Жылқы мәтінін оқу

Жылқы. С. Мұқанов. Қазыбаева Рыскүл Мұратқызы. Шымкент қаласы №84 Циолковский атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Жылқы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: С. Мұқановтың «Жылқы» мәтінінің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
2. Дамытушылық: С. Мұқанов жайлы мағлұмат беру. Мәтін бойынша таным-дық тапсырмалар беру арқылы, өз ойларын тұжырымдап жеке, топта айта білуге, көп ізденуге, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын ірікпей еркін айтуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Төрт түлікті күтіп, баптауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: С. Мұқановтың портреті, жылқының суреттері, жыл-қының мүсіні.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топпен жұмыс, эвристика-лық.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
ә) Серпіту сәті.
Көктем келді, еліме
Көктем келді, жеріме
Бақыт, байлық тілейміз
Бүкіл қазақ еліне
- Бір-біріне тілек айту.
- Үй жұмысын сұрау.
«Ара мен шыбын» мәтінін ролге бөліп оқыту.
- Шыбын араға қандай өтініш айтты?
- Ара неліктен бірден келісе алмады?
- Қонақ күтуге шыбындардың дайын еместігі жөнінде мәтінде не делінген?
- Қонақ күту рәсімдерін әңгімелеу
- Төрт түлік малға нелер жатады?
Топтық тапсырма
1-топ: Төрт түліктің пірлерін ата?
2-топ: Төрт түліктің төлдерін ата?
3-топ: Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер.
3. Жаңа сабақ
- Бүгінгі сабақта қазақ халқының жанына жақын саналатын қасиетті түлігі жылқымен толық танысамыз.
І Ой қозғау: Нені біліп шығу керек?
- Жылқы жайлы не білеміз: Оқушылар ойы?
- Жылқының жасына байланысты атаулар?
- Жылқының түсіне байланысты атаулар?
ІІ Ой толғау: Нені білгіміз келеді?
Оқулықпен жұмыс
С. Мұқановтың «Жылқы» әңгімесімен таныстыру.
С. Мұқанов туралы мағлұмат беру.
Дәптермен жұмыс
Дәптерге бүгінгі күнді, тақырып жазу
Тірек сөздер ілемін
- бақташы
- қайраттысы
- аттауға
- қос
- түндік
- күштілігі
- асыл
есте сақтау қабілетін тексеру
тірек сөздермен жұмыс.
Оқушылар тірек сөздерді әңгімеден тауып оқып береді.
Әңгімені талдау.
Авторы: С. Мұқанов
Жанры: әңгіме
Азат жол 8.
Жаңа сөз: Қос - шөп, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы атарда бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана.
Топтық жұмыс: «Теңге алу ойыны»
1-топ: Әңгімеде табиғат көрінісі қалай бейнеленген?
Жылқының аналық мейірімі жөнінде не айтылған?
2-топ: Қос деген не?
Жылқы етінің қасиеті қандай?
3-топ: Жылқының терісі жөнінде не айтылған?
Мақан жылқышының сөзі.
Кубизм стратегиясы бойынша тапсырмалар.
1-топ: Қазақ халқы жылқыны неге қастерлеген?
Жылқы жөнінде қандай әңгіме не өлең білесіңдер?
2-топ: Жылқының адамға пайдасы қандай?
Батырлар жырындағы суреттелген аттарды есіңе түсір?
3-топ: Жылқы малына қатысы бар қандай спорттық ойындарды білесіңдер?
Үлкендер неліктен «құлыным», «ботам», «құлыншағым» дейді.
ІІІ. Ой қорыту: Нені білдік?
Бекіту.
«Бәйге ойынын» топ бойынша ойнату.
- Бүгінгі сабақта танысқан жеті қазынаның бірі ---?
- Жылқы атасы -
- Жылқының сүті -
- Жылқының төлі -
- Алпамыстың жылқысы -
- Ақанның жылқысы -
- Жылқыны кім бағады?
- Жылқышының үйі қалай аталады?
- Жылқышы адамның несі -
Бағалау. Үйге тапсырма.
Жылқы мәтінін оқу. Жылқы малы туралы әңгіме жазу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz