Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ондық бөлшектерді қосу. Сабақтың тақырыбы

13.02.15 жыл
Математика 5ә
Пән мұғалімі: Бибігүл Досщиева
Мектебі: Ақжігіт орта мектебі. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт
ауылы

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ондық бөлшектерді қосу ережесін айта білу,
біліктерін логикалық оймен іске асыра
білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, математикалық
тілін дамыту, электрондық
оқулықпен жұмыс істеу
дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа,
шыдамдылыққа өз бетінше
ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Оқыту әдістері: Сұрақ – жауап, есептер шығару, дидактикалық
материалдарын пайдалану,
деңгейлеп оқыту техникасынан
пайдалану, электронды оқулықпен жұмыс
орындау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, электрондық
оқулық,банк атауы жазылған
карточкалар,ақшаның
түрлі – түсті көшірмелері.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасы (Қайталау
сұрақтары, есеп)
ІІІ Жаңа сабақ
ІV Жаңа сабақты бекіту (Есептер шығару, тест)
V Сабақты қорытындылау (Электронды оқулықпен
жұмыс)
VI Үйге тапсырма (§5.4 №957-есеп)
VII Оқушыларды бағалау
I.Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын
тексеру,
оқушылардың зейіндерін ұйымдастыру.
Сабақты ойын түрінде өткізу оқушылардың
математика пәніне деген қызығушылығын арттырады. Осы мақсатта
бүгінгі сабағымды «Банк» ойыны түрінде өткіземіз. Сыныпты екі
топқа бөліп, екі банктың атын беремін. Әр топтың жетекшілері
банк есепшілері болады,олар тобындағы оқушылардың банкке
қанша ақша салғандығын есептеп отырады. Сұрақтың дұрыс
жауабына ақша беріледі. Топтағы оқушылар өз банксіне салған
ақшасына қарай бағаланады. Сабақ соңында қай банктың шотында
ақша көп болса сол топ жеңіске жетеді.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
1. Ондық бөлшектің жазылуында үтір қайда қойылады?
2. Бөлімі 10,100,1000 және сол сияқты жай бөлшектерді ондық бөлшек
түрінде қалай жазуға болады?
3. Координаталық сәуледе ондық бөлшек қалай кескінделеді?
4. Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша қалай салыстырылады?
5. Ондық бөлшектерді натураль санға түрлендіріп,салыстыруды түсіндіріңдер?
6. Ондық бөлшектің соңына нөльдерді тіркеп жазғаннан немесе алып
тастағаннан ондық бөлшек өзгере ме?.
№946
1) 4,0* > 4.08. 4) 10,83 < 10.
7) 99.13 >99.* 5.
2) 6.7* < 6.71 5) 1.187 >1.*
96 8) 5.317 >5.3 *9.
3) 9.2 * 9 > 9.289 6) 0.628 <0.62
* 9) 45.8 < 45.* 0
III. Жаңа сабақ.
Ондық бөлшектерді қосу үшін:
Ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай (үтірдің астына үтір
тура келетіндей) етіп баған түрінде жазу керек;
Разрядтар бойынша қосу керек;
Қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірлердің астына қою керек;
Ескерту. Ондық бөлшектерді қосуды меңгергенде, жетіспейтін нөльдерді жазып
жатпай-ақ, ойша қосып жазған дұрыс.
Ондық бөлшектерді қосқанда,қосудың ауыстырымдылық және терімділік
қасиеттері сақталады.
IV. Есептер шығару.
№ 951( ауызша)
№952.
1) 0,07 + 13,23; 2) 85,07 + 3,03;
3) 6,3 + 2,5 + 0,7;
9,02 +4,28; 25,6 + 0,41;
9,2 +3,3 +1,6;
18,36 + 7,14; 56 + 0,37;
0,1 + 9,9 +1,5;
№ 953.
1) (4 + 1,8) + 2,2; 2) 0,3 + (1,7 + 2,5); 3)
8,3 + ( 2,7 +8 );
1,6 +( 5 +3,4); (3,8 + 6) +4,2;
10,2 + ( 1,7 +4,8);
(2,41 + 13) + 4,59; 12,25 + ( 8 + 3,75);
(46,3 + 18)+ 4,7;

№954
1) 8,65+2,34; 3,17+4,33; 0,99+7,11;
2) 6,37+17,45; 9,01+5,66; 3,86+1,25;

Қай салымшы жылдам?
1. Теңдік тура болатындай етіп тиісті жеріне үтір қой:
← 5 2 + 0 7 = 5 9
← 5 + 7 7 7 = 1 2 7 7
← 2 7 + 3 6 8 = 6 3 8
← 11+14=25
2. Тиісті цифрларды тауып, орнына қой:

V.Тест тапсырмасы

V. Сабақты қорытындылау.Электрондық оқулықпен жұмыс.
VI. Үйге тапсырма №968
VII. Оқушыларды бағалау

Ұқсас жұмыстар
Интерактивтік тақтада орындау
Ондық бөлшектерді қосуға және азайтуға есептер шығару
Ондық бөлшек. ондық бөлшекті оқу және жазу
Ондық бөлшектерді қосу және азайту, 5 сынып
Ондық бөлшектерді қосу, азайту, натурал санға көбейту тақырыбын бекіту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту жайлы ақпарат
Ондық бөлшектерді қосу және азайту жайлы
Ондық бөлшектерді қосу туралы ақпарат
Бөлшектер ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
5 класс емтихан сұрақтары
Пәндер