Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы

Алға аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі

Баяндама

Тақырыбы:
«Жаңа технология – сапалы білім кепілі»

Дайындаған:
№ 1 Алға мектеп-бақша мұғалімі
НуртазинаЖ.М

2013-2014 оқу жылы

Жаңа технология – сапалы білім кепілі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру
жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру
мекемедегі ұжымының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық
жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға,
жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Осы жайттарды ескере отырып
қазіргідей жаһандану дәуірінде сабақ үдерісінде жаңа инновациялық
технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырады.
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту,
дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім
берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Білім беруді дамыту негізінде жалпы
оқыту үрдісіне жүктеліп отырған жаңаша талап, міндеттер жоғарғы оқу орны
оқытушыларына да қойылуда. Сондықтан оқытушы іс-әрекетін жаңа талап
тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп
қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық
ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық
технология, білім беру технологиясы.
Осы тұрғыдан өзім жұмыс жасайтын Алға қаласындағы № 1 мектепте әр
сабағымды түрлендіріп, деңгейлеп – саралап оқыту , сын тұрғысынан ойлау
технологиясын қолдана отырып өткіземін. Ойын арқылы сабақты түрлендіре
өткізу тиімді деп ойлаймын.Төменгі сыныптарда сабақ қызықты өту үшін
мынадай ойын түрлерін қолданамын.

Осындай слайд арқылы бала өз ойын суретке қарап отырып айтып жеткізеді.
Бұдан оқушының ойлау, сөздік қоры жетіледі әрі қызығушылығы оянады. Қазақ
тілі сабақтарында сабақты бекіткен кезде семантикалық карта , ребус ,
жоғарғы сыныпта тыныс белгісін ажырату сияқты түрлерін қолданып отырамын.

Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат
баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын
жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман»,-деп
М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз,
құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды
тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған басты
міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Бүгінгі
таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі-жаңа технология негіздері
болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен
жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде
педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиясының
элементін қолдану. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы
өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім
алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс
істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі
қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген
деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Оқытуда мультимедиялық құралдарды пайдалану тимділігі орасан зор.
Сондықтан мүмкіндіме қарай сабақта ақпараттық құралдар мен электронды
оқулықты жиі қолданамын.
Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультемедиялық құралдарда сабақ
кезеңдерінде пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап
көрсетсек, олар:
- Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;

- Тынымдық қабілетін қалыптастырады;

- Этнопедагокикалық тәрбие береді;

- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

- Оқытушының уақытын үнемдейді;

- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді;

Білім беру үдерісіндегі соңғы уақыттарда көп қолданылып,оң
нәтижесін көрсеткен модульдік оқыту технологиясы туралы айтуға
болады.Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес,
оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан
түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны
бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру. Сабақтың қызықты, сапалы өтуі
тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым
Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деген өткен
ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі
әдістері орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Оқушы
санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамыту.
М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше екені
мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс
істеуге, қорытынды жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі өзгені
де бағалай білуге үйретеді.

9- сыныпта М.Әуезовтың «Абай жолы» романын өткен кезде осы технологияның
тиімділігін айта кетсек. Абай мен әкесінің арасындағы кикілжіңді
тараулардан үзінді келтіре отыра түсіндіруге болады. Онда Қодар мен
Қамқаның өлімі, олардың ел алдындағы жазалануын, бірақ оқушыға Қодардың
адалдығын, елінен көшпеу себебін, Қодар мен Құнанбай арасына іріткі салып
жүрген Жексеннің іс-әрекетін, жазықсыз жазаланған әке мен келіні туралы
ашып түсіндіремін.

Қазақтың көне салттары бейнеленген тұстары: Құнанбай мен Бөжейдің
арасындағы туыстықты жаңғырту үшін Құнанбайдың үшінші әйелі Айғыздан туған
Кәмшатты Бөжейге бергенін, Бөжейдің бәйбішесінің балаға дұрыс қарамай,
соңында баланың аурудан көз жұмғанын , көп кешікпей Бөжейдің де дүние
салғанын, бірақ Құнанбай ауылын жаназаға шақырмағанын, осылайша қазақ
салтының әр бөлімде қылаң беретінін модульмен жіті түсіндіремін.

Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру
– ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге
мүмкіндік беретін тиімді жолы болып табылады. Модуль арқылы оқыту
технологиясының өзіндік ерекшеліктері қағидалары, белгілі бар.

Тиімді белгілерінің бірі – оқушының оқу белсенділігі. Бұл
технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде
оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету,
қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттырады.
Сабақ формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар
арасында қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы
өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін,
шама-шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға
және оны жеңуге тырысуына жетелейді.
Модульдік оқыту технологиясының негізі – модуль. Осы технологияны
басшылыққа ала отырып, бағдарламада берілген тақырыптарды логикалық бір
жүйеге келтіріп, модульдерге бөлдім. Бұл модульдік оқытудың негізгі идеясы
– жаңғырту. Оның мазмұны:
1. оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3. оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;
4. оқу әрекеттерінің жиынтығы;
5. нәтижені бағалау
Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:
1. кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу)
2. сөйлесу бөлімі (оқушылардың өзара сөйлесуін ұйымдастыру)
3. қорытынды бөлімі (бақылау, тест)
Қазақ тілі сабақтарында БТС және ҰБТ – ке дайындауда тұлғалас формаларды
оқытудың тиімділігі зор. Мысалы: -да, -де, -та, -те жалғауы жатыс
септігінде және демеулік шылауда бар, әрі сөзі мекен үстеуі , септеулік
шылау және жалғаулық шылау болатынын мысалмен түсіндіремін. – қы, -кі, -ғы
, -гі жұрнағы сын есім тудырушы жұрнақ. ( қысқы кеш) , қалау рай жұрнағы
( оқығым келеді) , сөз тудырушы жұрнақ (тепкі, бұрғы, шалғы). Мен сөзі
жіктеу есімдігі, мен – жалғаулық шылау, Мен – көмектес септігінің жалғауы.
Т.б
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес
дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың
бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға
болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті
тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке
келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар
біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ
барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру,
тиянақтау, пысықтау.
Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы.
Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті
шешеді.
Ойын сабақтың басында өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады,
сабаққа ынтасын арттырады.
Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану
инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу
үрдісінде осындай жаңарған озық тәжірибелерді белсенді пайдалану және
қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Бүгінде
қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз
шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен
инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары
деңгейде болуы қажет. Қазіргі кезде белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз
ету жеткіліксіз. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі
тиіс.Оқушыларды кәсіптік білім алуымен қатар шешендік шеберлігі мен
баяндау жүйелілігі қалыптасқан,өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ
етіп тәрбиелеу керек.
ӘДЕБИЕТТЕР

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау
2. Қазақстан Республикасының Білім Заңы
3. Жанпейісова М.М.. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы
ретінде // Алматы,2006, -4,5 бет
4. Қазақ ұлттық энциклопедиясы ,Алматы // -241б
5. Кәсіби даму мектебі // Алматы, Верена 2007,93-97 б.
6. Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы- педагогикалық
технология көзі. Алматы // 2001. -75б.
7. Білімдегі жаңалықтар // 2007. №4 26-28 б.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану
Бастауыш сыныпта оқыту
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану мақсаты
Интерактивті тақтадан суреттер көрсету
Қазақ тілі
Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды белсенді енгізу
Тақырып - Жұрнақ пен жалғау
Орыс тілінде
Ашық сабақ Ойын сабақ
Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні - бала атқаратын рөл
Пәндер