Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мұғалімнің әдістері

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ.
Шаймұрат А.Ш.
«№1 орта мектебі» КММ

Жаңа ғасырға қадам басқан біздің еліміз үшін қоғам өміріндегі
қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың дамуы
қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейіне
байланысты болмақ. Ал ол қоғамдағы білім беру талаптарын түбегейлі
өзгертуге алып келді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа
технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан
дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру
жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби – педагогикалық шеберлігі
жоғары ұстаздар болмақ.
Міне, осы орайда ҚР Білім және Ғылым Министрлігі әзірлеген «ҚР жоғары
педагогикалық білім тұжырымдамасы» мен «ҚР жаңа тұрпатты педагогінің
үздіксіз педагогикалық білімі тұжырымдамаларында» жаңа қоғамдағы мұғалім
моделінің үлгілері көрсетіліп берілген. Болашақ педагогтерге қойылатын
талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам мұғалімі тек
кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл,
мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды
меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы
тиіс.
Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін
өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.Өйткені, мектептің
әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы.
Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының
белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-
әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту
маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу
дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын
тұрғысынан ойлау технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының
мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушыны субъект ретінде қалыптастыру және
дамыту.
Бұл технология Кеңес өкіметі кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997
жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау,яғни,
RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар
американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Кезінде жоба ретінде
ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Выготский, Пиаже,
Эльконин-Давыдовтардың, басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері
көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті.
Сыни ойлау- өзіндік ойлау.Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін
талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып,
шешімін өзі айқындайды.Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы.
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген
сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында,яғни,
стратегияларында. Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным.
Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік
түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар
оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін,
терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның
80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те
жіберуге болады.
«Сыни тұрғыдан ойлау дәлелдерді немесе сөйлемдер мен пайымдауларды
бағалаудың тәртіпке келтірілген ойлау қызметі болып табылады, бұл
ұстанымдарды дамытуды және шешім қабылдауды бағыттай алады» Эннис (1992) .
Сыни тұрғыдан ойлау бұл сана шекаралары, сондай-ақ ойлау мүмкіндіктерінің
кешені. «Сыни ойшылдар: фактілер мен пікірлер арасындағы айырмашылықты
көреді; егжей-тегжейлі қадағалау жасайды; болжалдарды ашып, олардың
терминдерін анықтайды; және сенімді логикалық және салмақты дәлелдер
негізінде логикалық пайымдау жасайды. Эллис Д, 1997
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан
қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға
сабақтарда үйрету.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі
ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау
аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда
өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері
сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3
деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға
асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай
отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой
толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Дәстүрлі сабақтан айырмашылығы
төмендегідей:

|Д ә с т ү р л і с а б а қ т а р |
|Мұғалімнің әдістері |Оқушының іс-әрекеті |
|Тақырыпты түсіндіреді |Мазмұнын айтып береді |
|Кейіпкерлер туралы айтып береді |Кейіпкерге мінездеме береді |
|Мәтіннің идеясын анықтайды |Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен|
| |байланыстырып айтады |
|Мәтіннің көркемдік ерекшелігін |Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып |
|мысалдар арқылы түсіндіреді |береді, дәптерлеріне жазады |
|Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады |Шығарма жазады |
|Сабақты қорыту сұрақтары жалпы |Жауап береді |
|қойылады | |

|RWCT с а б а қ т а р ы |
|Мұғалімнің әдістері |Оқушының іс-әрекеті |
|Топқа бөліп, ой қозғайды |Ұжыммен жұмыс жасайды |
|Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды |Мәтінмен өздері танысады |
|Мәтіндегі ең құнды нәрсені |Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді|
|анықтауды ұсынады | |
|Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға |Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін |
|бағыттайды |олардың орнына қойып, қарайды, |
| |салыстырады |
|Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы |Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың |
|сұрақ қояды |негізгі мазмұнын анықтайды |
|Өз ойларын жазуды ұсынады |Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне |
| |түсіреді |
|Ойларын қорытуға бағыттайды |Өз тұжырымдамасын жасайды |

Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі
арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр
түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске
асыруына жол көрсетеді.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан
ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға
терең білім беру.
Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену
арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың
басты міндеті.
Сабақтың мақсаты:

а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою;
б) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мәселені зерттеу;
в) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені
талқылау, яғни үш кезеңнен сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін
осындай үш сатыда ұйымдастыру.
Мен өз сабақтарымда, көбінесе Қазақстан тарихы пәнінде стратегияларды
оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып жүрмін. Сабақта
қолданып жүрген әдістерім мынадай:
І – қызығушылықты ояту кезеңінде ой қозғау (шақыру).
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі.
ІІІ ой толғаныс кезеңінде Венн диаграммасы, еркін жазу т.б.
стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің
ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.
СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға
шығармашылықпен қарау, әдістемелік лабораторияны жинақтау секілді
мүмкіндіктерге қол жеткіздім. 8- сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін
ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру
мақсатында қолданып жүрген стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталайын:
РАФТ Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын
түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық,
жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге
тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт
оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру
арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері
қалыптаса түседі.
Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін
сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс
істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады. Бұл кестедегі
көрсеткіштер арқылы СТО технологиясының мүмкіндіктері негізінде оқушының
субъект ретінде қаншалықты өскенін аңғаруға болады.
*** Зейіні
*** Сөздік қоры
*** Танымы
*** Есте сақтауы
*** Ой-өрісі
СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:
1. Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық.
2. Ой ашар.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа сабақ.

І. Қызығушылықты ояту.

а) Ой қозғау.
ә) Өзіндік жұмыс.
б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)
ІІ. Мағынаны тану сатысы.
1. Топпен жұмыс.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
1. Венн диаграммасы.
2. Бағалау.
3. Үйге тапсырма.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда
оқушылар арасында:

- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың
негізі қаланды;
- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
- бір-біріне құрметпен қарауға;
- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
- достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей
отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
- белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.
Байқап отырсаңыздар, қай жұмыс болмасын оқу мен жазу қатар жүреді,
оқығанын қағаз бетіне түсіру, оқушының қаншалықты білімді екенін,
шеберлігін байқатады. Бұдан шығатын қорытынды, оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлауды жүзеге асыру - технологияның басты кілті.

Әдебиеттер тізімі:
1. Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы. 2012ж. 14 желтоқсан
2. ҚР 2015 ж. дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы . Егемен
Қазақстан 2003 ж. 23 желтоқсан.
3. Г. Төлеубаев. Тарихты оқытудағы әдістемелік технологиялары. Қазақ
тарихы, № 5,2009 ж.
4. Б.Жолдасов. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану.
Білім, №5,2007 ж.
5. Қ.Көнеев, А.қалыкова. Оқыту үрдісінде педагогикалық
технологияларды ұтымды пайдалану. Білім,№ 3, 2006 ж.
6. Г.Ақпанбетова. Сабақта жаңа технологияны қолдану. Қазақ
тарихы,№3,2010ж.

Ұқсас жұмыстар
Оқыту әдістерін топтастыру
Тәжірибелік әдістер
Аралық бақылау
11 сынып геометриядан ұмж, қмж
Оқу мен оқытудағы кедергілер және оларды жеңу жолдары
Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі
Қазақстандағы сөйлем мүшелері
География сабағындва оқушының танымдық әрекетін дамыту
Музыка сабағында оқушыларды ән және аспаптық мәдениетке баулу әдістері
Бастауыш сыныптарда технология сабағын оқыту әдістері
Пәндер