Сахароза молекуласының құрылысы

Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
«Сәулет» ОЖББ мектеп-гимназиясының
І санатты химия пәні мұғалімі
Гумарова Жемис Муратовна
Дисахаридтер. Сахароза.
10-сынып.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Дисахаридтердің өкілі - сахарозаның құрылысы мен химиялық қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру арқылы көмірсулар туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып химиялық реактивтармен жұмыс жасау дағдыларын, зерттеу, салыстыра білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Топтық жұмыстану арқылы ұжымдық қарым-қатынасқа баулу, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты талдау.
Сабақтың әдісі: Проблемалық жағдаятты шешу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Ойланайық - есептер шығарайық:
№1. Массасы 45г глюкозаны толық тотықтыру үшін ауаның қандай көлемі (қ. ж. ) қажет (ауадағы оттектің көлемдік үлесі 21%) ? (Жауабы: 160 л)
№2. Глюкозаның спирттік ашуы нәтижесінде 55, 2г этанол түзілді. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнім шығымы 80%-ті құрады. Реакцияға түскен глюкозаның массасын анықтаңдар. (Жауабы: 135 г)
№3. Фотосинтез процесіне 134, 4 м 3 (қ. ж. ) көміртек (ІҮ) оксиді жұмсалған болса, оттектің қандай көлемі (қ. ж. ) бөлінеді және глюкозаның қандай массасы пайда болады? ( Жауабы:134, 4 м 3 , 180кг)
ІІІ. Жаңа тақырыпқа ену:
- №4. Бұл затты жасанды бал синтездеуге пайдаланады. Қант қамысының құрамындағы оның массалық үлесі 26% -ды құрайды. Ағза үшін негізгі энергия көзі болып табылады. Оның құрамындағы көміртектің массалық үлесі 42, 11%, сутектің - 6, 43%, оттектің - 51, 46%. Бұл заттың молекуласы глюкоза молекуласынан 1, 9 есе ауыр. Белгісіз заттың формуласын анықтаңдар. (Жауабы: С12Н22О11-сахароза) .
? Сахароза қосылыстардың қандай тобына жатады?
? Сахарозаның құрамы көмірсулардың жалпы формуласы сәйкес келе ме?
? Глюкозаға тән функционалдық топтар сахарозаның құрамында бар ма?
- Оқушылар топтарда сахарозаның құрамындағы альдегидтік және спирттік топтарды анықтауға арналған зертханалык тәжірибелер жасайды. Сахароза мен жаңа дайындалған мыс (ІІ) гидроксидінің әрекеттесуінен пайда болған ашық көк түсті ерітінді сахарозаның құрамында спирттік топтар бар екендігін дәлелдейді. Одан әрі қыздыру қызғылт түсті тұңбаның түзілуін болдырмайды да альдегидтік топтың жоқ екендігін білдіреді. Яғни, сахароза мен глюкоза молекулаларының құрылысы әр түрлі.
ІҮ. Жаңа тақырыпты талдау:
Проблемалық сұрақтың туындауы: Сонда сахарозаның құрылысы қандай болғаны және соған байланысты ол қандай химиялық қасиеттер көрсетеді?
Әрі қарай топтардың жұмысы жалғасады:
І топ - оқулық бойынша сахарозаның құрылысымен
ІІ топ - оқулық бойынша сахарозаның химиялық қасиеттерімен танысады және ойларын
ІІІ топ - оқулық бойынша сахарозаның изомерлерімен ортаға салады;
ІҮ топ - үш топтың түсіндіруінен кейін сахарозаның алынуымен таныстырады (алдын ала дайындаған презентациялары бойынша) .
Сахароза молекуласының құрылысы
Сахароз молекуласы екі түрлі моносахаридтің - α-D-глюкоза мен β-D-фруктозаның қалдықтарынан құралған. Глюкоза мен фруктозаның молекулаларының арасындағы байланыс осы екі молекуланың гликозидтік гидроксил топтары арқылы жүзеге асады:
Бос күйіндегі циклденген глюкоза молекуласындағы гликозидтік гидроксил тобы альдегидтік топқа айнала алар еді. Бірақ, сахароза молекуласын құрағанда глюкозаның гликозидтік гидроксилі бұзылып, тотықсындандырғыш қасиеттеріне айырылады. Сондықтан, сахарозаның құрылысына қарап, ол альдегидтік тобы жоқ, яғни тотықсыздандырмайтын көмірсу деген болжам жасаймыз.
Химиялық қасиеттері
Тотықсыздандырмайтын көмірсулардың химиялық қасиеттері тек қана спирттік (гидроксилдік) топтармен анықталады:
- Тәжірибеде дәлелденгендей, сахарозаның ерітіндісі мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттескесіп, ашық көк түсті мыс (ІІ) сахаратының ерітіндісін түзгені оның көпатомды спиртке жататынын көрсетеді.
- Этерификация реакциясы жүреді:
С 12 Н 14 О 3 (ОН) 8 +8(СН 3 СО) 2 О → С 12 Н 14 О 3 (СН 3 СОО) 8 +8СН 3 СООН
Сонымен қатар сахароза оңай гидролизденеді:
- С12Н22О11+Н2О → С6Н12О6+ С6Н12О6
глюкоза фруктоза
Сахароза жанады не күйеленеді:
- Жануы. Катализатор - литий тұздары. Литийдің тұздары мысалы, темекі күлінде болады (тәжірибе жасау) :
С 12 Н 22 О 11 + 12О 2 → 12СО 2 + 11Н 2 О
- Күйеленуі. Сахарозаның күйеленуі қатты қыздыру нәтижесінде немесе су тарттқыш заттардың әсерінен болады («Химиялық пирог» тәжірибесі) :
Н 2 SO 4
С 12 Н 22 О 11 → 12С + 11Н 2 О
Сахарозаның изомерлері
- Лактоза (сүт қанты) . Молекуласы глюкоза мен оның изомері галактозаның қалдығынан құралған. Гидролизденгенде глюкоза мен галактоза түзіледі:
С 12 Н 22 О 11 + Н 2 О → С 6 Н 12 О 6 + С 6 Н 12 О 6
глюкоза галактоза
- Мальтоза. Табиғатта бос күйінде кездеспейді. Бұл дисахаридті крахмалдан алады. Гидролизденгенде глюкозаның екі молекуласын түзеді:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz