Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушы деңгейінен Дарынды шығармашылық деңгейге жету

Байғұлиева Дамелі Нүрелқызы
Тараз қаласы №53 орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық ойлау
қабілетін жетілдіру тәсілдері.
Қазіргі білім берудің басты мақсаты – шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу
болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын
орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту –
мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.
Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін
жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат –
оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып шығармашылық
жұмысқа баулу, ой өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет – оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми-зерттеу
дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы
жастардың шығармашылық әлеуметін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу,
іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін
дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
              «Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген
С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде
мақсатты әрекет жасауымен анықталады» – дей келе, «шығармашылық, шешімінің
нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни
баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.
             Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл
жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында,
меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде,
күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы
малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы
жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «…Баланың атаға тартуы рас болса,
сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог
ғалымның айтқанының сөз өнері – әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені
М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді».
Сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың
тиімділігін атап өтсек: сабақ құрлымының ұйымдастырылуы, сыныптағы
оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды
орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының
үнемделуі.
              Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру
арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген
ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және
ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте
шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі.
Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай
білетін, белсенді, шығармашыл адамдар қажет. Сондықтан сабақтарда тек
білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, оқушылардың жекелік қасиеттерін
дамытудың жолдарын қарастырған жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты
ойындар, шығарма, мазмұндама, шығармашылықты қажет ететін әр түрлі
тапсырмалар, сөзжұмбақ, өлең құрау, ұнатқан кейіпкерге мінездеме беру,
өткен шығарма бойынша сурет салғызу, т.б. іс-әрекет түрлерін пайдаланудың
мәні зор деп ойлаймын.
Ал сабақтан тыс жұмысымның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
дамыту және пәнге деген жағымды уәждемелерін қалыптастыру. Ол үшін
балаларға сыныптан тыс шараға қатысуға еркіндік беруге тырысамыз. Бұл - әр
түрлі шығармашылық сайыстар, олимпиада, ғылыми-практикалық конференция,
үйірме жұмысы, мерекелік концерттерге қатысу.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік
саясат негізінде ең алғашқы рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай
интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты
өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы,
өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге
шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті
мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады.
Оқушының өзіндік ерекшілігі мен іс- әрекет белсенділігіне қарай
төмендегіше жіктесек, бала шығармашылық жұмыста осы сатыдан өтеді де
біртіндеп іріктеледі, шын шығармашылық тұлға қалыптаса бастайды.

Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен

Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушы шығармашылығын дамытудың
қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашан да қабілетті адамға
мұқтаж болып келген. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр сипаты мүлдем
бөлек жаңа дәуір туып келеді. Сол дәуірге сай өзгеше қабілет –қасиетке ие
жаңа адам пайда болады. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы
бейімділікті, ептілікті, шапшандықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық
мүмкіндікті қажет етеді және өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп
қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу
қабілеттілігіне икемдейді.
Шығармашылық дегеніміз – оқушының белсенділігі мен дербес іс-
әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәселені шешуде шығармашылық тапсырмалардың
орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін -
оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады. Оқушының
шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге асыруға
болады.
Бірінші кезең – жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға
ұмтылу. Бұл кезеңде әдеби-шығармашылық тапсырмалар беріліп, төмендегідей
талаптар бойынша жұмыс жүргізіледі: шығарманы бөлімдерге бөліп,тақырыбын
жазып келу; кейіпкер тобын ажыратып, олардың арасындағы шиеленісті
түсіндіру; шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу; әңгіменің
белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу.
Екінші кезең – қиял, ұшқыр ой қалыптастыру. Бұл кезең – оқиға
құрудың, образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі, әңгіме,
мақалдарды жалғастырып жазу және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік
беріп, оқиғаны дамыта отырып шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену
– шығармашылық қабілетті ашудың көзі. Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар
арқылы оқушының таным көкжиегін арттыра түсеміз.
1.Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар (сөзжұмбақ, ребус шешу,
жұмбақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер құрастыру).
2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (Мәтінді
өңдеу, берілген мәтіннен диалог құрастыру, мәтін бойынша шешендік сөз
құрастыру).
3.Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлері (өлең,
ертегі, әңгіме, шығарма жазу).
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін басым міндетті оқушының өз
қолына беріп отырған дұрыс. Бұл орайда сыныпты топқа бөліп, тақырыпқа
сәйкес өлең құрастыру, қанатты сөз ойлап табу, шағын мөлтек сыр жазу
тапсырылады.
Үшінші кезең – тапқырлық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі. Бұл кезеңде
оқушы белгілі бір шығармаға өзіндік көзқарас білдіріп, пікір жазады,
мәтінге әдеби теориялық толық талдау жүргізеді, кіші ғылыми жұмыстарды
қорғайды, әңгіме жазады. Осы үш кезеңнен өткен оқушы нағыз шығармашыл тұлға
болып дараланады.
Сабақ үдерісінде баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін
ұйымдастыруды басты назарда ұстау керек. Бала өзінің бұған дейінгі білетін
білігінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінбейтіндей жағдайға
тірелуі керек. Сонда ғана ол білуге ықыластанады, әрекеттенеді. Сабақ
үдерісінде мұғалім ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде болуы тиіс. Әр
оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады.
Оқушы өз тұжырымын дәлелдеуге талпыныс жасайды. Әдіскер-ғалым Қ.Тасболатов
«Проблемалық ситуация тудыру – оқушыларға сұрақ қойып, оны шешуге ғана
емес, мұндағы сұрақ әдетте қойылып жүрген сұрақтардан мүлдем өзгеше. Ол
сұрақ оқушыға бейтаныс, өздігінен ізденіп, өзінше қорытынды жасай
білетіндей сұрақ болуға тиіс» дейді. Бұл орайда оқушыға танымдық сұрақтар
қоюдың маңызы зор.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушылардың танымдық шығармашылық
қабілетін дамыту бағытындағы жұмыс жүйелері:

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық жұмысқа баулу, ізденушілік
әрекеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор.
Үйірме, факультатив сабақтарын, таңдау курстарын, пәндік кештерді, КВН,
конференция, дәстүрлі емес сабақ түрлері, дебат ұйымдастыру шығармашыл
тұлғалардың ашылуына көп септігін тигізеді. Олар өздіктерінен ғылыми-
бұқаралық әдебиеттер, әдістемелік журналдармен жұмысқа жаттығады,
зерттеушілік іскерліктері мен машықтары шыңдалады.
Пәндік бағыт бойынша оқыту, үйрету әдістері арқылы оқушылар
бойында мынадай дағды-әрекеттер қалыптасады: өз бетінше шығармашылық
ізденіс жұмыстарын жүргізеді; зерттеу тәсілі арқылы көркем шығармаға
идеялық-көркемдік баға беретін дәрежеге жетеді; түрлі сайыстарға қатысу
белсенділігі артады; пәндік-теориялық білігі молаяды; ойын әдеби тілде
көркемдеп жеткізе алады; көркем шығармаға әдеби-теориялық кешенді талдауды
меңгереді; сөйлем талдаудың кешенді жолдарын игереді; барлық іс-әрекетте
шығармашылық бағыт ұстанады; ақпараттармен өз бетінше жұмыс атқара алады.
Бүгінгі мектеп партасындағы жас жеткіншектердің зияткерлік
қуаты – мемлекеттің баға жетпес байлығы. Сондықтан бала бойындағы қабілетті
анықтай отырып, қамқорлыққа алу, оны дамыту – баршамызға ортақ іс.

-----------------------
Шығармашылық жазба жұмыстарын орындау

Танымдық шараларға қатысу

Көркем шығармаларды талдау

Көркемсөз оқу, жыр мүшәйрасы байқауы

Пәндік бағыт бойынша шығармашық қабілетті дамыту. Қазақ тілі мен әдебиет
пәні - өмір танудың ерекше құралы.

Пәндік олимпиада жүлдегерлерін даярлау

Шеберлік сыныбы
Озық технологияға негізделген шығармашылық сабақтар

Апталықтар, кештер ұйымдастыру

Кітапханамен байланыс

Оқырмандар конференциясына қатысу

Рефераттық және ғылыми жоба қорғау

Оқушы деңгейінен Дарынды шығармашылық
деңгейге жету

Белсенді шығармашылық иесі

қабілетті

зейінді
құмарлық

Өзіндік ойлау
ерекшелігі бар
дарын

Қызығушылығы жоғары

Тұлға – тума талант

Ұқсас жұмыстар
Сабақ кезеңінің негізгі мақсаттары
Әдебиет жүйесіндегі орны
Дарынды дамыту-ұстаз парызы. Нақты дарындылық
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары жайлы ақпарат
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Шығармашылық қабілетін дамыту
Информатика пәні мұғалімі
Шығармашылық жұмыстар
Блум жүйесін сабақта қолдану тәжірибемнен
"Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары."
Пәндер