Қарама-қарсы мағыналы сөздер: 2-сыныпқа арналған қазақ тілі сабақ жоспары

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы

№ 20 орта мектеп

Ақжігітова Жанар Көшербайқызы бастауыш сынып мұғалімі

Қазақ тілі 2- сынып

Тақырыбы: Қарама- қарсы мағыналы сөздер

Мақсаты: Білімділік:Оқушылардың қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы

алғашқы түсініктерін қалыптастыру; берілген сөздерге қарсы мағынадағы сөздерді тауып айта білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, шығармашылық,

ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Белсенділікке, іздемпаздылыққа, зеректікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: заттар, сызба,

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Кел, балалар, ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай сұрақ болса да,

Таппай оны қоймайық!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. 114- беттегі 4-жатт. оқыту

Сөйлемдегі мәндес сөздерді теріп жаздырып, оқыту

  1. «Бәйге» ойынын ойнату
30
30
30
30: 20
30: 20
30: 20
30: 10
30: 10
30: 10
  1. Оң жақтағы 30. Сөйлем дегеніміз не?
  2. Сол жақтағы 30. Сөйлем неден құралады?
  3. Ортадағы 30. Сөз неден құралады?
  4. Оң жақтағы 20 Мәндес сөздер дегеніміз не? (Мағынасы бір - біріне жақын сөздерді мәндес сөздер дейміз )
  5. Сол жақтағы 20 « Бөпе » сөзіне мәндес сөз тауып айт (нәресте, бөбек)
  6. Ортадағы 20 «Сұлу» сөзіне мәндес сөз айт (көркем, әдемі)
  7. Оң жақтағы 10 « Анасы» сөзіне мәндес сөз айт. (шешесі)
  8. Сол жақтағы 10 «Ағайын» сөзіне мәндес сөз тауып айт ( туыс)
  9. Ортадағы 10 Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтаймыз?

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. Үстелдің үстіне әртүрлі үлкен, кіші, жуан, ұзын, жіңішке, қалың, жұқа заттар қойылады. (қалың кітап, жұқа кітап, ұзын сызғыш, қысқа сызғыш, жуан жіп, жіңішке жіп т. б)
  2. Кестемен жұмыс

Сөз мағынасына қарай үшке бөлінеді

Тілімізде мағыналары бір- біріне қарама- қарсы сөздер болады. Мысалы: ақ - қара, жуан - жіңішке т. б.

3) Ойын «Кім жылдам?» 2 -жаттығудағы мақалды көшіріп жаздыру қарама -қарсы мағыналы сөздерді тауып, астын сыздыру. ( 2 оқушы тақтада орындайды)

4) «Ойлан тап » ойыны 3 - жатт. оқушылар І -ші қатардағы сөздерге екінші қатардан қарама- қарсы мағыналы сөздерді тауып жаздыру.

Тар - кең жас-кәрі

қалың - жұқа кіру -шығу

көшу - қону жұмсақ - қатты

ұзын - қысқа.

5) Сергіту сәті (ұйқасын тап)

-Тақ, тақ, тақ (аяқ тарсылдату)

Айтамыз біз . . . не? (тақпақ)

-Рақ, рақ, рақ (қолды шапалақтау)

Күзде түсер . . . не? (жапырақ)

-Қол, қол, қол (қол бұлғау)

Күзде егін . . . (мол)

-Тоқ, тоқ, тоқ ( партаны тоқылдатады)

Шыбын- шіркей жоқ.

6) «Асық ату» ойыны

- Бұл ойында ортаға бес асық тізіледі. Екі қатардан кезекпен оқушылар шығып, асықты атады. Әр асық нөмірленген, нөмірлі жұмбақ оқиды. Жұмбақтан қарсы мағыналы сөздерді тапқызу.

1) Жазғы киімі жасыл,

Қысқы киімі ақшыл.

2) Күндіз білінбейді,

Түнде күлімдейді. (Ай)

3) Бар ма, жоқ па білмеймін,

Ол жоқ жерде жүрмеймін. ( Ауа)

4) Бірі ащы, бірі тәтті,

Екі ұнтақ, екеуі де ақ. (Тұз бен қант)

ІV. Сабақты қорытындылау (Балалар бүгін біз қандай сөздермен жұмыс істедік?)

V. Үйге тапсырма: 115-б. 5-6 жатт.

VІ. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Қарама-қарсы мағыналы сөздер (антоним): 4-сынып қазақ тілі сабақ жоспары
Мағыналары қарама-қарсы сөздер: қазақ тілі пәнінің ашық сабағы
Сабақ жоспары: Мағынасы қарама-қарсы сөздер
3-сынып қазақ тілі: мағыналары қарама-қарсы сөздер (жаңа білімді меңгерту)
Сабақ жоспары: таңбалары қарама-қарсы сандарды қосу
Көп мағыналы сөздер: сабақ жоспары, әдіс-тәсілдері және бағалау
6-сынып математикасы: Қарама-қарсы сандар бойынша сабақ жоспары
Қазақ тілі сабақ жоспары: Жануарлар - табиғат жаратылысы; жанрлық құрылым, хат пен жарнама құру, тура және ауыспалы мағыналы сөздер
Бастауыш сыныпқа арналған Қос сөздер тақырыбындағы қазақ тілі сабақ жоспары
Оқшау сөздер: 8-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінің ашық сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz