Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тікелей сұрақтар

Сабақтың тақырыбы: «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы қосымша ізденіс
жұмыстары арқылы жүйелеп бекіту және тарихы мәліметтерді пайдалана отырып
қорытындылау.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын
арттырып, ойлау, сөйлеу, ізденімпаздық
қасиеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Қазақ халқының тарихын оқып білуге үйрете отырып, ұлтжандылық
пен
патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, тірек -сызба, дидактикалық материал,
қажетті
сөздер.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: білімді жинақтау, қорыту, сұрақ- жауап, ойын әдістері
Сабақтың типі: қайталау

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру (сынып екі топқа бөлінеді, әр топтың аты, ұраны топ
басшысы болады )
ІІ. Ойынның мақсаты мен жоспарын айту
ІІІ. Ойынды кезең бойынша өту
ІҮ. Қорытындылау
І-кезең «Тарихқа шолу» тікелей сұрақтар қою. (сұраққа тез жауап беру, әр
сұрақ 1 ұпай)
ІІ-кезең «Белес» (берілген сұрақтарға жауап, қосымша көмек бойынша)

ІІІ-кезең «Ұяшықты таңдау» кезеңі (ұпай жинау)
ІҮ –кезең Сұрақ-жауап. Семантикалық карта « Мағынану айыру»
Ү-кезең «Тұлғаны таны және кім айтқан»
ҮІ . бес жол өлең (әділқазылар бағалауы бойынша)
І-кезең «Тікелей сұрақтар»
Шарты: Екі топқа сұрақтар қойылады, әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады
І-ші топқа
1. Орта жүзде хандық өкіметті жою ісін патша кімге тапсырды?
2. Ташкентте шығарылған «Бірлік туы» газетінің редакторы кім? 3.
Орынбор туралы жарғы бойынша кіші жүзде хандық билік қашан жойылды?
4. Уақытша үкіметтің Қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары қашан
құрылды?
5. Торғай облысының Уақытша үкіметінің комиссары кім болды? 6.
Жас арбакештер одағы қай қалада құрылды7. Семейдегі кадет ұйымы өз
бағдарламасын тарату үшін қандай газет шығарды?
8. Жетісу облысының 1916 жылғы көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына

қазынадан қанша сом бөлінді? 9. 1916жылғы оқиғалар қарсаңында
Қазақстанда енгізілген салық түрі (әр үйден алынатын соғыс салығы)
10. «1921 жылы құрылған кедейлер одағы қалай аталады»
ІІ топқа
1. С.Датұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды?
2. «Қазақ» апталық газеттің редакторы А
3. 1822жылғы жарғы бойынша сот істері нешеге бөлінген ? 1836-38
жылдардағы шаруалар көтерілісін ұйымдастырушы кім?
4. Қазақтың тұңғыш педагогы
5. Н.Назарбаевтың кітаптары Қазақтың тұңғыш демократиялық партиясын
ата? Түркістан генерал-губернаторы Куропаткиннің құпия бұйрығы
қашан шықты? Шерубай-Нұра болысында хан болып сайланған кім?
6. 1916 жылғы көтерілістің ірі орталықтары Торғай және Жетісу
ІІ кезең
«Белес» (берілген сұрақтарға жауап, қосымша көмек бойынша 5 ұпай)
Басталу себебі: 1916ж 25 маусым патша өкіметінің «Түркістан мен дала
өлкесінен 19-43 жас аралығында 500 мың адамды қара жұмысқа алу
туралы» жарлығы шықты
Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртүрлі болды:
1. Жарлықты қолдады
2. Қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды
( топ өкілдері Ә.Жангелдин, А.Иманов , Т.Бокин, Б.Әшекеев,
Ж.Мәмбетов)
3. ( Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов) патша
үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды. Олардың мақсаттары:
- қазақтарды тыл жұмысына шақыруды дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге
асырып, уақыт ұту
-қарусыз халықты патша жазалауының құрбаны етпеу
-ұлттық автономия құру

3 кезең
1. 1916 жылы тамызда 5 мыңнан астам көтерісшілер жазалаушы отрядын

талқандап, басып алған жәрмеңке:
2. 1916 жылғы көтеріліс барысында Жетісуда көтеріліс жасаған
ауылдардың
қытайға ауып кетуге мәжбүр болған халық саны
3.1916 жылғы Торғайда болған көтеріліс ерекшеленді:
4. 1916 жылғы қоғалыстың негізгі сипаты қандай?
5. Орыс зияларының көзқарастары да болды. 1916 жыл 1-3 желтоқсан- ІҮ
мемлекеттік думада А.Ф. Керенский Түркістанға барған сапары туралы
баяндамасында нені қатты сынға алды.
6. 1916 жылы 10мыңнан астам қазақ-қырғыз көтерілісшілері басып алған
елді мекен

1. Ол 1873-1919 жылдары өмір сүрді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
басшыларының бірі және 1917-1919 жылдары Кеңес өкіметін орнату
жолындағы күреске белсене қатысушы.
2. Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі, үгіт насихат жұмысын
жүргізуші.
- соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді,- феодалдар тобының
сатқындық рөлін әшкерелеп, патша жарлығын орындамауға шақырды. Ол 1916
жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, ақпан
төңкерісіне дейін отырды.1918 жылы саяси күрестің құрбаны болды.
3. 1884-1953 жж өмір сүрді. Қоғам мемлекет қайраткері, Қазақстанда
кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске белсенді қатысушы, Азамат
соғысының ардагері.
4. 1890-1941жж өмір сүрді. Партия және мемлекет қайраткері, 1916 жылғы
ұлт-азаттық қозғалысына, Орта Азия мен Қазақстанда Кеңес өкіметін
орнатуға қатысушылардың бірі.
5. Көтеріліс жетекшілерінің бірі, бейбіт халықты ойрандалудан,
көтерілісшілерді жазалаудан құтқару мақсатымен өкімет орындарына өз
еркімен берілген. 1916ж
9 қыркүйекте – жазалаушылар Боралдай асуында дарға асқан
1. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды?»
2. «Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды»

3. «Қазақ секілді іргелі жұрт өрелер қатарында соғыс майданында қару-
жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ, қара жұмысқа
байлануын кемшілік деп санаймыз» деп жазды
4. «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар
даладағы өмірдің сипаты белгісіне айналды» -деп жазды
Ү кезең «Мағынаны ажырату» семантикалық картаны толтыру
1916 жылғы көтеріліс туралы жазылған шығармалар туралы не білеміз?

| |Тар жол, |Қилы заман |Ж.Аймауытов |С.Мұқанов |
| |тайғақ кешу | | | |
|Қартқожа | | | | |
|М.Әуезов | | | | |
|Ботакөз | | | | |
|(Жұмбақ жалау)| | | | |
|С.Сейфуллин | | | | |
| | | | | |

ҮІ кезең Сабақты қорытындылау (Кестені толтыру )

|Жылы|Террито|Көтеріліс |Себебі |Сипаты |Қозғаушы |Жеңілу |Тарихи |
| |р-иясы |басшылары | | |күші |себептері |маңызы |
|1916|Қазақ |А.Иманов |1916 ж |Империализ|Халық |Бытыраңқылы |Қазақ |
|- |өлкесі,|Б.Әшекеев |25 мау |ге және |бұхарасы |ғы, әскери |халқының |
|1917|Орта |Т.Бокин |сымдағы|отаршылдық|қазақ |қарудың |революция |
| |Азия, |Ж.Мәмбетов|патша |қа қарсы |жұмысшы |жеткіліксізд|лық таптық|
| |Сібір |Ұ.Саурықов|жарлығы| |лары, |ігі |санасы |
| |мен |Т.Рысқұлов| | |шаруалар, |руаралық |өсті, |
| |Кавказ | | | |қолөнершіле|тартыстар |Қазақстан |
| |дың бір| | | |р |ұлттық |халықтары |
| |бөлігін| | | | |демократиялы|ұлттық |
| | | | | | |қ зиялылар |мүдделерін|
| | | | | | |қатарында |ің |
| | | | | | |бірліктің |ортақтығын|
| | | | | | |болмауы |ұғынды, |
| | | | | | |қазақ |Қозғалыс |
| | | | | | |феодалдарыны|барысында |
| | | | | | |ң сатқындығы|өкімет |
| | | | | | | |құрылымы, |
| | | | | | | |қарулы |
| | | | | | | |күштер, |
| | | | | | | |басқару |
| | | | | | | |аппараты |
| | | | | | | |құрылды. |

Ұқсас жұмыстар
Шығын түрлері
Мәдени мұра
Бүрку жуйесі бар қозғалтқыштың отын беру жүйесін тексеру
Зымыранды сұрақтар
Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
Дәнді дақылдарды жинаудың тәсілдері
Жүктеме жалғасқан орам саны
Дизель қоректендіру жүйесінің жұмыс приципі
Жолаушы тасымалын ұйымдастыу
<<Біздің Елбасы>>
Пәндер