Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушылармен амандасу, оқушыларды тексеру

Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліетері

Информатика пәнінің оқытушысы
Жұмашев Жансеит Қарасайұлы

Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>> Заңының 8-бабында <<Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу>> деп атап көрсеткен. Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың инновациялық технологиялары пайда болуда.
"Инновация" ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: "Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея". Майлс "Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз>>, - дейді.
Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе біз бұл ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көрдік. Сол ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған.
Қазақстанда ең алғаш <<Инновация>> ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол "Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі" деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов "Инновация" білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке - дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке - дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.
Модификациялық инновация - бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация - білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Мен өзім оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген мынадай жаңа педагогикалық технологияларды атап кетейін:
-дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Занков) ;
-оза отырып оқыту (С.Лысенкова);
-іс-әрекетті бағалау (Ш. Амонашвили);
-тірек- схема және тірек конспектілері арқылы оқыту (В. Шаталов);
-саралап оқыту;
-деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту;
-модульдік оқыту (М. Жанпеисованың);
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
-балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
-баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
-баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
-баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
-әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
-оқу үрдісін оқушының сезінуі .
Менің негізгі жұмысым сабақ беру. Ал сабақтың тартымды болып, оқушы үшін тиянақты болуы пән мұғалімінің шеберлігі мен интеллектуалдық деңгейіне байланысты.

Қолданбалы информатика пәнінен өткізген сабағымды ұсынамын.
Сабақтың тақырыбы: ЭЕМ нің даму тарихы. ЭЕМ құрамы. Операциялық жүйе. Файл. Word, Excel, CorelDraw редакторларымен жұмыс жасау ережесі.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға қолданбалы информатика нені оқытатынын білдіру. Информатика пәнінен өткен білімдерін естеріне түсіру;
ә) Оқушылардың дүние танымдығын қалыптастыру. Теориялық білімдерін өмірде, практикада қолдана білуге тәрбиелеу;
б) Сөздік қорларын толықтыру. Бұрынан алған теориялық білімдерін өз бетімен толықтыруды дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдісі: бенджамин блум таксономиясы, СТО технологиясының стратегиялары
Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, оқушыларды тексеру. Аудитория тазалығын бақылау. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
Мақсат қою.
Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай меңгерту. Өздігінен білім алуға дағдыландыру. Ізденуге, шығармашыл болуға, теориялық білімдерін өмірде, практикада қолдана алуға тәрбиелеу.
Материалды түсіндіру. бенджамин блум таксономиясы бойынша
Студенттердің қолдарына жаңа тақырып бойынша қысқаша түсінік берілген мәтін таратылады. Оқушыларға 5-7 минут уақыт мәтінді оқып шығуға беріледі.
Келесі әдіс бойынша, Қадамдарға бөлінген тапсырмалар беріледі.
1 қадам
5 минутта жеке келесі сұрақтарға жауап беріңіз. Қандай 5-10 ғылыми ашылған жаңалық немесе техникалық өнертабыс соңғы 100 жылда сіздің ойыңызша адамзат қоғамына және тарихына көптеген әсер етті ме? Олардың әрқайсысы қашан жасалды?
2-қадам.
Тьютор пікірталаста жетекші роль атқарады.
Өз тізіміңізден бір жаңалықты немесе өнертабысты таңдаңыз. 10 минут көлемінде келесі сұраққа жауап беріңіз. Бұл жаңалықтың немесе өнертабыстың қоғамға қандай үш түрлі пайдасы мен үш түрлі зияны бар?

3-қадам.
3 минут ішінде жоғарыдағы мысалдардан мына сұрақтарға жауап беру: Егерде бұл жаңалық жасалмағанда біздің өмірімізде не өзгерер еді?

4-қадам
1-3 қадамдардағы жауаптарды тыңдап болғаннан кейін шағын топтарда жұмыс жасап және сұрақты талқылау: Сіздің ойыңызша қандай да бір жасауы қажет емес ғылыми жаңалық пен өнертабыс бар ма,? Неге иә? Неге жоқ?

5 қадам
Бір сұрақтан екіншісіне жылжу үшін ойлау процесі жүрді. Алғашқы 3 сұрақ соңғы 2 сұрақты талдауға көмектесті ме?

Бұл сабақтың әдісі Бенджмин Блум тасаномиясы деп аталады. Бұл таксаномия бес қадамнан тұрады: Білу және түсіну, Қолдану, Талдау, Жинақтау, Бағалау.
<<Блум тақсономиясы бойынша сабақ жоспарлаудың мұғалім құзырлылығын арттырудағы ролі.>> Т.Нақыповтың сөзін басшылыққа ала отырып сабағыма дайындаламын.
Осылай өткізілген сабақтардан кейін оқушылар өздерінің ізденушілк қабілетіне сеніммен қарайды. Сонымен қатар төмендегі қасиеттерге ие болады:
* Пәнге деген қызығушылықтары артады.
* Өзара пікір алмасу қатынасы жүзеге асады.
* Сойлеу қоры көбейеді.
* Білім сапасы артады.
* Жеке тұлға ретінде қалыптастырады.

Ұқсас жұмыстар
Адам - әлем бөлшегі
Солтүстік жартышар материктері
Өлең құрлысына талдау
Күзгі пейзаж,акварель,гуашь
Оқушыларға интернет туралы ағылшын тілінде айтуға үйрету
Сабақ жоспарлары. 8 сынып
Сабақ жоспарлары. 6 сынып
Аралас сандарды көбейту
Қазақ тілі – ұлттық мәдени,рухани асыл мұра туралы
С.Сейфуллин ,,Ақсақ киік``
Пәндер