Анатомия пәнінің оқытушысы

АНАТОМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА СТУДЕНТТЕРГЕ

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ

Омаш Қарлығаш Көшекқызы

Анатомия пәнінің оқытушысы

МКҚК «Түркістан медицина колледжі»

ҚР, ОҚО, Түркістан қаласы

Білім беру бағытындағы кәсіби бағыт беру саласы күрделі де алуан түрлі. Кәсіби бағдар беру ісін жүргізу сапалы маман даярлауды жоспарлаумен, білім беру жүйесін одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты. Медициналық колледжде кәсіби бағдар беру оқу-тәрбие жұмысының негізгі құрамдық бөлігі ретінде қаралады.

Болашақ маман даярлауда білім беру саласында кәсіби бағдар беру қажетті деңгейде жүргізілмейтін және де маман ретінде жұмысқа араласқан жастар заманауи қоғам қоятын міндеттерге жауап бере алмайтын. Атап айтар болсақ, орта мектепті бітірген ұлдар мен қыздардың көпшілігінің таңдаған мамандықтары олардың мүмкіндіктері мен ынтасына сәйкес келмей, мамандығының жауапкершілігін толық түсіне бермейтін. Ал қазіргі таңда елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен кәсіби білім беру ұйымдарында маман даярлау ісі жақсы жолға қойылуда. Осы орайда колледжде кәсіби бағдар беру технологиясы жан-жақты қолданылуда.

Студенттердің кәсіби бағыт алуына түрткі болатын нәрсе танымдық қызығушылығы, кәсіпке қызығуы, кәсіби құштарлық, өзіне мақсат қою және сол мақсатына жету үшін әрекет жасау болып табылады. Болашақ мамандардың кәсіби бағдарланып, өз дәрежесінде білім алуының, мамандығына деген қызығушылығының артуының негізі - оқытушының ізденісі мен жаңашылдығына байланысты.

Медицина мамандығын таңдаған студенттер үшін қызықты пәннің бірі - анатомия. Анатомия пәнінің оқытушысы ретінде алғашқы сабағымды анатомиялық мұражайға экскурсия жасаудан бастаймын. Экскурсия барысында пәнді үйренудің негізгі мақсатын, клиникалық пәндерді оқу кезіндегі қажеттілігі мен болашақ мамандығы үшін маңыздылығына тоқталамын. Әр сабағымда кәсіби бағдар беру технологиясының тәсілдерін қолданамын.

Анатомия пәнін оқытуда оқытушы педагогикалық мақсаттарын анықтап, болашақ мамандығына сабақтың әр кезеңінде кәсіби бағдар беру арқылы студенттің қызығушылығын оятады.

Медициналық колледж студенттерінің алғашқы курсында оқытылатын, медициналық пәндердің іргетасы саналатын анатомия пәнінен 2014 жылы ON-LINE жүйесімен Республика көлемінде ашық теориялық сабақ өтілді. Өтілген сабақтың маңызды жерлерін ұсынып отырмын.

Оқытушы сабақ тақырыбының мотивациясына тоқталғанда оның студенттердің болашақта клиникалық пәндерді үйренудегі маңыздылығын айтады. Сонымен қатар сабақтың әсерін күшейту үшін қазақ халқының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Жүрек дерті» өлеңін оқып, тақырыппен байланыстырады: «болашақта жүрек ауруы шағымымен келген әрбір науқасқа дәрігерлік көмек беру әрқайсысыңның міндетің болып табылады. Өлең жолдарында кездескен жүректің және қан тамырларының анатомиясын болашақ маман ретінде терең зерттеп, үйренуіміз қажет. Тақырыпты меңгеру туыстас пәндер физиология, патологиялық анатомия мен патологиялық физиология пәндерін үйренуге де, терапия, хирургия, педиатрия және акушерия сияқты клиникалық пәндерді түсініп оқуға мүмкіндік береді». Бағалау критерийлерімен таныстырады.

Студенттердің өткен тақырып бойынша білімі екі этапта тексеріледі:

  1. теориялық білімін тест арқылы бағалау.Студенттер Activote (тестілеу құрылғысы) арқылы тест сұрақтарына жауап береді. (Activote құрылғысы тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға және студенттердің тақырыпты түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. ) ;
  2. электронды оқулықтан тапсырмалар орындау және оны жұмыс дәптерлеріне түсіру.(анатомия пәнінен дайындалған электронды оқулықтан тақырып бойынша интерактивті тақтада жұмыс жасап және орындалған тапсырманы анатомия пәнінен дайындалған жұмыс дәптеріне түсіреді. ) .
  3. Студенттердің білімін бағалау.
  1. Activote (тестілеу құрылғысы) арқылы тест сұрақтарына жауап беру:
  2. Электронды оқулықтан тапсырмалар орындау және оны жұмыс дәптерлеріне түсіру

4. Жаңа тақырыпты үйрету. «Сooperative learning»- студенттердің бірлесіп сабақты үйренуі.

«Сooperative learning»- 4 кезеңге бөлінеді:

  1. Мағынаны тану - «Студент-оқытушы»
  2. Ой салу - Ғаламтордан жинаған мәлімет.
  3. Ой қозғау - Актив студио бағдарламасында дайындалған тапсырмаларды орындау.
  4. Ойды саралау - Сабақ барысында терапия, балалар аурулары, акушерия және гинекология пәндері бойынша алынған мәліметтерді саралап, білім ағашын жемістермен толықтыру.

Студенттердің болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру үшін топ үш топшаға бөлінеді: Дәрігер-ангиологтар, дәрігер-кардиологтар, дәрігер-терапевтер. Әр мамандық туралы алдын-ала сипаттама беріледі. Оза оқыту технологиясын қолданып, топтағы студенттерге тақырып бойынша тапсырмалар беріледі. Әр топқа жадынамалар таратылады. Оқытушы өзі дәрігер-эксперт рөлін сомдайды, сабақ барысында дәрігерлердің айтқан тұжырымдарына сараптама жасап өз ойын қосып отырады.

Жадынамада топта көшбасшылар жоқ, топтың барлық мүшелері тең, топтар өзара бәсекелеспейді, топтың барлық мүшелері бір-бірімен араласқаннан және тапсырманы бірге орындағаннан ләззат алуы тиіс, әркімнің өзіне деген сенімділігі болуы керек, топ мүшелерінің барлығы белсенділік танытуы және ортақ іске өз үлестерін қосуы тиіс, аталмыш «ұйқыдағы серіктестер» болмауы тиіс, соңғы нәтижеге топтың барлық мүшелері жауапты екені ескертіледі.

«Сooperative learning» І. Мағынаны тану-«Студент-оқытушы»

Сабақты бастамас бұрын оқытушы ортаға үш «білім ағаштарының» плакатын әкеледі. Әр ағаштың клиникалық пәндер бойынша атауы бар: бірінші ағаш анатомия-терапия, екінші ағаш анатомия-акушерия, үшінші ағаш анатомия-балалар аурулары. Студенттерге түрлі-түсті жеміс пішініндегі қағаздар таратылады. Оқытушы сабақ барысында аталған пәндер бойынша терминдерді таратылған қағазға түсіріп отыруын, неғұрлым көп қағаз толтырса соғұрлым ағаштар жемісті молынан беретіндігін ескертеді.

Ортаға бірінші топша шақырылады.

Дәрігер-ангиологтар қан тамырларының түрлері құрылысы мен ерекшеліктері туралы слайд-шоу, бейнематериалдармен тақтаға шығып, сұрақтары бойынша демонстрация жасайды. Эксперт-дәрігер, дәрігер-терапевттер мен дәрігер-кардиологтар сұрақтарын қойып талдау жасайды.

Дәрігер-кардиологтар жүректің қызметі мен орналасуы, сыртқы құрылысы мен камералары, қақпақшалары туралы слайд-шоу, бейнематериалдармен тақтаға шығып, сұрақтары бойынша демонстрация жасайды. Эксперт-дәрігер, дәрігер-терапевттер мен дәрігер-ангиологтар сұрақтарын қойып талдау жасайды.


Ұқсас жұмыстар
Аяқ терісінің бездері
PowerPoint программасының негізгі түсінігі, презентация құру техникасы
«есту мүшесі. құлақтың құрылысы»
Білімді ұрпақ - жарқын болашақ кепілі
Анатомия және физиология әлеміне саяхат
Көмей. Кеңірдек. Бронхтар
Жүйке жасушасының өсіндісі
Химия пәнінің мұғалімі
Тіл білімі
Эволюция жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz