Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Музыка пәнінен оқу бағдарламасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ
Негізгі орта білім беру деңгейінің
<<Өнер>> білім саласы пәндерінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
(5 - 9-сыныптар)
Астана 2013
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.
Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған <<Өнер>> білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары - Астана, 2013. - 21 б.
Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2013
<<Музыка>> пәнінен оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. <<Музыка>> пәні бойынша оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Пәнді меңгеру нәтижесінде оқушы халықтық және әлемдік мәдениеттің мұраларын меңгерген және өмірлік тәжірибеде қолдана білетін, рухани толысқан тұлға ретінде қалыптасады.
3. Пәнінің оқыту мақсаты:
1) білім алушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру;
2) тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту;
3) әлемдік музыкалық бейнелерді меңгеру.
4. Пәнінің оқыту міндеттері:
1) дәстүрлі қазақ музыкасының өткен және қазіргі замандағы адам өмірімен байланысы және оның композиторлық шығармашылығындағы рөлі туралы білім беру;
2) түркі және шығыс халықтарының музыкалық мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру;
3) әлемдік музыка мәдениетінің жетістіктерін бағалауға үйрету;
4) кәсіптік және дәстүрлі музыканың негізгі жанрлары туралы түсінік беру;
5) музыкалық талғамды және эстетикалық қажеттілікті дамыту;
6) білім алушылардың музыканы тыңдау және оны талдай білуі;
7) ән, терме және аспапта ойнау біліктерін дамыту;
8) музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу.
5. Бағдарлама мазмұны қазақ және түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті, Шығыс және Батыс Еуропаның классикалық музыканың ең озық үлгілері, қазіргі таңдағы Қазақстан музыка өнерімен танысады.
6. Оқу материалының мазмұнын таңдауда төмендегі негізгі принциптерге сүйенеді:
1) үздіксіздік принципін ұстана отырып, бастауыш пен орта сынып арасындағы сабақтастық, жүйелілік пен бірізділік айқындалады. Басты тақырыптар мазмұны тереңдей түсіп, музыкалық ұғымдары мен көркемдік талғамы кеңейеді;
2) пәнаралық интеграция принципін ұстана отырып, музыкалық өнердің тіл және әдебиет, тарих және бейнелеу өнерімен байланыста оқыту;
3) дербестік принципін ұстана отырып, оқушы музыкалық өнердің жан-жақты дамуы мен түрлі құбылыстарына жеке көзқарасын қалыптастыра отыра, өз пікірін ашық білдіре алуын дамыту;
4) шығармашылық принципі - оқу материалының негізіне сүйене отыра, оқушының табиғи мүмкіндігін ашып, шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өнерге деген ықыласын арттыру;
5) тәжірибелік әрекет принципі - оқушылардың музыкалық аспаптарда орындауда және ән айту дағдысын қалыптастыруда басты әдіс болып табылады;
6) түсініктілік принципін ұстана отырып, музыкалық білімнің мазмұнын оқушының жас ерекшелігіне сай құрып, музыкалық сабақтың бүгінгі өмірмен байланыста екендігін анықтау.
7) <<Музыка>> пәні оқушының тұлғалық тұғырын қалыптастырады: мәдениет, көркемдік талғам, адами құндылықтар. Пәннің мазмұны орта мектептер үшін аса маңызды және өзекті тақырыптардың шешімін табатын пән ретінде құнды. Музыка пәнінің мазмұнында білім алушылардың рухани мұраның негізгі құндылықтарын игеру арқылы шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына ықпал етеді.
6. Музыка сабағындағы негізгі әрекеттердің түрлері:
1) музыка тыңдау - музыка талғамын қалыптастыру, музыканы талдау жасауда, тыңдаған музыка жайлы өз ойын жеткізе білуді меңгеруі тиіс;
2) ән және музыкалық аспаптарда орындаушылық дағдыларын жетілдіре түседі, музыкалық шығармаларды көркем әрі мәнерлі орындауға машықтандыру;
3) білімділік әрекеті музыканың көркемдік құралдарын оқытуды жалғатыра түседі; музыканың жаңа жанрларымен, түрлерімен танысады.
7. <<Музыка>> оқу курсы 6-сыныпта аяқталады, пән мазмұны түрлі ұлттардың музыкалық мәдениеті мен өнеріне құрметпен қарауға ықпал етеді, вокалмен би жанрларын жүйелейді, Шығыс пен Батыс елдерінің классикалық шығармаларын салыстырады. Негізгі мектептегі <<Музыка>> бағдарламасының ерекшелігі пәнаралық интеграция болып табылады.
8. Оқу процесі барысында <<Музыка>> пәні көптеген пәндермен пәнаралық байланыста болады:
1) <<Қазақ тілі>>:оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту; дәстүрлі өлең құрау негіздерін үйрену; әуен мен өлеңнің тығыз байланысын анықтау; оқушының музыкалық-поэтикалық қабілетін дамыту;
2) <<Әдебиет>>: музыка мен поэзияның көркемдік тәсілдерінен мағлұмат; вокалды (ән, романс, кантата), сахналық (опера, балет), тақырыптық мазмұны бар аспапты шығармалар сияқты музыкалық жанрлардың қалыптасып дамуына әдебиеттің жасаған ықпалы;
3) <<Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы>>: музыкалық шығармалардың тарихи оқиғалар мен байланысы, музыкалық шығармаларындағы көрінісі; әрбір тарихи кезеңде пайда болған саз аспаптарының дамуы; музыка өнерінің әрбір тарихи кезеңде қалыптасу жолы;
4) <<География>>: әр түрлі халықтардың сан қилы географиялық ортада тұруына байланысты түрлі музыкалық жанрлардың дамуы; Шығыс пен Батыс мәдениеті туралы көзқарасының қалыптасуы;
5) <<Бейнелеу өнері>>: оқушылардың шығармашылық ойын дамыту; музыкадағы суреттеу қасиетінен мағлұмат беру; суретшілер мен музыканттар шығармашылығындағы табиғат бейнесі; музыкалық портреттер; бейнелеу өнеріндегі музыкалық көріністер бейнесі;
6) <<Технология>>: оқушылардың қолдан жасалған бұйымдарын көрнекілік ретінде пайдалану.
9.Типтік оқу жоспарына сәйкес <<Музыка>> пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.
2. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
10. <<Музыка>> пәні бойынша 5 - сынып оқу жүктемесінің көлемі 34 сағат, аптасына 1 сағат.
11. <<Айтыс және жыраулық өнер>> - 9 сағат:
1) айтыс өнері, айтыс түрлері - қайым, түре және сүре;
2) қысқа қағыспа айтыс;
3) Құлыншақ пен Майлықожа;
4) ұйқас сөздер, 5-7-11 буынды өлең құрау;
5) жыраулардын хан-сұлтандарға айтқан кеңесі - Асан қайғы;
6) Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі;
7) Бұқар жыраудың халыққа айтқан өсиет сөзі;
8) Базар жырау мұрасы;
9) Ақтан жырау - он жаман.
12. <<Ғасырлармен сырласқан сазды аспаптар>> - 7 сағат:
1) көнеден жеткен аспап - домбыра, дутар, саз;
2) башқұрт халқының мақтанышы болған қурай аспабы;
3) аспанмен тілдескен музыка;
4) киелі аспап - қобыз;
5) монғол халқының көнеден жеткен моринхур аспабы;
6) түркі халықтарындағы үрмелі және ұрмалы аспаптар.
13. <<Әлем халықтарының музыкалық театры>> - 10 сағат:
1) жапонның <<Кабуки>> театры;
2) қытай дәстүрлі музыкалық театры;
3) дәстүрлі Үнді театры;
4) биге тіл бітірген үнділер;
5) үндінің сұлу сазды рагасы;
6) корей халықтарының музыкалық театры;
7) маком - өмірден сыр шерткен музыка;
8) Вена классикалық симфониясы;
9) Италия классикалық музыкасы - опера өнері;
10) орыс классикалық музыкасы - балет өнері;
11) романтикалық музыка - Шопен, Лист.
14. <<Дәстүр және жаңашылдық>> - 8 сағат:
1) ақын Абай бейнесінің операда көрініс табуы;
2) <<Қыз Жібек>>: жыр-опера-кино;
3) <<Жігер>> - күй және симфония;
4) <<Құдаша>> - симфониялық күй;
5) <<Сарыжайлау>> - ән және күй;
6) ән мен күйге саз берген - Алатау;
7) <<Туған жер>>.
15. Музыка тыңдау: музыка тыңдау оқушының ең басты жұмыс әрекетінің жетекші түрі ретінде қарастырылады; қушылар қазақ халқының және алыс-жақын шет елдердегі - қырғыз, түркмен, якут, башқұрт, хакас, азербайжан, парсы, үнді, жапон, қытай, неміс, итальян, орыс, поляк, венгр халықтарының дәстүрлі классикалық және кәсіби музыкасымен танысады; білім алушылардың музыкалық талғамы дамып жетіліп, түрлі жанрлық ерекшеліктерін ажырата біліп, ең негізгі және басты көркемдеуші құралдарын талдай алуына мүмкіндік туады; музыкалық туындыларды тыңдау арқылы көркемдік талғамы қалыптасып, әлемдік музыкалық мәдениеттің құндылықтарын саралай білуге ұмтылыс жасайды.
16. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: айтыс, қайым айтыс, <<Майлықожа мен Құлыншақ ақынның айтысы>>; Бұқар жырау <<Биік тауға жарасар>>; Ақтан жырау <<Не жаман>>; Базар жырау <<Айдан ару нәрсе жоқ>>; қырғыздың халық күйі <<Қаразгөй>> орын; Нұрақ Абдрахманұлы; Якут-Саха халық шығармасы <<Ормандағы таң>>; башқұрт халық күйі <<Жау төбе>>; хакастың <<Алыпты нымах>> жырынан үзінді; Ықылас <<Айрауықтың ашы күйі>>; қазақтың халық күйі <<Нар идірген>>; үнді рагасынан үзінді; азербайжан мугамынан үзінді; үндінің <<Бхарат- натьям>> биі; Вивальди А. Лютняға арналған концерт, Ре мажор; Паганини <<Каприс>>; жапонның <<Кабуки>> театры спектаклінен үзінді; Моцарт В. А. № 40 симфония, соль минор, экспозиция I бөлім; Бетховен Л. № 3 симфония, <<Батырлық>>, экспозиция I бөлім; Чайковский П. <<Аққу көлі>> балетінен үзінді; Верди Дж. <<Травиата>>: Виолетта және Жермон ариясы; Шопен Ф. Полонез Ля мажор, мазурка; Лист Ф. № 2 Рапсодия.
17. Ән орындау барысында оқушылар хор мен ән айту дағдыларын жетілдіре түседі. Әннің тыныс белгілерін дұрыс қолдана отырып, дирижердің нұсқауымен әннің мәтінін нақты әрі түсінікті айтуді меңгереді. Әндер мен қүйлерді музыкалық аспапта өз мәнерінде орындауды меңгере түседі.
18. Ұсынылған әндер: Ж.Дәулетов <<Қазақ елі>>, Н.Тлендиев <<Әжеме>>,
Абайдың <<Желсіз түнде жарық ай>>, Б.Байқадамов <<Туған жер>>, Ә.Еспаев <<Ұстазым>>, Е.Хасанғалиев <<Анаға сәлем>>, А.Қоразбаев <<Үш қоңыр>>, Закиров Ф. <<Чайхана>>, <<Ялла>> ансамблінің орындаунда; Закиров Ф., Березяков Е. <<Шахризабз>>.
19. Музыкалық сауаттылық:
1) дәстүрлі музыка жанрлары мен түрлері: айтыс, жыр, олонхо, карғыра, хоомей, сығыт, былина, рага, маком, раст, шур, чаргях, гагаку, бугаку;
2) Батыс Еуропа музыкасының жанрлық ерекшеліктері: симфония - сонаталық allegro, опера - увертюра, ария, ариозо, каватина, дуэт, хор; балет - па-де-де, adagio, кордебалет; полонез, мазурка, рапсодия, каприс.
3) музыкалық аспаптар: қурай, шоор, түйдүк, зурна, екобуэ, нәй, ней, вина, ситар, сямисэн, моринхур, кеманча, ғиджак, гусли, чатхан, цинь, цитракото, тайко, дутар, комуз, саз, тар, тамбур, рубаб, лютня, гитара.
3. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
20. <<Музыка>> пәні бойынша 6-сынып оқу жүктемесінің көлемі 34 сағат, аптасына 1 сағат.
21. <<Сөзбен өрілген саз>> - 9 сағат:
1) халқы ардақтаған екі алып - Жамбыл мен Дина;
2) Қайран, Нарын;
3) Құрманғазы жайлы бір толғау;
4) аңыз болған Құлагер;
5) күйге тіл бітірген Қазанғап;
6) ән құдіретін асқақтатқан Мұхит сал;
7) күй құдіреті;
8) сары даланы сазбен тербеткен.
22. <<Музыка және сурет>> - 7 сағат:
1) Таңбалы тастар сыр шертеді;
2) өнердегі қазақ батырларының көркемдік бейнесі;
3) музыкадағы табиғат көрінісі;
4) ой толғау;
5) қазақ вальсі;
6) музыка және сурет өнеріндегі өнерпаз бейнесі;
7) тоғысқан екі өнер.
23. <<Өнер тұлғалары>> - 9 сағат:
1) Қазақстанның скрипка мектебі;
2) өнер ордасы;
3) қазақстанның фортепиано өнері;
4) өнерін өрлеткен топ;
5) оркестрмен тілдескен дирижер;
6) бақтағы бұлбұл дауысы;
7) күйдің Қаршығасы.
24. <<Жаңа заманның жаңа әні>> - 8 сағат:
1) <<Ақмаңдайлымды>> әуелеткен Роза Бағланова;
2) <<Туған жерін>> ән еткен Ескендір Хасанғалиев;
3) <<Армандастар>> әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов;
4) <<Жас қазақ>> деп жырлаған Рамазан Елебаев;
5) <<Әлияны>> әлемге паш еткен Роза Рымбаева;
6) сырлы әндермен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев;
7) өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев.
25. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: Дина Нүрпейісова <<Жеңіс>>, Махамбет <<Қайран Нарын>>, Құрманғазы <<Балбырауын>>, Ақан сері <<Құлагер>>, Қазанғап <<Торы аттың кекіл қақпайы>>, Мұхит <<Үлкен айдай>>, Абылдың күйі <<Абыл>>, Тәттімбет <<Сарыжайлау>>, Сүгір <<Бозінгеннің бүлкілі>>, Дәулеткерей <<Көрұғлы>>, Халық күйі <<Қарасай>>, Құрманғазы <<Алатау>>, М.Хамзин <<Жайлау>>, Сүгір <<Кертолғау>>, Ғ.Жұбанова <<Прелюдия>>, Л.Хамиди <<Қазақ вальсі>>, Халық әні <<Гаухар тас>>, Н.Меңдіғалиев <<Домбыра туралы аңыз>>, Е.Брусиловский <<Бозайғыр>>, Т.Қажығалиев <<Қыз қуу>>, Ф.Лист. Ноктюрн <<Грезы любви>>, С.Абдинуров <<Шертпе>>, Халық әні <<Ағажай, Алтай>>, Қ.Ахмедияров <<Нұрғиса>>, Ш.Қалдаяқов <<Ақ маңдайлым>>, Е.Хасанғалиев <<Атамекен>>, Ә.Бейсеуов <<Армандастар>>, Р.Елебаев <<Жас қазақ>>,С.Бәйтереков <<Әлия>>, А.Қоразбаев <<Сағындым Алматымды>>, Н.Тілендиев <<Асыл әжем>>.
26. Ән, аспапта орындау барысында:
1) хормен ән орындағанда музыкалық шығарманың стильдік ерекшеліктеріне мән беру, шығарманың димамикалық тыныс белгілерін түсіне отырып орындау;
2) ән айту барысында ер балалардың дауыс мутациясына назар аудару;
3) домбыра аспабында халық әндері мен күйлерін орындаудағы шеберліктерін шыңдау, ұжыммен бірге музыкалық аспаптарда халық әндері мен күйлерді сүйемелдеуді дамыту.
27. Орындауға ұсынылатын репертуар: Ақан сері <<Қараторғай>>, Н. Тілендиев <<Асыл әжем>>, Н. Тілендиев <<Алатау>>, Б.Жамақаев <<Махаббат вальсі>>, А.Қоразбаев <<Сағындым Алматымды>>, Е.Хасанғалиев <<Атамекен>>, С.Бәйтереков <<Жан досым>>, Ә.Бейсеуов <<Армандастар>>, Ш.Қалдаяқов <<Арыс жағасында>>, И.Жақанов <<Жайлаукөл кештері>>, С.Сейфуллин <<Тау ішінде>>, Харитонов В. <<День Победы>>.
28. Музыкалық сауаттылық:
1) музыкалық бейнелердің өнер түрлерімен байланысы арқылы әдебиетте проза мен поэзияда айшықталуы әдеби-музыкалық сауаттылығын толықтай түседі;
2) музыкалық бейнелердің сурет өнерінде кескінделуі арқылы музыка мен музыкалық образдардың мазмұнын аша біледі;
3) батыс Еуропа музыкасының жанрлары - ноктюрн, прелюдия, сюита, вальс, лендлер, матеник, камералық музыка және қазақ дәстүрлі күй өнеріндегі жанрлар - ақжелең, тойбастар, қосбасар, толғау т.б. танысады;
4) эстрадалық аспаптар: бас-гитара, соло-гитара, синтезатор, ұрмалы аспаптар.
4. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
29. Оқушылардың дайындық деңгейлері пәндік, тұлғалық, жүйелік-әрекеттік нәтижелер бойынша бағаланады.
30. Пәндік нәтижелер 5-сынып соңында білім алушылар:
1) кәсіби және халық музыкасының негізгі жанрларын;
2) дәстүрлі музыканың қазіргі заман мәдениетінде алатын орнын, кәсіби композиторлар шығармашылығындағы халық музыкасының әсерін;
3) танымал Қазақстан композиторларының есімдерін;
4) әлем халықтары эпикалық шығармаларының ең озық үлгілерін;
5) музыкалық аспаптардың классификациясын;
6) түркі халықтары музыкасының айырмашылықтарын;
7) Шығыс музыка мәдениетінің ең үздік жетістектерін;
8) Батыс Еуропа және орыс музыкасының ең танымал композиторларының есімдерін;
9) әлемге танымал ең ірі опера және балет театрлары мен концерттік залдарды білуі тиіс.
31. Пәндік нәтижелер 5-сынып соңында білім алушылар:
1) өмірдегі музыкалық құбылыстарға өз көз-қарасын білдіруді;
2) халық музыкасын бағалауды, халық әндері мен күйлерге жасылған аранжировкаға өз ойын білдіруді;
3) музыкалық жанрлар туралы алған білімдерін пайдалана отырып, классикалық, халық, қазіргі заман шығармаларын талдаған кезде, олардың ерекшеліктерін ажырата білуді;
4) музыканы тыңдауды, талдау жасауды, тыңдаған музыка жайлы өз ойын жеткізе білуді меңгеруі тиіс;
5) халық әндерін, қазіргі заман және классик композиторларының әндерің өз мәнерінде орындау;
6) оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру.
32. Пәндік нәтижелер 6-сынып соңында оқушылар:
1) бейнелеу өнері, әдебиет және музыканың негізгі көркемдеуші құралдарын;
2) аспапты, вокалды және сахналық жанрларды, музыка және басқа да өнер түрлері арасындағы өзара үндестікті табуды;
3) қазақ эстрада жанрларын қалыптастырушылар мен жасаушыларды;
4) қазіргі заман музыкалық өнердегі дәстүр мен жаңашылдықты;
33. Пәндік нәтижелер 6-сынып соңында білім алушылар:
1) музыканың басқа да өнер түрлерімен байланысын табуды;
2) әр түрлі бағыттағы музыкалық шығармаларға баға беруді;
3) музыканың адам өмірімен байланысын сезінуді;
музыканың адам өміріндегі алатын орнын білуі тиіс;
4) күнделікті естіп жүрген музыканың жақсы жаман аражігін ажыратуды меңгеруі тиіс.
34.Тұлғалық нәтижелер:
1) қазақстандық музыка өнерінің шынайы құндылықтарын ажырата білу;
2) қазіргі қоғамдағы музыка өнерінің маңызы жайында көзқарас қалыптастыру;
3) әлем халықтарының музыкасының сан алуандығын сезіну, басқа халықтардың музыкасымен мәдени байланыстарды таба білу;
4) өнер шығармаларының адамгершілік қасиетін түсіну;
5) музыка өнерінің әр түрлі ұлттар мен ұрпақтар арасындағы түсіністік құралы екендігін сезіну;
6) музыканы өз жақындары мен достарына деген көзқарасын білдіретін тәсіл ретінде пайдалану;
7) музыкалық шығармаларды талдау барысында өз білімдерін пайдалану арқылы айқындалады.
35. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер:
1) музыканың негізгі көркемдеуші құралдарын ажырату;
2) музыкалық шығармаларға жалпылама талдау жасау дағдыларын қалыптастыру;
3) ғылыми-шығармашылық ізденісін қалыптастыру;
4) көркемдік талғамын қалыптастыру, қазіргі музыка мәдениеті жайында өз ойын емін-еркін жеткізе білу;
5) музыка өнері туралы пікір таластыра білу.
<<Бейнелеу өнері>> пәнінен оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Бағдарлама 2012 жылдын 23 тамызындағы № 1080 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындалған.
2. <<Бейнелеу өнері>> курсы эмоциялық-бейнелі, көркемдік ойлау түрін қалыптастыруға бағытталып тұлғаның рухани іс-әрекеті қалыптасуының шарты болып табылады.
3. Оқыту мақсаттары:
1) эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу;
2) өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын дамыту; адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу;
3) қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;
4) өнер құралдарының көмегімен оқушылардың шынайы өмірге деген эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу және өмірлік түйсігін қалыптастыру;
5) халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу;
6) аңғарымпаздығы мен көріп, есте сақтау қабілетін дамыту;
7) оқушылар көркем композиция жасау кезінде, сондай-ақ орындалған жұмыстарды сыныпта қарап, талқылау процесінде олардың көркемдік талғамын, талдау қабілеттері мен эстетикалық уәждемелерін дамыту.
4. Оқыту міндеттері:
1) өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту;
2) сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру;
3) жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;
4) бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;
5) көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);
6) шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);
7) балаларда сезімдік-эмоциялық белгілерді дамыту: зейін, есте сақтау, қиял, елестету;
8) оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау дәлдігін жақсарту;
9) өзінің көлемді композицияларын жасау немесе жазық және көлемді-кеңістіктік тәсілдер үйлесімдіктерін пайдалану арқылы көркемдік құрастыру элементтерімен таныстыру.
5. Оқу материалы 4 блок бойынша ұсынылады:
1) өнер мен көркемдік іс-әрекеттің адам және қоғам өміріндегі рөлі;
2) өмір мен өнердің рухани-адамгершілік проблемалары;
3) әсем өнерлер тілі және көркем бейне;
4) әсем өнер түрлері мен жанрлары.
6. Блоктарға бөлу ерекшелігі:
1) бірінші блок оқу материалының мазмұнын ашады;
2) екінші блок оны іс жүзінде іске асырудың құралдарын береді;
3) үшінші блок тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды;
4) төртінші блок іс-әрекет түрлері мен шарттарынан тұрады.
7. Блоктар өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, құндылыққа бағдарланған, іс-әрекеттік қырларын ашады, әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады, барлық блоктар кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған.
8. Оқыту процесінде келесі пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
1) <<Қазақ тілі>>: өнер туындыларын талдау кезінде мәнерлі, дұрыс, логикалық сауатты сөйлеу тілін қалыптастыру; бейнелеу нысаналарын бақылау кезінде шығармашылық елестету мен қиялын дамыту;
2) <<Әдебиет>>: суреттер материалы негізінде сөздік қорын байыту;оқыған мен көзбен көргенді салыстыру, салғастыру қабілеттерін дамыту;оқылған мәтінге сай келетін суреттерді сипаттау қабілетін дамыту; оқылған мәтін материалын бейнелеу;
3) <<Музыка>>: суретпен жұмыс істеу кезінде музыкалық шығармаларды пайдалану;
4) <<Өзін-өзі тану>>: табиғаттағы, қоршаған әлемдегі нысаналарды сурет салу нысандары ретінде пайдалану; ойша, өз қиялымен сурет салу процесінде өмірлік тәжірибені, экскурсия материалын пайдалану;
5) <<Математика>>: кеңістік ұғымдарын (жоғары, төмен, алыс, жақын, оң жақ, сол жақ және т.б.), ұзындық пен ен ұғымын, геометриялық пішіндерді суретте пайдалану;тілді математикалық терминдермен толықтыру;
6) <<Технология>>: қол саусақтарының ұсақ бұлшықеттерін дамыту; көркем еңбек туындыларын сурет салу және жапсыру үшін пайдалану;
7) <<Дене шынықтыру>>: жаттығулар жасау, қозғалыс ойындарын ойнау.
9. Типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің жалпы көлемі 68 сағатты (аптасына 1 сағат) құрайды.
2. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны
10. Блок 1. <<Өнер мен көркемдік іс-әрекеттің адам өміріндегі және қоғамдағы рөлі>>:
1) өнер мен көркемдік іс-әрекеттің адам өмірінде және мәдениетті дамытудағы рөлі, өнердің бастауы мен мәні, өнер және дүниетаным, халықтық дәстүрлі өнер, бейнелеу символикасы мен дәстүрлі бейнелердің мәдениетті дамытудағы рөлі, тарихи дәуірлер және көркемдік стилдер, мәдениетті көзбен бейнелеу тұтастығы;
2) адамның көркемдік іс-әрекетінің әлемді игерудегі рөлі;
3) әлем, өмірдегі және табиғаттағы құбылыстар туралы түсініктерін өнер туындыларында бейнелеу;
4) әртүрлі тарихи дәуірлерде адамның эстетикалық бейнесі өзгергіштігінің өнерде көрініс алуы, тарихи ескерткіштердің көркемдік-эстетикалық мәні, визуалды-кеңістік өнерлерінің Отан бейнесін қалыптастырудағы рөлі;
5) мәдениеттердің көркемдік диалогы, әртүрлі тарихи дәуірлер мен халықтардың кеңістік-визуалды өнері, Батыс және Шығыс халықтарының көркем мәдениетіндегі мәнерлілік құралдарының ерекшеліктері;
6) өнердегі негізгі көркемдік стилдер мен бағыттар, әлемнің бейнелеу өнерінің ұлы шеберлері, әлемдегі ең ірі көркем мұражайлар;
7) өнердің адам өмірінің материалдық ортасын құрудағы рөлі, өнердің адам өмірінің заттық-кеңістік ортасын ұйымдастырудағы рөлі қазіргі замандағы өнер;
8) қазіргі замандағы бейнелеу өнері, сәулет, дизайн;
9) визуалды өнерлердің бейнелік табиғаты, олардың қазіргі әлемдегі рөлі, мұражайдың қазіргі заман мәдениетіндегі рөлі.
11. Блок 2. <<Өмір мен өнердің рухани-адамгершілік проблемалары>>:
1) өнер бейнелерінде адамзаттың өнегелі ізденісін, жеке адамның өнегелі таңдауын көрсету;
2) өнерде көрініс тапқан отбасылық өмірдің дәстүрлі және қазіргі замандағы тіршілік салты;
3) өмірдегі және өнердегі әлем, Отанды қорғау бейнелері;
4) өнердегі және қазіргі өмірдегі халық мерекелері, әдет-ғұрыптар;
5) өмірдегі және өнердегі халықтар арасындағы, әртүрлі буын ұрпақтары арасындағы өзара байланыстар.
12. Блок 3. <<Әсем өнерлер тілі және көркем бейне>>:
1) көркем бейнелеу ерекшелігі, көркем бейне - кез келген өнердің негізі мен мақсаты, көркем бейнелеудің шарттылығы, өнердегі шынайылық пен қиял;
2) көркемдік мәнерлеу құралдары, көркемдік материалдар және көркемдік техникалар;
3) кескіндеме, графика, мүсін материалдары;
4) композиция - көркем шығарманың басты мәнерлілік құралы, композицияда шығарманың болмысын ашу, пропорциялар, желілік және әуе перспективасы, композициядағы қарама-қарсылық;
5) түс, түстік байланыстар, картина реңкі, түстің қарбаластығы мен қанықтығы, жарық пен түс, бояудың сипаты;
6) сызық, штрих, дақ және көркем бейне;
7) табиғаттың, адамның, аңның эмоциялық жай-күйін кескіндеу құралдарымен жеткізу;
8) көлем және пішін, заттай әлемнің көптүрлі пішіндерін жазықтық пен кеңістікте бейнелеп көрсету, пішіндерді өзгерту және стильдеу, пішін мен сипаттың өзара байланысы;
9) кескіндеме мен суретте, сәулет, сәндік-қолданбалы өнерде композиция жасаудағы ырғақтың рөлі.
13. Блок 4. <<Әсем өнер түрлері мен жанрлары>>:
1) кескіндеме, графика, мүсін, өнердің алуан түрлеріндегі көркем бейненің ерекшеліктері;
2) портрет, пейзаж, натюрморт, тұрмыстық, тарихи, анималистикалық жанрлар;
3) өнер туындысындағы сюжет және мазмұн, заттай әлемді бейнелеу;
4) натурадан салу, көзге елестету арқылы салу;
5) бейнелеу өнеріндегі тарихи, мифологиялық тақырыптар;
6) көркем шығармашылық тәжірибесі;
7) өнердің конструктивтік түрлері, сәулет және дизайн, өнердің адам өмірінің заттай-кеңістік ортасын ұйымдастырудағы рөлі;
8) сәулет пен дизайндегі көркем және функционалдық тұтастық, архитектуралық бейне, сәулет - ғасырлар шежіресі, дизайн түрлері;
9) өнеркәсіптік дизайн, сән индустриясы, архитектуралық және ландшафтты дизайн;
10) жобалау мәдениеті, кеңістік және заттай ортаны жобалау, графикалық дизайн, арт-дизайн, компьютерлік графика және анимация;
11) сәндік-қолданбалы өнер түрлері, халық өнері, сәндік-қолданбалы өнер бастаулары, халық өнеріндегі бейне семантикасы, ою-өрнек және оның шығу тегі, ою-өрнек түрлері, сәндік бейнені стильдеу және белгілік сипаты, сәндік-қолданбалы өнер материалдары, адам өміріндегі безендіру, сәндік-қолданбалы өнерінің қоғам өміріндегі функциялары.
3. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
14. Курсты оқытуға 5-сыныпта 34 сағат (аптасына 1 сағат) бөлінген.
15. Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат):
1) ұлттық-мәдени дәстүрлерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу қабілетін дамыту, өзінің отандық өнердің тағдырына қатыстылығын саналы түрде сезінуін, Қазақстанның көркем мұраларына құрметпен әрі ұқыппен қарауын тәрбиелеу;
2) әлем халықтарының өнеріне деген қызығушылығын тәрбиелеу, өнердің алуан түрлері мен жанрларындағы туындыларды қабылдау және талдау қабілеттерін қалыптастыру.
16. Графика (6 сағат):
1) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері;
2) суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы;
3) сурет құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;
4) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;
5) сурет салу материалдары және техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, көмір, пастель, борлар және т.б.;
6) <<Жыл құстары>>, <<Қазақстанның көне қалалары>>, <<Спорттық жарыстар>>, <<Қысқы пейзаж>> атты тақырыптарға сурет салу;
7) суретші-графиктер В.Антощенко-Оленевтің, Е.Сидоркиннің, С.Романовтың, М.Қисамединовтың және әлемдегі басқа да суретші-графиктердің туындыларымен танысу.
17. Кескіндеме (8 сағат):
1) түс - кескіндеу тілінің негізі;
2) сурет құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;
3) алға қойылған міндеттерге сәйкес кескіндік бейне жасау үшін көркемдік мәнерлеу құралдарын таңдау;
4) кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері;
5) түстің эмоциялық мүмкіндіктері, түстердің араласуы; түстің көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын, оның эмоциялық жай-күйін көрсету;
6) пастозды кескіндеме, композициялық орталық, қозғалыс;
7) <<Ғарыш>>, <<Күзгі жаңбыр>>, <<Жаңажылдық карнавал>>, <<Қысқы каникулдар>>, <<Астана-менің іңкәрім>> атты тақырыптарға сурет салу;
8) кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра;
9) әртүрлі тақырыптарға композициялар салу (натюрморт, пейзаж, портрет және т.б.);
10) 20 ғасырдың 80-90-жылдарындағы қазақстандық суретші-кескіндемешілердің туындыларымен танысу.
18. Композиция (6 сағат):
1) композицияның мәнерлілігіне өлшем мен пішіннің әсері, композициядағы тепе-теңдік;
2) композициядағы статикалық, динамикалық, қозғалыс;
3) желілік және әуе перспективасы, композициядағы қарама-қарсылық, композицияда туындының болмысын ашу.
19. Сәндік-қолданбалы өнер (4 сағат):
1) қазақ халқының және әлем халықтарының қолөнер түрлері, Қазақстанның дәстүрлі халықтық қолданбалы өнері, сәндік-қолданбалы өнер материалдары, адам өміріндегі безендіру, жиһаз, музыкалық аспаптар;
2) киім, аяқ киім және тұрмыста қажетті басқа да заттар;
3) икебана, коллаж;
4) ою-өрнек және оның шығу тегі, ою-өрнек түрлері, әлемдік өнердегі негізгі ою-өрнек нақыштары;
5) символдарды қолдана отырып шығармашылық ою-өрнекті композиция орындау, сәндік бейнені стильдеу және белгілік сипаты, сәндік бейненің қоғам өміріндегі функциялары;
6) Қазақстанның және әлемнің әртүрлі елдеріндегі халық шеберлері мен сәндік-қолданбалы өнер суретшілерінің туындыларымен танысу.
20. Мүсін (4 сағат):
1) монументті және қондырғылы мүсін, тас мүсіндер, жұмырлы мүсін (ұсақ пластика), композицияның тұтастығы, типтендіру, мүсіннің негізгі тақырыптары;
2) халық ертегілерінің сарынымен екі, үш тұлғалы композициялар жасау;
3) мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз, сазбалшық - илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру) ;
4) натурадан, есте қалғанын және көзге елестету арқылы мүсін жасау;
5) суретші-мүсіншілер Н. Журавлёвтің, Е. Мергеновтың, Х. Наурызбаевтың, М. Әйнековтың, Т. Досмағамбетовтың және әлемнің атақты суретші-мүсіншілерінің туындыларымен танысу.
21. Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет (4 сағат):
1) өнердің адам өмірінің заттай-кеңістік ортасын ұйымдастырудағы рөлі;
2) графикалық дизайн, компьютерлік графика және анимация, стильдеу, арт-дизайн;
3) сәулет және дизайн, сәулет пен дизайндегі көркем және функционалдық тұтастық.
4. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
22. Курсты оқытуға 6-сыныпта 34 сағат (аптасына 1 сағат) бөлінген.
23. Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат):
1) көркемдік-эстетикалық даму - жеке тұлғаның адамзат мәдениеті әлеміне енуіне, сондай-ақ өзін-өзі сәйкестендіру және бірегей жеке тұлғасын бекітуге ықпал ететін оны әлеуметтендірудің маңызды шарты;
2) өзінің көркем-шығармашылық іс-әрекеті тәжірибесін кеңейту; шығармашылық әлеуетін дамыту, көркем жоба-импровизациялар жасай білу.
24. Графика (6 сағат):
1) сызық, штрих, дақ және көркем бейне;
2) табиғаттың, адамның, аңның эмоциялық жай-күйін графика құралдары арқылы жеткізу;
3) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері;
4) суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы;
5) петроглифтер;
6) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары.
7) сурет салу материалдары және техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, көмір, пастель, борлар және т.б.;
8) <<Күзгі натюрморт>>, <<Алғашқы қар>>, <<Түнгі пейзаж>>, <<Арман қала>> атты тақырыптарға сурет салу;
9)суретші-графиктер В.Антощенко-Оленевтің, Е.Сидоркиннің, С.Романовтың, М.Қисамединовтың және әлемнің танымал суретші-графиктерінің туындыларымен танысу.
25. Кескіндеме (8 сағат):
1) өнердің алуан түрлеріндегі көркем бейненің ерекшеліктері;

3) өнер туындысындағы сюжет және мазмұн;
4) түстік байланыстар, картина реңкі, түстің қарбаластығы мен қанықтығы, жарық пен түс, бояудың сипаты, түс спектрі, қарама-қарсылық (қарама-қарсы түстер), эмоциялық бейнелеу мен бейненің мәнерлілігіндегі ақ және қара бояулардың рөлі, түстің эмоциялық мүмкіндіктері;
5) түстің көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын, оның эмоциялық жай-күйін көрсету;
6) түс - кескіндеу тілінің негізі, түстердің ашық және қою реңктері, түс пен көлеңке, қоңыр түске түскен ақ дақ, рефлекс;
7) кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері;
8) пастозды кескіндеме, композициялық орталық, қозғалыс;
9) <<Гүлдер, көкөністер мен жемістер>>, <<Жаңбыр астында>>, <<Менің бөлмем>>, <<Қазақстанның сәулет өнері>> атты тақырыптарға сурет салу;
10) кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра;
11) әртүрлі тақырыптарға композициялар салу (натюрморт, пейзаж, портрет және т.б.);
12) қазіргі қазақстандық суретші-кескіндемешілердің туындыларымен танысу.
26. Композиция (6 сағат):
1) сюжет таңдау, композиция ойын қалыптастыру;
2) композицияның түстік шешімін орындау, композициядағы түстің қарбаластығы мен қанықтығы;
3) кітаптардағы суреттер композициясын әзірлеу;
4) сәулет пен дизайндегі көркем және функционалдық тұтастық.
27.Сәндік-қолданбалы өнер (4 сағат):
1) қазіргі замандағы сәндік өнер туралы қысқаша мәліметтер;
2) қазіргі стильдер, батик, батиктің шығу тарихы және түрлері (салқын, түйіншекті, ыстық, шибори);
3) композициялық ою-өрнек, қазіргі замандағы сәндік өнер ерекшелігі, жапсыру;
4) қазақтың ұлттық киім үлгілері;
5) әлем халықтарының сәндік-қолданбалы өнері (мысалы, дымков ойыншығы), әртүрлі елдер мен халықтардың дәстүрлі көркем қолөнер бұйымдары;
6) сәндік өнер, дәстүрлі технология, символ, стильдеу, контур, пропорциялар, ою-өрнек түрлері мен құрылымы, раппорт, әртүрлі халықтардың ою-өрнектеріндегі солярлық белгілер, табиғи пішіндерді стильдеу;
7) Қазақстанның және басқа елдердің халық шеберлерінің туындыларымен танысу.
28. Мүсін (4 сағат):
1) қазіргі замандағы мүсін өнері туралы қысқаша мәліметтер: горельеф, барельеф, мемориал;
2) көлем - мүсіндеу тілінің негізі, мүсіндеудің негізгі тақырыптары, жұмырлы мүсін (ұсақ пластика);
3) композицияның тұтастығы, типтендіру, қозғалыстағы аңдардың мүсіндерін жасау техникасы;
4) мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз, сазбалшық - илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру);

29. Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет (4 сағат):
1) архитектуралық бейне, сәулет - ғасырлар шежіресі;
2) дизайн түрлері, өнеркісіптік дизайн, сән индустриясы, архитектуралық және ландшафтты дизайн;
3) жобалау мәдениеті.
5. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
30. Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелік-әрекеттік нәтижелерімен бағаланады.
31. Пәндік нәтижелері екі аспектімен айқындалған: білуі тиіс және меңгеруі тиіс.
32. 5-сыныптың оқушылары:
1) бейнелеу өнерінің адам мен қоғам өміріндегі орны мен мәні туралы;
2) бейнелеу өнерінің барлық кезеңдерде өмір сүргені туралы, әртүрлі дәуірлердегі өнердің бейнелі тілдерінің көптүрлілігі және әлемді тану ерекшеліктері туралы түсінігін;
3) бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жанрлары, өнер тарихында портреттің, пейзаждың және натюрморттың негізгі даму кезеңдері туралы;
4) бейнелеу өнеріндегі көркем мәнерлеудің негізгі құралдары (сызық, дақ, рең, түс, пішін, перспекти - ва), бейнені ырғақты ұйымдастыру ерекшеліктерін;
5) әртүрлі көркемдік материалдар, көркемдік техникалар және олардың көркем бейне жасаудағы мәнін;
6) cәндік-қолданбалы өнердің бейнелі тілінің бастаулары мен ерекшелігін;
7) Қазақстанның бірнеше халықтық көркем қолөнерін білуі тиіс.
33. 5-сыныптың оқушылары:
1) нақты материалмен жазық немесе көлемді сәндік композициялар жасау процесінде фактураны, түсті, пішінді, көлемді, кеңістікті мәнерлі пайдаланудың практикалық дағдыларын;
2) әлемдік және қазақстандық өнердегі портрет, пейзаж және натюрморт жанрларындағы көрнекті суретшілер мен өнер туындыларының аттарын;
3) бояуларды (гуашь және акварель), бірнеше графикалық материалдарды (қарындаш, көмір) қолдану, мүсін жасау дағдыларын меңгеру, коллаж техникасын;
4) заттың конструктивтік пішінін көру, зат және заттар тобын жазық және көлемді бейнелеу дағдыларын меңгеру; адам басының жалпы құрылу ережелерін білу; желілік және әуе перспективасының бастапқы ережелерін;
5) натурадан, елестету және есте сақтау бойынша бейнелеу кезінде жарықтандыру пропорцияларын, сипатын, түстік байланыстарды мәнерлеу құралдары ретінде көру және қолдануын;
6) әртүрлі халықтар мен кезеңдердің (мысалы, Ежелгі Египет, Ежелгі Греция, Қытай) сәндік өнерін стилистикалық ерекшеліктеріне қарай ажыратуды;
7) сәндік-қолданбалы өнер туындыларындағы (халықтық, классикалық, қазіргі замандағы) конструктивтік, сәндік, бейнелеу элементтерін анықтау, сондай-ақ материалдың, пішін мен декордың тұтастығын көруін;
8) бірыңғай стилистикамен біріктірілген заттай ортаның көркемдік-сәндік нысандарын (тұрмыс заттары, жиһаз, киім) жасауды;
9) әртүрлі материалдармен натурадан, есте сақтау және елестету арқылы шығармашылық композициялық жұмыстар жасауды;
10) өнер туындыларын белсенді қабылдау және өз түйсігінің әртүрлі деңгейлерін дәлелді түрде талдау, бейнелеу метафораларын түсіну және өнер туындысына тән әлемнің тұтас картинасын көруді меңгеруі тиіс.
34. 6-сыныптың оқушылары:
1) бейнелеу өнеріндегі жанрлық жүйе туралы және өнердің дамуын талдау және әлем танымын өзгерту, оны бейнелеу тәсілдерін түсіну үшін оның мәнін;
2) бейнелеу өнеріндегі тақырыптық картинаның рөлі мен тарихы және оның жанрлық түрлері (тұрмыстық және тарихи жанр, өнердегі мифологиялық тақырыптар) туралы;
3) туындының тұтастығы мен бейнелік құрылымы ретіндегі композиция туралы, туындының композициялық құрылымы, пішіннің рөлі, туынды көлемінің мәнерлілік мәні, тұтас және бөлшектің ара қатынасы, әрбір фрагменттің мәні және оның метафоралық мағынасы туралы;
4) ірі тарихи оқиғалардың құрметіне ескерткіштер жасаудағы өнердің рөлі, суретші жасаған бейненің тарих оқиғаларын түсінуге тигізер әсері туралы;
5) бейнелеу өнерінің барлық жанрларындағы шынайы өмірдің поэтикалық (метафоралық) іске асырылуы, картинадағы сюжет пен мазмұнның айырмашылығы туралы; кескіндемеде, графика мен мүсіндеу өнеріндегі құрастыру, бейнелеу және сәндік бастамалардың рөлі туралы; көркемдік сурет рөлін;
6) өнерде стильдер мен бағыттардың болуы және суретшінің шығармашылық даралығының рөлі туралы;
7) 20 ғасырдағы Қазақстан және әлемдік бейнелеу өнерінің күрделі, қарама-қайшылықты және көркем оқиғаларға қанық жолы туралы;
8) сәулет және дизайннің негізгі даму және тарихи кезеңдері, қазіргі конструктивті өнер үрдістерін білуі тиіс.
35. 6-сыныптың оқушылары:
1) суретшінің картинамен жұмыс істеу процесін, жұмыстың әрбір кезеңінің мәнін, эскиздер мен этюдтердің рөлін;
2) суретшілер шығармашылығында ашылатын күнделікті өмірдің поэтикалық әсемдігін сезіну; адам өмірінің әрбір сәтінің маңыздылығын көрсетуде, адамның өз болмысы мен әлемнің сұлулығын түсінуі мен сезінуіндегі өнердің рөлін түсінуді;
3) натурадан және көзге елестету арқылы адам мүсініндегі тепе-теңдіктер мен қозғалыстарды көрсете білудің бастапқы дағдыларын қолдануды;
4) жас ерекшелігіне қарай қолжетімді деңгейде кескіндеу, графика және жапсыру материалдарын;
5) шынайы өмірді қабылдауда жітілік пен белсенділік қалыптастыратын қоршаған күнделікті өмірді байқағыштық, бейнелі көру дағдыларын қолдануды;
6) көркемдік-танымдық материал жинағын шамалайтын тақырыптық композициялар құрудағы шығармашылық тәжірибені қолдану, таңдап алынған тақырып бойынша авторлық көзқарас қалыптастыру және оны көрсете білу тәсілдерін іздеуді;
7) нақты материалмен (батик және т.б.) жұмыс істеу дағдыларын қолдануды;
8) сәулет және дизайн туындыларын талдау; конструктивтік өнерлердің әсем өнерлер қатарындағы орнын, олардың ортақ бастамалары мен ерекшелігін;
9) конструктивтік өнер түрлерінің бейнелеу тілінің ерекшеліктерін, функционалдық және көркем-бейнелік бастамалардың тұтастығы мен олардың әлеуметтік рөлін;
10) көлемдік-кеңістік композицияларын құрастыру, сәулет-дизайндік нысандарды (графикада және көлемде) үлгілеуді;
11) өз шығармашылығында конструктивтік өнерлердегі көркемдік-өндірістік процестің негізгі кезеңдерін үлгілеуді;
12) нақты ғимараттар мен заттай ортаны салу және жобалауда натурамен жұмыс істеу, есте сақтау және көзге елестету арқылы салуды;
13) бұл ретте жаппай, көлемді және тереңдік-кеңістік композициясын іске асыра отырып, негізгі көлемдік-кеңістік нысандарын құрастыру; макеттік және графикалық композицияларда сызықтар, түс, көлемдер ырғағын, тектоника және фактура статикасы мен динамикасын қолдануды;
14) дизайнде және сәулетте пішін жасау, көлемдерді пайдалану (қағаздан, картоннан, ермексаздан жасалған макеттер) дағдыларын қолдануды;
15) натурадан және елестету арқылы графикалық материалдардың көмегімен архитектуралық бейнелер жасауды меңгеруі тиіс .
36. Тұлғалық нәтижелер, оқушылар:
1) Қазақстанның азаматтық теңдестік негіздерін қалыптастыру, өз Отаны үшін мақтаныш сезімдерін;
2) әлемге оның табиғатпен, халықтармен, мәдениеттермен табиғи тұтастығы мен алуан түрлілігінде әлеуметтік бағдарланған көзқарасын;
3) басқа халықтардың тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауын;
4) эстетикалық қажеттіліктерін, құндылықтары мен сезімдерін;
5) этикалық сезімдерін, эмоциялық-адамгершілік қайырымдылығын айқындауы тиіс.
37. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер, оқушылар:
1) көркемдік іс-әрекеттің алуан түрлеріндегі (сурет, кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы қызмет, көркем құрастыру) қарапайым практикалық шеберліктер мен дағдыларды;
2) шығармашылық жұмыс және басқа да практикалық іс-әрекет түрлерін орындау кезінде алынған білімдерін;
3) практикалық тапсырмаларды шешудің аса тиімді тәсілдерін өз бетінше және саналы түрде таңдау шеберлігін;
4) практикалық тапсырмаларды орындаудың дұрыстығын бағалау, талдау, жіктеу және әртүрлі тәсілдермен алынған ақпаратты саналы түрде пайдалану шеберлігін;
5) жеке және топпен жұмыс істеу, әртүрлі көзқарастар мен мүдделерді ескере отырып ортақ шешім табу және дауларды шешу шеберлігін;
6) қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануы тиіс.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz