Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бес асыл қасиет

Тақырыбы: Бес нәрсеге асық бол…
Мақсаты:

Оқушыларға ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл қасиет
(талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) жөнінде кеңінен түсінік бере
отырып ойлау қабілеттерін дамыту, адамгершілікке инабаттты болуға,
еңбексүйгіштікке баулу арқылы ақыл тәрбие беру.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, балалар! Тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Бес
нәрсеге асық бол», яғни ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес
асыл қасиет туралы болмақ. Қане, балалар ең алдымен ұлы Абай Құнанбайұлының
қай кезде өмірге келгенін, оның қысқаша өмірбаянын кім біледі екен?

1-оқушы: Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда Семей өңірі, Шыңғыстау
баурайы, Қасқабұлақ бойында дүниеге келген.

2-оқушы: Абай Құнанбайұлы қай жылы дүниеден өтті ?

Алан: 1904 жылы жазда дүниеден өткен (60 жасқа қараған шағында)

Мұғалім: Абай Құнанбайұлының қандай өлеңдері білеміз

Оқушылар : «Желсіз түнде жарық ай», «Қыс», «Жаз», «Жазғытұры», «Айттым
сәлем Қаламқас», «Сегіз аяқ», «Жігіттер», «Ойын арзан, күлкі қымбат»,
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба».

Абай Құнанбайұлының жылдың төрт мезгіліне арнаған қандай өлеңдерін білеміз,
әуені мен айтылатын қандай өлеңдері бар.

3-оқушы: « Қыс туралы өлеңі»
Ақ киімді денелі ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды

4-оқушы: «Желсіз түнде жарық ай»
Мұғалім: Балалар, осы соңғы «Ғылым таппай мақтанба»өлеңін мәнерлеп кім
айтады.
5-оқушы: «Ғылым таппай мақтанба»
Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрседен қашық бол

Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмір алдында
Оған қайғы жесеңіз
Өсек, өтірі, мақтаншақ
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз
Талап, еңбек терең ой
Қанағат, рақым, ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз

Мұғалім: Ой рахмет, енді осы өлеңдегі бес асыл қасиетті атайық

Бес асыл қасиет:
1.Талап
2.Еңбек
3.Терең-ой
4.Қанағат
5.Рақым

Ең алдымен талап туралы сендерге айтып өтейін.

Адам өмірде өз орнын табуда талапты,

Адам қабілетті, еңбекқор болуы қажет және жігерлі талмас талабы арқылы
көздеген мақсатына жете алады.

Талап туралы білетін мақалдар айтайық.

6-оқушы: 1.Талап-талмас қанат

7-оқушы: 2.Таудай болса талабың,

Бағың болып жанамын.

8-оқушы: 3. Талапты елге нұр жауар,

Талапсыз неме құр қалар

Ән: Жас дәуірдің түлегіміз

Мұғалім: Екінші асыл қасиет еңбек

Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Өмірде еңбекті
бағалай білген адам құрметке бөленеді.

Еңбек туралы білетіндеріңді тыңдасақ.

9-оқушы: 1.Еңбектің наны тәтті

Жалқаудың жаны тәтті

10-оқушы: 2.Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей

11-оқушы: Еңбек-қуаныш, жалқаулық-айырылмас

Мұғалім: Үшінші асыл қасиет-терең ой.

Адам ойлылығы іс-әрекетінен, ақылынан көруге болады. Әр ісін ойлап, ақылмен
істеген адам өз мақсатына жетеді. Өз ортасына сыйлы болады.

12-оқушы: Қыран қанат құстаймын

Талабыңды ұштаймын

Зерделіге достаймын

Дарындыны қостаймын

13-оқушы: Терең ой-асыл қасиет

Мұғалім: Оқушылар бүгін біз ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі
бес асыл қасиетке тоқталдық. Ал балалар талапты, кешірімді болыңдар.

Мұғалім: Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.

Ұқсас жұмыстар
Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқыздық
Аққу - киелі құс. аққулар ұйықтағанда. 8-сынып
Адамгершілік - асыл қасиет
Тәрбие сағаты: Адамгершiлiк асыл қасиет
А.құнанбаев «адам болам десеңіз»
Абай Құнанбаев поэзия
Саналы азамат болуға тәрбиелеу
Абай ауылы Ыбырай ауылы
Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол
Қайталау (5-ті қосу және азайту)
Пәндер