Қарлығаш киелі құс

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Орындаған: Тұранова Әсел

Тақырыбы: Қарлығаш киелі құс

Бағыты: Өлкетану.

Жетекшісі: Қасымбаева Зейнеп

Секциясы: Биология

2011ж.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазығұрт ауданы

«Комсомол» жалпы орта мектебінің

9 «А» сынып оқушысы

Тұранова Әселдің

«Қарлығаш киелі құс»-тақырыбында

жазған жұмысына

П І К І Р

«Комсомол» жалпы орта мектебінің 9 «А» сынып оқушысы

Тұранова Әселдің «Қарлығаш киелі құс» - тақырыбында жазған ғылыми жобасы қазіргі таңдағы ең өзекті проблемалардың бірі.

Ол бұл ғылыми жұмысында қазақ жерін мекендейтін қарлығаштың түрлеріне тоқталған. Еліміздегі биоалуандық сақтау қауымдастығы мен құстарды қорғау одағының жұмысы туралы ойы дұрыс жазылған. Қарлығаштың зиянкестерді жойғыш бірден - бір пайдалы табиғаттың адамзатқа берген сыйы екендігін жақсы жазған. Қарлығаштың ұясы және оның емдік қасиеті туралы ойын жақсы жеткізген . Әлемді таң қалдырған “Қазақстан қарлығашы”, қарлығаштың ұясының түрі - бөлімінде тұшымды ойлар жазған. Қала түгіл, ауылда қарлығаштар жоғалып, көкжелектер азайып барады - деп қарлығашты қорғауға алатын құс екендігіне көз жеткізген.

Бұл 9 «А» сынып оқушысы Тұранова Әселдің «Қарлығаш киелі құс» тақырыбында жазған ғылыми жобасы аудандық ғылыми жобалар байқауына ұсынуға болады.

Жетекшісі: Қасымбаева Зейнеп

Аннотация

Зерттеу жұмысында орындаушы қазақ жерін мекендейтін қарлығаштың түрлеріне тоқталған Қарлығаштың зиянкестерді жойғыш бірден - бір пайдалы табиғаттың адамзатқа берген сыйы екендігін жақсы жазған. Адамға үнемі жақын жүретін қарлығаштың, ауылға мүлдем жоламай кету себебін жақсы мысалдармен түсіндіріп жазған. Қарлығашқа ғана емес, қоршаған табиғатқа деген қамқор қасиеттерді жанұя, мектеп, қоғам болып жас ұрпақ бойына сіңіру жолында жақсы еңбек жасаған. Оқушы өзінің ғылыми зерттеу жұмысында өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізген.

Аннотация

В своей исследовательской работе ученик остановился на разновидностях ласточек, которые встречаются на нашей казахской земле. Он хорошо сумел передать, что ласточка является единственным даром природы, который ведёт борьбу с насекомыми - вредителями. С древних времен ласточка живет рядом с человеком. Ученик привел достоверные примеры об отдалении ласточки от человека. О том, что подрастающему поколению надо заботиться не только о ласточке, но и окружающей природе, все: семья, школа, общественность - должны вести большую работу. Свои способности ученик сумел грамотно довести до нас.

The summary

In the research work the pupil has stopped on versions of swallows which meet on our Kazakh earth. He has well managed to tell that the swallow is unique gift of the nature which combats insects - wreckers. Since ancient times the swallow lives near to the person. The pupil has resulted authentic examples about a distance of a swallow from the person. That the rising generation should care not only of a swallow, but also the surrounding nature, all: the family, school, the public - should conduct the big work. The pupil has managed to finish the abilities to us competently.

Жоспар

І. Кіріспе

ҚАРЛЫҒАШ.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Қарлығаш киелі құс

2. Қырымдағы «Къарылгъач ювасы»

3. Қарлығаш ұясының түрі

4. Әлемді таң қалдырған “Қазақстан қарлығашы”

5. «Қанатты достардан» мен неге көз жазып қалдым?

6. Арқа жерінен қарлығаштар ауып кеткен.

7. Қарлығаштар жылы жаққа ұшпай, балапан басып жатыр

8. Қарлығаштың ұясының емдік қасиеті

9. Құстарды қорғайтын дүниежүзiлiк ұйым

10. Қарлығаштың бұзылған ұясы

ІІІ. Қорытынды

Бұлбұлдарға қамқорлықтың мәскеулік үлгісі

ҚАРЛЫҒАШ.

ҚАРЛЫҒАШ -жыл құсы. Мекендеген ортасына қарай далалық, аудандық деп аталады. Елімізде кент, сұр, құз, жар және қосрең қарлығаштары да кең тараған. Қарлығаштар өте ұшқыр. Сұр қарлығаш сағатына 170 км жылдамдықта ұшады екен. Сондай-ақ, жемін де ұшып жүріп аулап, суды да ұшып келіп қалқып іше алады. Олар насекомдармен қоректеніп, әр қайсысы күніне мыңнан аса маса жеп зор пайда келтіреді.
Ұясы- балапандарын қолайсыз жағдайдан және жауыннан қорғайтын шебер жасалынған баспана. Олар жұптарын өмір бойы сақтап, балапандарына екеуі де қамқорлық жасайды. Халқымыз қарылғашты киелі санайды. Құйрығының айыр болуына байланысты ел арасында аңыз әңгімелер бар. Қарлығаш - қазақ ұғымында пейіштің құсы. Білетіндердің айтуынша ән салатын қарлығаштың көмейі қасиетті құран сүрелерін шырқайтын көрінеді. Ауаны қақ жарып, сусылдап ұшатын сүйкімді құсты оқ та алмайды, жебе де дарымайды. Ата- әжелеріміз қарлығашты аулауға болмайды дейтін. Әлдеқалай адам қолына түскен құсты басқалары түтіп жеп қоятын көрінеді.
Қарлығаш - әнші торғайлар тұқымдас жиырма түрлі құстың бірі. Арктика мен Антарктидадан басқа аймақтарда жетпіс тоғыз түрі таралған. Қазақ жерін «қосреңді қарлығаш», «секпілтөс қарлығаш», «жар қарлығашы», «құз қарлығашы», және «кент қарлығашы» деген бес түрі мекен етеді. Өздерінің сыртқы сипатына қарап еркегі мен ұрғашысын айыра алмайсың. Егер ауылға қарлығаш ұшып келсе, ел сол жылдан ырыс-береке, бейбітшілік күтеді. Үлкендер қарлығаштың ұшу қалпына қарап ауа-райын болжайды. Өйткені, күн ашықта биіктеп ұшса, жауын-шашын боларда жер бауырлап зулайды. Ашық аспан астында айқыш-ұйқыш сымпылдап ұшқан қарлығаш өте сүйкімді. Өздері өте епті, сол ұшып жүргенде қорегін, яғни ұсақ жәндікті ауадан аулап жей береді. Өзен-көлдің, бұлақтың үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше алады. Өте самадағай. Сұр қарлығаш сағатына 170 шақырым жылдамдықта ұшады.

1. Қарлығаш киелі құс

Үйіне қарлығаш ұя салған адам оны бұзбайды. Өткен ғасырда жоңғар шапқыншылығында шаңырағына қарлығаш ұя салған үйін жықпаған Төле бидің өнегесі бүгінге жетіп, ел аузында «қарлығаш би», «қарлығаш әулие» деп құрметтеледі. Бұл туралы әр жерде көп айтылады.

Қытайдың Үрімші қаласында Зағыпар Туғанбайұлы атты қандасымыздың «Қарлығаш би» атты жыры сақталған екен. «…Бұл сөзді Көшкінші ұлы Көтібай ақынан бала кезде естіп едім», - дей келіп, «Кейіннен жазып қойдым қалам хаттап, Алды-артына сөз қостым және нақтап» дей келіп, іргесі шайқалғанымен, құстың ұясына бола шаңырағын шайқалтпаған елге деген құрметін қалмақ сардары «мұндай данасы бар елді шабуға батылы бармайтындығын» айтады. «…Бір сөзі мыңға татыр даналардың, Дос түгіл, жау басын иген бабалардың» деп жырлайды. Алыстағы Швейцарияда да қарлығаштың ұясын бұзған адам әулетімен жамандыққа ұшырайды деген сенім бар екен.
Ертеде Дағыстанның баһадүрлері 1 кезекті жорықтың бірінде түнде далаға қонып, ұйықтар алдында туды жерге қадап қояды. Таңертең қараса байраққа қарлығаш ұя салып үлгеріпті. Мұны жақсылыққа жорыған батырлар туды жықпай кейіннен сол орынға Пудахар ауылын салыпты.
Қарлығаш кейбір елдің саяси жағдайға байланысты, елдік рәмізі ретінде де таңдалған. Бұл құсты еркіндіктің символы деп таныған ресейліктер 1905 жылы қазанның 17-сіндегі манифестің жариялануына және мемлекеттік думаның ұйымдастырылуына орай, ресей туының жанында қалықтай ұшқан қарлығаш бейнеленген естелік төсбелгі де шығарған.
Бүгінде біздің елімізде қалада да, ауылда да қарлығаш есімді қыз көп. Қаз қатар тізіле қалған бұла бойжеткен көрсе, «сымға қонған қарлығаштай» деп ақындар теңеу арнаған. «Ақтамақ қарлығаштар, қаракөз қарындастар, гүл болып егілдің де, жыр болып төгілдіңдер…», «Қарлығаш - әннің аты, жырымды айтам, сүйген жар, сүйіскен дос сырыңды айтам!», «Қарлығаш қанатты қасың бар…», «Қасың сенің қарлығаштың қанатындай қап қара», «Ақ қанатты қарлығашым, сен бармаған дала бар, Қанатыңа хат жазамын,

1 - елбасылары

қалқатайға ала бар» деп сызылтқан әндер - қарлығашқа деген ниеттің белгісі. Қарлығаш Ескендір Зұлқарнайынды құтқарған
Ерекше жанашыр жанды «қарлығаштың қанатындай су себелеген» деп дәріптейді. Ел аузында Ескендір Зұлқарнайынды 1 қарлығаш пәле-жала, қауіп қатерден сақтапты деген тәмсіл бар. Қарлығаш екі көзі соқыр боп туған балаларға арнап көкнәрдің сөлін жияды дейді. Ақ қауырсыны мен қара қауырсыны алмасқан қарлығаштың қанаты түнек пен жарықтың белгісі деседі.
Әдетте аққу құсты махаббаттың символы деп білеміз. Ал мына Чехия мемлекеті орналасқан Богемия аймағының тұрғындары да қарлығашты ерекше қасиетке ие деп санайды. Олардың пікірінше қарлығаш қалыңдықты жақсы көреді. Егер бойжеткен қызы бар үйді қарлығаш көбірек төңіректесе, көп өтпей құда келеді деп білген. Некесі жаңа қиылған жас күйеу мен келіншек қарлығаш көрсе, ел-жұрты ешқашан жұбы жазылмайды деп қуанады. Ежелден «махаббат мекені» деп саналатын Францияда жігіт қыздың көңілін баурау үшін оған қарлығаштың ұясына тоғыз күн сақтаған сақинаны сыйлау салт болған. Ал гректер қарлығашты Афродитаның құрметіне жаратылған құс деп таниды. Аңыз бойынша Исида құдайы қарлығашқа айналып күйеу Осиристің денесін іздеп шығады.
Ертеде бір жас жұбайлар болыпты. Ет турап отырған жігіті абайсызда қолын кесіп алса керек. Зайыбы шыр-пыр болып шыбын жаны шығып кетердей асты-үстіне түспей ме? Ықыласына елжіреген күйеуі «қарлығашым менің» деп, келіншегінің ақ тамағынан иіскегенде екеуінің сүйіспеншілігіне ырза болған Құдай тағала қарлығашқа айналдырыпты. Науша құстың ақ тамағындағы болар болмас қызыл ноқат содан қалған деседі.
Қарлығаш туралы аңызды айтып тауысу мүмкін емес. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты қазақтың тұңғыш мульфильмнің шыққанына жарты ғасырға жуықтап қалды. Жастың да кәрінің де көкейіне қонған туындыға деген ықылас әлі күнге дейін ерекше. Біздің ел ғана емес, әлемнің әр түкпірінде қарлығашты айырықша жақсы көреді. Сондықтан сүйкімді құс туралы әрқилы әңгімелер көптеп айтылады. Мына бір аңызға сенсек, ежелде эстон жігітің көркем бір қалыңдығы бар екен. Екі жастың бақытын қызғанған мыстан кемпір бойжеткенді қарлығашқа айналдырып орнына өз қызын өткізіп жіберіпті-міс. Той үстінде әлгі қыз қарлығаш ұшып келіп, нағыз қалыңдық өзі екенін әнге қосып шырқырапты. Мыстан кемпірдің лақтырған дәу балтасы жұдырықтай құстың құйрығын ортасынан осып түсіп, айыр болып қалды дейді эстон аңызы. Содан бері қарлығаш адамдарды айналып-үйіріліп ұшқанымен жерге қонбайтын болыпты. 1932 жылы Эстонияның шағын ауылында үй қалапты. Дәл сол жылы сол үйге бірден 27 қарлығаш ұя салыпты. Тіпті соғыс кезінде көптеген үйлердің күлі көкке ұшқанда, осы үй аман қалған. 1962 жылдан бері қарлығашты эстондар ұлттық құс деп дәріптейді. Эрмитажда гректердің қолынан шыққан бір құмыра бар. Оның сыртында 1 - Александр Македонский

жасамыс ер азамат пен жас жігіт және бозбала үшеуі көктемде оралған қарлығашты ерекше шаттанып, қуанышпен қарсы алған сәттері бейнеленген. Бұл құсты Алманияның ауылдарында Жаратқанның сүйікті жәндігі ретінде құрметтеп, үйді жасын мен от жалыннан қорғайды деп сенген. Ал қораға ұя салса, төл көбейеді. Осы елдің Олденбург аймағында егер қарлығаштың ұясы құлап түссе, дереу қоныс аударуға тырысады. Немесе қарлығаштар аяқасты ұясын тастап кетсе ол да жаман ырым деп саналады екен. Осы Германияда ертеде қарлығаштың келгенін мұнараға шығып бақылап отырған. Алғашқы қарлығаштың келгенін жар салып жариялаған. Қарлығаштың келгенін кейбір ел тойлайтын болған. Халықтың қарлығашқа деген ықыласының артықтығы соншалық, оларды жылы жаққа тырналар арқасына салып жеткізіп, қайтарында ләйлектер қанатының астына паналатып ұшып жетеді деген сөз бар.

2. Қырымдағы «Къарылгъач ювасы»

Әсілі, қарлығаш ләйлектен 1 кейін ең қадірлі, ең айтулы құс деп саналады. Есте жоқ ескі заманнан бері қарлығаш атаулы «үйдің жанды тұмары» деп саналады. Қарлығаш ұя салмаған ауылдың берекесі болмаса керек қой… Ол тек жекелеген үйлерде ғана емес ресми ғимараттарға да емін-еркін ұя салатын бірден-бір құс. Олар ұясын жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына сілекеймен араластырып саз балшықтан өте берік етіп салады. Бар жоғы 9-23 сантиметрлік, салмағы 10-60 грамдық қарлығаш ұясын қырық күн қалайды. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсын, ұлпа, мамық секілді жұмсақ заттардан төсеніш жасайды. Ашық ұядағы жұмыртқа қара теңбілді шұбар, жабық ұядағы жұмыртқа ақ түстң болады. Жылына бір рет ал кейде екі мәрте үштен жетіге дейін жұмыртқа салып балапан өрбітеді. Балапандары адамның шақалағы сияқты, қызылшақа болып туады. Үйіңізге ұя салған қарлығаш балапан шығарса, үйге бақ-береке келеді. Әдетте ұя бұзғанға жақсылық болмайтыны өз алдына, осынау жұдырықтай құстың ұясы күйресе, бір жазда «үйін» жаңадан қалап та балапан басып шығарып үлгермейді ғой.
Кей аңызға қарағанда адамдар үй салуды қарлығаштан үйреніпті. Осы күні сәулет өнері жетіліп, теңіз жағалауы мен жартастарға салынған үйлерді, ғимараттарды қарлығаштың ұясына ұқсатып қалайтын болған. Мәселен Қырымда «Қарлығаштың ұясы» деп аталатын үй де бар. Оны украйн тілінде «Ластівчине гнізо», «Qarilgac yuvasi», «Къарылгъач ювасы» деп атайды. Ай-Тодар кентінде Аврорино жартасының мүйісіне 40 метрлік биіктікке салынған Ялта қалалық кеңесінің ғимараты. Бұл ғимарат сәлет және тарихи ескерткіш ретінде бағалы. Өйткені бұл нысан орта ғасырдағы Белем мұнарасына ұқсатып салынған. Бір қарағанда Италиядағы Триеста қаласының маңындағы Мирамар вилласына да ұқсайды. «Qarilgac yuvasi» Қырымның оңтүстік жағалауының абыройын асырған мақтанышы. Міне жаратылыстың бір кереметі - қарлығаштың адамға ықпал еткені.

1- кей өңірде оны дегелек деп те атайды

3. Қарлығаш ұясының түрі

Қарлығашым келдің бе,
қаршығадан саумысың?
Аман есен жеттің бе,
айыр құйрық нау-құсым?
Оралдың ба, сүйіктім,
екеуің де бармысың?

Көктемде Оңтүстікке алғаш болып қарлығаш пен нәуірзек ұшып келе бастайды. Ерте көктемде нәуірзек пен қарлығаштың келгенін көріп, көңіліміз көтеріліп қалды. Нәуірзекті суретке түсіріп ала алмағанымызға өкініп едік, алайда кешкісін асханадан қарлығаштың ұшып жүргенін көріп, қатты қуандық. Егер қарлығаш көктемде үйге алғаш рет жаңбырлы күні кірсе, ол жылы жауын-шашын көп болып, егіннің бітік шығады. Қарлығаш торғай тұқымдас құс. Олар әнші торғайлар тобына жатады. Олар Арктика мен

Антарктидадан басқа аймақтардың бәрінде кездеседі. Жер бетінде қарлығаштардың 79 түрі тіршілік етеді. Біздің елімізде жар, құз, қос реңді, секпілтөс және кент қарлығашы деген 5 түрі кездеседі. Ауылдың әр жағындағы тіп-тік жарқабақты жағаларда шұрқ тесік індер қараяды. «Бұлар ненің іні болды екен, ә?» - деп ойлана қаласың. Бірақ көп кешікпей, ұшқыр да епті бір құстардың әлгі індерден ұшып шығып және қайтадан кіріп жатқанын көресің. Өзен жарқабағынан тұмсық және аяқтарымен терең ін қазып алғандар, міне, солар, сол үшін де оларды ін қарлығашы деп атайды.

Бұларға ұқсас құстарды қаладан да, ауыл-селодан да кездестіруге болады. Бірақ олардың ұялары басқаша, өздерінің желім сілекейлерімен жапсырған топырақ түйірлерінен жасалған. Міне, осы құстардың барлығы да қарлығаш аталады. Қарлығаштар әр түрлі жерлерде тіршілік етеді, олар бір-бірінен түр-тұрпаты жағынан да, тіршілік ету қалпы жағынан да ерекшеленеді. Бірақ барлығының да қанаттары ұзын, жіңішке және ұш жағы сүйір болып келеді. Қала қарлығашы мен ін қарлығашының құйрығы соншалықты ойық емес, ал қыстау қарлығашының құйрығы екі айыр болады.

Қарлығаш жәндіктерді тек қана ұшып жүріп, әуеде аулайды, жерге тым сирек қонады. Себебі олар жақсы жүре алмайды және өздеріне жерден ұшып көтерілу де қиын. Тіпті суды да ұшып бара жатып тұмсығымен іліп ішеді.

4. Әлемді таң қалдырған

“Қазақстан қарлығашы”

Ғалымдар құстарды ұстап зерттейтін торды «Аран тор» деп атайды.

“Аран торға” кей күндері құс мүлде түспейді, кейде керісінше жүздеп, мыңдап ілігеді. 1974 жылғы 6 мамырда бір тәулікте 12 832 құс, 1977 жылғы 3 мамырда 14 428 құс сақиналанып, әлемнің орнитологиялық 1 бекеттері арасында . Торға түскен құстардың арасынан бір қарлығашты сақиналап, ұшырып жібереді. Сол қарлығашты төрт күннен соң ит арқасы қияндағы Хакасиядан ұстаған орыс орнитологтары кіп-кішкентай құстың тәулігіне 800 шақырымнан астам жылдамдықпен ұшқанын есептеп, таң қалыпты. Бұған дейін оған ешкім баса назар аудармай, “Зерттеліп біткен нысан” ретінде жүрдім-бардым, ат үсті қарайды екен. Сонда ол сағатына 30 шақырымдай жерді ұшып өткен болғаны. Елді елең еткізген “Қазақстан қарлығашы” туралы кезінде бүкіл әлем басылымдары жарыса жазған.

1- құстарды зерттейтін ғылым түрі

5. «Қанатты достардан» мен неге

көз жазып қалдым?

Қарлығаш ерте көктемде туған өлкесіне келіп, үй бұғаттарына ұя салып, балапан басатын. Шіркіндердің тамылжыта сайрағанын айтсайшы! Нәп-нәзік көмейден төгілген әсем әуезді тыңдаудан жалықпайсын-ау, жалықпайсын. Оның жемтігін ұшып жүріп қағып әкететін ұшқырлығына таңдана қарайтынмын, бақшаларды құрт-құмырсқадан арылтатын қасиетін айтсаңшы!

Бүгінде адамға үнемі жақын жүретін сол қарлығаш ауылға мүлдем жоламай кетті. Бауыр басқан, туып-өскен жерінен неге безінді екен, ол шіркіндер! Оны елден айырған лашын құстың екпіні ме екен? Лашын болса да мейлі еді-ау. Ол да төре құстардың бірі ғой. Өкініштісі Қытайдан ба, әлде Ауғаннан ба ауып келген шаруаға зияны шаш етектен алақанат бажылдақ құстан озбырлық көргені болып тұр ғой.

Былтыр, жоқ бұрынғы жылы болса керек біздің үйдің бұғатына қарлығаштар ұя салды. Бірнеше аптадан соң ұядан балапандардың әлсіз шиқылы естіле бастады. Ата-анасы тынбай құрт-құмырсқа тасуға кірісті.

Бір күні алақанаттардың бажылдаған, қарлығаштардың үрейлене шиқыдаған дыбыстарын есітіп, сыртқа атып шықтым. Алғашқыда еш нәрсеге түсінбей: «Неге бұлар осынша шулап кетті» деп зер сала қарасам, өз көзіме өзім сенбей сілейіп тұрып қалдым. Байқасам әлгі алақанаттар ұядағы сары ауыз шақалақ балапандарды шетінен бір-бірлеп тырбаңдата шиқылдатып алып кетіп жатыр екен. Кейбірі балапандарына арашаламақ болып зар илеген қарлығаштарды қақпайлап жолатар емес.

Мен ес жинап көмекке ұмтылғанымша ұяны тып-типыл етті.

Балапандарынан айрылған қарлығаштар екі күндей сай-сүйегіңді сырқыратар жоқтау зарын төкті де, үшінші күні ізім-қайым жоқ болды. Сол сол екен, қарлығаштар туған өлкесіне былтыр да, биыл да мүлдем жоламай кетті.

«Қанатты достардан» біз осылайша көз жазып қалдық.

Уақыт өткен сайын асылдарымыздан бірте-бірте көз жазып қалып жатырмыз. Таңданарлығы сол: біз оған өкінбейміз де, өйткені мұндайға етіміз үйренген.

6. Арқа жерінен қарлығаштар ауып кеткен.


Ұқсас жұмыстар
Құстар - көктем жаршысы
Құстар. мектеп алды даярлық сынып
Бозторғайдың жұмыртқалары
Құстар әлемі және ата-баба дәстүрі
Тақырып - Құстар бізде қонақта
Қарлығаш әулие
Тәрбие берудің табиғат қорғаудағы ұлттық негіздері
Құстардың көктемгі тіршілігі. дүниетану - ашық сабақ
Наурызкөже
Құстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz