Елордамыз - Астана: мектепалды даярлық тобына арналған тіл дамыту ашық сабағы

№3 Қарауылкелді орта мектебі

Ашық сабақ

тіл дамыту

Мектепалды даярлық тобы

Өткізген: Қожабаева Айнур.

2013-2014 оқу жылы.

Білім саласы: Қатынас

Оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Елордамыз - Астана

Мақсаты: Оқушыларға Елордамыз Астана жайлы түсінік беру, Тұңғыш президенті күні жайлы әңгімелеу, Президентіміз жайлы түсінік беру, Астанаға саяхат жасау арқылы астананың көрнекті жерлерімен таныстыру. Ұйымшылдыққа, Отансүйгіштікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Әдістері: Слайдпен жұмыс, көрнекілік, дәптермен жұмыс, сұрақ-жауап.

Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

Амандасу. Шаттық шеңбері.

Қуанамын менде, қуанасың сен де.

Қуанайық достарым, арайлап

атқан күнге.

Бүгінгі күніміз сәтті өтсін.

Бәріңе сәттілік тілеймін!

ІІ. Негізгі бөлім.

Біздің Отанымыз - Қазақстан. Біз қазақ деген ұлтпыз. Біздің президентіміз - Н. Ә. Назарбаев. Еліміздің астанасы - Астана қаласы. 1997 жылғы 20 қазандағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағы қала халқы денмалатын жағажайға айналды. Бәйретек - Астананың символы. Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.

Енді балалар, астанаға саяхат жасаймыз: астананың көрнекті жерлерімен танысамыз:

  • Мынау парламент үйі.
  • Мынау бәйтерек.
  • Мынау жабық футбол стадионы.
  • Мынау конькимен сырғанау жабық стадионы.
  • Республикалық велотрек.
  • Мынау НұрАстана мешіті.
  • Мынау Пирамида.

Енді балалар, Астана туралы білетін тақпақтарыңды айтыңдаршы:

  • Балалардың астанаға тартуы. Тақпақ айту.

Диас:

Астана арман, қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Аяулым:

Төкті оған нұрын дала,

Астана сұлу қала,

Біз оны анамыздай,

Сүйеміз шынында да.

Әсемай:

Ел намысы - Нұр Аға,

Жер ырысы - қыр дала,

Су шынысы - зер мұнай,

Тау тынысы - гүл лала.

Ақнұр:

Сарыарқа кең дала,

Сенсіз жетім мен бала.

Самұрықтай киелі,

Сен - Бәйтерек, сен - Ана!

Нұрислам:

Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың, бауырың,

Отан - өлкең, астанаң

Отан - аудан, ауылың.

Дидактикалық ойын.

«Ойлан тап». Шарты: А, с, т, а, н, а мына дыбыстардан басталатын сөз ойлау. .

Мыс: а - алма, ана . . .

Сергіту сәтін орындау.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Сұрақ-жауап.

Қорыту.

Мадақтау.


Ұқсас жұмыстар
Мектепалды даярлық тобына арналған тіл дамыту сабағы: Көктем
Мектепалды даярлық тобына арналған ашық сабақ: Балықтар
Мектепалды даярлық тобына арналған тіл дамыту сабағы: Жабайы аңдар (№3 Қарауылкелді орта мектебі, 2013-2014 оқу жылы)
Көрікті көктем: мектепалды даярлық тобына арналған экология сабағы
Мектепалды даярлық тобына арналған Көктем тақырыбы бойынша тіл дамыту және құрастыруға бағытталған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Мектепалды даярлық тобына арналған логика негіздері вариативтік оқу бағдарламасы
Мектепалды даярлық тобына арналған Шалқан ертегісі негізіндегі кеңістікті бағдарлау мен бастапқы математика сабағы
Мектепалды даярлық тобына арналған Жұлдызды сәт интеллектуалдық ойынының сабақ жоспары
Мектепалды даярлық тобына арналған Ойлан тап интеллектуалдық ойынының сценарийі
Қыс қызығы: 0 б даярлық сыныбына арналған тіл дамыту ашық сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz