№83 А. Байтұрсынов атындағы мектептің 7-сынып оқушылары арасындағы Тарих - ғасырлар куәсі сайыс сабағы: мақсаттары, кезеңдері және бағалау парағы

Игенбаева Динара Маратқызы.

№83А. Байтұрсынов

атындағы жалпы

орта мектебінің

тарих пәні мұғалімі.

Қарасу ауылы

Сайрам ауданы

ОҚО.

Сайыстың тақырыбы: «Тарих- ғасырлар куәсі».

Сайыстың мақсаты:1. Тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын

арттыру.

2. Өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу

3. Тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып,

Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Ерлік туралы қанатты сөздер жазылған плакаттар, сайыстың

жоспары ілінеді.

Сайыстың барысы:

«ХХІ ғасыр мәдениеттің, ғылым мен ақыл-ой бәсекесінің ғасыры болмақ, »- деп президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.

«Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында. Олай болса бүгінгі: «Тарих-ғасырлар куәсі» атты сайыс сабағымызды бастаймыз.

Сайыстың әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1.

2.

3.

І-тур. Таныстыру. (5балл)

ІІ-тур. Сәлемдесу. (5балл)

ІІІ-тур. Танымдық сұрақтар. (5балл)

7 «а»сыныбына:

1. Түркеш қағанатының астанасын ата:

Жауабы:Суяб, екіншісі Ордабасы-Іле бойындағы Күнгіт.

2. Қимақ қағанатының тарихи шеңбері:

Жауабы:ІХ ғасырдың соңы мен ХІ ғасырдың басы.

3. Қарлұқ қағанатының тайпаларын ата:

Жауабы: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін, тухси, фаракия, лазана.

4. Қазақстандағы ең ірі сәулет орындарын ата:

Жауабы:Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб, Айша бибі, Қарашаш ана, Ибрахим ата т. б.

5. Батыс түрік қағанатында 610-618 жылдары қай қаған билік етті?

Жауабы:Шегу қаған.

7 «ә» сыныбына:

1. Батыс түрік қағанатының тайпаларын ата:

Жауабы:Барлық түрік тайпалары: оғыз, қырғыз, ұйғыр, үйсін т. б.

2. Оғыз мемлекетінің астанасын ата:

Жауабы: Янгикент (Жаңа Гузия)

3. Қимақ елінің құрамында жеті тайпа болғандығын жазған ортағасырлық тарихшы:

Жауабы: Парсы тарихшысы Гардизи.

4. Қарахан мемлекетінің негізін кім қалады?

Жауабы: Сатұқ Боғра -хан.

5. Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп кімге табынған?

Жауабы:Ұмай анаға.

7 «б» сыныбына:

1 «. Сардоба» деген қандай құрылыс?

Жауабы: Құдық үстіне салынған ғимарат.

2. Қимақ қағанатының билеушісі қалай аталған?

Жауабы:Қаған.

3. Оғыз жабғуы Киев кінәзі Святославпен Хазарларға қарсы қай жылы одақ құрды?

Жауабы: 965 жылы.

4. Жанып тұрған оттың арасынан өткен Византия елшісі:

Жауабы:Земарх.

5. Қарлұқтардың Ұйғыр қағанатына қарсы күресі қанша жылға созылған?

Жауабы: 20 жылға.

7 «в» сыныбына:

1. Батыс Түрік қағанатының құрылған жылы:

Жауабы: 603 жылы.

2. Түркеш қағанаты қанша әкімшілік аймаққа бөлінді?

Жауабы: 20 аймақ.

3. Қарахан мемлекетінің құрылуында басты рөлді атқарған тайпа:

Жауабы: Қарлұқ тайпасы.

4. Найман ханы Білге қайтыс болған соң, билік үшін таласқан кімдер?

Жауабы:Бұйрық хан мен Даян хан.

5. Керейіт хандығының құрамына қанша аймақ кірген және оларды ата.

Жауабы: 8 аймақ:керейіт, жиркиы, қоңқай, сақай, тутау, албат, тунхай, қыркун.

ІV-тур. Көрініс. (10балл)

V-тур. Өнер сайысы(ән, би, күй. ) (5балл)

VІ-тур. Топ басшылар сайысы 5сұрақ қойылады. (10балл)

7 «а» сыныбының топ басшысына:

1. Айша- бибі кесенесі қай облыстың территориясында орналасқан?

Жауабы: Жамбыл облысы.

2. «Диуани - лұғат -ат-түрік» еңбегінің авторы кім?

Жауабы:Махмұд Қашғари.

3. Қ. Р. Конституциясы қашан қабылданды?

Жауабы: 1995 жыл 30 тамыз.

4. Түрік қағанатының тарихи шеңбері:

Жауабы: 552-603 ж.

5. Монғолша « найман» сөзі қазақшаға аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

Жауабы: «сегіз».

7 «ә» сыныбының топ басшысына:

1. Арыстан-баб кесенесі қай жерде орналасқан?

Жаубы: Отырарда, Шәуілдір.

2. «Құтты білік» еңбегінің авторын ата:

Жауабы: Жүсіп Баласағұни.

3. Қ. Р. тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды?

Жауабы: 1991 жыл 16 желтоқсан.

4. Қарахан мемлекетінің тарихи шеңбері:

Жауабы: 942-1212 жыл.

5. «Руна» сөзі қазақшаға аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

Жауабы: «Ескі, көне».

7 «б» сыныбының топ басшысына:

1. Ибрахим ата кесенесі қай жерде орналасқан?

Жауабы: Сайрамда.

2. «Диуани хикмет» еңбегінің авторын ата:

Жауабы:Қожа Ахмет Яссауи.

3. Қ. Р. Конституциясы қанша бап, қанша тараудан тұрады?

Жауабы: 98 бап, 9 тарау.


Ұқсас жұмыстар
4-сынып оқушылары арасындағы Елім менің сайысының мақсаттары мен кезеңдері
9-сыныпқа арналған Жеті жүйрік сайыс сабағы: мақсаттары, кезеңдері және бағалау критерийлері
Сөз тіркесі тақырыбындағы сайыс сабақ: мақсаттары, кезеңдері және бағалау
С. Бреусов атындағы жалпы орта мектептің 9-10 сынып оқушылары арасындағы XXI зияткерлік сайыс: құрылымы мен тапсырмалары
Сынып топ басшысы - 5 А сынып оқушылары арасындағы интеллектуалды математикалық сайыс
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы мектептің 10-сынып оқушылары арасындағы Дарабоз интеллектуалдық сайысының кезеңдері мен сұрақтары (2015-2016 оқу жылы)
Химия тұрмыста: 10-сынып оқушылары арасындағы сайыс сабағы
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектептің 2014-2015 ж. 7-сынып оқушылары арасындағы физика-астрономия сайысының өткізу жоспары
Білгір биологтар сайыс сабағы: мақсаттары мен кезеңдері
Тапқыр информатиктер: 2013 жылы өткізілген 7-сынып оқушылары арасындағы сыныптан тыс сайыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz