Химиялық реакциялардың типтері: қосылу, айырылу, орынбасу және алмасу

Сабақтың тақырыбы: химиялық реакциялардың типтері: орынбасу, алмасу;

Сабақтың мақсаты:

Білімділік -химиялық реакциялардың типтерін түсіндіру, реакция теңдеулерін жазып, айтып беру дағдысын дамыту;

Дамытушылық -реакция теңдеулерін теңестіруді орындай білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік -химия пәні нақты дәлелдемені қажет ететін ғылым екеніне оқушылардың көзін жеткізу.

Сабақтың типі : Жаңа білім беру

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер : тәжірибе жасау, есептер шығару, интерактивті тақтамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта

Құрал-жабдықтар : сынауықтар, тұрғы, спиртшам, темір

ұнтағы, күкірт, мырыш түйірі,

калий перманганаты, тұз қышқылы,

барий хлориді, натрий сульфаты

ерітінділері.

Сабақтың жүру барысы:

I. Ұйымдастыру

II. Жаңа сабақ

Химиялық реакциялардың типтері

1. Қосылу 2. Айырылу 3. Орынбасу 4. Алмасу

Анықтамалары:

Қосылу реакциясы-екі немесе бірнеше жай заттан бір күрделі заттың түзілуі.

Айырылу реакциясы -қүрделі заттың жай заттарға ыдырауы.

Орынбасу реакциясы-жай зат пен күрделі зат арасында, атомдарының орнын ауыстыруы арқылы жүретін реакция.

Алмасу реакциясы-екі күрделі заттың арасында жүретін, атомдарының алмасуы арқылы жүретін реакция.

Мысалдар:

Қосылу реакциялары:

Fe+S=FeS

2Cu + O 2 =2CuO

Айырылу реакциялары:

2KMnO 4 → K 2 MnO 4 + MnO 2 + O 2

CaCO 3 → CaO + CO 2

Орынбасу реакциялары:

Zn+ 2HCl = ZnCl 2 + H 2

Mg + H 2 SO 4 = MgSO 4 + H 2

Алмасу реакциялары:

CaO + 2HCl= CaCl 2 + H 2 O

BaCl 2 + H 2 SO 4 = BaSO 4 + 2HCl

Тәжірибе көрсету:

1. Темір мен күкірттің қосылуы .

2. Калий перманганатының айырылуы.

3. Мырыш пен тұз қышқылының әрекеттесуі.

4. Барий хлориді мен натрий сульфатының реакциясы.

III. Білімді бекіту

Есеп-1. Мынадай реакциялар:

-қосылу;

- айырылу нәтижесінде мыс (II) оксидінің түзілуіне мысалдар келтіріңдер.

2Cu + O 2 =2CuO

Cu (OH) 2 *CuCO 3 =2CuO+ CO 2 ↑+ H 2 O

Есеп-2. Төмендегі реакция теңдеулерін теңестіріп, типін анықтаңдар:

Al + Cl 2 → AlCl 3 , қосылу реакциясы

NaHCO 3 →Na 2 CO 3 + CO 2 ↑+ H 2 O, айырылу реакциясы

Na 2 O + P 2 O 5 =Na 3 PO 4 , қосылу реакциясы

Есеп-3 . Оттектің натриймен, магниймен, мырышпен, күміспен, алюминиймен қосылысының реакция теңдеулерін құрыңдар.

4Na+O 2 →2Na 2 O

2Mg+ O 2 →2MgO

2Zn + O 2 → 2ZnO

4Ag+ O 2 → 2Ag 2 O

4Al + 3O 2 → 2Al 2 O 3

Есеп-4 . Теңдеулерді толықтыр, теңестіріп. типін анықта.

1. 2Mg+ O 2 →2MgO

2. 2Fe (OH) 3 = Fe 2 O 3 + 3H 2 O

3. Zn + 2HCl = ZnCl 2 + H 2

4. 2HgO = 2Hg+ O 2

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы

Білім мен білік
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Білім мен білік: Теорияны практикада қолдану
Өте жақсы:
Жақсы:
Қанағаттанарлық:
Білім мен білік: Химиялық тілді игеру
Өте жақсы:
Жақсы:
Қанағаттанарлық:
Білім мен білік: Реакция теңдеулерін жаза білу
Өте жақсы:
Жақсы:
Қанағаттанарлық:

IV. Үйге тапсырма Химиялық реакциялардың типтері

№ 6, 9 есептер

V. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Химиялық реакциялардың түрлері: қосылу, айырылу, орынбасу және алмасу
Химиялық реакциялардың типтері: орынбасу және алмасу (сабақ жоспары)
Химиялық реакция типтері: қосылу және айырылу реакциялары
8-сынып: Химиялық реакция типтері - орынбасу және алмасу
8-сынып: Химиялық реакция типтері - қосылу және айырылу (лабораториялық сабақ)
Химиялық реакция типтері: қосылу және айырылу реакциялары - 8-сынып сабақ жоспары
Химиялық реакциялардың типтері: қорытындылау және жүйеге түсіру сабағы
8-сынып химия пәні сабағының әдістемелік талдауы: Химиялық реакциялардың типтері (интерактивті тақтамен)
8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Химиялық реакциялардың типтері (Үсенова Әлия, №3 мектеп-интернаты)
8-сыныпқа арналған химия сабағы: Химиялық реакция типтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz