Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Зейінді дамыту

Мектепалды даярлық топ оқушыларына диагностикалық зерттеу жүргізу
жұмыстарының қорытынды мәліметі

Баланың мектепке бейімделуіндегі қиындықтың бірі оқу бағдарламасын
игеруге кедергі келтіретін танымдық үдерістердің төмен деңгейде болуынан
туындайды. Бала мектепке келгеннен психолог танымдық үдерістердің даму
деңгейін анықтайды.
Мектепке бару – бала өміріндегі маңызды оқиға. Мектепте оқу баладан
дайындықты талап ететін қиын еңбек. Мектеп болашақ бірінші сынып оқушысына
өз мінез құлқын, ерік-жігерін басқару, ережеге бағыну, ортаға бейімделу
секілді көптеген талаптар қояды. Сонымен қатар, бала мектепке психологиялық
тұрғыдан да дайын болуы керек. Осыдан барып мектептегі даярлық топтарында
қандай қиындықтар туады деген сұрақ ойға келеді.
Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: «Баланың ақыл-ой дамуын, қызығушылығын,
қабілетін, бейімін білмей оны тәрбиелеуге болмайды», -дейді. Баланы барлық
жағынан тәрбиелеу үшін, оны барлық жағынан білу керек деген дана
педагогикалық шындықты әр кез есте сақтау қажет.
В.Ф.Одоевский мектепте дейінгі жаста оқытуды «Қандай да болмасын
ғылымға дейінгі ғылым» деген.
Мектепке дейінгі кезеңде жас ерекшелігіне сәйкес баланың өзін-өзі
бағалауының сақталуы, танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен өзара
байланыс жасауға дайындығы қарастырылады. Мектепалды даярлық топтағы
балалар әр нәрсеге әуестігімен ерекшеленеді. Қазіргі кезде мектептің қойып
отырған талабы-жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік
қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі
іскерлік шеберлікпен қолдана білу. Осы жетістіктерге жету үшін мұғалім
алдындағы оқушының мінез-құлқын, сана сезімінің жетілу дәрежесін таным
процестерінің (қабылдау, зейін, қиял, ес, ойлау) дұрыс қалыптасуын
қадағалап әрі дамытып отыру қажет.
Баланың ойлауы, қабылдауы, зейіні белгілі бір проблемалық
жағдайлардың дұрыс шешімін табуға қажетті білімнің жоқтығынан өзіндік ақыл-
ой позициясымен ерекшеленеді. Бала білуге талпынады, білімді меңгеру
үстінде оны «не үшін?», «қалай?», «неге?», «неліктен?» деген сан сұрақтар
мазалайды. Баланың мктепке психологиялық дайындығымен қоса, дәстүрлі түрде
тән болған кейбір арнаулы білімдер мен дағдыларды-тіл дамыту, сауат ашу,
математиканың қарапайым ұғымдары, бейнелеу өнері мен әуен сазын сезіну т.б.
меңгеру айырықша орын алады. Мектепке дайындықтың нәтижелі болуы баланың
айналадағы болмыста кездесетіндердің елеулілерін бөліп алып, оларды
салыстыра отырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көре білуін, пікір
айтуды үйреніп, құбылыстардың себептерін ашып, оларға қорытынды жасай білуі
тиіс. Осы мәселелерді анықтау мақсатында арнайы мектеп алды даярлық тобына
ойлауын, қабылдауын, зейінін дамытуға арналған жаттығулар жүргізілді
Сәуір айының 08-19 күндері аралығында мектепалды даярлық тобы
оқушылары арасында танымдық процестерін дамытуға арналған жаттығулар
жүргізілді. Психологиялық зерттеу жұмысына мектебіміздегі 4 мектеп алды
даярық тобы қатысты.
Мектепалды даярлық топ оқушыларына 4 тапсырмадан тұратын ойлауын,
зейінін, қабылдауын анықтайтын жаттығу тапсырмалар алынды.

1-тапсырма
Логикалық ойлауын, зейінін дамыту.
Жеті ергежейлі бірдей киінгенді ұнатады. Суретте берілген жеті ергежейлі
адамның қайсысы дұрыс киінбеген? сұрағына жауап алынды. Сурет бойынша
оқушылар дұрыс киінбеген екі ергежейлі адамның суретін тауып беру керек.

2 тапсырма
Логикалық ойлауды дамытуға арналған.
Суреттегі артық затты тап? Қалған суреттерді бір сөзбен ата. ( Суреттегі
артық зат шұлық, қалғандары аяқ киімдер)

3 тапсырма
Зейінді дамыту
Балықтардың сол жаққа жүзгенін-қызылмен, оң жаққа жүзгенін-сарымен боя.
Қай бағытқа балықтар көп жүзіп жүр? сұрағына жауап алынды.

4-тапсырма
Ойлауды, көріп қабылдауды, зейінді дамыту.
Суретте берілген сайқымазақтың суретіне ұқсайтын көлеңкені көрсету.

Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді.
Сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды.
Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің
танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге
көтеріледі.
Даярлық сыныбына баратын кез-келген баланың ата-анасы, мұғалімі
оның жазып,санауына ғана көңіл бөліп қоймай, заттарды салыстыра
білуді, талдауды,ойлай білуді үйретуі керек.

Зейінді дамыту
Балықтардың сол жаққа жүзгенін
Қызылмен, оң жаққа жүзгенін
сарымен боя. Қай бағытқа балықтар
көп жүзіп жүр?

Логикалық ойлауды дамытуға арналған
Бұл суретте не артық?
Қалған суреттерді бір сөзбен ата Ойлауды көріп
қабылдауды,

зейінді дамыту

Сайқымазақтың көлеңкесін көрсет.

20--/20----оқу жылында МАД-І тобының оқушылар тізімі
Сынып жетекшісі:
Зерттеу жүргізген: Психолог
|р/с|Оқушының аты-жөні |Логикалық ойлауын, |Логикалық |Зейінді дамыту |Ойлауды көріп |Қорытынды |
| | |зейінін дамыту |ойлауды дамыту | |қабылдауды, зейінді | |
| | | | | |дамыту | |
|1 |Аққуан Айсара | | | | | |
|2 | | | | | | |
|3 | | | | | | |
|4 | | | | | | |
|5 | | | | | | |
|6 | | | | | | |
|7 | | | | | | |
|8 | | | | | | |
|9 | | | | | | |
|10 | | | | | | |
|11 | | | | | | |
|12 | | | | | | |
|13 | | | | | | |
|14 | | | | | | |
|15 | | | | | | |
|16 | | | | | | |
|17 | | | | | | |
|18 | | | | | | |
|19 | | | | | | |
|20 | | | | | | |
|21 | | | | | | |
|22 | | | | | | |
|23 | | | | | | |
|24 | | | | | | |
|25 | | | | | | |

*-өте жақсы, +-жақсы, -- -орташа, 0-төмен

Ұқсас жұмыстар
ЛОГАРИФМДІК ТЕҢДЕУЛЕР жайлы
Зейін қасиеттері
Ырыс-сыр. әдебиеттік оқу. 3 сынып
Аяқталмаған суреттер әдістемесі
Оқушылар жеке жұмыс
Тақтадағы тірек сөздерді тексеріліп
Оқушылар сабақта өтілген жаңа
Тірек сөздер өзектендіру
«ғажайып математика»
Көркем сөз Көркем сөз тіркесі
Пәндер