2-сыныпқа арналған Шаршы тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Күні: 12. 12. 2013 жыл

Сыныбы: 2

Сабақтың тақырыбы: «Шаршы»

Сабақтың мақсаты :

Білімділігі: оқушыларға шаршы жайында толық түсінік бере отырып, геометриялық фигураларды ажырата білуге баулу, есепті әр түрлі тәсілмен шығаруға қалыптастыру, шаршының барлық қабырғалары тең деген терминді енгізу.

Дамытушылығы: ой-өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту, пәнге деген қазағушылығын және белсенділігін арттыру.

Тәрбиелілігі: бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: семантикалық карта, венн диаграмма, музыкалық сүйемелдеу.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру

Психолигиялық дайындық

Ойға толы санамыз,

Бестік баға аламыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

1. Үй тапсырмасын тексеру: 89бет №4

2. Өткенге шолу: «Бәйге» ойыны

10) Қосудың кандай қасиеттері бар? (ауыстырымдылық, терімділік)

20) 30 бен 50-дің арасындағы толық ондықты айт? (40)

30) 1 сағатта неше минут бар? (60)

40) Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)

50) Тік төртбұрыштың қасиеті қандай? (қарама-қарсы қабырғалары тең)

60) 1 метрде неше сантиметр бар? (100см)

3. Жаңа сабақ. Төртбұрыштар

4-қабырғасы

4-төбесі

4-бұрышы

Тік төртбұрыш Ромб шаршы (квадрат) трапеция

Шаршы - барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш

Шаршының ең жақын тегі - тік төртбұрыш, ромб, трапеция

4. Алдымызда шашылып жатқан фигураларды ұқсастығына байланысты топтастырыңдар

  1. Төрбұрыштар
  2. Тік төрбұрыш
  3. Шаршылар
  4. Үш бұрыштар

5. Графикалық диктант

Дәптеріңнің торкөз сызықтарының түйіскен жерінен нүкте қой. Сол нүктеден оңға қарай 4 торкөз санап алда, тағы да бір нүкте белгіле. Белгіленген әр нүктеден төмен қарай 4 торкөз санап ал да, тағы да екі нүкте белгіле.

Дәптер сызықтары бойымен нүктелерді кесінділермен қос.

Сонда қандай фигура шықты? Шаршы

Оның шаршы екенін дәлелде және қабырғаларын өлшеп, дәптерге жаз.

(Барлық қабырғалары тең тік төрбұрыш шаршы деп аталады)

2см+2см+2см+2см = 8см

№2 Барлығы - 20(қ) және 10(ұ) Ш: (20+10) +4=34

Келді - 4 (0) 10+(20+4) =34

Болды - ? (0) 20+(10+4) =34

Ж: 34 оқушы болды.

№3 Түптеуге тиіс - 48к Ш:48-(20+10) =18к

Түске дейін - 20к (48-20) -10=18к

Түстен кейін - 10к (48-10) -20=18к

Қалды - ? Ж: 18 кітап қалды

6. Сергіту сәті

Біз кішкентай баламыз,

Өніп өсіп толамыз.

Көкке карап талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып, аламыз.

№5 Бос тор көздерді толтыр.

7. Қорытынды:

Тақтамен жұмыс

8 + 5 = - 5 =

18 + 5 = - 5 =

28 + 5 = - 5 =

38+ 5 = - 5 =

48+ 5 = - 5 =

58+ 5 = - 5 =

68+ 5 = - 5 =

8. Сабақты бекіту.

Венн диаграммасы

Бағалау:

Үйге тапсырма №4 91 -бет


Ұқсас жұмыстар
2-сыныпқа арналған саяхат түріндегі Шаршы тақырыбы бойынша сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған Ауаның қасиеттері тақырыбы бойынша сабақ жоспары
2 «Ж» сыныпқа арналған Құстар тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған қазақ тілі пәні: Мәтін деген не тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Шаршы және оның периметрі: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған Қазақ тілі пәні: Мұхитарал тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған қазақ тілі пәні: Сан есім тақырыбы бойынша сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған Бақта тақырыбы бойынша оқу-әдістемелік жоспар
2-сынып: Сан есім тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған Әйел - ана тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz