Әкесі құрдастың баласы құрдас

№182 мектеп педагог-психологі

Әбіл Гүлназ Базаралықызы

Ата-аналар мен сынып жетекшілер арасында өткізілетін

«Білім мен тәрбие егіз ұғым» интеллектуалды психологиялық ойын сабақ

Мақсаты: Мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері және ата-аналар арасындағы байланысты нығайта түсу, бір-бірімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болуға, баланы біріге отырып, екіжақты тәрбиелеуге бағыт бағдар беру.

Күтілетін нәтиже: Бір-бірімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болып, балаға тәрбие беретін бірлескен ата-ана мен мұғалім.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, плакат, маркер, бәйтерек макеті, таратпа жүрекшелер.

Кіріспе сөз:

Баланы жастан бақпасан,

Жамандықтан қақпасан.

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей-ақ, баланың ыстық-суығына күймейтін, әрбір жетістігіне сүйсінбейтін ата-ана мен ұстаз жоқ шығар. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, осыған қарағанда «Әкеге қарап - ұл өсер, шешеге қарап - қыз өсер» деп бекер айтылмаса керек. Балаға білім мен тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана болып табылады. Сондықтан ата-ана мен ұстаздар және сынып жетекшілер арасында үзілместей жіпті берік байлау мақсатында, бүгінгі, «Атажұрт» интеллектуалды психологиялық ойынын ұйымдастырып отырмыз.

Интеллектуалды психологиялық ойынға қатысушыларымен таныс болыңыздар (топтың аты, жоба қорғау) :

І топ: «Болашақ»

11 сынып жетекшісі мен ата-аналары

ІІ топ: «Білім»

9 сынып жетекшісі мен ата-аналары

ІІІ топ: «Бақыт»

4 сынып жетекшісі мен ата-аналары

ІҮ топ: «Арман»

5 сынып жетекшісі мен ата-аналары

Бүгінгі ойынға қатысушыларымыздың айтқан пікірін тыңдап, өз бағасын беріп, сарапқа салатын, сарапшылар мен көрермендер дауысымен бағаланады.

Ойын сарапшыларымен таныс болыңыздар:

  1. Мектеп директоры: Сейсенов Ғалымбек
  2. Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ағыбай Асылбек
  3. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Баспаев Алып
  4. Ұйымдастырушы педагог: Ермахан Дәуренбек
  5. Бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары: Ержанова Сарқыт.

Ойын бағдарламасы:

1 тур - «Қанат қақты» - ой жинақтау 2 минут.

2 тур - «Самғау» -мақал - мәтелді жалғастыр. Ерекшеленген сөзді орыс, ағылшын тілінде аударыңыз. (Қосымша көмек беріледі досыңызға қоңырау соғыңыз) .

Сергіту сәті: «Балам - бағым» тренинг

3 тур - «Шарықтау» - идеялар аукционы

4 тур - «Шырқау». Бейнесюжет арқылы сұрақ.

5 тур - «Жер ұйық» - сұрақ жауап.

1 тур «Қанат қақты» ой жинақтау (плакат, фломастер) . Ата-ана мен ұстаздарға плакат беріледі, бұл плакатқа төмендегі сұрақтарды қолдана отырып, сурет не схема арқылы өз ойын білдіреді.

Оқушы - мұғалім - ата - ана арасындағы байланысты көрсете білу (Сурет - схема арқылы өз ойларын талдайды) .

2 тур - «Самғау» Мақал - мәтелді жалғастыр.

І топ:

  1. Балалы үй базар, /Баласыз үй қу мазар. /
  2. Атадан жақсы ұл туса,

Қар үстінде от жанар.

/Атадан жаман ұл туса,

Ат үстінде ит қабар. /

3. Ақ жаулығы ананың -

/Ақ көрпесі баланың. /

4. Ананың ойы ұяда,

/Баланың ойы қияда. /

  1. Шәкіртсіз ұстаз - /тұл. /

ІІ топ:

1. Ата - бәйтерек, /бала - жапырақ. /

2. Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер,

Он бес жасқа дейін құлдай жұмса,

/Он бестен ары онымен досыңдай ақылдас. /

3. Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді;

/Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді. /

4. Жалғыз баласы атқа шапса,

/Атасы ауылда тұрып

Тақымын қысады. /

5. Күш - білімде, /білім - кітапта. /

ІІІ топ:

1. Аш бала тоқ баламен ойнамайды,

/Тоқ бала аш болам деп ойламайды. /

2. Алты жасар бала алыстан келгенде,

/Алпыстағы ақсақал сәлем берер. /

3. Жақсы бала - сүйік, /жаман бала - күйік. /

4. Ағайын - алтау,

/Ана - біреу. /

5. Мектеп- білім тірегі, / Ұстаз - оның жүрегі/

ІҮ топ:

1. Балалық шағы, / патшаның тағы. /

2. Әдепті бала арлы бала, / Әдепсіз бала сорлы бала. /

3. Әкесі құрдастың /баласы құрдас. /

4. Бала тентек болатыны - үйінен,

/Ердің тентек болатыны - биінен. /

5. Білім і жоқ ұл - /жұпары жоқ гүл. /

Сергіту сәті: «Балам - бағым» тренинг

3 тур - «Шарықтау» - «Арманым - бақытым» тақырыбында идеялар аукционы. Топ мүшелеріне ақ парақ беріледі, параққа оң қолының суретін салып, алақанына арман - тілектерін жазып, «сиқырлы бәйтерекке» салады. Үздік идея бағаланады.

4 тур - Шырқау. Бейнесюжет арқылы сұрақ. «Менің атым Қожа» балалар фильмінен ситуациялық жағдаят көрсетіледі. Қатысушылар сол ситуациядан қалай шығатыны жөнінде өз ой-пікірін білдіреді.

5 тур - «Жер ұйық» сұрақ - жауап. Жалпы тақырыпта сұрақтар қойылады, сұраққа жауап береді.

Сұрақтар:


Ұқсас жұмыстар
Бала тәрбиелеу
Ш. Мұртаза бала тұрар жайлы ақпарат
Ж.жұмақанов «әлияның ерлігі»
Әлияның ескерткіштері
Отбасылық сайыс
Табиғат тіршілік көзі
Өлеңді оқушыларға оқыту
«т о л а ғ а й» отбасылық сайыс
Ы.алтынсариннің "әке мен бала" әңгімесі
Дені сау жанұя - тұғырлы мемлекет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz