Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тәуелсіздік - тірегім

Тәуелсіздік - тірегім.

Міне, бүгін 25 жыл тәуелсіздік,
Біз бұрын орыстарға тәуелді едік.
Тәуелсіздік - бабалардың ұраны ғой,
Бей уақытта бойға таққан тұмары ғой.

Тәуелсіздік – алдық бүгін аңсаған,
Күтті мұны қазақ елі, барша адам.
Барлық халық тату тәтті тұрамыз,
« Қазағым тек жаса » - деп, мен ән салам.

Тәуелсіздік - рухы күшті ғажап күн,
Бізге оңай келген жоқ қой азат күн.
Еркіндіктің желбіретер көк туын,
Біз жастармыз болашағы қазақтың.

Еркін елміз азаттықты аңсаған,
Тәуелсіздік – « тәубе » - деймін мен саған.
Сақтайық деп тіл мен дінді басқадан,
Барша қазақ мен сендерге жар салам.

Тәуелсіздік - тұғыры ғой бұл елдің,
Тәуелсіздік - құтты болсын нұр елім.
Осы жылда шықтық талай белеске,
Қазақстан - жасай берші, гүл елім.

Елдікті ұран еткен қызың мен ем,
Жеткізетін тарихты тіліменен.
Еркіндікке жетпеген оңайлықпен,
Сан қырлы қазағымның сырын шертем.

Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ қараны тіліп тұрса сөзіміз.

Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырға.
Азаттық деген ұғымның,
Желтоқсан тұр басында.

Азат рухты риясыз мен шын сүйем,
Тәуелсіздік - тәу етер жалғыз кием.
Жақсы күнге жете алмай шейіт болған,
Желтоқсан құрбандарына басымды ием.

Тәуелсіздік, Тәуелсіздік жыр - әнім,
Ел іргесі берік болсын - ұраным.
Тәуелсіздік - өзіңді еркін сезіну,
Салт - дәстүрім қолдан түспес құралым.

Тәуелсіздік - менің байтақ отаным,
Бір өзіңсің Мұхтар ,Абай , Шоқаным.
Тәуелсіздік - сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік - ақ батасы атаның.

Тәуелсіздік, Тәуелсіздік жыр - әнім,
Көк байрағым, Елтаңбам, Әнұраным.
Атыңнан айналайын - Тәуелсіздік,
Қолда елімді, қасиетті Құраным.

Бақ жұлдызым сөнбей тұғын маңдайдағы,
Тәуелсіздік - тәтті ұғым таңдайдағы.
Қазақстан - көркейіп күннен - күнге,
Азат елдің қыраны самғайды әлі.

Тәуелсіздік - бастауы бар бақыттың,
Тәуелсіздік - ұлтың менен ұраның.
Шартарапта шаттығындай азаттық,
Ғасыр сүйіп тұрған дайын ғажап күн.
Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі,
Шалқи берсін Әнұраны қазақтың.

Байтақ дала - жерім менің,
Арта берсін кенің сенің.
Көк байрағың желбіресін,
Егеменді елім менің.

Тарихы бар дастандай ерліктің,
Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің.
Қазақстан - алтын бесік Отаным,
Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің.

Тәуелсіздік мәңгі бақи орнасын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын.
Тату - тәтті болайық әр қашанда,
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ елім
Қазақ тілі. Ағылшын тілі
Тәуелсіз елім – тірегім
Тәуелсіздік биік болсын, тұғырың
Тақырып Тәуелсіз елім – тірегім
Қазақстан, мәңгілік жансын бағың!
Тәуелсіз елім - тірегім жайлы ақпарат
Тәуелсіздік - тұғырым жайлы ақпарат
Егеменді елім, Тәуелсіз елім - Қазақстан
Тәуелсіз елім - ұлы өлкем
Пәндер