Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Энергия - болашаққа барар жол
Аты-жөні - Түйебаева Айзада Мухамединқызы.
Мектебі- Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып
оқушысы. Пән мұғалімі - Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Төлеуова Анар
Қаражігітқызы.
Мекен-жайы- Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы,
Баутин кенті, Жағалау көшесі №3 үй.
Үй телефоны 872938 24-5-15.
Болашақ қуаты
Энергия – болашаққа барар жол. Қазіргі шақта Қазақстан - мұнай, газ,
уранға бай қоймаларын иемденуші мемлекеттердің бірі бола тұра, жанармайды
қарқынды түрде қолдану, оның тек таусылып қана қоймай, адамзат пен қоршаған
ортаға үлкен зиян келтіретінін толық меңгерген ел. Осы адамзат болашағын
атом энергетикасынсыз елестету мүмкін емес. Мына әлемді мекендейтін
миллиардтаған жұртшылықтың тұрмысын электр қуатынсыз күні қараң болып отыр.
Қазіргі таңда электр энергиясын күнделікті тұрмысымызға тереңдетіп енгені
соншалықты, онсыз өмір сүре алмайтын халге жеткендейміз. Тіршілігіміздегі
құрал-саймандарымыздың басым бөлігі электр энергиясы жоқ жерде, қоқыс
дүниеге айналады. Ақыл-ойдың арқасында табиғаттың да, тіршілік атаулының да
қожасына айналған адамзат атаулының өмір өзегі энергияға тәуелді болды.
Технология жетістіктерін тойымсыз тұтынған адам баласына табиғат байлықтары
да тарлық етіп отырған сыңайлы. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанның
атом өндірісі тоқырауға ұшырады. Еліміз тәуелсіздігін алып, еңсесін
нығайта бастаған шағында Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен ғасыр
тажалы атанған атом бомбасының сынақ алаңы Семей полигонын жауып, тарихта
тұңғыш рет ерікті түрде ядролық қарудан бас тартқанда, бүкіл әлем
бейбітшіліксүйгіш Қазақстанға үкілі үмітін артты. Содан бері еліміздегі
көптеген компаниялар уранды экспорттау міндетін алға қойды. Қазіргі таңда
санаулы жылдардың ішінде ядролық отын рыногында еліміз көшбасшылық орынға
шығып, уран шығару көлемі бойынша дүние жүзінде алдыңғы орынды еншілеп
келеді. Қазақ жерін қырық жыл касірет құрсауымен құрықтап, ұлы дала кіндігі
– Сарыарқаны сілікпеге салып сілкінткен Семей полигонының ащы зардабын
шеккен қазақ халқының енді бейбіт атомның пайдасы мен игілігін көруге толық
құқы бар. Еліміз атом өндірісі саласын дамыту үшін энергиялық технология
және өте ізденісті қажет ететін ядролық технологияны дамытудың маңызы зор.
2030 жылдарға таман жаһандық энергия қуатын тұтыну көлемі 51 пайызға дейін
артады деген болжамдар айтылуда. Бұл еліміздегі атом өнеркәсіптері үшін
алдағы уақытта орасан зор мүмкіндіктер туғызатындығы даусыз.
«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» –
демекші өткен ғасырда ғылыми техникалық прогресстің арқасында адамзат біраз
табыстарға қол жеткізді. Ия, табиғаттан аларымыз көп, береріміз аз болды.
Бұрыннан пайдаланып келе жатқан мұнай, табиғи газ, көмір сынды нағыз
энергия көздерінің қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің
күн санап артуы бүгінгі таңда адамдарды бей жай қалдырмай отыр. Осыған
байланысты көптеген мемлекеттерде энергия тапшылығы байқалып келеді.
Сарқылмайтын дүние жоқ. Уран да сарқылатын отынға жатады. Әрине, көгілдір
отын және көмірмен жұмыс істейтін стансаларда өндірілетін қуат арзан, бірақ
олардың қоры шектеулі. Мысалы күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы
бола алады. Сарқылмайтын энергия көздері бойынша Қазақстан жан басына
шаққанда алдыңғы қатарда келеді. Сонымен қатар елімізде күн энергиясынан
қуат алатын батареялар өндіретін зауыт салынбақшы. Әрі күн энергиясын
пайдалануға бізде қолайлы жағдайлар бар. Ең оңтайлы шешім де осы сияқты.
Энергия – жұмысты өндіру қабілеттілігі. Энергия күнде, су мен желде,
адамда бар. Энергия бірінен екіншісіне ауыса алады. Мысалы, судың энергиясы
трубинаның көмегімен электр энергиясына айналады. Адамзатқа үйді жылыту,
жарық беру, түрлі механизмдерді жұмыс істету үшін көп мөлшердегі энергия
керек. Бірақ біз қолданатын энергияны өндіру үрдісі қоршаған ортаға зиян
келтіріп, ластайды. Демек, энергия тұтынуды азайту арқылы оны өндіру
қысқартылса, қоршаған ортаға тиетін зиян азайтылады. Энергия ресурстарының
құны күн санап артып келе жатқан заманда оны үнемді жұмсауға төселу
керектігі айтпаса да түсінікті. Статистика мәліметтеріне сүйенсек,
еліміздегі барлық энергия ресурстарының 30-ы тұрғын-үй коммунальды
шаруашылығына жұмсалады екен. Энергия ресурстарын үнемдеп, туған
табиғатымыздың сақталуына үлес қосу үшін аса күрделі техника мен ұзақ
уақыттың қажеті жоқ. Тек әркім өзінің әдеттері мен дағдыларына есеп бере
қараса, энергияны үнемдеудің бірнеше әдіс-тәсілін көруге болады.
Мамандардың айтуынша, энергияны тиімді пайдалана білсек, тұтынып жүрген
энергияның 40%-ын үнемдеуге болады. Кез келген энергия үнемдеу шарасының
қайтарымы бар екені белгілі, дегенмен бұл шараларды жеке-дара жасағаннан
гөрі кешенді түрде орындаса, энергия үнемдеуге жұмсалған 1 теңгенің 5 теңге
болып қайтып келетіні сөзсіз.
Атом энергетикалық стансасы - әрі арзан, әрі беретін қуаты аса зор,
экологиялық жағынан таза атом энергетикасы. Бірақ АЭС – қауіпті энергия алу
жолы, әйтсе де пайдалы жақтары да аз емес. Қазақстанға атом энергетикалық
стансасы қажет. Елімізде атом электр стансасын салу мәселесі талқыланатын
мерзім бірнеше рет кейін шегеріліп, станса салынатын өңірді белгілеудің өзі
талай өзгертіліп, мамандардың өзін шатастыра бастады. Егер Қазақстанда АЭС
салынатын болса, еліміз тоқ көзін ғана емес уранды да үнемдей алатын еді.
Энергетикалық мәселені шешудің бір емес бірнеше түрлері бар. Атомдық,
гидравликалық, газотурбиналық, желдік, т.б. Маңғыстау облысын электр
энергиясымен, жылумен және тұщы сумен қамтамасыз етіп отырған – МАЭК-
Қазатомөнеркәсібі. Өнеркәсіп тарихы Батыс Қазақстандағы пайдалы кен
орындарының игерілуіменен және мұнаймен тығыз байланысты. 1960 жылы
Маңғышлаққа бірінші энергия пойызы келеді. Ал 1962 жылы бірінші ТЭЦ-1
агрегаты енгізген. Сол кезде ең алғашқы тұщы суды өнеркәсіптің буландырғыш
құрылғысы береді. Маңғыстаудың атом энергия комбинаты жеке кәсіпорын
ретінде 1968 жылы 1 шілдеде құрылады. 1973 жылы шілдеде әлемдегі бірінші
және жалғыз жылдам нейтронды атом реакторы – БН-350 іске қосылады.
2017 жылы «ЭКСПО» көрмесін өткізетін еліміз Қазақстан – әлемдік
қоғамдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Біздің еліміз
ғана емес, бүкіл дүние жүзінде энергияның тапшылығы айқын сезіліп жатыр.
Қазақстан тек елде ғана емес әлемдегі ең өзекті, тіптен өмірлік маңызы бар
мәселені көтеріп отыр. Онда баламалы қуатты пайдалану мәселесі қаралып,
нақтырақ айтсақ оның ішінде күн, жел, энергетикалық ресурстар, теңіз, мұхит
ресурстары бар. Мол табиғи ресурстарға қарамастан, балама энергияны дамыту
мемлекетіміздің басымдықтарына жатады. Баламалы қуаттың басты артықшылығы -
сарқылмастығы мен экологиялық тазалығы. Атмосфераға үлкен көлемде зиянды
газдардың бөлінуіне алып келетін мұнай және басқа да қорларды өңдеумен
салыстырғанда, баламалы энергия көздерін пайдалану ғаламшардың
энергетикалық қалпын өзгертпейді. Дүниежүзілік экономиканың көкейкесті
мәселесіне айналған энергия тақырыбы ешқашан аяқталмақ емес. Өйткені
энергия – болашаққа барар жол.
Түйебаева Айзада

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz