 3 ұпай

1, 2, 3, . . . . . . ., 99 сандарында 5 цифры неше рет кездеседі?

17 тапсырма 4 ұпай

Сенің жасыңды үш есе арттырса, менің жасымдай болады. Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса 20 қалады. Мен нешедемін?

18 тапсырма. 2 ұпай

Үстел үстінде 5 май шам жанып тұр еді. Нұржан оның 4-еуін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше май шам қалды?

19 тапсырма 2 ұпай

10 таяқшаның неше ұшы бар? Ал он жарым таяқшаның ше?

20 тапсырма 3 ұпай

2, 3, 5 сандарына бөлгенде 1 қалдық қалатын ең кіші санды тап.

-43-

8 тапсырма. 3 ұпай

Диас өзінің ойыншықтарын екеуден, үшеуден топтастыра бастады. Диастың ойыншықтарының саны төмендегі сандардың қайсысына сәйкес келеді.

72, 75, 93, 100.

9 тапсырма 5 ұпай

Қосындыны есепте:

1+3+5+7+9+. . . . . . . +997+999

10 тапсырма 5 ұпай

Жаңа жылғы сыйлықтар үшін 270 алма, 675 мандарин және басқа да тағамдар алынды. Әрқайсысындағы алма мен мандарин құрамдары бірдей болатындай етіп, ең көп дегенде неше сыйлық жасауға болатынын төмендегі сандардың қайсысы сәйкес келетінін көрсет.

135, 75, 125, 270

11 тапсырма 5 ұпай

Сынып оқушылары 203 оқулық сатып алды. Барлық оқушылардың алған кітаптары саны бірдей. Сыныпта неше оқушы бар?

12 тапсырма. 4 ұпай

100 санының әртүрлі бөлгіштерінің саны қанша?

13 тапсырма 2 ұпай

Бір әтеш екі адамды оятса, 10 адамды ояту үшін қанша әтеш керек?

-42-

9 . Сыныпта бірнеше ер бала және 16 қыз бала бар. Дене шынықтыру сабағында олар әр қатарда 9-дан 3 қатарға сапқа тұғызылды. сыныпта қанша ер бала бар?

Шешуі:

Х+16=9*3

Х+16=27

Х=27-16

Х=11

11+16=9*3

27=27 Жауабы: 11 ұл бала бар.

Теңдеу құру арқылы шығарылатын есептерді математикалық фокус, яғни ойын түрінде де құрастыруға болады.

1. Туған күнді табу.

Өзіңнің туылған күніңе 20 санын қосып, шыққан нәтижені 17-ге азайту керек. Қандай сан шықты?

(Х+20) -13

Шешуі:

Соңғы шыққан нәтижені 3-ке кемітсе, туған күнің шығады.

2. Ойлаған (белгісіз) санды табу.

Бір таңбалы сан ойла. Оған 15-ті қосып, шыққан санды 13-ке кеміт.

(Х+15) -13

-11-

Шешуі:

Нәтижесін айтқызып, оны 2-ге кемітсе, ойлаған (белгісіз) сан болады.

Ертегі желісі бойынша қызықты есептер құрастырудың әдіс-тәсілддері

Ертегі желісі бойынша құрастырылған есептер бастауыш сынып оқушыларының ойлау жүйесін жетілдіріп, логикасын дамытуды мақсат етеді. Сондай-ақ мектептегі математикалық олимпиадаға дайындық барысында пйдалануға өте тиімді.

Ауыз әдебиеті кейіпкерлері-Шығайбай мен Алдар Көсенің диалогтары және үй жануарлары мен орман жануарларына байланысты есептер балаларды тапқырлыққа, есепке алғырлыққа баулиды.

  1. Бұл көне заманнан қалған белгілі есеп.

Бір түйекеш әбден қартайған шағында малымның 1\2-ін үлкен ұлыма, 1\4-ін ортаншы ұлыма, және 1\8-ін кіші ұлыма мұраға қалдырамын деп аманаттапты. Балалары мұраны бөліске салайын десе, түйелер саны 2-ге де, 4-ке де, 8-ге де бөлінбейді екен. Не істерін білмеген ұлдар биге жүгініпті. Би түйекештің мұраға қалдырған малына өзінің бір түйесін әкеліп қосады.

-12-

3. тапсырма 3 ұпай

Бақберген мен Жансұлтан асық ойнады. Бақберген 2 асықтан, ал Жансұлтан 1 асықтан ұтып отырған. Олар барлығы 12 асық ұтса, әрқйсысы неше асық ұтты?

4 тапсырма. 3 ұпай

Фариза, Ақмарал, Айжан үшеуі бірге 7 жаңғақ жинады. Фариза Ақмаралдан көп жинады, бірақ Айжаннан аз жинады. Кім қанша жаңғақ жинады?

5 тапсырма 4 ұпай

Аяжан мен Сержан бір көшенің бойында тұрады. Аяжанның үйінің бір жақ бетінде 27 үй, ал екінші жағында 13 үй орналасқан. Сержан көшенің қақ ортасындағы үйде тұрады. Аяжан мен Сержанның үйлерінің арасында қанша үй бар?

6 тапсырма 4 ұпай

Би студиясында 25 бала және 19 қыз шұғылданады.

Әр апта сайын топқа 2 жаңа бала және 3 жаңа қыз келеді. Қанша аптадан кейін топтағы балалар мен қызар саны теңеседі. ?

7 тапсырма 4 ұпай

Төрт таяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар?

-41-

«Ханталапай» ойыны.

Мақсаты: Асықтарды қолдана отырып ойналады. Асықтар нөмірленеді. Асықтағы нөмірлер бойынша балалар логикалық есептерді шығарады. Асықтағы нөмірлер саны өскен сайын есептер күрделене түседі. Бірақ балалар нөмірлерді таңдамайды. Тақтаға бірнеше оқушы шығып, «ханталапай» деп асықты ортаға тастай салғанда, отырған оқушылар бас салып бөліп алады. Кімнің қолына « хан» іліксе, сол баланың жинаған ұпайы күйіп кетеді. Ойынды түрлендіріп, күрделендіріп ойнай беруге болады.

1 тапсырма 2 ұпай.

Нұрасыл, Еркебұлан, Мирас, Бекзаттардың әрқайсысында 23 асықтан бар еді. Нұрасыл-Еркебұланға, Еркебұлан-Мирасқа, Мирас-Бекзатқа, ал Бекзат нұрасылға 2 асық қарыз болатын. Олар өзара қарыздарын қайтарғанда, олардың әрқайсысында қанша асықтан болады?

2 тапсырма 2 ұпай

Он-оннан асығы бар 3 бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап:

-Қанша асық ұттың?, -дейді.

-Онша көп ұтқыза қоймаппын. 8 асығым қалыпты, - дейді.

- Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, -дейді үшінші бала асықтарын түгелдеп тұрып.

- Ең көп асық ұтылған мен болдым, -дейді мұңайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде, неше асық?

Сонда түйелер саны 2-ге де, 4-ке де, 8-ге де бөлінеді екен. Би түйекештің ұлдарына мұраны аманаттағыдай етіп бөліп берген соң, бір түйе артық қалады. Сөйтіп би өзінің қосқан түйесін жетелеп үйіне қайтқан екен.

Сонда алғашында қанша түйе болған?

Шешуі: 7

Үлкен ұлға 8*1\2=4түйе

Ортаншы ұлға 8*1\4=2 түйе

Кіші ұлға 8*1\8=1 түйе

4+2+1=7 түйе

  1. Кірпілер алмаға таласып жатыр. Оларға көмектесуге тиін келді. Тиін әр кірпіге бір алмадан берсе, бір алма артылып қалады. Ал әр кірпіге екі алмадан берсе, екі алма жетпей қалады.

Неше кірпі бар? Неше алма бар?

Жауабы:

3 кірпі бар.

4 алма бар.

  1. Түлкі базарда жемістер атып тұр. Сауда жасауға оған маймыл, кірпі, қоян келді. Түлкі айтты:

-1 алма, 2 алмұрт, 3 банан 200 теңге тұрады.

3 алма, 2 алмұрт, 1 банан 200 теңге тұрады.

-13-

Сонда 1 алма, 1 алмұрт, 1 банан қанша тұрады?

Жауабы: 4 алма+4 алмұрт+4 банан = 400 теңге

400:4=100 теңге

1 алма+1 алмұрт+ 1 банан=100 теңге

  1. Көжектер мен балапан.

Ішпейді екен көжені,

Қоянның қос көжегі.

Бұған тағы қосйық,

Дән шоқитын шөжені.

Екі көжек, балапан-

Бәрі қанша, балақан?

Қателессең байқамай,

Тағы қайта санатам.

2+1=1

Тиіннің жаңғағы.

Үшеу еді қолында,

Бірі қалды оның да.

Неше жаңғақ, есепте,

Түсіп қалды жолында?

3-1=2

Батыр бақалар

Үш құрбақа батыр ма,

Үш ноянға татыр ма?

Қоян көріп жағадан,

-14-

13. Төменде салынған квадраттың әрбір тор көзіне 1, 2, 3 сандарының бірін қою керек. Әрбір жатық жол мен тік жолда осы үш сан кездесу керек. Шыңғыс квадраттың торларын толтыра бастады. ? белгісі тұрған торға қай сан жазылуы керек?

1
?
1: 2
?: 1
:
1:
?:
:

14. Кенгуру және математика сөздеріндегі ортақ әріптің саны.

15. Динара, Гүлдана, Мерей, Аяулым және Гүлназ бірінің соңынан бірі тұр. Динара Мерейден кейін, Гүлдана Динараның алдында, Аяулымнан кейін тұр. Аяулым Мерейдің алдында, бірақ бірінші емес. Гүлназдың орнын табыңыз.

16. Үш баланың әрқайсысына бірдей 30 бәліш әкеліп берді. Бірінші бала бірнеше бәлішін жегеннен кейін, екіншісі бірінші баланың қалған бәлішіндей, ал үшінші бала бірінші бала мен екінші баланың бірігіп жеген бәлішіндей жеді. Үш балада барлығы желінбеген қанша бәліш қалды?

-39-


Ұқсас жұмыстар
Ең үздік менеджер. 8 сынып
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушыны жүйелі ойлауға үйрету
Оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамыту жолдары
5 сынып - Математика - жылдық жоспар
Натурал сандарға амалдар қолдануға есептер шығару
Математика пәніне-омж, 3 сынып, 1 модуль
Оқушының сабаққа
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі
Образдық ойлау
Ақиқат кестелері. Компьютердің логикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz