Информатика әлемі кеші

Ақтөбе обласы, Ақтөбе қаласы №40 қазақ орта мектебінің математика-информатика пән мұғалімі
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Информатика әлемі» кеші.
Мақсаты: Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру,
шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау, мұғалім қаумын
құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сыныптан тыс
1-жүргізуші:
Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған информатиканы сүюші қауым!
Бүгінгі біздің «Информатика әлемі» атты кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Ұстаз, ұстаз!
Ардақты да құдіретті бұл есім
Үнемі сен жүрегімнің түкпірінде жүресің
Тұлғаң сенің тұрады менің көз алдымда әрқашан,
Қасиетті әр сөзіңнен нәр қосам.
1-жүргізуші
Ұстаз, ұстаз!
Сен көрсеттің білім жолын іздеген
Жүріп кеттім мен де алға
Сен көрсеткен ізбенен
Талай ғалым, талай ақын
Қанаттанды өзіңмен,
Дүние сырын таныды олар
Сенің айтқан сөзіңнен.
2-жүргізуші
Телефонға жүгіреміз,
Теликке ылғи үңілеміз,
Бұл заманда адамдардың
Интернетпен ғұмыры егіз.
1-жүргізуші
Қалам ұстау ұмыт қалды,
Емейлдер құрық салды,
Өмір - құйын, көре алмаймыз
Түсімізде де тымық таңды.
2-жүргізуші:
Кешімізге арнайы дайындалып келген ‘‘Информатика әлемі’’ жайында менің
білетінім, айтарым бар деп отырған мектебіміздің белсенді оқушысы.
7а класс оқушысы Шаймағамбетова Инабат қарсы алыңыздар.
Ән: жан гүлім
Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21-ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын ол тастайды
Қ-сы
Информатика әлемі,
Неткен ғажап әсерлі.
Шыққан сонау ертеден,
Орын алды көңілден
Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды
Информатика озады бар ғасырды
Ой түйіндеп, жетелейді адамдарды
Әлі ашылар құпиялар сан- сан қырлы
2-жүргізуші
Өмірді іспен өлшейміз,
Қадірлеп құнын жеңістің.
Мақсатқа берік сұлтандар,
Келеді сонда жеңіс күн.
1-жүргізуші
Сенімнің күші бір ғажап,
Қопарар заңғар тауды да.
Ұмытылар сонда түрлі азап,
Ұмтыл тек алға, қалғыма.
2-жүргізуші
Қиындықтардан бүгілмейміз,
Үмітімізді сенім баптасын,
Ашамыз сонда түбінде,
Информатика қақпасын.
1-жүргізуші
Интернетте құстай ұшып самғаймыз,
Көп елдің арасын біз жалғаймыз.
Миллиондар ұшып жатыр күнбе-күн,
Біз сұлтандар осы лектен қалмаймыз.
2-жүргізуші:
Ұстаз!
Осы сөзде қаншама ұлылық бар?
Жүрегінде маздаған жылылық бар
Ол сен үшін тер төккен бекзат қауым
Ұстаздығы сан сырды ұғынып қал.
Мен мәңгі қарыздармын ұстаз саған.
Құдіретіне бас имей қалған ба адам.
Мінезіңе байсалды ғашық болып,
Мен де өзіңдей болуды армандағам.
1-жүргізуші: Келесі кезекті тележарнамаға берелік. Олай болса назар аударайық .
Сыныптағы компьютер-
2-жүргізуші: адамдарды өзіне басындырған әлжуас
1-жүргізуші: Жүйелік блок-
2-жүргізуші: бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми
1-жүргізуші: Монитор-
2-жүргізуші: өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін
құртатын жалмауыз
1-жүргізуші: Пернетақта-
2-жүргізуші: саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ
деп мүлде айта алмайтын, иә-ні қолдап қайталайтын
береген .
1-жүргізуші: Тышқан-
2-жүргізуші: пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын,
қорқақ компьютердің кенже баласы
1-жүргізуші: Джойстик-
2-жүргізуші: тышқанның ең жақын туысы
1-жүргізуші: Принтер-
2-жүргізуші: стипендия алғанда ақшаңның тең жартысын бақилыққа жіберетін апан.
1-жүргізуші: Скайнер-
2-жүргізуші: принтерден асып түсетін мешкей.
1-жүргізуші: Үйрену керек бәрін де-
Ақпараттық заманың!-демекші сахнада
7а класс оқушысы Бауыржанова Әселді тамаша әнмен қарсы алыңыздар
Әні: (балалық шаққа саяхат)
Ақпараттану күнбе-күн
Өрге басып келеді.
Таппай іздеп жүргенің
Компьютерге енеді-
Қ-сы
Интернетке қосылу
Бір-ақ жұмыс керегі!
Барлық пәндер жазылып,
Дискілерде тұрады,
Кезекпенен ағылып
Экранға шығады
Тілін білген мамандар
Қырын, сырын ұғады!
Қ-сы
Компьютер-сенің көмекшін
Қаламын, әрі қағазын!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
1-жүргізуші: Ал достар ғылымдардың ғылымы әрбір істі шешуге көмектесуші, қызық та ғажап әлемге саяхат жасайық
2-жүргізуші: Ортаға мектебіміздің «Көңілді тапқыштар клубын » шақырамыз.
- Бимен шығады:
- Әзіл айту.
- менін компьютерім бузылып калды
- кай жері?
- білмеймін. Кейбір программаларды ашпай тур.
- Онда есігін тыкытып кор, ашатын шығар
Біреу буреуден:
-Айбек тырнақ алатын бар ма? десе
-Менде жоқ интернеттан корсей- деп нифтему жауап бере салыпты.
Жарнама
-кеше жарнамадан көрдім, «Әсел дура!» деп жазып қойыпты,
Қызық екен….
-ақмақ дұрыстап оқысаңшы, онда «Дураасель» деп жазған!
- «Қазан, (5 л) қап-қара күйе» табылды. Орнату керек пе?
Билл өз атына қосымша титуль (лақап ат ) қосып алыпты.
Енді оның аты- Де Билл Гейтс деп айтылады дейді.
Телефоннан дауыс:
-Сіздерде тышқан бар ма?
-жоқ
-Қашан болады?
-Білмеймін:
-Бұл компьютер дүкені ме?
-жоқ, пәтер . . .
Өлгеннен кейін Бил Гейтстын жаны карзинаға түседі.
- Ән мен билеп аяқтау. (Жетіқарақшының орындауында Буратина әуенінде)
Айдан хабар алғызған
Зәулім үйді салғызған
Теңіз суын каналмен
Шөл далаға барғызған
Желі тартып жолдармен
Жылдам хабар алғызған
Фи-зи-ка-да, физикада
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген
Бар ғылымды сыйдырып
Білетіні көп бізден
Жаңалықтың жаршысы
Жұртты елең еткізген
Ин-фор-ма-тик информатик
Табиғат сырын аштырған
Тоқпен қазан астырған
Миллион гектер астықты
Комбайнмен бастырған
Ойлап тауып жолдарын
Артық берген жоспардан
Фи-зи- ка -лау физикалау
Ин-фор-ма-тик информатик
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz