Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Дене мәдениеті - оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде
Маңғыстау политехникалық колледжі
Тақырыбы:
Орындаған:
Дене шынықтыру пәні мұғалімі-
Асқар Баймұрат Әбілдаұлы
Ақтау қаласы
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас
ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру
мен тәрбие мәселесін гуманистік дәрежеге көтеруші, мәдени құндылықтарға қол
жеткізуші, оны іске асырушы мұғалім. Жаңа ғасыр мұғалімі жаңа нарықтық
экономика заманына сай құзырлы болу үшін үнемі ізденіс үстінде болуы қажет.
Сонымен бірге, білім беру мекемелерінің алдында тұрған
міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын
қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға
және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана
білуге тәрбиелеу.
Жастарды және кейінгі ұрпақты оқытуға, оларға кәсіби білім беруге,
мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекет тарапынан бүгінгі таңда
барынша назар аударылуда. Сондықтан, соңғы жылдары, әлемдік, отандық,
ұлттық негізде кеңінен білім, тәрбие беру міндетіне сай Республикада
ондаған жаңа тұжырымдамалар, бағдарламалар және заңдар қабылданып жатыр.
Бұлардың бәріне ортақ мақсат – ұрпаққа спорттық, әскери-патриоттық
тәрбие беру болып табылады. Заман талабына сай қазіргі уақытта білім
мекемелерінің алдында тұрған басты мақсат – оқушылардың спортқа деген
ынтасын арттыру және ой-өрісін жан-жақты дамыту. Ал, оқушыларды жан-жақты
дамыту дегеніміз – оның дене бітімі жағынан өсіп-жетілуі ғана емес, сондай-
ақ баланың жан-дүниесі байып, рухани өсуі, қабілеті мен бейімділігі
анықталып, ой-өрісі, парасаттылық көзқарастарының қалыптасуы болып
табылады.
Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттау
балалар мен жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал
етеді. Спортпен шұғылдану – дұрыс дене дамуы мен ағзаның жұмыс қабілетін
арттыруға, қозғалыс білік-дағдыларын физикалық жетілдіруіне ықпал етеді,
қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге, Отан қорғауға жақсы даярлықты қамтамасыз
етеді, тиімді кәсіби қызмет үшін функционалдық, әлеуметтік бейімделу және
психикалық орнықтылықты қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттердің қалыптасуын
іске асырады. Салауатты өмір салты, ағза ерекшеліктері туралы білім
жүйесін қалыптастырады, дене тәрбиесі және спортқа баулу негізінде
қайраттылық, төзімділік, жігерлік пен өжеттілік сияқты еріктік қасиеттерін
дамытуды қалыптастырады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру келесі
мақсаттарда көзделеді:
• Жастар арасында салауатты өмір салты құндылықтарын, рухани және
шығармашылық мүдделер басымдықтарын белсенді таратуға көмектесетін
балалар мен жастардың ынталы бірлестіктерін, қоғамдық жастар ұйымдарын
құру;
• Жастар арасында алкоголизм, нашақорлық, токсикоманияның алдын алу және
салауатты өмір салтын тәрбиелеу бойынша профилактикалық жұмыстар
жүргізу;
• Жастар арасында спорт түрлерін дәріптеу үшін спорттық-техникалық
клубтар желісін ұлғайту т.б.
Жеткіншектерге әскери-спорттық тәрбиемен қатар, адамзаттық,
патриоттық қасиеттерін де қалыптастыру керек.
Отанды қорғау әрбір азаматтың парызы. Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеу
– бұл білім берудің мектепке дейінгі жүйесінде, жоғары оқу орны
орталықтарында және басқа да барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады.
Жастарды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің
аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» деген еді.
«Жақсы жігіт он бесінде баспын дейді, жаман жігіт отыз бесінде
жаспын» дейді – деп халық жеке тұлғаның мәдениеттілігі мен елжандылығының
жастайынан - ақ белгілі болатындығын дәлелдеген.
Білім мен ғылымды және тәрбиені өркениетке жетудің төте жолы санаған
Алаш ардақтысы Жүсіпбек Аймауытов «Тәрбиеге әсер беретін - өскен орта және
ата - ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара - бара адамды замандас,
жолдастың азғырып, неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі», - деп
жазған.
Сонымен бірге, «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек,
тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне
қауіп әкеледі», - деп ұлы ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай,
өскелең ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруді жетілдіріп отыру басты парызымыз
деп есептеймін.
Әскери спорттық және патриоттық тәрбие жасөспірімдерді
еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық әскер сапында адал қызмет атқаруға,
азаматтық, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге баулиды. Бала әрдайым
өмірге қызыға қарайды, бәрін үйренгісі келеді, еліне керекті азамат болып
өскісі келеді.
Әскери спорттық және патриоттық тәрбие – жас өренді Отанды қорғауға
ұдайы әзір болуға моральдық, физикалық және дене бітімі жағынан даярлау
болып табылады.
Дене тәрбиесі сабағындағы әскери спорттық тәрбие – еліміздің саналы
және белсенді күрескерлерін тәрбиелеуге, оларды еліміздің игілігіне
жанқиярлықпен еңбек етуге, республикамыздың мүддесін қорғауға, талантты
кадрлар даярлауға жаңа мүмкіндіктер туғызады. Ержүрек, патриот адамды,
табанды күрескерлерді тәрбиелеудің негізі оқу орындарында қаланады.
Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген
ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса
назарда болуы керек. Дегенмен, оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту,
спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа
байланысты.
Дене шынықтыру сабағы кезінде адам организмінің физикалық
мүмкіндіктерін жетілдіре отырып, күштік және жалпы дене жаттығуларын жасату
ең бірінші орында болу керек деп есептеймін.
Сабақта ойын элементтерін қолданып отыру керек. Студенттерге олардың
денсаулықтарына шығын келтірмейтін және олардың организмдері шыдайтындай
жаттығулар жасату керек.
Сабақ кезінде студенттер қозғалыс түрлерін дұрыс орындауға, тіпті
мәдениетті түрде орындауға үйренеді. Бұл – студенттердің физикалық дене
дамуына ғана емес, тұлғалық жеке басының дұрыс қалыптасуына да ықпалын
тигізеді.Сабақ соңында студенттер қозғалыс техникасын меңгеруге, қозғалу
сапасын арттыруға және оны дұрыс орындауға арналған үй тапсырмаларын алады.
Сабақ кезінде айналмалы жаттықтыру әдісін қолданамын. Оның негізінде
мынадай үш әдіс жатыр:
1. Үздіксіз-ағымдық – тапсырманы азғана үзіліс жасап, бірінен соң
бірін орындау. Бұл әдіс қимыл белсенділігін, сапасын кешенді
дамытуға мүмкіндік береді.
2. Ағымдық-үзілмелі – қарапайым жаттығуларды тез арада (20-40секунд)
азғана демалыспен орындау. Бұл жалпы күш шыдамдылығын жетілдіруге
мүмкіндік береді.
3. Қарқынды-үзілмелі – дененің физикалық дайындығының өсуіне
байланысты жаттығулардың бірнеше түрлері қолданылады.
Мұндай әдістерді қолдану барысында студенттердің сабаққа деген нағыз
қызғушылықтары пайда болады. Себебі топ-топқа бөлінген олардың арасында
бәсекелестік пайда болып, жарысу, сайысу қызығушылығы артады. Колледжде
әртүрлі эстафеталық сайыстар , әскери-спорттық байқаулар, дене
тәрбиесі және бастауыш әскери дайындық (БӘД) пәнін байланыстырып қызықты да
тартымды сабақтар өткізіп тұрамыз.
Өзім дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, сонымен бірге, кикбоксинг және
ұлттық спорт «Жекпе-жек» өнерлерінің алғашқы кірпішін қалаушы,
жаттықтырушысы және құрметті президентімін. Жыл сайын осы спорт түрлерінің
элементтерін пайдаланып, ашық сабақтар өткізіп тұрамын. Осы колледждің
студенттерінің біршамасы жоғарыда айтылған спорт түрлерінен менің
шәкірттерім, олардың ішінде чемпиондары да, жүлдегерлері де бар. Мұғалім,
жаттықтырушы болып жұмыс жасап жүрген шәкірттерім де аз емес.
Ашық сабақ кезінде денені қыздыруға арналған қозғалыстағы, жалпы және
арнайы жаттығулардан бастап, күшке, төзімділікке, жылдамдыққа, тыныс алуға
жаттығулар жасатамын. Ұру-тебудің, қорғанудың айла-тәсілдерін көріністер
арқылы шәкірттерім көрсетеді. Соңында студенттер өнерлік көріністерді
тамашалайды, содан кейін студенттерді бағалауға кірісемін.
"Кикбоксинг – ішімдік пен нашақорлыққа және жастар қылмысына қарсы!" ашық
сабағынан көрініс
Осындай қызықты сабақтарды үнемі жасап тұрса, студенттердің пәнге
деген, спортқа деген қызығушылығы артады. Салауатты өмір салтын
қалыптастырып, үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеуді, өзін-өзі қорғай білуді
де үйренеді. Сонымен бірге, студент ұлттық әскер сапына мәдени жағынан да,
әскери-спорттық жағынан да дайын болып барады.
Дене тәрбиесі пәнінде де ақпараттық технологияларды пайдалану мен
оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастырудың мәні зор екенін айтып
кетейін. Қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды,
электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану – студенттердің
білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақта
жаңа технологияларды (мультимедиалық проектор, интерактивті тақта, дербес
компьютер) әрдайым пайдаланамын. Өткізілетін тақырыпқа байланысты спорт
түрлерінің шығу тарихы туралы, спорт түрлері дамыған елдер туралы, қазақтың
ұлттық ойындарының тарихын таныстырып, суреттер, видеороликтер арқылы
үйретуге, спорттың әр саласындағы белгілі спортшылары туралы, олардың өмірі
мен жетістіктері туралы қызықты ақпараттарды жеткізуге болады. Сондықтан да
мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында жаңа
инновациялық технологиялардың тиімді пайдалануды басты назарда ұстауы
қажет. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы
оқитын, спортқа бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық
баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін
еңбек етуін ойластыру деп білемін.
«Спорт тек рекордтар мен медальдарға емес, ол жеңістер арқылы
тәрбиеленетін өскелең ұрпақ үшін лайықты үлгі-өнеге» деп елбасымыз
айтқандай, дене тәрбиесі сабағы кезінде студенттерді талапты болуға,
еңбекқор, адал, батыл, өзін-өзі басқарушылыққа, тапқырлыққа да баулу керек.
Сонымен бірге, олардың алдағы еңбек қызметінде және карьералық жоғарылауына
қажет болатын – табандылық пен жүректілік, байсалдылық пен ұстамдылық,
өжеттілік пен жігерлігі сияқты айрықша еріктік сапалары да дами түседі.
Қорытынды.
Білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты
ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың
жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз
сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды халықтың дәстүр үрдісінде
адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу, дені сау ұрпақ тәрбиелеу дене
тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Олай болса, оқыту мен
тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың
тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше
күнделікті сабақта пайдалануы қажет. Талаптының да талабы жан-жақты болады
немесе талантты жан-жақты талантты болады. Сондықтан да талапты мен
таланттыға дұрыс бағыт беру – мына сіздер мен біздердің қолымызда.
Пайдаланылған материалдар
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Е. Уақбаев. «Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы» ,
Алматы,«Санат», 2000ж.
2. «Қазақстан – 2030» стратегиясы
3.«Қазақстан мектебі» журналы,2009 жыл
4. «Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде».
«Ізденіс-Поиск». 2009, № 2(2) -Б.262-264.
5. Военно-патриотическое воспитание молодежи казахстана на примерах
школьников – героев Советского союза. Кошелец Л.А., учитель истории,
средняя специализированная школа № 25, г.Актобе
6. Жастар өміріндегі патриоттық тәрбиенің орны //Қарағанды мемлекеттік
университетінің хабаршысы. -2003. - №4 (32) - Б.212-215.
7. Отансүйгіштік тәрбие-басты міндет //Қазақстан мектебі. - 2005. - №5-
6. - Б.3-5
8. Серік Шалов «Егемен Қазақстан» газеті. Отанға деген сүйіспеншілік.
Ол неден басталады? 15.10.2008ж.
9. «2006-2008 жылдарға арналған жастарға патриоттық тәрбие берудің
мемлекеттік бағдарламасы».
-----------------------
Бокстан СССР спорт шебері, дене тәрбиесі пәнінен жоғары категориялы оқытушы
– Аскар Б.А.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz