1001 мақал, 101 жұмбақ: мақал-мәтелдер мен жұмбақтар арқылы балалардың тілдік және танымдық қабілеттерін дамыту

Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ»

Мақсаты: балалардың танымдық қабілетін арттыру мақсатында мақал-мәтел және жұмбақтармен таныстыру. Оқушылардың ақыл-ойын, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту. Білімдерін жетілдіре отырып, қызығушылық қабілетін арттыру, білімділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Өту барысы:

1. Таныстыру

2. Мақалшылар сайысы

3. Жұмбақшылар сайысы

4. Қорытынды

Кіріспе

-Балалар, бүгінгі «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы жарыс түрінде өтеді. Ол үшін «Мақалшылар» және «Жұмбақшылар» болып екі топқа бөлінеміз.

Топтар өздерін таныстырады.

1-тур. Мақалшылар бір-біріне мақал айтады, іліп әкете алмаған оқушы ойыннан шығады.

2-тур. Оқушылар бір-біріне жұмбақ жасырады, жұмбақтың шешуін көп шешкен бала жеңімпаз болады.

3-тур. Екі жеңімпаз мақал айтады, екіншісі жалғастырады, жұмбақшының жасырған жұмбағын қарсыласы шешуі тиіс.

Мақалшылар жарысы. Тіл ширату, ойыншылар кез-келген тақырыпта бірін-бірі қайталамай мақал айтулары тиіс.

  1. Ақылды адам айтқызбай білер,

Ақсұңқар қаққызбай ілер

2. Адал еңбек аздырмас,

Арамдық бойды жаздырмас

3. Адам қатесіз болмас,

Көл бақасыз болмас

4. Қатты жерде қақ тұрар,

Қайратты ерге бақ тұрар

5. Сөзің қысқа болсын,

Қолың ұзын болсын

6. Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,

Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа

Жұмбақшылар сайысы.

1. Жеген асы желкесінен шығады.

(Сүргі)

2. Бір аяқты,

Жалғыз басты.

Бастан ұрсаң жүреді,

Жүрген сайын кіреді.

(Шеге)

3. Арқасында азығы бар, бауырында қазығы бар.

(Үстел)

  1. Он, он бесі жиылды, бір белдікке буылды.

(Сыпырғыш)

  1. Оқу - білім бағдары,

Заманының бағбаны.

(Ұстаз)

4. Қорытынды.

Екі жеңімпаз мақал айтады, екіншісі жалғастырады, жұмбақшының жасырған жұмбағын қарсыласы шешуі тиіс.

Мақал:

  1. Арқанды ат . . . (қазығына оралар)
  2. Жылы- жылы сөйлесең, . . . (жылан інінен шығар)
  3. атпаз көрген ат таныр,
  4. Ұстаз көрген . . . (хат таныр)
  5. Ұстазы талантты болса,

Шәкірті . . . (талапты болар)

Жұмбақ:

  1. Бір атым бар,

Құлын болып тумаған,

Құнан болып өспеген. (Велосипед)

  1. Жылға десем, ақпайды,

Жылан десем шақпайды. (Арқан)

  1. Сұлық жатыр ақ дала,

Сирек жортқан аң ғана.

Көтеріп бір аяғын,

Қаздарым тұр аулада. (Қыс)

  1. Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (Ұстаз)

5. Күн ысып,

Су жылынып,

Егін басы тұр иіп.

Жеміс тердік бақшадан,

Жеңімізді түріп. (Жаз)

Жеңімпаз оқушыға мақтау қағаз беріледі.

Ақынмын деп мен қалай мақтанамын,

Халқымның өз айтқанын қайталады.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын, - дегендей, халқымыздың сөз маржандарын бүгінгідей жиындарда қайталап, зердемізге тоқып үлгі алайық. «Құнды сөз құнарлы ойдан туады», дана халқымыздың сөз өнерлері өмірлеріңізге шамшырақ болсын!


Ұқсас жұмыстар
1001 мақал, 101 жұмбақ: мақал-мәтелдер мен жұмбақтар арқылы тіл байлығын дамыту сайысы
Табиғат тақырыбындағы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар сабағы (1001 мақал, 101 жұмбақ)
1001 мақал 101 жұмбақ: мақал-мәтел мен жұмбақ арқылы ана тілі дағдыларын дамытуға арналған сайыс сабағы
1001 мақал, 101 жұмбақ: Табиғат қорғауға арналған география пәні сайысы
1001 мақал 101 жұмбақ және Тапқыр достар ойындық сабақтарының мақсаты мен жоспары
4-сынып оқушылары арасында 1001 мақал, 101 жұмбақ жарысының мақсаты, мазмұны және ұйымдастыру тәртібі
Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар: айырмашылығы мен ұқсастығы, шығармашылық қабілетті дамыту
Балалар әдебиеті: мақал-мәтелдер мен жұмбақтар тақырыбындағы практикалық сабақ жоспары
Жаңылтпаштар, жұмбақтар және мақал-мәтелдер: тренинг сабағының жоспары мен әдістемесі
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ: мақал-мәтел мен жұмбақтар негізіндегі интеллектуалды сайыс сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz