Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Меншік құқығы

Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Қарашоқы орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі
А.Т.Базарбаева

Сабақтың тақырыбы: «Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға меншік құқығына ие болу мен тоқтатылуы және
түрлеріне
түсінік беру, оның маңызы мен мәнін ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушыларды ізденуге үйрете отырып, олардың шығармашылықпен
жұмыс жасауға дағдыландыру, құқықтық
білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: ҚР Конституциясы мен заңдылықтарын білуге, құрметтеуге
және
құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениеттілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: білімді жинақтау, қорыту, сұрақ- жауап,СКТ
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, тірек -сызба, дидактикалық материал,
қанатты сөздер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Қайталау сұрақтары (сұрақ -жауап)
2. «Миға шабуыл» ойыны (өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру)
ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру (СКТ)
Ү. Жаңа сабақты пысықтау.
1. Сұрақ жауап (56-57 бет)
2 Термин сөздермен жұмыс
3. Жағдаяттарды шешу
ҮІ. Сабақты бекіту.
ҮІІ. Қорытындылау, бағалау.
ҮІІІ.Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабақтың мақсатымен
таныстыру )
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сұрақтарға - жауап
1. Азаматық құқықтық қатынастарға қатысушылар кімдер? ( жеке тұлғалар
мен заңды тұлғалар)
2. Заңды тұлғалар дегеніміз кімдер? ( түрлі ұйымдар: банктер, мем.
мекемелер, кәсіпорындар, мұражайлар, мектептер, т.б. мысал бола
алады)
3. Құқық қабілеттілігі дегеніміз- не? (азаматтық құқыққа ие болып өз
міндетін атқару қабілеті)
ІІІ. «Миға шабуыл» ойыны
1. Конституциялық құқық неліктен ҚР-ның қолданымдағы құқықтарының
жетекшісі саласы
болып табылады ма? (ҚР Конституциясы негізгі Заңы)
2. Қазақстан Республикасың Конституциясы кімдерді мемлекеттің баға
жетпес құндылығы
деп жариялайды? (халықты)
3. Республика заңдары қай кездері күшіне енеді? ( Президент қол
қойғаннан кейін)
4. ҚР-ның Тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? ( 1991ж,
16 желтоқсан )
5. Қазақстан азаматтығына қабылдау туралы өтініштер бойынша шешімді
кім
қабылдайды? (ҚР Президенті)
6. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? ( Тәуке хан)
7. Қазақстандағы атқарушы билік ? (Үкімет)
8. ҚР Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады?
(9 бөлім, 98 бап)
9. Құқық дегеніміз не? ( мемлекет тарапынан заңдастырылған және
қорғалатын,
жалпыға міндетті нормалар жүйесі)
10. ҚР Республикасында билікті иемденіп кетуге кімнің құқығы
бар? ( ешкімнің
құқығы жоқ)

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру: (тақырыпты алгоритм бойынша мазмұндау,
СКТ)

Меншік құқығына ие болу және
оның тоқтатылуы.

Меншік құқығы туралы түсінік менің үйім
иемдену

көлігім пайдалану

заттарым меншікке билік ету
Меншік иесі азаматтар
заңды тұлға
мемлекет

Меншік нысандары жеке меншік ҚР
Конституциясының
мемлекеттік
меншік (6 бабы)

Меншік түрлері азаматтық (жеке тұлғанынң)
меншігі
заңды тұлғалар
меншігі

Жекеменшік түрлері жеке меншік тұлғалардың
меншігі
заңды
тұлғалар меншігі

Мемлекеттік меншік ҚР Конституциясының (6 бабы)

су

өсімдік

жануарлар әлемі

табиғи ресурс

жер қойнауындағы байлықтар

жер
Жерге жеке меншік жеке адамның меншігі
мемлекет
меншігі

Мемлекеттік меншік түрлері республикалық

коммуналдық

Республикалық меншік үкіметтік
ғимараттар,жолдар, ұлттық

мұражарайлар, кітапханалар және т.б.

ҚР
Президенттің 1995 жылғы 16 шілдеде
«Мемлекеттік
кәсіпорындар туралы» Жарлығы

Коммуналдық меншік ҚР Президенттің 1995 жылғы 23.12 Заң
күші бар

«Жекешелендіру туралы» Жарлығы

Тұлғаның меншік иесі болатын әрекеті меншік құқығын
иемдену деп

аталады

Меншік құқығына қалай иеленетіні меншік құқығына ие
болу

тәсілі деп аталады

Меншік құқығын алу бастапқы Азаматтық
Кодекстің 241-

бабы, 236 (3), иесіз зат

туынды
Туынды тәсілі шарт жасасу Азаматтық
Кодекстің 238,239-

бабы

Меншікті құқықты тоқтату тәсілі ерікті
А.К 250 бап

мәжбүрлеу сот шешімі, үкімі

Реквизициялау соғыс жағдайы
жер
сілкінісі өтемақы төленеді.
су тасқыны

орман
өртенгенде

Тәркілеу Меншікке құқықты мәжбүрлеп оқытатудың тағы бір
тәсілі
сот тәртібімен іске асады
өтемақы төлембейді
ІҮ жаңа тақырыпты пысықтау
1. Меншік иесімін деген адамның қандай да бір затты меншіктену
құқығына ие бола ала ма?
2. Меншікке билік ету құқығы дегеніміз не?
3. Меншік нысандарының түрлерін ата?
4. Мемлекеттік меншік қандай түрлерге бөлінеді?
5. Республикалық меншік дегеніміз не?
6. Коммуналдық меншік дегеніміз не?
7. Қандай жағдайда адамды меншік иесі деп атай аласыңдар?
8. Оның қандай құқықтары бар?
9. Реквизициялау- мәжбүрлеп тоқтату тәсіліне жата ма?
10. Тәркілеу дегеніміз не?
11. Меншік құқығын иелену тәсілдері қандай?
Ү. Сабақты бекіту
Графикалық диктант
1. Азаматтық заңнамаға сәйкес меншік өз меншігі болып табылатын
заттарды пайдалануға, иемденуге, билік етуге құқығы бар. +
2. Иемдену іс жүзінде затқа қожалық ету екенін білдірмейді –
3. Меншік құқығын мәжбүрлеп тоқтату меншік иесінің еркіне байланысты
болмайды+
4.Азамат өз кәсібін жүргізе отырып, басқа азаматтарға жұмыс береді+
5. Жеке меншік дегеніміз- мемлекеттік меншіктің бір түрі-
6. Жекешелендіру кезінде мемлекеттік меншік жеке меншікке айналады+
7. Жер маңызды қоғамдық мәнге ие+
8. Жердің мүлік болуына қарамастан, оны пайдаланудың өз тәртібі
бар+
9. Республикалық меншік- жеке кәсіпкерлер иелік етеді. –
10. Коммуналдық меншік- тұтастай алғанда ҚР-сы екенін білдіреді.-
11. Тұлғаның меншік иесі болатын әрекеттерін меншік құқығын иемдену
деп атайды. +
ҮІ. Қорытындылау, бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма беру. Тақырыпты оқу, сұрақтарға ауызша жауаптар
дайындау (56-57 бет), жағдаяттарды шешу

Термин сөздер
Меншік иесі
Меншік құқығы
Жеке меншік
Азаматтардың жеке меншігі
Заңды тұлғалардың жеке меншігі
Мемлекеттік меншік
Республикалық меншік
Коммуналдық меншік
Реквизициялау
Тәркілеу

Ұқсас жұмыстар
Авторлық құқық
Мемлекет туралы
Хv- хvііі ғасырдағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы. 7-сынып
11-ші сыныпқа арналған сабақ жоспар
Мұсылман құқығының бөлінген мемлекеттері
Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеттері
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
Тәрбиелі - тәртіптің құлы жайлы ақпарат
Салық түрлері
Азаматтық құқық
Пәндер