Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелейтін тапсырмалар дайындай алатынымды ұқтым

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Сертификатталған мұғалімдердің рефлексиялық есептері панорамасы «Менің тәжірибемдегі өзекті сұрақтар:өзгеріс динамикасы» тақырыбындағы аймақтық сайысына

« Шеберліктің белгісі-түрлі әдісті болу »

Теміртау қаласы,

№29 ЖББОМ КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Аюуш А

Қарағанды-2015 жыл

«Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз» деп елбасымыз айтқандай, әр мұғалім заман талабына сай білім беруі керек. Осы білімді беруде мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту.

Жақсы мұғалім - бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс.

Әлемдегі барлық адамдардың ішінен - мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен мен оқушы бойына шынайы білім беруді бағдарламаның 7 модулін іске асыра отырып, сапалы да салиқалы оқушы дайындап шығатыныма көзімді жеткіздім.

Біз мұғалімдер оқушыларға, сапалы да, салиқалы білім беру үшін әрқашан тынбай еңбек ету арқылы қызметіміздің жемісін көре аламыз. Ол еңбектің нәтижесіне жету үшін әрқашан оқу үстінде болуымыз керек. Оған дәлел мен қырық жасқа келсемде әлі де оқып, білімді шыңдап, жеткен оқуымды оқушы бойына сіңіру үшін аянбай, тынбай оқып, қызмет жасауым. Сондықтанда мен Кембридж университетінің бағдарламасын оқу арқылы жиырма бірінші ғасырдың жаңаша мұғалімі болуға ұмтылып жатырмын. Бұл оқу маған не берді? Мен оқушыларға не бердім? Осы оқудың арқасында мен қандай жетістікке жетуім керек?

С. Выготскийдің (1987) әлеуметтік сындарлы теориясы сияқты Дьюи жаңа тәжірибемен үнемі алмасу және жаңа тәжірибені алуға белсенді ат салысу арқылы білім тез алынады деп санады (189-бет) . Дьюи «дәстүрлі» білім беруді енжарлықпен білім алу үдерісі ретінде сипаттайды және өзара әрекеттің немесе сыни қатысуды төмен деңгейін қажет ететін жаттап алу әдісін сынайды. Осы пікірдің дұрыстығын дәлелдеу үшін осы бағдарлама бойынша мен және оқушының өзгерісін айтып өтуім керек.

Бағдарламаның 7 модулінің ішіндегі сыни тұрғыдан ойлау модулінің тигізер пайдасы мол болды. Бұл модулді қолдануда мен «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту » педагогикалық технологиясын әр сабағымда қолдануды мақсат еттім. Бұл технологияның мақсаты - барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым, бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету. Бұл технологияның әр стратегияларын сабақтың әр кезеңдерінде тиімді қолдана білу ең басты міндет. Атап айтсам, сабақтың кіріспе бөлімінде «қызығушылықты ояту» мақсатында «шеңбердегі сұрақтар», «Автор орындығы »стратегияларын жиі қолданамын. Бұл стратегияда оқушыларға сұрақ қою арқылы оқушының тақырып жайлы не білетінін анықтап алу болмақ. Ал сабақтың тұсаукесер бөлімінде «мағынаны ажырату », «инсерт, »стратегиясын қолданамын. Мұнда оқушылар тақырыпты зерттеу, жауаптар іздеумен айналысады. Ал, сабақтың негізгі бөлімінде «ой толғаныс», «венн диаграммасы », «екі түрлі түсініктеме күнделігі», «еркін жазу» стратегияларын пайдаланамын. Қорытынды бөлімінде «INSERT» стратегиясын пайдаланудың тигізер пайдасы бар. Сонымен қатар мен сабағымда «ыстық орындық», «тыңдап отырған үштік» «сұрақтар шеңбері», «балалар философиясы », «венн диаграммасы », «сатылай кешенді талдау», «мозайка», «өкіл», «диалогтік оқыту», «ойланудың 6 қалпағы»т. б стратегияларды қолдану арқылы мен бала бойына білім беруде әдіс-тәсілдің тигізер пайдасы зор екенін түсіндім. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелейтін тапсырмалар дайындай алатынымды ұқтым. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятатынымды түсіндім. . Үйде де іздену керек екенімді ұқтым .

Сыни тұрғыдан ойланудың басты құралы -шығармашылық жұмыстар болмақ. Өз ойларын еркін, шешен жеткізе білуге, бір -бірінің пікірін тыңдай білуге шығармашылық жұмыстың тигізер пайдасы мол . Ең бастысы, бұл шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың сыни ойлау деңгейлерін анықтап, ары қарай жалғастыруға жетелейді.

Демек бағдарламаның ұстанымы менің де ұстанымым болу керек. Бұл ұстанымдар менің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетіммен шектелуі де мүмкін . Менің негізгі ұстанымым сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастыру . Бұл ұстанымды қалыптастыру үшін мен де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытатын, жаңашыл идеяларға көңіл бөлуім керек. Бұл жаңашыл идеяларды мен қайдан алуым керек? Әрине білімді игерту үшін біліктілікті көтеру ¸оқыту үдерісін меңгеру (оқыту әдістері ) оқытудың сапасы немесе нәтижесі (оқушының білім алуына ықпал ету) бұл өлшемдердің бәрінде мен бұл бағдарламаны оқу арқылы меңгердім. Нәтижеге жету үшін оқу керек, еңбек ету керек.

Құзырлы мұғалім міндеті оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуына бағыт -бағдар беру болмақ. Берген бағыт-бағдар оқушының оқуы үшін табысты бола алады. Бұл табысқа жету үшін Шульманның «мұғалімнің үш көмекшісі »(2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болады.

Шульман ұсынған теориялық білімімді тәжірибемен ұштастырып, әрі қарай жетілдіремін . Ол үшін мен :

-оқушының өз бетімен білім алуына мүміндік бере отырып, кәсіби дағдымды дамытамын.

-сабырлылық пен төзімділікті таныта отырып, мақсатқа жетуге ұмтыламын.

Осы мақсаттың іске асқанына көз жеткізу үшін, сабақ беру барысындағы стратегиялардың бала үшін сыни ойлауы қалыптасқаны анық. Атап айтсам, 9 сынып бойынша өтілген бірнеше сабақта қолданылған стратегияның сыни ойлауды дамытудағы шығармашылық жұмыстың мағызы екенін көрсете алдым. Мысалы: 9-сыныптағы «Халық ауыз әдебиеті» тақырыбында оқушылардың тақырыпты сыни тұрғыдан ойлауға арналған шығармашылық жұмыстың әсерімен меңгергенін анықтай алдым. «Дана үкілер» техникасы арқылы мәтінмен жұмыс жасау бойынша тақырыпты меңгере білді. Бұл стратегияда:

-Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері -тапсырмасы бойынша мәтіннен оқушылар жаңа ұғымдарды тауып, алфавит ретімен тауып жазады.

Оқушылар: әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, фольклор-деген сөздерді жазды.

-Маңызды өмірлік даналық -мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіреді.

Оқушылар: Ауыз әдебиеті- ауызша шығарылып, ауыздан-ауызға тараған халықтардың шығармалары.

-Таныс және таныс емес- мәтіннен алдында таныс болған және мүлдем таныс емес мәліметті табу.

Оқушылдар: Халық ауыз әдебиетінің түрлері таныс

Фольклордың көпнұсқалығы таныс емес.

-Иллюстрациялық бейнелеу- мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, кесте арқылы бейнелеп көрсету.

Оқушылар : әртүрлі суретер салды, топтастыру арқылы ауыз әдебиеті жайлы түсінік берді.

-Үлгі боларлық қорытынды -мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға болады.

Оқушылар: Халқымыздың ауыз әдебиеті -бай, асыл қазына, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты танып білдік. Болашақта жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге үлкен үлес қосады.

-Талқылауға арналған маңызды тақырыптар -талқылауға тұрарлық ерекше көңіл бөлуге болатын пікірді табу. Оқушылар көрсетілген шарт бойынша оқулық мәтінімен жұмыс істейді.

Оқушылар : Ойланудың 6 қалпағы стратегиясы бойынша «Қазіргі заманда салт-дәстүрді отбасында қалай қолданып жатырмыз » тақырыбында пікір -талас ұйымдастырылды. Оқушылар күнделікті өмірдегі отбасындағы шынайылықты жақсы жеткізе білді. Әр қалпақ өз міндеттерін жақсы меңгере білді. Осындай пікір таласты мен үнемі сабақ барысында және сыныптан тыс шараларда қолданып жүрмін . Мектебімізде өткен «22-қыркүйек Тіл мерекесі » апталығында ұйымдастырылған іс шараларда «Тіл талапкерлері » атты тақырыпта сыныптан тыс сабақ өткізген кезде оқушыларға «Қазіргі қазақ тілінің сөз тазалығы » деген тақырыпта осы стратегияны пайдаланып пікір талас ұйымдастырдым.

Бұл бағдарлама бойынша оқушы білімінің жоғарлағанын, баланың тіл байлығының дамығанын байқай аламын. Атап айтсам, оқу үрдісінде оқушы білімін жетілдіру мақсатында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабағымды жоғары деңгейде өткізіп, шығармашылық жетістіктерге жеткенім үшін қалалық білім бөлімінінен алғыс хатпен марапатталдым. Оқушыларым қалалық және мектепішілік әртүрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Мысалға алар болсам, 7-сынып оқушысы Берікбол Нұрайым қалалық олимпиададан 4-орын, қалалық 5-7 сыныптар арасынан өтілген ғылыми жобаға «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін сатылай кешенді талдау арқылы үйрену » тақырыбында 7-сынып оқушысы Хурманхан Айнұр жоба қорғап сертификатпен марапатталады. Мен өзімнің таңдап алған мамандығым бойынша, ұстаз қауымы үнемі ізденіс үстінде болатынын, Абайша айтсам,

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуге балаға,

Ақырын жүріп анық бас еңбегің кетпес далаға» деген қанатты сөзін өзімнің өмірге деген көзқарасыммен бағыттағым келеді.

Инновациялық оқытудың негізгі технологияларына жататындар: дамыта оқыту; проблемалық оқыту; ойлау қабілетін дамыту; дифференциалдық оқыту; сабақ жүйесінде жетістіктерге жетуді тудыру.

Инновациялық оқытудың негізгі ұстанымдары: а) креативті (шығармашылығын дамыту; ә) білім жүйесін игеру; б) дәстүрден тыс сабақ формалары; в) көрнекіліктерді пайдалану.

Инновациялық технологиялар арқылы биология пәнін оқытқанда мынадай тиімді әдістерді қолданған абзал;

-тірек-сызбалар;

-миға шабуыл;

-топтық пікірталас;

-кластерлер;

-венн диаграммасы;

-дидактикалық ойындар;

-Инсерт;

-презентациялар;

-шағын зерттеулер,

-кейс-стадий әдісі.

Ақпаратты беру мұғалім мен оқушының қарым-қатынастық ұстанымына негізделген. Бұл әдіс-тәсілдер оқушының қызығуы мен белсенділігін арттырып, мәліметтерді шығармашылық тұрғыда қайта өңдеуге мүмкіндік береді.

Психолог-ғалымдардың айтуынша, оқушы білімді төрт жағдайда алады екен:

- дайын білімді қабылдап алу;

-зерттеу барысында жаңалық ашу;

-әртүрлі жағдайда әсерді сезіну;

-көрген-білгенінен бұйым құрастыру немесе өнім жасау.


Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегіөзгеріс жайлы рефлексивтік есеп
Оқушыны ойлану үшін ойлауға үйрету
Ақан сері. 10-сынып
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін сабақта тиімді қолдану
АКТ-ны сабақта қолдану
Оқушыларға стикерлерді толтыруды ұсыну
Қазақ тілінен орта мерзімді сабақ жоспары 10 сынып
Орта мерзімді жоспар дүниетану 3-сынып
Оқушыларға интернет туралы ағылшын тілінде айтуға үйрету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz