Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Пәннің әлеуетін арттыру мақсатында басқа пәндермен пәнаралық байланыс жасап оқытуды тәжірибеге енгіздік
№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: «Жалпы білім беретін мектепте
өзін-өзі тану пәнін психологиялық -
педагогикалық тұрғыда қамтамасыз ету.»
Дайындаған: Педагог-психолог Б.Дармағамбетова
Жаңаөзен-2013 жыл
Өзін-өзі тану рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік
құндылықтардың негізі. Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ
жүректен шығады.
Сара Алпысқызы
Қазақ халқының ғұлама ғалымы әл-Фараби: «Адам мақсатына
өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты
болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» деген екен. Ал өзіңді алға қарай
жетілдіру және бойында жақсы мінез-құлық қалыптастыру ең алдымен өзін-өзі
танудан басталады. Өйткені, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең,
жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін және қандай мінез-құлық
қалыптастыру қажеттігін білу қиын.
Білім беру саласындағы бүкіләлемдік өзгерістер аясында адами
қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының
президенті, Еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін-өзі
тану» рухани – адамгершілік білім жобасын ұсынды. «Өзін-өзі тану»
эксперименттік жобасы Қазақстанда 2001 жылдан бері жүргізіліп келеді. «Өзін-
өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының білім мекемелерінде пән
ретінде жүргізілуі баға жетпес құнды дүние.
Жас ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз - оқушының
өмірдегі өз орнын табуына, олардың өзін-өзі жан-жақты жетілдіріп отыруына
жағдай жасау. Сонымен қатар баланы айнала қоршаған ортадағы адамдар мен жан-
жануарларға және экологияға жақсылық тілеп, өз бетімен қайырымдылық жасауға
тәрбиелеу. Осы аталған тәрбиені жүзеге асыруда мектептерде соңғы жылдары
жүргізіліп келе жатқан «Өзін-өзі тану» пәнінің маңызы зор.
Барлық ғасырларда адамгершілік-рухани тәрбиелік жоғары
бағаланған. «Жақсы тәлім-тәрбиені мектепте немесе жанұядан ғана алмайды,
адам өзін-өзі де тәрбиелей алады. Тек нағыз тәрбиелік деген не екенін біліп
алу қажет. Тәрбиелі адам – бұл басқа адамдардың пікірімен санасқысы келетін
және санаса алатын, өзінің инабаттылығы өзіне ұнайтын, дағдыға айналдырған
адам. Бұл үлкендермен де, жасы кішілермен де, мәртебесі төмендермен де
бірдей сыпайы адам», - деп есептейді академик Д.С.Лихачев
Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы,
еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының
білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін,
диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке
басының қасиеттерін дамытып оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу
мектеп өміріндегі үздіксіз оқу-тәрбие процесінің ғана жемісі болып
табылады.
Оқыту процесі жүйесіндегі бастауыш мектеп оқушысының өзін-өзі
тануды дамытып, білімді меңгертуге негіздеу болып табылады. Мектептегі
арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінде өзін-өзі тану іс-әрекеті құрылып
және ол күрделі психологиялық білім бола отырып, оқыту процесінің өзімен
қоса өрістейді.
Мектептегі психологиялық қызмет әр оқушының жеке қабілетін анықтауға,
оған дұрыс бағдар беруге бағытталса, өзін-өзі тану пәні арқылы оқушылардың
өзіндік «Мен» бейнесі қалыптасып, өзінің жеке тұлғасы айқындала бастады. Әр
жеке тұлға өзіне, өзінің мінез-құлқына, істері мен әрекеттеріне
жауапкершілікпен қарай білу деңгейіне көтерілді. Бұл оқушының өзіне жеке
бағыт таңдау барысында немесе қиындықтар кездескен кезде тек өз күші арқылы
шығу мүмкіндіктерін туғызады. Әр оқушы өзіндік жеке «Мені» арқылы жүрегіне
сенімділік орнатып, ортаға, қоғамға қажеттілігін сезіне бастады. Осы пән
арқылы қалыптасқан «Мен кім бола аламын?», «Менің мүмкіндіктерім қандай?»,
«Өмірде не істедім?», «Не істей аламын?» сұрақтарына жауап таба алатындай
деңгейге көтерілді. Ал бұл жауап арқылы олар тікелей іс-әрекетке араласып,
ортамен, сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуге бейімделді.
Өзін-өзі тану пәнінің әрбір сабағы әр баланың шабытын арттырып, сенімін
ұялатып, өз қажеттілігін өзі өтей алу дәрежесіне жеткізеді. Бала бойындағы
мұндай шабыт пен сезім оның жалпы дамуына ғана емес, бала зейінінің
шоғырлануына, қызығушылығының артуына, ерік-жігерінің тұрақталуына үлкен
әсер етеді. Кеудесіне шабыт пен сезім ұялаған бала осы шабыт пен сезімді әр
сабақ барысына қолдана алады.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша сабақты ұйымдастыру үшін оқытудың
психологиялық негіздері, оқушы тұлғасының адамгершілік-рухани қалыптасуының
психологиялық сипаттамасы, дағдылардың психологиялық ерекшеліктері,
тапсырмаларды орындау, мәселелерді шешу кезіндегі балалардың психологиялық
жағдайы, психологиялық жағдайын өз бетімен реттеу, оқушылық ұйымның
әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін білу, сыныпта әлеуметтік-
психологиялық климатты орната алу қажет.
Себебі оқытудың психологиялық негіздерін білу әр оқушының өзін-
өзі тану деңгейін дұрыс саралауға да көмектеседі. Ал, оқушыны тұлға ретінде
жан-жақты зерттеп білу- оның даму бағытын айқындаудың басты шарты.
Сондықтан да қазіргі педагогикалық психологияның оқушының саналы әрекетіне
мән бере бастауының бір себебі осында. Біз өзімізді түсінуді үйренгіміз
келеді. Тұлғалық қасиетіміз қалай қалыптасады? Адамдардың бізге ықпалы
қандай? Біз күнделікті өмірдің түйткілінен арылу үшін өзімізді қалай танып,
білуіміз керек? Өзімізді танығаннан кейін ғана, өзгелерді түсініп, өмірді
танитын боламыз, тек сонда ғана алға қойған мақсатымызға жетеміз.
Бүгінгі сапалы білім беру мен саналы тәрбие берудің мақсаты
адамның ептіліктері мен дарындылығына сүйене отырып, жеке адамды
қалыптастыру және оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Адамның
өмірлік өзін-өзі тану мәдениетін қалыптастыру- өмір талабы. Өмірлік өзіндік
таным-өте кең ұғым. Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде өзін-өзі
тану пәнінің ролі ерекше. Қазіргі таңда бұл пән барлық мектептерде
тәжірибеге енгізіліп жеке пән ретінде оқытылуда. Ал біздің бастауыш
мектепте пән ретінде енгізілгеніне биыл 4 жыл болып отыр. Осы мақсатта
мектебімізде атқарылып жатқан оңды істер аз емес. Жыл басында іс-шаралар
жоспары жасалып, сол жоспарға сәйкес көптеген жұмыстар жүргізіліп келеді.
Пәннің берілуін басты назарда ұстап, қалалық білім бөлімі әдіскерлерімен
және қала мектептері ұстаздарымен үнемі байланыста жұмыс жасаймыз. Сабақ
беретін пән мұғалімдері біліктілік курстарынан өтіп отырады. Пәннің
әлеуетін арттыру мақсатында басқа пәндермен пәнаралық байланыс жасап
оқытуды тәжірибеге енгіздік. Арнайы кабинет бөлініп, мүмкіндігінше
жабдықталды. Пәннің берілісі педагогикалық кеңесте қаралып, кеткен
кемшіліктерді болдырмауға іс-шаралар жасақталып отырады.
Мектебімізде «Өзін-өзі» тану пәні бойынша ашық сабақтар
өтіп, онда ұстаздарымыздың өз шеберліктеріне және іс - тәжірибелеріне
байланысты интерактивті оқыту әдістері, түрлі бағытта психологиялық
тренингтер, релаксациялық жаттығуларды пайдаланып өткізу үрдіске
айналдырылып отыр. Бастауыш сыныптарда өзін-өзі тану пәніннен сабақтың
басында өткізілетін шаттық шеңбері арқылы бір-біріне деген жүрек жылуын
оятып, оларды шынайы тілек айтып, айналасына жақсылық пен жылу сыйлауға
үйретіп, баланың әр күніне сенім мен күш беріп, әрбір іс-әрекетінің
нәтижелі болуына өз ықпалын тигізіп отырады. Өз мамандығым педагог-
психолог болғандықтан өзін-өзі тану пәнінің т.б өзіммен-өзім, жүректен-
жүрекке этаптарын барынша психологиялық тұрғыда өткізуге тырысамын және
өткізіп те жүрмін. Мысалы оқушы бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыру
мақсатында «Достық қымбат өмірде», «Табиғатқа құштарлық», «Көмектесе
білейік», «Мен еңбекқор баламын», «Тіл табыса білейік» деген тақырыптарды
өткізгенде балалардың достық, жолдастық, туған ел, Отан туралы ұғымдарының
дұрыс қалыптасуына, адал, еңбек етулеріне, ізеттілік нормаларын сақтауына,
тәртіпке, өзара тіл табысуға, түсінісуге психологиялық тренинг
жаттығулардың маңызы зор. «Өзін-өзі тану» пәні болашақ ұрпақтың бойында
рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адами
құндылықтары, адамгершілік іс-әрекеттер мен мұраттарды өмірлік басшылыққа
алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. . Соның нәтижесінде бала өзін-өзі
таниды, бағалайды, тәрбиелейді. Меніңше, «Өзін-өзі тану» пәнін жүргізуші
көп ізденуі, сөйтіп өзінің білімімен, шешендігімен балаларды баурап алуы
керек. Олар шәкірттеріне мейірім, қуаныш сезіміне бөленетіндей шапағат
сыйлай білуі қажет. Сонда ғана балауса балдырған бойында адамгершіліктің
ізгі нұры шуақ шашады. Бұл пәнді оқыту заман талабынан туындап отыр. Жалпы
оқушылардың өзін-өзі тану пәніне деген қызығушылығы жоғары. Әр сыныпта
оқушылардың өзін-өзі тану пәні бойынша жұмыстары портфолиоға жинақталған
және өзін-өзі тану пәні бойынша көрнекі сабақтар және басқа да сабақтар
мазмұнына слайдтар жасалып кітапшалар ретінде шығарылып, кабинетке
қойылған. Және өзін-өзі тану пәні бойынша жүргізілген жұмыстар папкаларға
жинақталған. Еліміздің ертеңі қазіргі жас ұрпақты тәрбиелеуде жасап
жатқан барша істерге сәттілік тілейміз. Бұл қазіргі жүргізілген жұмыстардың
нәтижесі болашақта жемісін беретініне сенімдіміз.
Мен «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі ретінде Қазақстанның барлық
мектептерінің білім беру жүйесіне енген «Өзін-өзі тану» пәнінің балалардың
бойындағы рухани адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеуде өте құнды, пайдалы
екенін айтқым келеді. Иә, бұл пән – ерекше пән. Өйткені, қазіргі
жастарымыздың арасында жағымсыз әрекеттер көбейіп, қатыгездікке бой
алдырып, бара жатқан заманда Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» қорының
Президенті Сара Алпысқызының еліміздің дамуын, болашақ ұрпақты ізгілікке
бағыттайтын жаңа қадамы – «Өзін-өзі тану» жобасын дүниеге әкелуі, оны
мектептерде «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асыруы құнды да қажетті іс.
Бұл Сара Алпысқызының еліміздің дамуын, болашақты ойлаған көрегендігінің
белгісі. Бұл пәннің ерекшелігі – әр баланың өзін-өзі танып, ішкі дүниесін,
өзгені танып, білуі болып табылады. Аталмыш пән оқушыны тек жақсылыққа,
адамгершілікке баулиды
Яғни өзін-өзі тану пәні баланың жан-жақты дамуына жағымды әсерін тигізіп
қана қоймай, олардың өмірлік позициясын анықтауға, әр оқушының жеке жан
дүниесін, дербестігін түсінуге, жақын адамдарына қамқорлық жасауға,
қоршаған ортамен ізгілікті қарым-қатынасқа түсуге, өз іс-әрекетіне
жауапкершілікпен қарауға әсер етіп, психологиялық қызметтің өз дәрежесінде
жүруіне үлкен ықпалын тигізеді. «Өзін-өзі тану» пәні –қазіргі қоғамда өте
керекті пән. Атынан көрініп тұрғандай, адам өзгені тану үшін біріншіден
өзін жақсы танып білу шарт. Біздің негізгі бағытымыз осы болмақ
Сөзімнің соңын елбасының «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер –
бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол
деңгейде болады. Сондықтан да ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр» дегені
өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің
асылдарын асқақтата отырып шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана
бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады- деген жақсы бір пікірімен
қорытындылағым келеді. Міне осылай, құрметті ұстаздар, өзімізге сын көзбен
қарай отырып, білімді, сауатты оқушылырды тәрбиелеп, болашақ үшін аянбай
еңбек етулеріңе, жұмыста шығармашылық табыстарға жетулеріңе тілектестік
білдіремін.
Ұсыныс:
1. Өзін-өзі тану пәні кабинеті білім беру мекемелерінде талапқа сай
жабдықталса.
2. Өзін-өзі тану пәніне арналған көрнекі құралдармен қамтамасыз етілсе.
3. Кабинетте оқытудың мульти-аудио-бейнеқұралдармен, оқу-анықтамалық
«әдебиеттермен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілсе.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz