Темекінің ағзаға әсері және жастар арасында темекі тұтынуды алдын алу

№3 Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі.

Биология пәні мұғалімі: Айтимова Аяжан Ғайсақызы

Зиянды әдеттердің ағзаға әсері туралы түсініктерін қалыптастыру, қоғамдағы таралу жолдары айқындалып, Салауатты өмір салтының қажеттілігі түсіндіріліп, алдын алу, қарсы күресе білу жолдарын айқындау мақсатында «Темекі-теңдесі жоқ жау» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді. Шара барысында зиянды заттардың құрылымы туралы бағдарламалық карта, бейнефильм және темекінің ағзаға әсері туралы тәжірибелік жұмыстар көрсетілді.

Міндеті: Шылымның адам ағзасына тигізетін әсері туралы мәлімет беру. Өз ағзаларына ұқыпты қарауға үйрену, СӨС қалыптастыруға, тәрбиелеу.

І. Зиянды әдеттер соның ішінде темекі мен ішімдіктің бағзы заманнан -ақ денсаулық пен ақыл -есті тонаушылар деп бекер айтылмаған. Бірақ жас кезінде салауатты өмір шырқын бұзған қай қылығының болашақтағы зардабы туралы кім ойланып жатады?

Олар шылым шеккен, арақ ішкен адамның ғана емес, басқалардың да өміріне зиян тигізеді. Енді кезекті зиянды әдеттер туралы мәлімет -слайдқа кезек берейік.

ІІ. Сонымен зиянды әдеттер адамды адамдық кейіптен айырып, тұқым әулетін кемтар етеді, өздерін қылмысқа итермелейді. Ешкім маскүнем, яки шылымқұмар болып тумайды. Сенің күшті дені сау, сұлу, іскер және бақытты жан болуыңа темекі мен ішімдік кедергі жасайды. Шылым сенің денсаулығың мен жұмыс қабілетіңді ғана емес, сұлулығың мен бақытыңды да жойып жібере алады, енді дайын медициналық тұрғыдан дәлелденген материалға зер салалық (диск қосылады. )

ІІІ. Темекі тартатын адам кез келген ауруға бейім болады, суық тиюден болатын, жұқпалы аурулармен жиі ауырады. Темекі тару өкпенің құылысы мен қызметінің бұзылуына апарып соғады. Өкпенің созылғыштығы нашарлайды, ауа сыйымдылығы азаяды, газ алмасу бұзылады.

Осы жерде сіздерге мысал ретінде мына мақтаны жаққанда қандай күйде болса өкпеде сондай күйде болатынын көрсеткім келеді.

ІY. Келесі кезекте ортамыздағы «Білім» және «Денсаулық» министрлеріне өз ойларыңда жүрген көкейтесті жауап таба аламай жүрген сұрақтарыңызды қоюға кезек береміз.

Енді 8 б сыныбы дайындаған жағдаят көрініспен ары қарай жалғастырамыз.

  • Бұл жағдаятта қазіргі таңдағы өзекті мәселе -жасөспірімдердің шылымға тәуелділігін көрдік. Бұл әр жасөспірімдерге кездесуі мүмкін.
  • Егер сен Ақанның не Аманның орнында болсаң не істер едің?
  • Досың туған күн кешінде сізге бірінші рет шылымды тартып көруді ұсынды? Сіз не істейсіз?
  • Сіздің сыныпқа жаңа оқушы келді. Оның шылыммен әуестігін білдіңіз?
  • Ал анасын қандай күйге түсірді?

Сергіту -тренинг сәті:

«Сен өмірдің тек жақсы жақтарын сезінуге, алуға лайықсың»! Қорытынды.


Ұқсас жұмыстар
Темекінің зияны мен жастар арасындағы алдын алу шаралары
Темекі шегудің зияны: тарихы, ағзаға әсері және жасөспірімдерге тәрбиелік шаралар
Темекінің адам денсаулығына зияны және алдын алу шаралары
Салауатты өмір салты: темекінің зияны және алдын алу
Есірткілердің зияны және жастар арасындағы алдын алу
Темекі шегудің зияны және жасөспірімдер арасындағы алдын алу шаралары
Жасөспірімдердегі темекі, ішімдік пен есірткінің зияны және алдын алу
Дін - тәрбие діңгегі: жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу мен діни сауаттылықты арттыру
Зиянды әдеттердің алдын алу: темекі, ішімдік және есірткі
Ғасыр дерті: темекі, ішімдік, нашақорлық және СПИДтің алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz