Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қатысымдық тұлғалардың жиынтығы
Тілдік қатынас пен тілсіз қатынастың айырмашылығы, ерекшеліктері,
оларға тән белгілері.
Жалпы адамдардың қарым – қатынасына қатысты әрекеттер екі үлкен тармақтан
тұрады. Оның бірі – тілдік қатынас, екіншісі – тілсіз қатынас.
Тілдік қатынас – сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай
келіп, жай ғана қарым – қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен,
өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық –
әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір – бірімен пікір
алмасуы, адамдар қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді.
Өмірде адамдар тек тілмен сөйлесу арқылы ғана бір – бірімен
түсініспейді, кейде әр түрлі жағдайларға байланысты олар бір – бірін тілсіз
– ақ ұғып, соған қарай іс- әрекет жасайды. Мәселен, көшеде келе жатқанда,
адамдар түрлі жарық көздеріне, естілген дыбыстарға назар аударып, соған
өздерінше жауап қатады, соған сай әрекет жасайды. Сол сияқты жол
белгілерінің әр түрлі үлгілері немесе таңбалары белгілі бір жайдан хабар
береді де, адам оны қабылдап, түсініп, осыған байланысты қозғалады.
Кейде адамдар белгілі бір шартты келісімдер немесе белгілер арқылы тілсіз
– ақ ұғынысады. Бұл да - адамдар арасындағы қарым – қатынастың бір түрі.
Осыдан басқа да адамдардың бірін – бірі түсінісудің көптеген жолдары бар.
Мұндай семиотикалық таңба – белгілерден өзгеше адамдардың ыммен түсінісуі
және көздің, ауыздың, қабақтың қимыл – қозғалыстары мен жалпы бет –
әлпеттің өзгеруі арқылы ұғынысуы арқылы қаншама белгілер бар.
Аулада естілген қатты айқай немесе есікке берілген қоңырау, соны ести
сала екінші адамның оған қарсы әрекет жасауы (далаға жүгіріп шығуы, не
есікті ашуға ұмтылуы) бұл да өзара түсініскендік.
Қарым – қатынастың жоғарыда айтылған үлгілердің барлығы өмірден, қоғамнан
тыс бола алмайды. Мұндай қарым – қатынастар адам үшін қызмет етеді,
адамдардың өзара түсіністігіне жол ашады.
Сондықтан олар да адамдардың қарым – қатынасына (коммуникацияға) жатады.
Өмірдегі мұндай ұғынысу, түсінісу тілсіз қарым – қатынасқа жатады.
Тілдік қатынас пен тілсіз қатынастың ұқсастықтарыда, айырмашылықтары да
бар. Бұл қатынастардың сәйкес жақтары: олардың екеуі де, біріншіден,
адамдардың бір – бірімен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамдар
арасындағы қатынасқа қызмет етеді.
Екіншіден, тілдік қатынаста да, тілсіз қатынаста да белгілі бір нәрсе
хабарланады, бірақ тілсіз қатынаста хабар шартты түрде болуы мүмкін.
Үшіншіден, тілдік, тілсіз қатынас та адамдардың өзара түсінісуіне жол
ашады. Ұғынысу тікелей жолмен емес, сырттай болуы да мүмкін, бәрібір
адамның белгілі бір хабарды ұғып, соған қатысты іс - әрекет жасауына
мүмкіндік болады. Алайда тілдік қатынас адамдардың бір – бірімен ұғынысуын,
ойын еркін, толық жеткізуіне ерекше қызмет атқарады.
Белгілі ғалым Э.П.Шубин тілдік қатынастың тілсіз қатынастан екі түрлі
айырмашырығы бар деп есптейді.
Біріншіден, тілдік қатынас әмбебап, яғни жан – жақты, өйткені ол
адамдардың барлық саналық және физикалық әрекетіне қызмет етеді.
Екіншіден, тілдік қатынас бірінші пайда болады, яғни алғашқы кезеңде
тұрады,себебі оған адамның ойлау қабілеті негіз болады.
Тілдік қатынастың негізі – қатысымдық тұлғалар.
Тілдік қатынастың негізгі құрамы төмендегідей болып жіктеледі:
1. Тілдік қатынасты іс жүзіне асырушылар.
2. Тілдік қатынасқа қатысушылардың қызметі.
3. Сөйлеу мүшелерінің бірлігі.
4. Қатысымдық тұлғалардың жиынтығы.
Тілдік қатынасты іс жүзіне асырушылардың қатарына Баяншы, Тұлғалар және
Қабылдаушылар жатады.
Баяншы – сыртқы объективтік әсерді, өмірден сезінуден, пайымдаудан туған
санадағы ойды түрлі тілдік амал – құралдардың, тұлғалардың көмегімен екінші
біреуге баяндауды, хабарлауды жүзеге асыру үшін тілдік байланысқа қатысушы,
тілдік қарым – қатынасқа түсуші.
Тұлғалар – хабарлаушыдан шыққан дерек туралы басқа адамның санасында
ұғым тудыратын, оған ақпараттың түсінікті болуын қамтамасыз ететін, адамдар
арасындағы қарым – қатынасқа байланысшы ретінде қызмет атқаратын қатысымдық
бірліктер.
Қабылдаушы – белгілі бір хабарды қабылдап алып, оның мәнін тілдік
тұлғалар арқыл түсініп, ой мен пайымдау арқылы өз санасынан өткізіп
ұғынудың нәтижесінде тілдік қатынасты әрі қарай іске асырушы.
Тілдік қатынасқа түсушілердің ең басты қызметі – қатысымдық,
байланыстырушылық, экспрессивтік.
Қатысымдық қызмет бойынша баяндаушылар мен қабылдаушылар тілдік қарым –
қатынастың барлық түрлерін іс жүзіне асыра келіп, хабар арқылы бір –
бірімен қарым- қатынастық қызмет атқарады.
Тілдік тұлға мен қатысымдық тұлға туралы мәселе тілдің тұлғалары мен мен
сөйлеудің алғы шарттарын ажыратып алудан басталуы қажет.
Қатысымдық тұлға тілдік тұлғаларға қатысты болғанымен, онымен бірдей
емес.
Ол тілдің жеке бөліктерден гөрі, сол тілдің тұтас қарым- қатынастық
рөлімен тікелей байланысты ерекшеліктерді: белгілі бір ойды тиянақтап
жеткізу, оған жауап алу, сөйелу, сөзді қабылдау, оған мән беру, әр түрлі
экспрессивтік – эмоциональдық күйді таныту т.б. – сол сияқтыларды қамтиды.
Демек, қатысымдық тұлғаның жұмысы жалпы сөйлеу үрдісімен тікелей
байланысты.
Тілдік тұлға мен қатысымдық тұлғаға қатысты В.Л.Наердің пікірі мүлде
өзгеше. Ол бірде – бір тілдік тұлға қатысымдық тұлға бола алмайды, себебі
олар өзара байланысты болғанымен, әр бөлек құбылыстар дейді.
В.Л.Наердің тілдік тұлғалар қатысымдық тұлға бола алмайды деген
көзқарасын қуаттау қиын. Оның үстіне хабар, ақпарат тек бір нәрсені
білдіреді деп кесіп айту да біржақты.
Мәселен, кейде хабар баяндау мағынасымен шектеліп қана қоймайды, сол
хабардың қабылдану дәрежесіне сай жауапқа да ие болады. Онда ол адам
санасынан тыс (В.Л.Наер атап өткендей) бір мағынаны ғана емес, керісінше
саналы түрде хабарлауды, баяндауды, ойды білдіреді.
Тілдік тұлғалар – адамзат тілінің жасалуы мен өмір сүруіне қажет ететін,
сөйлеу мүшелеріне тікелей тәуелді, фонетикалық, лексикалық және
грамматикалық қасиеттерге ие болатын, таңбалық сипаты бар тілдің құрылымдық
бірліктері.
Қатысымдық тұлғалар – тіл арқылы қарым – қатынасты қамтамасыз ететін,
белгілі бір ортамен араласу жағдайында жүзеге асатын, тиянақты ойды
хабарлау және қабылдау қасиеті бар, ерекше деңгейге көтерілген тілдік
тұлғалардың қатынасынан тұратын, қарым – қатынастық мәні бар бірліктер.
Тілдік тұлғалар жеке, дербес жұмсалса, қатысымдық тұлғалар бір – бірімен
байланыста қолданылады.
Тілдік тұлғалар атаулық мағынаны берсе, қатысым тұлғалар тұтас ойды
білдіреді.
Тілдік тұлғалар көпмағыналы бола келіп, жалпылама ұғымды берсе,
қатысымдық тұлғалар контекстік жүйелі мағынаға ие болу арқылы нақтылы
ұғымды, ойды жеткізеді.
Тілдік тұлғалар дербес мағынада тұрса, қатысымдық тұлғалар бір бүтін,
тұтас мазмұндық қасиетке ие болады.
Тілдік тұлғалар бір ғана субъектіге қатысты болса, қатысымдық тұлғалар
жалпы қарым – қатынас үрдісіне, оның ішінде тілдесімге, сөйлесім әректіне
тән.
Тілге және сөйлеуге қатысты тұлғаларды салыстыра отырып, олардың
әрқайсысына тән ерекшеліктерді қарастыра келіп, қатысымдық тұлғалар мынадай
қасиеттерге ие болу керек деп есептейміз.
1. Сана мен ойға қатысты мазмұнның тиянақтылығы.
2. Баяндау ғана емес, хабарлау, жеткізу қасиетіне ие болуы.
3. Ми жүйесі арқылы қабылдануы.
4. Белгілі бір жағдайға, ортаға байланысты жұмсалуы.
5. Тіл мен сөйлесімге байланысты қарым – қатынаста қызмет атқаруы.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz