Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ұйымның мүшелері

Мазмұны.

1. «Қазақ Халқын Құтқарушылар Одағы» ұйымының құрылу себебі;

2. Ұйым мақсаты;

3. Ұйымның міндеттері;

4. Ұйымның басшысы мен мүшелері;

Түйін.

Бүкіл Кеңес адамдары сияқты қазақстандықтар да Сталиннің жеке
басына табынып, жергілікті билік иелеріне құлдық ұра бағынды. Кол жеткен
жетістіктің кандайы болмасын, «көсемнің көрегендік қабілетіне» байланысты
дәріптеліп, кемшілік атаулының бәрінің «импералистердің құйыршықтары» мен
«халық жауларының» қолымен жасылып жатқандығын күн құрғатпай қақсау – сол
кез адамдарының дүниеге көзқарасын,психологиясын айқындаушы факторға
айналды.Нәтижесінде партия нұсқаған әр іске даурыға,ұранмен кірісу,кез
келген бөгде пікір иесіне өшіге карап,оның ізіне түсу үйреншікті жай болып
кала берді.Осындай алдамшы әлеуметтік – психологиялық ахуалдың қалыптасуы
салдарынан әкімшіл - әміршілік басқару жұйесінің демократияға
қарсы,адамгершіліктен аулақ, жүгенсіз өктемдік әрекеттері жалғаса
берді.Шынында, әкімшіл - әміршілік басқару жұйесіне адам құқықтарын аяққа
басу,азаматтардың бостандықтарын шектеу,оларды саясаттан,мемлекетті
басқарудан шеттету,өндіріс құралдары мен жерден ажыратып тастау сияқты
құбылыстар толығымен тән еді.
Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрамына
енген одақтас республика болып есептелгені мен іс жүзінде ешқандай толық
егемендік құқығы болмады.Орталыққа толық бағынып, оның бөлінбес аймағы
болып қала берді.
Осындай жағдайда Орал облысы Фурманов ауданында Қазақстанды өз
алдына дербес Қазақтың тәуелсіз ел болуын аңсаған жастар Ұлттық мемлекетін
құру жөніндегі «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» деп аталатын, нақты он төрт
мүшесі бар жастардың астыртын ұйымын құрылды.

Кіріспе.

Біздің қозғағалы отырғанымыз ел тарихындағы ақтандақ беттердің
тағы бір тың, көп айтылмай жатқан қаралы отыз жеті мен жаралы қырық бірдің
аралығындағы кезеңінің оқиғасы. Ұлттың саяси жолбасшылары атылып, айдалып
кеткеннен кейін, осы бір өлара үш – төрт жылда қайтадан көктеп, бас
көтергелі жатқан балауса ұлт жалаугерлері де, кеңестік өктемдіктің,
сталиндік айбаттың назарынан тыс қалмапты.
«Тәуелсіздік» осы бір буын – буыннан тұратын сөз қазақ халқы
үшін қандай қымбат екені бәрімізге мәлім.Сол тәуелсіздікке жету жолында
қазақ халқы талай көтерілістер мен қозғалыстарға шықты.Қазақ халқы
тарихындағы, жалпы ауданымыздың тарихындағы солардың бірі және бірегейі
Қазақ кеңестік социалистік республикасы, Орал облысы Фурманов ауданында
құрылған «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» жасырын жастар ұйымы.
Қазіргі тәуелсіз еліміздің тарихын оқытуда келешек үрпаққа
кезіндегі солақай саясатын кесірінен бұрмаланған тарихымызды түсіндіру
маңызды орын алады. «Отан - отбасынан басталады» - десек өсіп келе жатқан
жас үрпақ ауданымыздың тарихын жан – жақты білуі керек,ауданымыздың
тарихынан сусындауы керек.1941 жылы Орал облысы Фурманов ауданыда құрылған
«Қазақ халқын қорғаушылар одағы» жасырын жастар ұйымын осы кезге дейін
еліміздің бірі білсе, бірі білмейді. Бұл тақырыпты жан – жақты зерттеуге
сол кездегі саясат,идеялогия мүмкіндік берген жоқ.
Ұйымның мақсаты:
«Қазақ халқын қорғаушылар Одағының» негізгі саяси мақсаты – Қазақстанның
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан бөлініп , Қазақстанда өз алдына
дербес Қазақтың Социалистік Ұлттық мемлекетін құруға қол жеткізу.
Ұйымның Міндеттері:
1. Жаңадан тартылған ұйымға қатысушылар есебінен «Қазақ халқын
қорғаушылар Одағы» ұйымын кеңейту.
2. Қазақстанның КСРО-дан бөлінуі жөнінде қазақ халқы арасында үгіт –
насихат жүргізу. Үгіттік листовкалар басып тарату, «ҚХҚО» мүшелерінің
халық алдына шығып сөйлесуін ұйымдастыру, газеттерге мақалалар беру
жолымен жүзеге асырмақшы болды.
3. Кеңес үкіметінің алдына Қазақстанның КСРО-дан бөлінуі туралы үзілді –
кесілді талап қою.
Ұйымның мүшелері:
1.Ғұбайдолла Әнесов – 1923 жылы Батыс Қазақстан облысында Фурманов
ауданының, Фурманов поселкесінде туған. Ұлты – қазақ. Ұйымның басшысы. Ұйым
ақталғаннан кейін ату жазасына кесілген.
2. Сейітқали Бажекенов – 1923 жылы Батыс Қазақстан облысының Орда
ауданына қарасты Жетібай ауылында туған. Ұлты – қазақ. Ұйым ақталғаннан
кейін 10 жылға сотталып, кейін саяси жер аударуда болған.
3. Сатқали Молдағалиев - 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы Жалпақтал
ауданының Төртпішен ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Сатқали 10
жылға сотталып, саяси жер аударуда болған.
4. Ғұмар Тұрымов - 1921 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала
ауданының 8-ші аулында туған. Ұлты қазақ. Ғұмар 10 жылға сотталып, жер
аударылған.
5. Сайдолла Шорабаев - 1917 жылы Ресейдің Сталинград облысындағы Володар
ауданының Долгино селосында дүниеге келген. Ұлтты - қазақ. Сайдолла 8
жылға сотталып, кейін жер аударуда болған.
6. Мұхамбетжан Нұралин - 1914 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала
ауданының үшінші ауылында туған. Ұлты – қазақ. Мұхамбетжан 8 жылға
сотталып, жер аударылған.
7. Иғали Мұхамбетқалиев - 1920 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала
ауданының 8-ші аулында туған. Иғали 8 жылға сотталған.
8. Мәззап Әлиев - 1923 жылы Атырау облысының Теңіз ауданында қарасты
Өлеңді ауылдық кеңесінің жерінде туған. Мәззап 5 жылға сотталып жүріп,
Ақтөбенің еңбекпен түзеу лагерінде қаза тапқан.
9. Мәннап Ахметов - 1921 жылы Фурманов ауданының Көктерек ауылында туған.
Ұлты – қазақ. Мәннап 5 жылға шаталып, Ақтөбенің еңбекпен түзеу лагерінде
қайтыс болған.
10. Қамал Мақұлбаев - 1922 жылы Жаңақала ауданының 9-шы ауылында дүниеге
келген. Қамал 5 жылға сотталып, кейін Красноярскіге жер аударылған.
11. Сүндетқали Қаражанов - 1922 жылы Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал
ауданына қарасты Қарақоға ауылдық кеңесінің жерінде дүниеге келген.
Сүндетқали 5 жылға сотталып, сосын жер аударуда болған. 12.Өтеген Аманов
- 1923 жылы Фурманов аудандының Балықшы аудандық кеңесінің жерінде
дүниеге келген. Аманов Өтеген 5 жылға сотталып, кейін Красноярскіге жер
аударылған.
13.Сапаралин Қайырғали - 1922 жылы Фурманов ауданының Көктерек ауылында
дүниеге келген. Қайырғали кінәсін мойындамай түрмеде қаза тапты. Дүниеден
озған оны НКВД Айрықша кеңесі 5 жылға соттап жіберген.
14. Иманғали Насыров - 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек
ауданының Күйгенкөл ауылдық кеңесінің жерінде дүниеге келген. Иманғали 5
жылға сотталған.

Әдебиеттерге шолу.

Жалпакталдагы жасырын жастар ұйымы туралы банағы айтқанымыздай
еліміздің бірі білсе, бірі білмейді.Сондықтан бұл тақырыпқа жазылган
мақала, материалдар,зеттеулер жоқтың қасында.Жергілікті және облыстык
басылымдарда бірді – екілі басылған,сонымен бірге осы ұйым туралы жазылған
жалғыз кітап бар.Олар:
1. «Орал өңірі» газетінің 1995 жылғы желтоқсан айындағы № 5
санындағы «Жалпакталдағы жасырын жастар ұйымы Сталиндік репрессияға
ұшырап еді»
2. «Орал өңірі» газетінің 1995 жылғы желтоқсан айындағы № 7
санындағы «Жалпакталдағы жасырын жастар ұйымы Сталиндік репрессияға
ұшырап еді»
3. «Орал өңірі» газетінің 1995 жылғы желтоқсан айындағы № 9
санындағы «Жалпакталдағы жасырын жастар ұйымы Сталиндік репрессияға
ұшырап еді»
4. «Орал өңірі» газетінің 1996 жылғы желтоқсан айынның 14 – індегі
Тәуелсіздік санындағы «Олар да тәуелсіздік үшін күресіп еді»
5. Орал қаласындағы «ДАСТАН» полиграфиясынан 2002 жылы шыққан Амангелді
Шахиннің «Сол бір сүргін» кітабы.
6. «Ауыл айнасы» газетінде осы ұйым туралы мақалалар жарияланған.

Негізгі бөлім.
Қазақ баласының басын қосып, егемен ел жасауға жандарын салған жалпақтал
жастарынның еркіндікке деген үмітінің елең – алаңдағы уақыты тез зымырады.
Мұндай жалпыхалықтық істі қалың саяси, экономикалық қыспақтың қақ
ортасында, аз уақыттын ішінде аяғынан тік тұрғызып, жалғастырып әкету,
шынында да мүмкін емес еді.
Дүбірлі дүние дұмпуімен тез есейген балапан ұйым қысқа мерзімде қыруар іс
тындырғанымен, оны аяғына дейін жеткізуге үлгере алмады. Қазақғымыздың
«бір облыстың жеріндей біраз» елінен әкімшілікке сусаған бір үйір қазақ
баласын бөліп алып ұйымды жасау – баланың ойынындай бір іс деуінде әрине
шындық жоқ емес. Алайда мұның ұшқары пікір екенін кейін уақыт көрсетті.
Ұйым біріншіден өзінің қатарын көбейту мақсатында бірнеше адамдарды ұйым
ісіне тарту жұмыстарын жүргізді. Ғұбайдолла Әнесовтың тергеушіге берген
жауабында ол ұйымға мүшелікке тарту мақсатында 1941 жылы мамыр айында
студенттер Құлбасов Ғабиден мен және Ғалиев Боранбай мен бірнеше қайтара
жеке дара әңгімелескенің айтқан. Сонымен бірге ол Нұралин Мұхамбетжанды,
Әлиев Мәззапты, Шамшитов Насырды, Ахметов Мәннапты, Аманов Өтегенді,
Сапаралин Қайырғалиді, Қаржанов Сүндетқалиді ұйымға мүшелікке тартқан.
Ұйым мүшелерінің жиналыстары бар жоғы екі рет қана өткізілген.Бұл
сөзіміздің дәләлі ретінде ұйым басшысы Ғұбайдолла Әнесовтың қауіпсіздік
комитеті тергеушісіне бенген жауапынан көреміз.Ол былай айтқан:
«Контрреволюциялық ұйымға қатысушылардың жиналыстары екі рет болды.
Бірінші жиналыс 1941 жылы қыркүйек айында аудандық
емхана мекен – жайында.
Екінші жиналыс 1941 жылғы қараша айында ұйымның мүшесі Молдағалиев
Сатқалидың сарайында болды. Бұл жиналысқа Әнесов, Бажекенов, Молдағалиев,
Құлбасов және Әлиев қатысты».
Ұйым жергілікті халық арасында өзінің мүшелерін көбейту мақсатында жеке
дара адамдарымен түсінік жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге үнпарақтар
тарату мақсатында, үнпарақтарды басып шығару үшін баспахана ісімен
айналысқан. Осындай жағдайда ұйым мүшелері баспахананы керекті жабдықтармен
қамтамасыз ету жұмысын Әлиев Мәззапқа тапсырады. Сол кездегі аудандық
баспаханада жұмыс істейтін Әлиев Мәззап шривтіні, әріп орналастырғышты,
бұрыштаманы, нығыздағышты тағыда басқа баспахана жабдықтарын, өзі жұмыс
істейтін аудандық баспаханадан жасырын түрде алды.
Ұйым мүшелері сонымен бірге «Қазақ халқын қорғаушылар Одағы» ұйымының
мүшелік билеттерін дайындау, басып шығару ісімен айналысқан.
Өздері ұйымдастырған баспаханалар арқылы ұйым мүшелері Ғұбайдолла Әнесов,
Сатқали Молдағалиев, Ғұмар Тұрымов өздерінің алғашқы котрреволюциялық
үнпарағын басып шығарады. Жалпақталдағы жасырын жастар ұйымының сол кездегі
халыққа арналған үндеуін еш сөзін өзгертпестен өздеріңізге ұсынамын. Ол
мынадай:
Ардақты туысқандар! Қазақтар! Жолдастар! Қазақ халқын қорғаушылар
ұйымы сізге өздеріңізге белгілі төмендегілерді ескертеміз. Қазақ халқы
ғасырлар бойы бостандығы, мәдениеті, тілі үшін езуші үстем ұлттарымен
күресіп келеді. Ол шегуніді білмейді. Оны Сырым, Кенесары, Наурызбай,
Жанқожа, Исатай, Махамбет, Амангелді, Бекболат сияқты батырлар, қазақтың
Отанына шын берілген ұлдары бастады, бастайды да.
Олар қазақтың елдігін қорғау үшін жанын беріп отыр және береді де.
Қазақ халқын бағындырып отырған Ресей патшасы революция дүмпуіне шыдамай
құлады. Революцияға қазақтың алдыңғы қатарлы ұлдары қатысты, қазақ
даласында да революция жеңді. Сөйтіп алған үкіметіміз қазақ халқының
қалың бұқарасының мақсатынан шықпай отыр. Қазақ құл есебінде, мәдениет,
оқу, искусство дегеннен артта, тілі Сталиннің ұсақ ұлттарды орыстандыру
саясатымен орыс тіліне ауып барады. Шыны киер киім, ішер тамақ жоқ . Оны
тек құралды күшпен алуға болады. Конституциядан ешқандай рақым күтуге
болмайды. Халықтың ұлттық қозғалысынан қорқып Сталин басқарған үкімет
халықтың инициативасы мен мүддесін мобилизациямен үркітіп, соғыспен
жоймақшы. Гурьев, Батыс Қазақстан облыстарында хал осылай. Ал, біздің
алдымыздағы мәселе не ел болу үшін күресу, не құл болу.
Ұлттар теңдігі жасасын!
Қазақ халқы жасасын!
Ұйым басшысы Ғұбайдолла Әнесов Кеңестік Социалистік
Республикалар Одағы мен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
Үкіметінің мүшелерінің атына мәлімсіз (анонимдік) хаттар жазып,
жолдаған.Оны ол өзінің қауіпсіздік комитеті тергеушісіне бенген жауабында
«біз өзіміздің ұйымымыздың атынан Конституцияға сәйкесті Қазақстанның
КСРО-дан бөліну талабын қойдық. Сонымен қатар егер Қазақстанның бөлінуі
жөніндегі өтінішіміз қанағаттандырылмаған жағдайда, онда біз КСРО-ға
қарсы қаруылы көтерілісті бастайтындығымызды ескерттік. Хат соңында
хатымызға жауапты «Правда» газетінің бетінде басып, немесе 1941 жылғы
бірінші желтоқсанда радио арқылы беруді сұрадық.» - деген.
Хаттардың мазмұнын еш өзгертпестен келтіріп берсем ол мынадай:
Біріншісі. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы кеңесі
Төралқасының төрағасы М.И.Калинин жолдасқа қазақ халқынан достық сәлем.
Біз «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» ұйымының мүшелері қазақ халқының
атынан осы хатты жолдай отырып, мынадай талап – тілектерімізді
білдіреміз.
Қазақ халқы КСРО Конституциясына сәйкесті дербес қазақ мемлекетті болып
бөлінгісі келеді.
Оның себебі, орыстандыру саясатына байланысты қазақ тілі, қазақ
халқының мәдениеті мен халықтың құқығы аяққа басылды. Қазақтар қазір құл
сияқты тұрып жатыр. Күні – түні жұмыс жасайды. Өнімді аз алады. Оны да
мемлекетке береді. Киінуге түк қалмайды.
Қазақ халқының орыстардан бөлінуін сұраймыз. Егер бұл талаптарымыз
орындалмаса халық отанның дербестігін амалсыздан қолына мылтық алып
қорғауғак шығады. Жауапты осы жылдың 1желтоқсаны күні «Правда» газеті мен
радиодан күтеміз.
Екіншісі мен (Ғұбайдолла Әнесов ) Қазақ Кеңестік Социалистік
Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Қазақбаевқа Қазақстанның КСРО-
дан бөлінуінің қажеттілігін түсіндіріп едім.
Қазақ халқы оны Жоғарғы Кеңестің төрағасы етіп сайлағанда оның қазақ
халқы үшін жұмыс жасайтындағына сенім артқандығын, демек осы сенімді
ақтап, Қазақстанның КСРО-дан бөлінуі бағытында жұмыс жасауы керектігін
көрсеттім. Сонымен қатар, қазақ халқы арасында мәселені дауысқа салса,
халық сөз жоқ Қазақстанның КСРО-дан бөлінуіне дауыс беретіндігін жаздым.
Сөзімнің соңында егер КСРО үкіметі Конституция бойынша Қазақстанның
бейбіт жолмен бөлінуіне қарсы болса, онда біз Қазақстанның КСРО-дан
бөлінуі жолында қолға қару алып шығамыз деп көрсеттім. Қазақбаевтың
жауапты, «Социалистік Қазақстан» газеті арқылы басып, 1/XII-41 жылы
радиодан беруін сұрадым. Біз хатқа «ГАКСИМ» деп қол қойдық. Ол Ғұбаш
Әнесұлы Көшекев, Сатқали Иманғалиұлы Молдағалиев деген ұғымдарды беретін.
Басқа хаттарда біздің әрқайсысымыз аты – жөндерімізді түсініксіз етіп қол
қойдық.
Ұйым басшысы контрреволюциялық ұйымның жұмысын облыстың басқа да
аудандарында нығайта беру үшін жекелеген ұйым мүшелерін жекелеген
аудандарға беркітті.Себебі өздерінің жұмысын ары қарай дамыту мақсатында,
әр ұйым мүшесін әр ауданға ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу үшін, халықты
көтеріліске дайындау үшін керек болды. Олар өздеріне берілген жұмыстарды
атқаруы тиіс болған.Әр ауданға бекітілгендер мына адамдар:
- Ғұбайдолла Әнесов Фурманов ауданында қалуға тиіс болды;
- Сейқали Бажекенов Жәнібек ауданына;
- Ғабиден Құлбасов Жымпиты ауданына;
- Мұхамбетжан Нұралин Жаңақала ауданына баруға тиіс болды. Казталовка
ауданына баруды ұйым мүшесі;
- Мақұлбаев Қамалға жүктеді.
С.Бажекенов Жәнібек ауданына бару үшін Сламихин МТС-індегі есепшілік
қызметінен шығып, жүруге әзірленді. Мақұлбаевтан басқалары бұл кезде
байланысқа шыға алмағандықтан, қалғандары өз таңдауларына қарай
беркутілер алды. Адамдар шамамен 1941 жылғы қараша айының соңына таман
аудандарға беркітілді.
Бажекеновтың Жәнібек ауданына тез арада аттандырып, онда Насыров
Иманғалимен бірге контрреволюциялық ұйымға жаңа мүшелер тартуды күшейту
жүктеліп еді. Жәнібек ауданында қарулы көтерілісті даярлап, Ғ.Әнесов
белгілеген тәртіппен телеграф арқылы берген нұсқауға қарай онда қарулы
көтеріліс басталуы тиіс болды. Жәнібек поселкесіндегі НКВД – ның аудандық
бөлімшесін, түрмені, почтаны, телеграфты, радиостанцияны және Жәнібек
темір жол станциясын тұтқиылдан басып алу тапсырылды. Астраханнан келе
жатқан поезды және товарлы вагондарды тоқтатып, қару – жарақ пен оқ –
дәрілерді Жаңақала ауданының қиыр далаларына жөнелтіп жіберуді
ұйымдастыру көзделді. Қолға түсірілген материалдарды алып жүру үшін МТС –
тердің, басқа да ұжымдардың көлік күштерін, тракторларды, автомашиналарды
жұмылдыруы ойластырылған. Жәнібек ауданында белгіленген шаралар
аяқталғаннан соң Бажекенов Ғ.Әнесовтың тапсырмасы бойынша өз адамдарымен
Ордаға қарай бет алуы, оны алған соң Гурьев облысының Теңіз ауданына
бағытталуы тиіс еді. Егер нақтылап айтатын болса Ғ.Әнесов Фурманов,
Жәнібек, және Жымпиты аудандарында көтерілісті бір мезгілде бастауға
тырысты.
Александров – Гай қаласын тұтқиылдан басып алуды жоспарлады. Оны
Фурманов және Казталовка аудандарының көтерілісшілерінің күшімен жүзеге
асыру керек болды. Бұл жерде Кеңес үкіметінің Қарулы күштері
көтерісшілерге Александров – Гай қаласы арқылы келетін жолын қиындатып,
ондағы теміржол мен аэродромды талқандауды көздеді.
Александров Гай жағынан тегеурінді қысым жасалған жағдайда Ғ.Әнесов
Жаңақаланың құмдарына қарай ығысуды белгілеген. Бұл жерде олар аталған
аудандарды алғанан кейін №51 және №17 жылқы заводтарынан ат алып,
колхоздардағы адамдарды жұмылдыра отырып, тез құмға асып кете алтынды
ойластырған. Ғ.Әнесов Фурмановтағы радиостанцияны өз мүддесіне пайдалану
ойын ұстанды. Мысалы, олар бірнеше күн ішінде Фурмановта қарулы көтеріліс
болғандығын сыртқары жерлерге хабарлай алған болар еді. Облыстағы
ұйымдардан сұрау салына қалған жағдайда тиісті аудан басшылары атынан
өздері жауаптар жіберіп, сыртқары жерлерде өздері туралы қолайлы жағдай
қалыптастырар еді. Біраз уақыт өткесін радио арқылы Москва мен Алматының
алдына Қазақстанның КСРО – дан бөлінуі мәселесін қояр да еді. Бұл жерде
олар қойған талаптарды шет елдік радиостанциялар да ұстап біліп,
көтерілісшілерді басқа мемлекеттер де қолдар деген үмітте болды.

Қорытынды

Елдің тәуелсіздігін жоқтап жиырмасында қыршын кеткен Ғұбайдолла
Әнесовтың және оның он үш серігінің кешегі Қайрат Рысқұлбековтерден
айырмашылығы барма еді? Тек біздің жоқшымыз болмады ғой...
Иә, Сталиннің тегеурінді әкімшіл - әміршіл жүйесі кезінде олардың
жоқшысы болмады. Бірақ тарих бәрін өз орнына қойып жатыр. Қазақ халқының
ұлт – азаттығы жолында күресіп құрбан болғандарды ұмытпауға тиіспіз. Жыл
сайын елімізде өтілетін 31 мамыр қуғын – сүргіндерді еске алу күні осыған
шақырады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. А.Шахин «Сол бір сүргін» кітабы. Орал қаласы 2002 жыл.

2. «Орал өңірі» газеті.

3. «Ауыл айнасы» газеті.

Ұқсас жұмыстар
Ұлан - бастауыш сынып оқушылар буыны
Мұрагер тобының ережесі
Жас Ұлан ұйымының Ұланбасын сайлау алды жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігі
Адамзат баласының тыныштығын бұзған қауіп-қатер
Сабақ бекіту
Экономикалық факторлар
Мұсылмандардың қасиетті үйі - мешіт
"жас ұлан" балалар ұйымына қабылдау сценарийі
Жас ұланға қабылдау бағдарламасы
Анықтама
Пәндер