Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушыларды сабақта сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдарын анықтау

Сыни ойлау технологиясы арқылы әдебиет сабағында
оқушылардың таным белсенділігін арттыру

Дүйсенова Айнұр Сұлтаниязқызы

Атырау облысы
Жылыой ауданы
Құлсары қаласы
№19 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі

Қазіргі таңдағы білім беру ісінің басты мәселесі – ХХІ
ғасырдың жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдары бойынша ой - өрісі
кең, жан - дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, адамдармен дұрыс
қатынас жасай алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі рөл
атқаратын, жан-жақты зерделі, дарынды, қайталанбайтын тұлға қалыптастыру
болып табылады.Тәуелсіз елдің тірегі-білімді де,ұлтжанды ұрпақ.Бүгінгі
ұрпақ-тарихи кезеңде өмір сүріп, елдің,жердің болашағы үшін үлкен
жауапкершілік міндетін арқалап отырған ұрпақ.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру
жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің
тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің
интеллектуалдық,
кәсіптік,адамгершілік,рухани,азаматтық және де басқа да көптеген адами
келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Жаңа технологиялар теориялық
тұрғыда дәлелденіп,тәжіриеде жақсы нәтиже беруде. Жаңа педагогикалық
технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін,әр мұғалім
алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагог-тік
мақсатына,мүддесіне сай,өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Еліміздің
алдағы уақытта көркейіп, дамыған елу елдің қатарына қосылу мақсатында білім
сапасын арттыруымыз қажет.Еліміздің дамыған елге айналуына, көк
байрағымызды желбірете  жоғары көтеріп, Қазақстан деген елдің бар екендігін
әлемге танытатын  біздің білімді жастарымыз. Біздің оқушымыз таным
белсенділігі жоғары дамыған, заманның кез келген қиындығынан қорықпай,өз
шешімін қабылдап,шыға алатын зерделі болуы тиіс.
Ал,осы таным дегеніміз не? Оқушылардың шығармашылық ойлауы мен
танымдық белсенділігін қалай арттыруға болады?Ол-сабаққа,оқыту жүйесіне
жоғары талап қою,яғни оқушылардың шығармашылық ойын,өзіндік дербес жұмыс
істей білу қабілетін арттыру,шығармашылық ойлау жүйесін қалыптастыру. Таным-
ойдың білмеуден білуге қарай,шала,дәл емес білуден неғұрлым толық,дәл
білуге қарай ұмтылатын ой-өрісінің күрделі процесі. Оқушының танымдық
әрекетін дамыту дегеніміз-білімді меңгеруді байқау,сезу арқылы ғана
емес,керісінше,талданып отырған процесті нақты аңғарту арқылы,меңгерген
білімін шығармашылықпен қолдана білудің дұрыс тәсілдерін үйрету,сол арқылы
шеберлігі мен дағдысын арттыру. Мұндай күрделі ой өрісінің жүйелі
қалыптасуында, оқушыны білімді шығармашылықпен игеруге талаптандыратын,оның
амал,тәсілдерін үйрететін,мектептегі басты тұлға-мұғалім. Солай болғанмен
мұғалімнің әрекеті өз оқушыларының тарапынан қолдау тапқанда ғана сабақ
нәтижелі болмақ. Сондықтан мұғалім оқушы қабілетінің артуына негіз
қалап,оны қандай іске болса да шығармашылықпен орындайтын етіп тәрбиелеу
үшін оқушының есте сақтау қабілетін ғана дамытып қоймай,оның логикалық
ойлау қабілетін де жетілдіргені жөн. Оқушылардың танымдық-шығармашылық ойын
дамыту тәсілдерінің бірі шығарманы проблемалықпен оқыту. Оқушылардың
танымдық-шығармашылық әрекетін жандандыру үшін білім беруді проблемалықпен
баяндау-тақырыпты өтудің белгілі бір кезеңдерінде олардың өздігінен
ізденуіне мүмкіндік жасайтын проблемалық ситуация тудыра отырып, өздігінен
іздене оқуына жағдай жасау. Оқушы қабілеттілігін дамытуға мүмкіндік
жасайтын дұрыс ойлай білуге үйрету. Бұл оқылып отырған материалға
сай,оқушылардың дұрыс сұрақ қоя білуінене басталуы керек. Мысалы, мұғалім 9-
сыныпта әдеби ағымға талдау жасап, оның өкілдерін атайды,осы кезде оқушылар
тарапынан: «Неге біз мұны негізгі кейіпкер деп ерекшелейміз?», «Әдеби
ағымның тууы неге байланысты?», «Бұл ақындарды неге осы ағымға жатқызамыз?»
т.б. дегендей сұрақ қойылмайды. Шындығында,осындай сұрақтар өзінің
логикалық жағынан қайшылыққа сай құрылғанын байқауға болады. Қайшылықтың
пайда болуы-оқушы алдында проблеманың тууына,оны шешу үшін ойдың тікелей
қатысуына жағдай жасай отырып,затты,құбылысты дербес алып қарауға мүмкіндік
беретін алғашқы бастама.Мұғалім оқушының танымдық-шығармашылық ойлауын
қалай қалыптастыра алады?
Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технология-
лардың бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін
қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер.   Сыни ойлау – ашық қоғам негізі.
Сыни ойлау деген –әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап,
зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.Сыни тұрғыдан ойлау,
өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі
оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр
мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар
басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын
зерттеу дегенді білдіреді.Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене,
дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің
бірлігі. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып
табылады.
Екіншіден , сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп
айта беру  емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керісінше
терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыруы мүмкін, тың идеялар
ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды
қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.Жалпы адамзат баласы тумысынан
білуге құмар болып келеді.Өзінің жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне
жауап беруге талпынады.Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге қазақ
тілі мен әдебиетінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі
қолданып келемін..
Мақсатым: Оқушыларды сабақта сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдарын
анықтау; Әр түрлі қызықты тапсырмалар беру арқылы оқушылардың  қазақ тілі
мен әдебиеті  сабағына деген қызығушылығын, тіл байлығын, ой-өрісін,
ынтасын дамыту; 
Міндетім: Сыни тұрғыдан ойлана алатын таным белсенділігі жоғары
тұлғаны қалыптастыру; Өз ойын еркін жеткізе алатын және алған білімін кез-
келген жерде пайдаланатын ойлы, білімді, парасатты оқушыны тәрбиелеу;
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу,
ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. «Миға шабуыл», «Топтау», «Түртіп алу»,
«Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау», «Бес жолды өлең»,
«Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «ЭССЕ», «Т
кестесі», «ДЖИК СО» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-
жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Сын тұрғысынан ойлауда оқушы
болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды,
талқылайды,сын көзбен қарайды,пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ
пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін – өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге
үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты дамытады,
қызығушылықты артырады, кез – келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін – өзі
тәрбиелейді. Әдебиет сабағында көркем шығармаларды танытуда «ДЖИК СО»,
«Миға шабуыл», «Венн диаграммасы», «Блум таксаномиясы» сиқты стратегияларды
көптеп қолдану арқылы оқуылардың танымдық белсенділігін арттыруға болады.
Мектепте оқылатын әдебиет сабағы,онда талданатын көркем әдебиет
шығармалары өзінің өмір танытқыштық қасиетімен ерекшеленеді. Ол өмірдегі
оқиғаларды қаз қалпында тізбектеп жатпастан оны көркемдік құралдар арқылы
сипаттайды. Осындай жазушының ойы мен негізгі мақсатын тануда, оқушының
шығармашылық ойлауы мен танымдық әрекеті өте жоғары болуы тиіс. Жазушы
шығармасында басы артық нәрсе болуға тиісті емес. Оны шығарма сюжеті мен
композициясын құрғанда,үнемі есте ұстайды. Шығарманың басталуына да ерекше
мән береді. Оны өзі алып отырған тақырыптың түйінін ашуға жол
көрсететін,оқушыға ой салуды көздейтін көркемдік детальді іздеуден
бастайды. Мұның классикалық үлгісі ретінде М.Әуезовтің «Абай
жолы»,Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романдарын алуға болады.Мұнда жазушылар
қаладан қайтқан үш жолаушыны, тіресе,таласа қонған екі бай ауылыны өзінің
келешек ой тірегіне экспозиция ету үшін,оқушыны романдағы шытырманы көп
оқиға желісіне ой тастату үшін арнайы алып отыр. Әдебиет пәнінің мұғалімі
шығарманы бастаудағы көркемдік детальдарды дәл таба білудегі жазушы
шеберлігін оқушыларға дұрыс танытуы керек. «Абай жолы» роман-эпопеясын
меңгертуде оқушылардың таным белсенділігін қалай арттырып, олардың
шығармашылықпен жұмыс жасауына көмектесе аламыз. Автордың Абай мен Құнанбай
арасындағы қатынастың қалай қалыптасатынын,романның алғашқы беттерінен
бастап-ақ баяндауға кірісетінін,жазушының пайдаланған көркемдік детальдары
оның шеберлігін аңғартатынын оқушы бірден біле бермейді.
Сынып оқушыларын үш топқа бөліп алғаннан кейін, «Миға шабуыл
стратегиясы арқылы» оқушыларға төмендегідей сұрақ қоюға болады.
1.Жас шәкіртпен ілесіп бір адам немесе бірнеше адамның қайтуы мүмкін ғой.
2.Неге автор нақты екі кейіпкерді алып көрсеткен?
3.Жазушы жас Абайға неліктен Жұмабайды қудырды,неге оның шоқпарын
алдырды?
4.Неге Жұмабай тартысуға да қорғаншақ,атқа шабуға да қолапайсыз болып
қалады?
5.Жазушы шеберлігі неден көрінеді?
6.«Абай жолы» романының басталуына жазушы қандай мән берген?
Бұл сұрақтарға оқушыда жауабын білуге деген құштарлық пайда
болады,оны шешу үшін ынтасы артып, танымдық белсенділігі күшейеді. Оқушылар
кейіпкерлердің характерін басқалармен салыстыруға кіріседі. Олар Жұмабай
мен Байтастың Абайға деген, Абайдың оларға деген қарым-қатынасын немесе
олардың Құнанбайға,Құнанбайдың оларға деген қарым-қатынасын айқындауға
кіріседі. Өйткені оқушылар шығарманың тақырыбы ескі мен жаңаның,соның бір
көрінісі Құнанбай мен Абайдың арасындағы тартыс желісіне құрылғанын жазушы
шығармашылығын талдаудан аңғарған болатын. Кейіпкер характерін анықтауда
кейіпкер портреті,тілдік ерекшеліктер,автордың түсініктемесі,жанама
портреттер, диалог,лирикалық шегініс негізгі өлшем екені белгілі. Оқушылар
талдауды, міне,осыдан бастайды. Оқушылар екі кейіпкер характерін талдай
отырып, белгілі бір қорытындыға келеді. Олар баланы қорқыта
сөйлейтін,қоршаған ортаға шошына қарайтын,зорлықты, күштілікті өзінше
мақтан ете,дәреже көре сөйлейтін Құнанбайға қадірі бар Жұмабайды көрсе,
оған керісінше,ақ жарқын,әңгімешіл,сөзінде зіл,ызғар жоқ,әзіл-қалжыңы
аралас жүретін сері,әнші Байтасты көреді. Абай-Жұмабай. Бұл арқылы жазушы
Абайдың келешекте озбыр жуандар тобымен айқасқа түсетінін,шонжарлардың
жаңалық атаулыға қас екенін көрсетуді мақсат еткенін айтады. Абай-Байтас.
Ол арқылы Байкөкше,Барлас,Шөжелермен жалғастыра,ұластыра келіп, Абайдың
ақындық көзінің ашылуын көрсетуді мақсат еткенін түсіндіреді. Романдағы
образдар жүйесін,олардың өзара қатынасын,шығарманың тақырыбы мен идеясын
ашудағы атқаратын рөлін, жазушы идеалын кейіпкерген қарай анықтау
жұмыстарын жүргізу мақсатында «Топтастыру немесе кластер стратегиясын»
пайдаландым. Құнанбай мен Абай тобына арнап топтап сызба құруды тапсырдым.

Оқушылар құрған сызбалар
1-сызба
2-сызба

3-сызба
Туыстардың өзара қатыс сызбасы

Әке жолынан
кеткен

ъ

Сызба жасау арқылы оқушылар романның бас кейіпкері Абайдың бейнесіне,оның
бауыры,туысы,досы,мұңдасы,сыйласы,арманы,үміті.сенімі, бағыт-
бағдары,туыстары кім екеніне,сол сияқты жаты,жауы, қасы, жау топтың
келешегі,ұрандасы,үзеңгілесі кімдер екеніне талдау береді.Мұндай жұмыс
шығарманы жан-жақты білуді,салыстыру жасауды, шығарма мәтініне қайта-қайта
үңілуді талап етеді. Оқушылар алдына ұзақ ізденуді мақсат етіп қояды,
бұрынғы білгендерін толықтырады. Оқушылармен жүргізген жұмыс олардың әр
алуан танымдық қабілеті мен шығармашылық ой-өрісін жетілдіреді.
«Венн диаграммасы» арқылы 10-сыныптағы ХІХ ғасырдың бірінші
жартысындағы қазақ әдебиетін шолу бөлімінде әдебиеттегі екі бағыт,екі
ағымның өкілдеріне талдау жасатуға болады. Оқушылардың ойлануы үшін: Бұл
кездегі ақын шығармашылығы неге екі бағытқа бөлінеді?
Қандай негізге сүйенеді деген жетекші сұрақтар беріледі.

Салыстыру

Дулат
Жанкісі
Мынау азған заманда Өзіңіз
қосқан зекетші
Қарасы-антқор,ханы-арам, Біздің елде
Жүзбай бар.
Батыры көксер басы аман, Жүзбайдың жүрген
жерінде
Бәйбіше-тантық,бай-арам Жылау менен
ойбай бар.
Бозбаласы бошалақ, Айтайын
десең,ұрады,
Қырсыға туды қыз балаң. Ұрмақ түгіл
қырады.
Нары жалқау,кер табан, Алдына салып
айдайды,
Құсы-күйшіл,ат шабан...
Ашуланса,байлайды
Махамбет
Атау жауым сен едің,
Ата жауың мен едім.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етектен кесіп жең болмас...

Венн диаграммасын орындағаннан кейін оқушыларға
Бір дәуірде өмір сүре отырып, бұлардың ой-пікірлерінің бірдей
болмауы неге байланысты? Шындықты әр түрлі сипаттауы қалай деген екі сұрақ
қойылып, оқушылар осы сұрақтар төңірегінде постер қорғайды.
«Блум таксаномиясы немес сұрақтар стратегиясы» арқылы,оның ішінде
жалпақ сұрақтар арқылы Бұқар жыраудың «Керей қайда барасың?» өлеңінің
қоғамдық-әлеуметтік мәнін ашуда оқушылардың танымдылығын артыруға болады.
Ол үшін алдын ала сұрақтар тізімі жасалады. Мысалы,

|Мұғалім сұрақтары |Оқушы жауаптары |
|1.Бұқар жыраудың «Керей,қайда | Бұқар Керей руының жасаған |
|барасың?» деген жырының мәні неде? |әрекетін құптамайды,халықты бірлікке|
| |шақырады |
|2.Бұқар халықты бірлікке ғана шақыра|Жоқ,жалаң бірлікке қана емес, |
|ма? |бітімге келуді де қалайды. |
|3.Бұқар осы өлеңінде «Уа,сен танымай|Мұнда Бұқар танытуға күші |
|кетіп барамысың?» дегенге қандай мән|жететіндігін,бірақ татулық пен |
|беріп отыр? |бітімге,бірлікке шақыратынын |
| |байқатады. |
|4.Бұқар ұғымындағы бірлік пен | Ханға қарсы келмей,бітім,бірліктің|
|бітімді қалай түсінуге болады? Неге |Абылай арқылы ғана жүзеге асуын жөн |
|ол бірлікке Абылай алдында ғана |көреді |
|келуді талап етеді? | |
|5.Олай болса,Абылайдың құптауынсыз |Иә |
|бітім,бірлік болуы мүмкін болмағаны | |
|ғой | |
|6.Онда,Бұқар ұғымындағы |Бұқар өзі ұсынған бірлік,бітімді |
|бірлік,бітімнен қандай қайшылықты |ғана құптайды,ал басқа рулардың тең |
|байқауға болады? |дәрежелес болуын мойындамайды. Оның |
| |көзқарасы сол кездегі ортаның бірлік|
| |пен бітім жөніндегі ұғымын |
| |бейнелейді. |

Осы сұрақтардан кейін оқушыларға «ЭССЕ немесе ой толғаныс
стратегиясын» пайдалана отырып, Бұқар көзқарасында кездесетін осы қайшылық
қандай әлеуметтік проблемаға байланысты? деген сұраққа өзінің ой-
толғанысын жаздырамын.Оқушы өз бетімен жұмыс жүргізіп,5-10 минут тоқтамай
жазады. Бұқар жыраудың өлеңі бойынша өз ойын қорытады. Әдебиет сабақтарында
проблемалық сабақтарды бөліп алу, әзірлеу, соны талқылау, өзіндік қорытынды
жасау, өз беттерімен анализ, синтезге, бағаға жету, өзін-өзі бақылау,
жұмыстары балаларды шығармашылыққа, жүйелі
білімге жетелейді.
1. Өзіндік қорытындылары, оның қаншалықты шындыққа жақын екенін саралайды.
2. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға
қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырамыз.
3. Білім дәрежесі деңгейін саралау /өзіндік анализ, синтез, бағалауының
деңгейі қалыптасады/
4. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтыса
білуге дағдыланады.
5. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады, онымен қатар өзінің
және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді.
6. Оқушы әрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап оқыған
кезде өз ойын тұжырымдайды.
7. Оқушылар өз ойымен, іс-тәжірибесімен, пікірлермен бөлісуге үйренеді, бұл
бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
8. Жұмыс барысында алмасу арқылы оқушының өз ойын ашық,жасқанбай
айтуға,басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушыларда:
1. Өз бетінше тұжырым жасау,қорытындыға келу.
2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.
3. Проблеманы шеше білу.
4. Пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша өткізілген сабақтар үрдісіндегі
өзгерістер және нәтижесі.
 
1.Жаңа тақырып бойынша оқушы іздене отырып меңгереді. Мазмұнын айтып
береді.
2.Жеке кейіпкерлерді талдайды, олардың іс-әрекетін зерттейді.
3.Кейіпкерлерге мінездеме береді
4.Тақырып бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.
5.Тақырып бойынша шығарма жазады.
 6.Эссе жазады. Венн диаграммасын жасайды.
 7.Сыни тұрғысынан ойлана отырып ой қорытып, тұжырымдама жасап,
оны қағаз бетіне түсіреді.
 8.Мұғалім аз сөйлеп, оқушы өз ойын еркін жеткізеді.
Міне, бұл технологияда оқушы өз топшылауын , өз пайымын еркін
білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды,
өз пікірін , өз тоқтамын жасайды,танымдық белсенділігі артады. Бұл әдіс
шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту
әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың
әдіс-тәсілдері білім алушыға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға,
ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге , олардың ғылыми
білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды .

Әдебиеттер тізімі:

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2014ж
2. «Қазақ әдебиеті» газеті. №16 2013ж
3. «Қазақстан мектебі» республикалық ғылыми-педагогикалық журнал №1,2009
ж
4. «Қазақстан мектебі» республикалық ғылыми-педагогикалық журнал №8, 2008
ж
5. «Мектеп директоры» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
№4. 2014 ж
6. «Қазақ тілі мен әдебиеті » әдістемелік журнал №7,10,11. 2014 ж
7. М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы
-----------------------
Құнанбай

Абай

Базаралы

Дәркембай

Байдалы,
Байсал

Әбіш,Мағаш,
Дәрмен,Баймағанбет

Бөжей,
Сүйіндік

Майбасар,
Жиренше

Тәкежан,
Оразбай

Рақым,Шәкет,Асан,
Үсен,Асқар

Әзімбай,Шұбар,
Нығымет,Жәлел

Мұрат,Мақсұт

Абай

Құнанбай

жақыны
Ысқақ

Әке жолын тапқан

келешегі
Әбіш,
Мағаш

ақылдасы
Құдайберді

тілектесі
Шұбар

Тәкежан

жақыны
Оспан

Келешегі-Әзімбай

Ұқсастық
1.Бұл ақындардың өткен дәуірдегі жағдайды баяндауы.
2.Олардың сол кездегі шындықты суреттеуі

Айырмашылық
Жанкісі,Махамбет шығармаларында нақты нәрсені сипататйды.Бір объектіні
алып,соны талдайды, сынайды,баға береді. Көзқарастары айқы.Бұлар үстем
тапқа қарсы.Осыған орай пікірлері айқын,өмір шындығын дұрыс суреттейді.

Айырмашылық
Дулатта шындықты жалпылай айту басым.Барлық нәрсеге күдіктене,торыға
қарау,наразылық байқалады.Жырау көзқарасы айқын емес, буалдыр,кімді
жақтап,кімді айыптап тұрғаны белгісіз

Ұқсас жұмыстар
Рационал сандар. қайталау. 6-сынып
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдары
Топтарға тапсырма ұсыну
В1 есебі
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
Оқушыларға интернет туралы ағылшын тілінде айтуға үйрету
Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту
Оқушыны ойлану үшін ойлауға үйрету
Үшін, туралы, дейін(шейін) шылыулары
Жеті модуль бойынша оқытудың тиімділігі
Пәндер