Орыс халқының музыкасы

Сабақтың тақырыбы: Орыс халқының музыкасы
Мақсаты:
Білімділік : Орыс халқының музыкасы және музыка аспаптарымен танысу. Дамытушылық: Қазақ халқының музыкасымен салыстыру арқылы оқушылардың ойлау, тыңдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Орыс халқының музыкасына құрметпен қарауға және достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі :
Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдісі : Түсіндіру, тыңдау, ән айту, би билеу т. б
Көрнекілігі : Орыстың музыкалық аспаптары (бубен, трещетка, погремушкалар, маракастар, балалайка), суреттер, нота тақтасы, сөзжұмбақ, үнтаспа
Сабақтың барысы : «Біз-бейбіт ел ұланы» әнін орындап, оқушылар сыныпқа кіреді. -
Қандай музыка? -Марш! (есік қағылады) -Кіріңіз! (Буратино кіреді) Мұғалім:- О, Буратино, кіре ғой, қайдан жүрсің? Буратино:- Жаңа жолда кетіп бара жатқанымда, балалардың ән айтып жатқанын естіп қалып едім, олар осында ма екен? Мұғалім:- Иә, олар осы сыныпта. Буратино: -Бұл балалар көп біледі ме, мен жолдан мынандай кілттер тауып алдым, бірақ қандай кілттер, нені ашатынын білмей басым қатты. (бірнеше скрипка кілттерді көрсетеді) Мұғалім:-Буратино, бұлардың қандай кілттер екенін білмейсің бе? Буратино:-Жоқ! Мұғалім:- Балалар, бұл қандай кілт, нені ашады? (оқушылар жауап береді) - Ендеше мына тақтадағы сиқырлы ноталарды ашайық, осы кілт ашады ғой деймін. (ішіндегі жылтыраған ерекше скрипка кілтті көрсетеді) Буратино: - Таптым! Осы ерекше кілтпен мына ноталарды ашайық, қалған кілттерді кімде-кім сабаққа жақсы қатысып отырса, соған беріп отырамын, кімде көп кілттер болса, ол жақсы баға алады, келістік пе? Мұғалім:- Жарайды, келісейік пе, балалар? 1-ші нотаны ашайық, қандай нота «ДО»Үй тапсырмасы ( «Ахмет Жұбанов» атты сөзжұмбақ арқылы үй тапсырмасы тексеріледі) - Келесі қандай нота? (Буратино «ми» деп айқайлайды) -Жоқ, Буратино қателесесің, «ре» нотасы. «РЕ»Жаңа сабақ -Қазақстан жерінде әр түрлі ұлттардың өкілдері тұрады. Қазақтар қай халықты болсын жатырқамайтын, кіммен болса да, достық пен сыйластықта өмір сүрген халық. - Біздің жерімізде қандай ұлттар тұрады? (оқушылар жауап береді) -Қазақстанның көршілес қандай мемлекеттер бар? - Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттері бар, бүгінгі сабақтан бастап, көршілес мемлекеттердің музыкаларымен танысатын боламыз. Республикамызбен шектесетін мемлекеттің бірі - Ресей Федерациясы. Біз Ресеймен ғасырлар бойы көршілес тату елміз. Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Орыс халқының музыкасы. Орыстың музыкалық аспаптарымен таныстырып өтейін. (аспаптарды көрсетемін) Балалайка - 3 ішекті, домбыра тәрізді, көлемі жағынан кішкене, шанағы үшбұрыш. Гармонь - тілді, баян тәрізді аспап. Треугольник - үшбұрышты ұрмалы аспап. Бубен - ұрмалы, сылдырмақ аспап. Трещетка - ағаштан жасалған ұрмалы аспап. Свирель - сыбызғы тәрізді, үрмелі аспап. Маракастар - ұрмалы, қасық аспаптар. ( әр аспаптың қалай ойналатынын көрсету және оқушыларға қолдарымен ұстатып ойнату) «МИ» Музыка тыңдау Орыстың музыка аспаптарында орындайтын «Камаринская», «Калинка» атты халық әндерін тыңдау. -Қандай музыкалық аспаптың үндерін естіп тұрсыңдар, музыка көңілді ме? - Қазақтың домбыра аспабында күйші, әрі домбырашы Бақыт Қарабалина орыстың шығармаларын көп ойнаған, (портретінкөрсетемін) тыңдайық. «ФА»Ән орындау - Қазақ халқының әзіл айтыс өнері сияқты орыс халқында частушки айтылады. Алдарыңда частушки әнінің сөзі жатыр, 1 рет оқып шығыңдар. (әнді орындау, не жайлы екенін талқылап, көңілді, ойнақы орындауға үйрету) «СОЛЬ» Би билеу -Балалар, қазақтың «Қамажай», «Қара жорға» халық әндеріне билеп көрдіңдер ме? Орыстың «Во поле береза стояла» әніне билейміз деп биші қыздар қонаққа келді, тамашалайық. (орыстың ұлттық киімін киген қыздар билейді) «ЛЯ»Сабақты бекіту - Балалар бүгін сабақта не өттік? - Қай халықтың музыкасымен таныстыңдар? - Қандай шығармалар тыңдадыңдар? - Орындаған частушки ұнады ма? Үйге осы әнді жаттап келесіңдер. «СИ» Бағалау - Буратино, оқушылар сабаққа қалай қатысты? Кілттерін санап бағалап жіберші. - Енді, Буратино соңғы нотаны өзің ашуыңды сұраймыз. «ДО» Сау болыңдар! (Буратино оқушылармен қоштасады)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz