Қазақ тілі. Ағылшын тілі

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Әлжанова Бақыт Қонысбайқызы
Тақырыбы: Тәуелсіз елім - тірегім
Мақсаты: 1) Оқушыларды Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу;
2) «Отан», «Тәуелсіздік», «Әнұран» туралы кеңірек ұғым беру;
3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалу және білімдерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: интеллектуалды шоу
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану.
Көрнекілігі: еліміздің туы, әнұранның сөзі жазылған плакат, Президенттің суреті, «Қазақстан» энциклопедиясы.
Кіріспе бөлім.
Әнұран орындалады.
Мұғалім: Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Тәуелсіз елім - тірегім» атты ашық сынып сағатын өткізіп отырмыз. Ең алдымен сайыскерлерді таныстырып кетейін.
Сайыстың шарттары:
- Мақал-мәтел айту
- Бәйге
- Тіл-өнер
- Жеті жұмбақ
- Оратор
Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың сөзі: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті. »
Туған жердей жат жердің болмайтыны - ақиқат,
Оған көңілің ешқашан толмайтыны - ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны - ақиқат, - деп сайысымызды бастаймыз.
І бөлім. Мақал-мәтел айту. (Туған жер, Отан, батыр, ерлік туралы өздеріңіздің дайындап келген мақал-мәтелдеріңізді айтыңыздар)
Ән: «Отан» Орындайтын: Амитова Назерке.
ІІ бөлім. Бәйге. (Сұрақ-жауап)
- Біз қандай мемлекетте өмір сүреміз?
- Мемлекетіміздің астанасы қай қала?
- 16-желтоқсан қандай күн?
- Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
- Тудың авторын атаңыз.
- Елтаңбаның авторы кім?
- Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?
- Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды?
- Ұлттық валютаны айтыңыз
- Биыл Ата заңға неше жыл?
- Қазақстанның мемлекеттік, ресми, халықаралық тілдерін атаңыз
- «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан жастарды білесіз бе?
- «Желтоқсан оқиғасы» туралы не білесіз?
- Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
- Қазақтың атақты ұлы ақындарын атаңыз.
- «Желтоқсан оқиғасы» туралы жазған қандай ақынды білесіз?
- Республика күнін айтыңыз
- Алматыдағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз?
- Республикамыз 12 жылда қандай жетістіктерге жетті?
- Президенттің халыққа жолдауы туралы не білесіздер?
«Қазақ биі». Орындайтын: қыз балалар.
ІІІ бөлім. Тіл-өнер.
- Ер елінде . . . жерінде (гүл - цветок - flower)
- Ер туған жерінде, . . . . тоңған жерінде. (ит-собака - dog)
- Туған жердің . . . . да болысады. (тас-камень-stone)
- Отаның . . . . . бесігің. (алтын-золото-gold)
IV бөлім. Жеті жұмбақ. (7 пәннен сұрақтар қойылады)
- Тарих. 1986 жылы болған «Желтоқсан оқиғасының» болу себебі?
- Қазақ тілі. Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған.
- Әдебиет. (5 асыл іс, 5 дұшпанды атаңыз)
- Ағылшын тілі. Сөйлемді аудару. Мен Шалқар қаласында тұрамын.
- Орыс тілі. Сөйлемді аудару. Мен туған туған жерімді жақсы көремін.
- Математика. 04. 06. 1992 сандары нені білдіреді?
- Жаратылыстану. Қазақстан қай материкте орналасқан және шектесетін мемлекеттерді атаңыз.
V бөлім. 1. Отан үшін отқа түс күймейсің. (Б. Момышұлы)
2. Өз елім - өлең төсегім. (мақал)
Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау.
Мұғалім:
Тәуелсіз Қазақстан - ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын. Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! - деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz