Бастауыш сыныпқа арналған Сөз мерген сабағы: сөйлем мен мақал-мәтел құрау және көнерген сөздердің мағыналары

Саматова Алмагул Кайрболатовна

А. Құсайынов атындағы жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының бастауыш сынып мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы,

Бөкей ордасы ауданы,

Мұратсай ауылы.

Сөз мерген

Мақсаты: Оқушыларды Отанын сүйетін, елін, жерін қорғай білетін патриот болуға тәрбиелеу. Білімді, жан-жақты болуға үйрету, білуге қызығушылығын арттыру, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

І . « Мықты болсаң, тауып көр. »

(берілген сөздерден сөйлем құрау. )

1. Мұғалім

Оқушы жүрек Мұғалім мектептің жүрегі.

2. Жаңбыр

Қар кемпірқосақ Жаңбырдан соң кемпірқосақ шығады.

3. Дәптер

Қалам парақ Дәптердің он екі парағы бар.

4. Күзде

Қыста жапырақ Күзде жапырақтар сарғаяды.

5. Нан

Бөлке дастархан Нан- дастарханның берекесі.

6. Кітапхана

Дәріхана кітап Кітапханада қызықты кітаптар бар.

7. Кітап

Бор іс Кітап оқу пайдалы

ІІ. «Жүйрік болсаң, озып көр»

(берілген сөздерден мақал-мәтел құрастыру)

1. Оқу

Білім бұлақ Оқу - білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы.

2. Үлкен

Кіші құрмет Үлкенге құрмет,

Кішіге ізет.

3. Күш

Жігер жүрек Күш білекте емес, жүректе.

4. Ата - ана

Бауыр жол Ата - ананың ақылы,

Сайрап жатқан жолмен тең.

5. Мектеп

Сынып теңіз Мектеп - кеме,

Білім - теңіз.

6. Отан

Ел ыстық Отан оттан да ыстық.

7. Дос

Туыс дау Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

ІІІ «. Ойлы болсаң, озып көр»

(көнерген сөздердің мағынасын түсіндіру)

1. Дана .

Жануарға байланысты атау.

Адам атауы

Дана - кемеңгер, ақылды, данышпан, білімді.

2. Бәкі

Тұрмыстық құрал атауы

Ыдыс - аяқ атауы

Бәкі - ашпалы - жаппалы қалта пышақ, шаппа.

3. Леген

Тұрмыстық құрал атауы.

Ыдыс- аяқ атауы.

Леген- кір, қол жуатын кішірек шылапшын.

4. Лашық

Баспанаға байланысты атау.

Жануарға байланысты атау.

Лашық - жұпыны, тозған баспана.

5. Құрық

Жылқышы құралы

Ұста құралы

Құрық - асау жылқыны ұстау үшін пайдаланатын ұшында ілмегі бар ұзын сырық.


Ұқсас жұмыстар
Көнерген сөздердің түрлері мен оқыту әдістемесі
Мақал-мәтел - сөз мәйегі: мектептік сайыс сценарийі мен өткізу жоспары
5-сынып оқушыларына арналған тіл-танымдық сайыс Сөз мерген
Сөз мерген: ана тілін дамытуға арналған интеллектуалды сайыс сабағы
Сөз - мерген: мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер арқылы қазақ тілі білімін тексеру және тіл шеберлігін дамыту
Атамекен бағдарламасы Толғау бағыты бойынша Сөз мәйегі - мақал-мәтел сайысын өткізу жоспары
СӨЗ - МЕРГЕН: ана тілін дамытуға арналған интерактивті сабақ-жарыс
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ: 5 А сыныпқа арналған мақал-мәтел сайысы
Қазақ тілі. Бақылау жұмысы №2: синонимдер, антонимдер, мақал-мәтел, сөйлем құрастыру және аударма
Мың бір мақал: мақал-мәтел арқылы тілдік және шығармашылық қабілеттерді дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz