Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазақ энцикплопедиясы
Есенкабылова Сауле Аманкелді қызы
Информатика пән мұғалімі
Пед өтілі : 20 жыл
Білімі : жоғары
Бітірген оқу орны : ШПИ
9 – сынып жетекшісі
Шығармашылық тақырыбы :
Ұлттық педагогиканы қолдана отырып , оқушыларды саналы да ,
білімді етіп тәрбиелеу
Тақырыбы : « Ұлыдан - ұлағат , ұрпаққа - аманат »
Мақсаты :
Қазақ халқының ұлы даналары , батыр ұлдары туралы
тарихи тағлым , білімді шығармашылық жолмен тәжірибеде
пайдалана білу , жеке бас ерекшеліктерін дамыту , оқушылардың
өз бетімен шығармашылық жұмысын жүргізу , көркем сөзді
мәнерлеп оқу , ауызша тілдерін жетілдіру , қазақ халқының
әдебиетін , мәдениетін , өнерін , рухани байлығын зерттеу ;
Қазақстандық патриотизм , ұлтжандылық қасиетін
қалыптастыру , жеке тұлғалық , шығармашылық , оқушының
өнерпаздық қабілеттерінің көзін ашу , дамыту .
Көрнекілігі : әр кезеңіндегі тарихи оқиғаға байланысты слайдтар
, буклеттер , суреттер
Қолданылатын әдіс - тәсілдер : Сын тұрғысынан оқыту технологиясы
Сабақтың түрі : тарихи - танымдық сабақ
Барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі / психологиялық дайындық /
ІІ . Ой шақыру / мұғалімнің кіріспе сөзі /
ІІІ. Мағынаны тани білу / тақырыпты ашу /
ІҮ. Ой толғаныс / қорытынды /
Ой шақыру :
Мұғалімнің кіріспе сөзі :
Қымбатты көрермен ұстаздар ! Киелі де , тарихы мол қарт
Қаратау тауының баурайында орналасқан ұлы бабамыз Абай атымен
аталатын Абай ауылының Абай атындағы орта мектебіне қош
келіпсіздер !
Ал , балалар , сабағымызды бастамас бұрын мен сендерге
мынадай сұрақтарға жауап алуға ой тастамақпын .
- Сан ғасырлық тарихы бар ұлан - ғайыр қазақ жерінде ,
дүбірлеген даламызда небір ойшыл , батыр , бір туар ата -
бабаларымыз өмір сүріп өткен . Осы бабаларымызды қалай атаймыз ?
- Ұлы , дана - дейміз
- Осы ұлы , дана ата - бабаларымыздың біздер кімдеріміз ?
- Ұрпақтарымыз
- Біздің ұлы , дана ата - бабаларымыз өз ұрпақтарына нені
айтып кеткен ?
- Ұлағат сөздерін
- Олай болса ұлы , дана ата - бабаларымыз өз ұрпақтарына
ұлағатын не етіп кетті ?
- Әрине аманат етіп кетті .
Олай болса , балалар , менің сұрақтарыма сендердің берген
жауаптарың айтып тұрғандай бүгінгі біздің ашық тәрбие
сағатымыздың тақырыбы :
« Ұлыдан - ұлағат , ұрпаққа - аманат »
Негізгі мақсатымыз :
Кешегі өткен ұлы , дана ата - бабаламыздың аманат етіп
кеткен ұлағат сөздерінің мағынасын түсіну , оны орындаудағы
әрекеттерімізді көрсету болып отыр . Әрбір тақырыпқа сәйкес слайд
көріністері көрсетіледі .
Жүргізуші :
Өзіңмен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау , арқа тұтар алтын белім.
Көрмекке жаңа сабақ үлгілерін ,
Қош келдің ! Айналайын, көрерменім!
Жүргізуші :
Өлшеуі – ар – намыс пен нарқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың
Армысыздар аяулы , қала , ауыл ұстаздары
Сенері сіздерсіздер халқымыздың
Слайд : « Қазақстан - кең байтақ елім менің » көрсетіледі .
Мағынаны тани білу
Жүргізуші :
Бәріміз Отанымызды жақсы көреміз , ұлан - ғайыр қазақ
жерінде бейбітшілікпен өмір сүріп жатырмыз . Енді бір сәт
тарихха үңіліп көрейік . Осы дүбірлеген даламызда ұлы
даналарымыз , батырларымыз қандай ерліктерімен есте қалды ,
нені мақтан тұтамыз ? « Ертең біз бабалар мұратын әрі
қарай жалғай аламыз ба ? » деген сауалға жауап іздеп көрелік
.
Жүргізуші :
Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің ,
Таулы орман , жасыл жайлау , көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті ,
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің .
Ғажап қой сұлу көктем , жазың әні ,
Тыңдарсың оң жүректің сазын әлі
Шіркін - ай , жер жетпейді бір өзіңе ,
Қойнауың тұнған байлық , қазыналы
Сен неткен Отан – Анам ғажап едің ,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін ,
Жайнай бер , Ұлы Отан - Қазақ елім ! - дей отырып « Ұлыдан -
ұлағат , ұрпаққа - аманат » атты тарихи - танымдық сабағымызды
бастауға рұқсат етіңіздер .
Жүргізуші :
Ұлы ағартушы , педагог Ыбырай Алтынсарин алғаш рет қазақ
мектебін ашып , балаларды білім алуға , өнер үйренуге
шақырды.
Оқушы : Кел балалар оқылық!
Бір Құдайға сыйынып.
Кел , балалар , оқылық !
Оқығанды көңілге ,
Ықыласпен тоқылық.
Істің болар қайыры
Бастасаңыз аллалап
Оқымаған жүреді ,
Қараңғыны қармалап
Бір Құдайға сыйынып,
Кел , балалар , оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз , балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей - ақ табылар.
Жүргізуші :
Білім кемесін мініп ілім іздеп , алға қарай ұмтылу әр
азаматтың борышы.
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді.
Слайд : « Біз - білімді , өнерлі ұрпақпыз »
Ән : « Бала тілегі »
Орындайтын : Ерназарова Ақбала
Жүргізуші :
Қазақ әдебиетінің классигі Абай ұлы
ақын,дана,қаламгер,философ,сазгер,аудармашы.
Оқушы :
Абайдың қара сөздері - даналық сөздер болып табылады .
« Адамның адамшылығы жақсы ата,жақсы ана,жақсы құрбы,жақсы ұстаздан болады
» (18-і сөз)
« Егер есті адамдардың қатарында болғың келсе,күніне бір мәрте,болмаса
жұмасында бір,ең болмаса айында бір мәрте өзіңнен өзің есеп ал ». (15-
і сөз)
« Егер мен заң қуаты қолымда бар кісі болсам,адам мінезін түзеп болмайды
деген кісінің тілін кесер едім ».
(37-і сөз)
« Адам баласының ең жаманы-талапсызы » (44-і сөзі)
Мұғалімнің сауалы :
- Балалар ұлы Абай атамыздың қара сөздерінің мағынасын қалай
түсінеміз ?
Оқушылар өз түсініктері бойынша жауап береді .
Жүргізуші :
Қуат алып Абайдың тіл күшінен
Жыр жазғанмын Абайдың үлгісімен
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.
Жүргізуші :
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың « Қазақстан -
2030 » стратегиясында атап көрсетілгендей дүние жүзіндегі алдыңғы
қатарлы экономикасы дамыған 50 елдің қатарына қосылу үшін әрбір
Қазақстан азаматы өз ана тілін қастерлеп , өз ана тілінде
сөйлеумен қатар , үш тілді мемлекеттік ана тіл - қазақ тілін ,
ұлт аралық тіл - орыс тілін , жаһандық тіл - ағылшын тілін жақсы
меңгеруіміз керек деген .
Олай болса сыныбымыздың жақсы оқушыларының бірі Махан
Гүлжан Абайдың « Көзімнің қарасы » әнін үш тілде орындайды .
Үш тілде / қазақша , орысша , ағылшынша /
Абайдың әні « Көзімнің қарасы »
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы
Бітпейді іштегі
Ғашықтық жарасы ...
Ты - зрачок глаз моих,
Пламень душ золотых.
Сердцу мук не избыть ,
Столь глубок шрам от них.
You are the apple of my eye
The fire of my soul
My hearth will never stop bleeding
Hurt by this fire
Жүргізуші :
Біздің оқушыларымыздың арасында да ақындық қабілеті бар
дарындылар баршылық . Солардың бірі Ерназарова Ақбала мен Ералы
Балгерімнің өз өлеңдерін тыңдап көрелік .
Ерназарова Ақбаланың өлеңі :
Ата - анамның борышын мен өтермін ,
Талай шыңды бағындырып кетермін .
Білімімен ақылымды алға ұстап ,
Абай менен Пушкиндерге жетермін .
Әрине бұл мақтанышым емес - ті ,
Абай , Пушкин енді қайтіп келмес – ті
Жолын қуар бұтағы бар олардың ,
Сол бұтақтың бірі болам жемісті .
Ералы Балгерімнің өлеңі :
Абайдай асыл арманым ,
Абай ақын жырларым
Абайдай ойым өрісті ,
Абайдың жолын қуамын .
Келмеске кеткен ақыным
Жырлары бар сұңқардай
Әндері бар бұлбұлдай ,
Мұра болып қалғаны .
Қара сөзі көп оның ,
Ақыл ойды дамытқан .
Мен олардан нәр алдым
Ой - өрісті щалқытқан .
Оқушы :
Ел аузындағы аңыздарға сүйеніп , халықтық дастандарға
жүгінсек , онда Қазыбек , Төле , Әйтеке түзген « Жеті жарғының » ұзын
– ырғасы төмендегі жосындарды қамтитын болған : жер дауы ,
жастарды тәрбиелеу туралы шаралар , ұрлық - қарлық тағы басқалар
.
« Арам жемейік , адал өлейік » деген қағида сол кезде пайда болса
керек , ел мен ел , халық пен халық , ру мен ру арасындағы дау дамай ,
Отанды қорғау , күң дауы , жесір дауы « Жеті жарғыда » талқыланды.
Әз Тәукенің жолында әдет – ғұрып , заңдарын жасап , және соны
үш жүздегі үш бидің – Төле , Қазыбек Әйтекенің жүзеге асыруымен
қазақ хандығы біршама бейбіт өмір сүрген екен .
Бұл үш би құрған «Жеті жарғы » болса , қазір біздің
тәуелсіз еліміздің рәміздерімен бірге Ата Заңымыз бар.
Ата Заңымызда жастардың міндеттері айқын көрсетілген :
30 бапта :
« Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім
алуға кепілдік беріледі , орта білім алу міндетің »
36 бапта :
« Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының
қасиетті парызы және оның міндеті »
38 бапта :
« Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және
табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті »
Мұғалімнің сауалы :
- Балалар , Ата Заңымыз қашан қабылданды ?
- 1993 жылы 28 қаңтарда және оған 1995 жылы 30 тамызда толықтырулар
мен түзетулер енгізді .
- Ата Заңымыз неше бөлім , неше баптан тұрады ?
- 9 бөлім , 98 баптан тұрады .
Оқушы :
Қазақстан Тәуелсіз мемлекет !
Осы бір қасиетті де, қастерлі ұғымға тұнып тұрған киелі атауды ата-
бабаларымыз қаншама жылдар емес-ау ғасырлар бойы аңсамады ма десеңізші.
Өзіңдікі - Елің де,
Өзіңдікі - Жерің де.
Өзіңді - өзің еткен бақ.
Тәуелсіздік төрінде !
Асқар тау да сенікі ,
Бақша - бау да сенікі,
Қалтқысыз дос пенен
Қатал жау да сенікі.
Өзіңдікі туың да,
Ата заң да сенікі.
Жаса , Қазақстаным
Белді бекем буын да !
Оқушы :
Батылдық та уызынан жарылған ,
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын , өзі әнші халықта
Кім айта алар болмаған деп Әнұран .
Бәрі болған Қазақ сынды көне елде ,
Ел белгі де , ерлік , өрлік , өнер де
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді Ту болмады дегенге
Бас білгізіп жер тарпыған тарпауға ,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты алға
Қалай оның Елтаңбасы болмайды ,
Түлігіне дейін салса ен - таңба .
Оқушы :
Ата дәстүрді ардақтау қазақтың - қазақтың халық
педагогикасының ұлттық ұжданы.Егер жеті атасына ата тегін , тарихын
білмейтін ұрпақ болса оны «Жеті атасын білмейтін жетесіз » деп
халық кінәлайды айыптайды , жазғырады , жазалайды.
« Атадан бала тусайды , ата жолын қусайшы » , - деп
халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі
ұрпақтың бойына сіңіріп ізгілікке тәрбиелейді. « Шыншыл , әділетті ,
иманды болу сонау арғы ата - бабамыздан бері қалыптасып келе жатқан
дәстүріміз » , - дейді де , халық сол игі дәстүрді бұзған ұрпаққа
айып тартқызады.
Оқушы :
« Ат тұяғын тай басар » , - деп кейінгі ұрпақтың ата
салтын бұзбауын талап етеді . Әулеттік тағлымдар ата
дәстүріне айналып , санаға сіңіріп , салтқа биіктейді.
Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені , содан соң атаны , ата -
бабаны құрметтеп , солардың алдында ұрпақтық борыштарды өтеу –
кейінгі ұрпақтардың міндеті.
Ата дәстүр бойынша әрбір ұрпақ , ең азы жетінші ата-
бабасына дейін аталарының аты - жөнін , олардың жақсы қасиеттерін ,
өсиет - өнегелерін өзіне үлгі -өнеге тұтуға тиіс.
Ата тегін ардақтау дәстүрі ,көбінесе , от басында сөз болып, ата-ана
бабаларын , ата – ананы , ата - бабаны сыйлауға тәрбиелейді.
Қазақ ағайын , жегжат , туыстық қарым – қатынасқа
ерекше мән берген халық.
Жүргізуші :
- Ал , балалар , сендер өз жеті аталарыңды білесіңдер ме ?
- Сержан , Ақнұр , Қазбек өз жеті аталарын айтып береді .
Оқушы :
Айтыс – ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан
поэзиялық жанр, топ алдында қолма - қол суырып салып
айтылатын сөз сайысы , жыр жарысы.
80 - ші жылдары сөз киеліренің алдын көрген , өнегесін
алып қалған Манап, Қалихан , Көлбай , Тәушен сынды ақындар
айтыс өнерінің жаңа дәуірін бастап кетті. Бүгінде айтыстың
абыройын асырып , жүрген Ақмарал Леубаева , Мұхамеджан Тазабеков , Серік
Құсанбаев , Айнұр Тұрсынбаева , Бекарыс Шойбеков , Балғынбек Имашев ,
Дәулеткерей Кәпұлы , Ринат Зайытов.
Қазір айтыс саласы жедел дамып , халықаралық
сипат алды.
1989 жылы Монғолияның , Өзбекстанның , Қырғызстанның , Ресейдің
айтыскерлерінің қатысуымен Алматыда халықаралық айтыс өтті.
2004 жылы « Күлтегін » баспасынан ақындар айтысының мәнді
жерлерін теріп алып , « Айтыс » деген жинақ жарық көрді.
Жүргізуші :
Айтыскер ақындарымыздың жолын қуып жүрген айтыскер ұл-
қыздарымыз бар . Солардың өнерін тамашалап көрелік .
Нұрлыхан мен Гүлдананың айтысы
Гүлдана :
Сәлем бердім сіздерге ,
Құрметті көрермен ұстаздар .
Көруге мені қызығып ,
Жиылып тұрған балалар .
Айтысатын менімен ,
Нұрлыхан деген бала бар .
Жеңе алмайсың Нұрлыхан ,
Өз шамаңа қарап ал
Нұрлыхан :
Сәлем бердім тыңдарман ,
Таңдап қана тыңдар ән .
Қайда барсам осы мен ,
Құтылмадым қыздардан
Үйге қайтсам тағы да ,
Бір қыз бірге шығады
Апай мені айтысқа ,
Гүлданамен шығарды .
Гүлдана :
Әй ақымақ досым-ай ,
Қыздардан көп шошыма .
Қыздар деген ақылшың ,
Қосып қой қасыңа .
Қызбен шықсаң айтысқа,
Екіленіп тартыспа .
Күшіңді мен көрейін ,
Қалар екенсің қай тұста .
Бұл ұлдардың дәптері ,
Шимай - шатпақ болады.
Қып – қызыл боп ақыры ,
Екілікке толады.
Нұрлыхан :
Жамандама Гүлдана ,
Жамандама ұлдарды .
Мақтайтын да кездер бар ,
Енді мені тыңдағын .
Тыңдатайын сәулемді ,
Көріп сенің әуреңді .
Қалай жүрсің аңғармай ,
Математик Дәуренді .
Қазбек деген бала бар ,
Суретті жақсы салады .
Сурет салып берші деп ,
Жалынып қыздар барады.
Гүлдана :
Томпақ жігіт қақылдақ ,
Сөз сөйлейсең тақылдап .
Кейін маған өскенде ,
Келе алмайсың жақындап .
Нұрлыхан :
Әй сары қыз, мақтанба ,
Мақтанба да баптанба .
Қуанасың әлі сен ,
Мендей жігіт тапқанға .
Гүлдана :
Семинары ұстаздың ,
Мен де біраз ойландым .
Әзіл айтып ойнадым ,
Сен тақылдап қоймадың .
Ұлдарыңа сәлем айт ,
Көбейтуді жатасын .
Жалқауланбай әлі де ,
Білімнен еш қашпасын.
Нұрлыхан :
Есік алды – бәйтерек ,
Бәйтерек түбі су екен .
Жақсы көріп тұрса да ,
Бұл қыздарың қу екен.
Екеуі бірге қосылып :
Сиыр жылы сіздерге ,
Олжалы болып табылсын .
Кредиттерің жабылсын ,
Кредиттен құтылып ,
Молая берсің табысың.
Жүргізуші :
Бізде жастайынан жалындап шыққан мақтан тұтар аға -
әпкелеріміз жетерлік
Мысалға алар болсақ , жасындай жарқылдап өткен Шоқан Уәлиханов
бүкіл Еуропа назар аударып отырған Қашқар қақпасының ар
жағын әлемге паш еткен еді.
Жүргізуші :
Табиғат – байлықтың көзі. Табиғатсыз мына ғаламда ешбір нәрсе
болмайды. Табиғат адамзаттың еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Табиғатты
аялауға , қасиетті туған жерімізді сүйе білу, қорғай білу әрбір тіршілік
иелерінің міндеті
Адам мен табиғат әрқашанда егіз . Тіршілікте күнделікті ішіп
жүрген тамағымыз , мініп жүрген көліктеріміз , үстіміздегі киіміміз
, оқитын кітабымыз , жазатын жазуларымыз , тыныс алар ауамыз ,
ішер суымыз міне осылардың барлығы жомарт табиғаттың тарттқан
сыйы.
Біздің осы « Абай » орта мектебінде 2008 жылы
15 сәуірде Норвегия үкіметінің « Дүниежүзілік жабайы табиғатты
қорғау (WWҒ) қорығының » қолдауымен семинар өткізілді . Сол
уақыттан бастап мектебімізде WWҒ « Достар клубы » құрылып жұмыс
жүргізілуде .
Бұл клубтың тақырыбы : Қаратау өңірі өсімдіктерінің алуан
түрлерін сақтау , қалпына келтіру .
Мақсаты : Оқушыларды туған жердің табиғатын қорғау , халық
арасында табиғатты қорғауға үгіт насихат жұмыстарын жүргізу .
Қаратау өңірі өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай . Қаратау
өңірінде еш жерде кездеспейтін өсімдіктердің 108 түрі бар . Қаратау
арқары саны сиреп 100 бас түрі қалған . Қаратау қорығы
ұйымдастырылып , қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде .
Оқушы :
Сұлу дала ! Менің сүйген еркемсің
Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы қазақ болып туғаным
О, туған жер , тамашасың көркемсің !
Қайда сұлу табиғат
Тіршіліктің анасы.
Қорғай біл, ей, Адамзат
Табиғат елдің панасы!
Ән : « Табиғатым »
Орындайтын : Ерназар Ақбала
Оқушы :
Ұлы Отан соғысындағы жеңіс оңайлықпен келген жоқ. .
Бұл соғыста Әди Шәріпов , Қасым Қайсенов , Нүркен Әбдіров , Сергей
Луганский ,Жұмағали Саин ,Талғат Бигелдинов , Мәлік Ғабдуллин , Әлия
Молдағұлова , Мәншүк Мәметова , Бауыржан Момышұлы , Рақымжан
Қошқарбаев сияқты есімдері аңызға айналған ағаларымызды , әпкелерімізді
, апаларымызды тарих бетінде « Батыр » деп жазып кетті.
Бақыт деген келер дайым күреспен
Бақыт үшін қарт бабалар күрескен
Бақыт үшін арпалысты әкелер,
Тек бақытқа қол созумен ұл өскен.
Жүргізуші :
«Ақыл жастан, асыл тастан» деген сөзді айтқанда халқымыз жас
толқынның болашағынан үміт күткен болар. Содан бері неше ұрпақ ауысса
да халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әркез қоғамның
қозғаушы күші ретінде танылған.
Оқушы :
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында-Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның
Қара тұман қабағында-Желтоқсан.
Жауыздықты жасаған да –Желтоқсан
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан
Жігіттердің ұраны да – Желтоқсан
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың
Шорпыған сәті үміт пен күдік наланың
Желтоқсан- Қайрат ,Ләззат пенен Сәбира,
Құрбаны болған жаланың.
Әр қазақтың есінде сақталады.
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған ұл-қыздарым
Ерліктерің мәңгілік мақталады.
Құдайберген Нұрболдың өлеңі :
Еске алайық желтоқсанда құрбан болған жастарды ,
Елі үшін қарсы шықты дұшпанға .
Қара түнек төңген кезде елімізге
Шықты алаңға әйелдер мен қыздарда .
Қанша азамат өмір салды еркіндіктің жолында ,
Қырқысулар басталған азаттық үшін алаңда .
Алаш жұртым , еркіндікті аңсап келді қашанда ,
Міне біз қол жеткіздік сол кешегі арманға .
Мұғалімнің сауалы :
- Ұлы Отан соғысына қанша қазақ қатысты ?
- 50 млн 700 мың , олардың жартысы елге оралған жоқ .
- Желтоқсан оқиғасы қашан болды және оның негізгі мақсаты қандай
еді ?
- 1986 жылы 16 желтоқсанда , Қазақстан Орталық Компартиясының
басшысы орнынан қазақ емес өзге ұлттың өкілінің келуі болды .
- Желтоқсан оқиғасының қаһарман батырларын ата
- Қайрат , Лаззат , Сабира , Ербол және т.б
- Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына биыл неше жыл
болды ?
- 20 жыл
Жүргізуші :
Тәуелсіз Қазақстанның Олимпиада ойындарының ең бірінші
чемпионы - шаңғышы Владимир Смирнов . Тәуелсіз Қазақстан
Атланта Олимпиадасында 11 , Сидней Олимпиадасында 4, Бейжің
Олимпиадасында 13 медальға қол жеткізді . Спорттық жарыстарда
Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағын аспанға көтерген спортшы
батыр аға - әпкелерімізді : Дәулет Тұрлыханов , Жақсылық
Үшкемпіров , Серік Қонақбаев , Ермахан Ыбыраймов , Бекзат
Саттарханов , Бақтияр Артаев , Бақыт Жүмаділловтарды « батыр »
деуге лайық емес пе ?
Оқушы :
Халқымыздың қаһарман ұлы , өз ұлтын сүйген, патриот
Бауыржан Момышұлы: « Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған
тілімізді ұмыту – бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту » -
деген.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім
тілі, оқу ағарту тілі, түрлі іс - қағаздар тілі .
Тілдің көмегімен өнер - білімге , мәдениет – ғылымға жетіп, өткен -
кеткенімізді әлемге танытамыз, сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, қоғам халықты,
ел-жұртты мемлекетті меңгереміз.
Ана тіліміз қазірде үлкен өріске жол тартты. Дегенмен « Ана тілі -
қазақ тілі » деген сөзді қағазға ғана емес, көкірегімізге жазатын
уақыт жетті. Олай болса, біздің мақсатымыз - ана тіліміздің қадір –
қасиетін ұғынып , оның қолданыс аясын кеңейтіп, мемлекеттік тіл ретінде
мәртебесінің баянды болуына ықпал ету керектігін ескеруіміз керек.
Оқушы :
Қазақ тілі,
Ол менің ана тілім
Ләззат-қуат
Сөйлесем табатыным
Тізілтіп сөз маржанын,
Жазғанымда
Білем анық
Бағымның жанатынын
Сен - үнісің,
Қазақтың елдігінің
Сен- үнісің
Туыстық теңдігінің
Сен - үнісің,
Пейілі кеңдігінің
Сен –үнісің,
Бүгіннің ендігінің
Сен - тілісің,
Адамзат Абайының
Сен - тілісің,
Ұрпақтың талайының
Сен - тілісің ,
Махамбет , Мұхтарлардың
Алуан - алуан
Қаламдас ағайынның.
Мұғалімнің сауалы :
- Тіл туралы заң қашан қабылданды ?
- 1989 жылы 22 қыркүйекте , 1997 жылы 22 қыркүйекте толықтырулар
мен түзетулер енгізілді .
Б.Әбеевтің « Ұлыма арнауы »
Дұрыс сөйле , шала қазақ атанба ,
Өз тіліңде кеткен сөйлеп атаң да
Қадірлей біл тілің менен дініңді
Саған берер , менің осы батам да.
Өзге ұлттан кем санама өзіңді,
Қай кезде де бол шыдамды төзімді.
Жүрсең дағы қай қиырда , қай жерде,
Сақта есіңе менің осы сөзімді.
Қадірлесең жерді мынау киелі
Оның соған шарапаты тиеді.
Ел , жер үшін Қабанбайдай қанаттан
Сонда ғана халық сені сүйеді.
Оқушы :
Аса көрнекті мемлекет , қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың
тарихтағы орны ерекше. Өз заманының перзенті болған қазақ даласындағы
ұлы тұлға .Халқымыздың ұлтжанды перзентінің бірі.
Д.А.Қонаевтың арқасында ғылыми күш-қуат күрт өсті , өндіргіш
күштер өркендеді.
Димаш ата өмірінің соңына дейін қазақ еліне адал қызмет етті.
Қонаевтың осыншама халық құрметіне бөленуі телегей теңіз білімінің ,
халқымызға шексіз берілгендігімен , іскерлігінің арқасы болса керек
.
Қонаев - ұлттық ары мен намысы !
Қонаев – ұлттық рухы мен иманы!
Қонаев – қазақтың қанағат мектебі.
Адалдықтың шексіз өлшемі.
Жасың бар , жасамысың , тарланың бар,
Димаштай қалың елге ар болыңдар.
Димаштай шешен де бол ,көсем де бол,
Димаштай жолбарыстай нар болыңдар,
Димаштай қара қылды қақ жарыңдар .
Блмеймін бір пенде жоқ бұл секілді.
Бар ұлтқа әділ болған үлесіңді,
Көрсеткен болашаққа барар жолды,
Үйреткен өмір үшін күреседі .
Жүргізуші :
Шәмшінің әндері құлаққа жағымды , жүрекке жылы қабылданып
, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді . Композитор
шығармаларының тақырыптық , мазмұндық ауқымы аса кең . Елге ,
жерге , Отанға , ата - анаға , жарға , дос – жаранға деген
сүйіспеншілік - Шәмші шығармаларының басты тақырыбы .
Шәмші Қалдаяқовтың әні : « Шынарым »
Орындайтын : Әшірбектегі Арайлым .
Жүргізуші :
Дін - әрбір ақыл иесін өз қалауымен бұл дүниеде және
ақыретте нағыз бағытқа жеткізетін иләһи жүйе.
Құдайға шүкір, қазіргі кезде мұсылман халқының 5 парызын
орындап жүрген жастардың саны көбеюде. Үлкен дерді сыйлап, ата -
ананың қадірін түсініп, діни мешіттерге көптеп баруда. Мұның өзі бір
үлкен қуаныш!
Мұсылман халқының парызы ол :
1. Иман
2. Ораза тұту
3. Намаз оқу
4. Зекет беру
5. Қажылыққа бару
Құран оқу - ауырғандардың рузына шипа, қарайған жүректерге нұр
құяды. . «Мен мұсылманмын» деген әркімге Құран оқып үйрену міндет.
Өйткені, Құран оқымаған Аллаһтың әмірімен тыйымдарынан хабардар бола
алмайды. Сондықтан да , әрбір мұсылман өз дінін, өз тілін сақтау
оның ең басты міндет
Жүргізуші :
Ғибадат ет, Алланы біліп танып,
Білім үйрен қияннан іздеп барып.
Ораза тұт, намаз оқы пенде болсаң,
Қайыр қыл, жетімдерге етпей тарлық.
Анық бас, арамнан аулақ жүріп,
Көңіліңе еш уақытта алмай күдік.
Құдайға теңеу келтірме, қан жүктеме,
Кісі сыртынан сөз айтпа, білмей тұрып.
(Мұзафар Құттықожаұлы Қара Шайқы)
Жүргізуші :
Баланың ата-ана алдындағы міндеті :
Оқушылар жауап береді :
1. Ата-анаға жақсылық жасау.
2. Күн көрісі төмен болса оларға көмектесу
3. Ата-ананы ешқашан сөбен не қылығымен ренжітпеу, тіпті «уһ»
дегізбеу
4. Ата-анаға жылы шырайлы қарап, сыпайы сөйлеу
5. Шақырғанда лезде жетіп бару
6. Аллаһтың бұйрығына қарсы болмаған ата-ананың әмір-талаптарына
мойынсыну және орындау
7. Кез- келген істе олардың ризашылығын алу және оларды риза ету
8. Олардың қасында дауыс көтеріп сөйлемеу
9. Ата-ана жәрдемге мұқтаж болған шақтарында оларға жан-тәнімен
қызмет ету
10. Жолда кетіп бара жатқанда алдын кеспеу
11. Олардың рұқсатынсыз еш жерге бармау
12. Қайтыс болғанда оларды құрметпен еске алып, дұға қылу,
олардың рухтары үшін қайырлы істер жасау, өсиеттерін орындау, ата-
ананың достарына жақсылық жасау , ата-анасына жэаман ат
келтірмеу.
Жүргізуші :
Ата –ананы қадірлеу әр адамның пенделік борышы. Әке- шешені
ренжітпей, олардың мұқтажын өтеп, өзіңізді бала кезіңізде қалай
мәпелесе, сіз де оларды алақаныңызға салып, аялай біліңіз.
Жүргізуші :
Халқымыздың аңыздары бойынша 21 – наурыздың түнінде сағат
3 – те даланы Қыдыр ата аралайды екен . Жаңа күн
табалдырықты аттап үйге кіргенде
« Жалғыз шала сәуле болмас » деп қос шырақ жағылып қойылады
. Ыдыс атаулыны « Ырысқа » деп жеті түрлі тағамға толтырып
қояды . Жыл бойы ырысымыз мол болсын деп тілейді .
Наурызым - салтым жоғалып , қайта табылған ,
Шырағым болып алдымнан бүгін жағылған .
Бабамның үнін ақ бата беріп жеткізген ,
Әр қадымыңнан жаныма мейірім табылған .
Оқушы :
Ақыл - ойды асырып .
Ата салтын сақтаңдар
Дұрыс сөзге тоқтаңдар
Ұлыс күні ұлыстың
Өкпе - назды тастаңдар .
Мынау тұрған халықты ,
Ынтымақ пен достыққа ,
Жақсылыққа бастаңдар
Айналайын ел - жұртым
Орындалсын арманың ,
Жайқала берсін орманың
Жүргізуші :
Ұлы Абайдың өзі : « Әдептілік , ар - ұят - адамдықтың
белгісі , тұрпайы мінез , тағы жат - надандықтың белгісі »
дегеніндей , халқымыз қызының мейірбан , сүйкімді сұлу ,
тәрбиелі болғанын қалайды . Қай заманда болсын өмірден
түйгендері мол адамдар ұрпақтарына үлкенді сыйлау , оларға
ілтипат көрсету ,
қамқорлық жасау жөнінде өсиет қалдырып отырған . Әдептілік
, кішіпейілділік , сыпайылыққа байланысты мақал - мәтелдерді
, нақыл сөздерді есімізде сақтауымыз керек
Мақалды жалғастырып , оқушы жауап береді .
1. Әдепті бала - арлы бала , әдепсіз бала - сорлы бала
2. Сыйластық бар жерде , қимастық бар
3. Сыйласаң сыйымды боласың , сырлассаң сырын табасың
4. Әдепті бала ата - анасын мақтатар , әдепсіз бала - ата -
анасын қақсатар
5. Инабаттылық - әдептіліктің әсем көрінісі
6. Қызым үйде , қылығы түзде
7. Сыпайы қыз - әлемде сұлу
8. Кішіпейілділік - кісінің көркі
9. Кішіпейілділіктен кішіреймейсің
10. Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені
Оқушы :
Бір кездері Мағжан бабамыз :
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін , - деп бекерден – бекер айтпаған болар .
Сондықтан да біз жастар өзіміздің қоғам , халық алдындағы борышымызды,
міндетімізді сезіне білуіміз қажет.
Жүргізуші :
Біз өзіміздің болашақ үшін жасайтын игі істерімізді ойлануымыз
қажет.Қазіргі күні еліміздің болашағы да біздің жастардың қолында.
Болашақта қандай маман иесі болғыларың келеді?
1-оқушы.
Мен болашақта мұғалім болғым келеді . Өйткені елдің
болашағы , оның өркендеуі үшін ең алдымен білім қажет.Ал
білімнің бастауы , тұтқасы мұғалім.
2-оқушы.
Банкир болғым келеді . Өйткені дамыған бай мемлекет болу
үшін қаржы бірнші мәселе болып табылады . Банкілік қызметте
жаңа өзгертулер енгізіп , тың ұсыныстар кіргізсем деймін. Ақшаны
көп табудың жолдарын қарастырып елімнің экономикасын дамытуға үлес
қосар едім .
3-оқушы.
Дәрігер болсам деймін . Мемлекетіміздің дамып , өркендеуі
үшін дені сау азаматтар жұмыс істеуі керек . Елдің болашағы
сондықтан дәрігерлердің қолында .Елім үшін еңбек етер
білікті дәрігер болғым келеді.
4-оқушы.
Ал мен болсам әнші болғым келеді. Қазақтаң ұлттық әндерін
дүние жүзіне таратып , Қазақстанды бүкіл елге паш етсем. Қай ел болмасын
мәдениетінің асқақтығымен танылады . Сондықтан қазақ дәстүрін ән әуезі
арқылы бүкіл дүниеге таратсам деп армандаймын. Роза , Мақпал сияқты
елге танымал әншілердің жолын қусам деймін .
Оқушы :
Жұмсақ мінез жібектер,
Сүттен таза жүректер.
Қасиетті тілектер
Мен жастарға сенемін.
Мен сенемін жастарға
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен жастарға сенемін.
Оқушы :
Менің жастарға айтарым , мемлекет және өздеріңнің ата
- аналарың сендердің сапалы білім алуларың үшін қолдан
келгеннің бәрін істейді.
Сондықтан ел алдындағы , аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық .
Ерінбей , жалықпай білім алыңыздар.
Жұмыс істеуді үйренейік .Қоғамымыздағы бар жаманат атаулыдан
жиреніп , олармен келіспейтін болыңыздар . Жалған әдеттен
безініңіздер. Ел - болашағы мына сіздердің қолдарыңызда.
Жүргізуші :
Өнер – тарих , өнер - сыр , өнер - мұра ,
Даналардан үйреніп , көптеп сұра .
Ұлт болып бұл әлемге таныласың ,
Ән - биің , ою - өрнек , тілің барда , - дей отырып бүгінгі
« Ұлыдан - ұлағат , ұрпаққа - аманат » атты тарихи -
танымдық сабағымызды аяқтаймыз .
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен - көп рахмет .
Сіздерге Алланың нұры жаусын !
Еңбектеріңізге сәттілік , отбасыларыңызға амандық , елімізге береке
мен бірлік , тыныштық тілейміз .
Ой толғаныс :
Мұғалімнің қорытынды сөзі :
Қымбатты көрермендер , оқушылар !
Сан ғасырлық тарихы бар қазақ елінің ұлы , дана ата -
бабаларымыздың ұлағатты сөздері мен игі істері туралы 45 минут
емес , 45 жыл жырласақ та артықтық етпес еді . Әрине біздің
еншімізге берілген 45 минут ішінде бірқатар ұлы , дана ата -
бабаларымыз , батыр ұл - қыздарымыз туралы тарихи – танымдық білім
алдық деп ойлаймын .
Пайдаланылған әдебиеттер :
1. « Сынып жетекшісі » журналы
2. « Сыныптан тыс жұмыстар » журналы
3. « Мектеп » журналы
4. « Абай елі » кітабы
5. Қазақ энцикплопедиясы
6. « Жұлдыздар отбасы » журналы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz