Біріншісі - шынайы суицид

№ 9 орта мектеп

«Суицизм- қоғам дерті»

Мектеп психологы: Құсайын М. Б

2013-2014 оқу жылы

Ғалымдардың айтуынша суицидтің үш түрі бар.

Біріншісі - шынайы суицид . Оған барған адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз болып жүреді, өлгісі келеді. Нақтырақ айтқанда өмірдің мәнін жоғалтады.

Екінші түрі - жариялық суицид. Өзін-өзі өлтіргісі келгендердің көбі өлместен бұрын өзгелердің назарын өзіне аударғысы келеді. (Мысалы біреумен ренжіссе, қолына суық қару алып, болмаса арқан, жіп ала жүгіріп, «өлем» деуі. )

Үшінші түрі - жасырын суицид. Бұл түрінде адам өз-өзін өлтіру жақсы іс еместігін түсінеді. Бірақ қиындықтан шығар шара, жол жоқ болып көрінгендіктен, өлімге апаратын істерге бас тігеді. (Мысалы: нашақорлық, алкоголизм т. б) .

Қазақстанда кісі өлтіруден өзін-өзі өлтірушілер көп.

Әлем бойынша әрбір 20 секунд сайын бір адам өз өміріне қол жұмсайды. Ал, жыл сайын 1 миллион адам өзін ажалға қияды, сондай-ақ, шамамен 20 миллиондай жан өз өміріне балта шабуға әрекет жасайды. Олардың 8 мыңы - қазақстандықтар, яғни республикада әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қош айтысып жатады. Бір атап өтерлігі - елімізде адам өлтіргендерге қарағанда өз-өзін өлтіргендер саны әлдеқайда көп екен. Халықаралық анықтама қызметінің айтуынша, заман өткен сайын, әсіресе, соңғы елу жылдың ішінде суицид дерті өршіп барады. Мәселен, 1950 жылдан бері әлемдегі суицид оқиғасы 60 пайызға өскен екен.

. Мысалы мен сізге бірнеше мысалдар келтіріп өтейін: айта кету керек, жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің әрбір үшіншісі - қалыпты құбылыс, нақтырақ айтсақ, олар өлгісі келмейді, тек осы әрекеттерімен өздеріне назар аудартқысы келеді. Мамандар мұның өте қауіпті құбылыс екендігін айтады. Өйткені, өз-өзін өлтіруге талпынып аман қалған жасөспірімдердің келесі талпынысы міндетті түрде өлімге алып келуі мүмкін.

(Елде 2005-2007 жылдары кәмелетке толмағандар арасында 1364 өз-өзіне қол салу фактісі анықталып, оның - 887-і қазамен аяқталған. 2005 жылы - 261, 2006 - 274, ал 2007 - 352 суицид тіркелген. )

Қазақстан Дүниежүзі бойынша суицидтен 3-ші орында тұр. Жыл сайын 1 миллион адам өзін ажалға қиса солардың 8 мыңы - қазақстандықтар, яғни республикада әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қош айтысып жатады. Бір атап өтерлігі-елімізде адам өлтіргендерге қарағанда өз-өзін өлтіргендер саны әлдеқайда көп екен. Суцидпен көз жұмғандардың 44% өзіннің өліміне мына адам кіналі деп хат жазып қалдырады. Олардың кіналі деп тапқаны мыналар:

- «барлығы» -20%

- Жақын адамым - 12%

- Бастық - 8%

- Ешкім емес - 4%

Яғни бұл-эгоизм. Артында қалғанды ойламайды, «сол керек!»-деп кек қайтарған болады.

Менің бұл мәселеге қатысты жеке көзқарасым суицид оқиғасы ең алдымен әлеуметтік жағдайы нашар, инфрақұрылымы дамымай қалған, экономикасы мен әлеуеті артта қалған елдерде көп орын алады.

Дұрыс шығар, өзімшілдік рухани құлдырауды білдіреді. Жалпы мемлекетте психо-профилактикалық және психо-гигиеналық орталықтар бар. Олардың ауруханасында адамдарда қозу процесі жүреді өзінің еркінен тыс қимылдар жасайды. Сол кезде дәрігерлер оған күштеп дәрілерін салады соны біраз солай ұстап тәуірленді деп шығарып жібереді. Ал, ғылым бойынша бірде бір психикалық ауру дәрімен жазылмайды. Дәрімен басуды психотрия дейді ал, психотерапевт дегенде ол сөзбен емдейді. Мысалы Россия мен Қазақстанды салыстырсақ сөзбен емдейтіндердің саны 12 екен де, дәрімен емдейтіндер саны біреу екен. Қазақстанда дәрімен емдейтіндер екеу да сөзбен емдейтіндер біреу. Екінші сұрақ бойынша ауыруын жасырған арам өледі.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының мамандары адамдардың өз өміріне қол жұмсауына себеп болатын мынадай факторларды көрсетеді:

1. 1. 2 % -Денсаулығының нашарлығынан

2. 3 % -Қаражат қиындығынан .

3. Өмір сүрудің ауырлығынан- 1. 4 %

4. Құмарлықтан- 6%

5. Отбасы келіспеушілігінен- 18 %

6. Рухани дерттен -18 %

7. 19 %- Жазасын өтеуден жалтару мақсатында осындай қатерлі қадамға барады екен.

Ал өзін-өзі өлтіру фактілерінің 41 % -і неден болатыны белгісіз күйде қалып отыр. Бұл мәселедегі ең күйзелтетіні, суицидтің жасөспірімдер мен жастар арасында көптеп кездесуі.


Ұқсас жұмыстар
Жеткіншек шақтағы дау-дамайдың әсерінен пайда болатын суицид
Қоғамдағы өзекті мәселе суицид
Суицидке бағдарланған адамның негізгі психикалық жағдайлары
Жасыруға болмайтын жағымсыз ақиқат
Жасөспірімдердің өзіне - өзі қол салу мәселесі
Суицид белгілері
Жүректен жүрекке тренингі
Отбасы тәрбиесінде баланың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу
Желтоқсанның қайғысы
Әке үміті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz