Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оксидтердің қолданылуы

Сабақтың тақырыбы: Оксидтердің жіктелуі, алынуы, қолданылуы, химиялық қасиеті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оксидтер, олардың аталулары туралы, алынуы, химиялық қасиеті қолданылуы туралы оқушыларға терең білім беру;
Дамытушылық: оқушылардың өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, білімдерін тиянақтап, дамыту;
Тәрбиелік: оқушылардың ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу; пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Ізденіс
Сабақтың әдісі: танымдық сұрақтар, тірек-сызба, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бор, оқулық, тест тапсырмалары, тірек сызбалар, бейнебаяндар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:
І-кезең: "Қызығушылықты ояту."
( Тақырыпқа танымдық қызығушылықты, оқушының белсенділігін ояту.) 1.Танымдық сұрақтар.
2."Алтын кілт" ойыны
ІІ-кезең: "Білгенге маржан"
(Жаңа ақпаратпен танысу.)
1. Оксидтердің таралуы, алынуы, физикалық қасиеттері.
2. Оксидтің қолданылуы, биологиялық рөлі.
ІІІ-кезең: <<Ой толғау>> (сабақты бекіту және қорытындылау), Презентация жасау.
1.<<Қызығушылықты ояту>> оқушыларға алдында өтілген тақырып болған соң, миға шабуыл ретінде тез жауап беруі үшін танымдық сұрақтар қойылады:
1.Біреуі оттек болып келетін қосылыс (оксид)
2. Үш күйде болатын оксидті ата. (су)
3. Сөндірілмеген әк (кальций окиді)
4. Судың формуласы
5. Көмірқышқыл газы
2.Ойын: <<Алтын кілт>> <<Оксид>> деген сейфтің шифрін табу.
Мына берілген қосылыстардың ішінен оксидтердің формуласын тауып, сейфтің шифрін табамыз:
1.CO2 2. NaOH 3. НNO3 4. CaO 5. SO2 6. MgO 7. H3RO4 8. Ca (OH) 9. N2O5 10. PH3 1. P2O5 12. ZnSO4
Сейфтің шифрі: 1,4,5,6,9,11
3. <<Білгенге маржан>> кезеңінде жаңа ақпаратты, өздігімізден оқып, меңгеруге талпынамыз. Себебі, оқсидтер бізге бұрыннан таныс. Оқып шығып, оксидтердің жіктелуіне, алынуына, қолданылуына көңіл бөліп, ой елегінен өткізсеңдер болғаны. Сынып үш топқа бөлінеді.
1 топ - оксидетрдің жіктелуі
2 топ - оксидтердің алынуы
3 топ - оксидтердің қолданылуы.
Оқушылар тақырыпты меңгергенше мын сұрақтарға жауап берейік.
ЭО - оксидтердің жалпы формуласы.
Мысалы:
Оксидтерді халықаралық жүйемен атайды.
1-тәсілі: - алюминий (ІІІ) оксиді.
2-тәсілі: - дюралмюминий триоксиді
<<моно>>-1, <<ди>> - 2, <<три>> - 3, <<тетра>> - 4, <<пента>> - 5 т.б
Жаңа тақырыпты меңгерудің технологиялық картасы
р/с
Ұғым
Меңгерілетін материал
Стратегия
1
Оксидтердің жіктелуі
1.Негіздік оксидттер
СаО - калций оксиді, CиO - мыс оксиді
2. Екідайлы оксидтер: AI2O3-алюминий оксиді, ZnO - мырыш оксиді
3. Қышқылдық оксидтер: SO3- күкірт оксиді,
Р2О5- фосфор оксиді
Ой қозғау
Есте сақтау.
2.
Оксидтердің алынуы
4К+О2 2К2О дикалий оксиді
2 N2 + 3 O2 2N2O3 диазот триоксиді
2 Ca+O2 2 CaO калций оксиді
4Р+5 O2 2Р2О5 дифосфор пентаоксиді
2 Cu+ O2 2 CuO2 дикупрум оксиді
Бейнебаян бойынша реакция теңдеуін жазу.
3.
Оксидтердің қолданылуы
Күкіртті газдың SO2 жүнді, жібекті ағартуда жеміс-жидектерді консервілеп оны сақтауда, қоймаларды зиянкестерден тазартуда алатын орны ерекше. Көмірқышқыл газ CO2 тамақ өнеркәсібінде, өрт сөндіруде "құрғақ мұз" ретінде кеңінен қолданылады. Ал су H2O (сутек оксиді) адам өмірінде ерекше маңызға ие.
Қатты күйдегі кремни диоксиді SiO2 шыны, керамика алуда, ал негіздік оксидтер көбінесе ақ бояу алу үшін қажет, мысалы, ZnO ақ бояу, Cr2O3 жасыл бояу алудың негізгі құрам бөлігі болып табылады. Кальций оксиді CaO құрылыста байланыстырушы зат ретінде, цемент және түрлі тұздар алуға көп қолданылады.

Нақтылау, есте сақтау.
4.
Атаулары.
Оксидтерді халықаралық жүйемен атайды.
1-тәсілі: - алюминий (ІІІ) оксиді.
2-тәсілі: - дюралмюминий триоксиді
<<моно>>-1, <<ди>> - 2, <<три>> - 3, <<тетра>> - 4, <<пента>> - 5 т.б
Жаттау.

4. Ой толғау.(Презентация қорғау). Тақырыпты меңгергеннен кейін алдарыңдағы қағазға түрлі - түсті маркермен презентация жасаңдар. Санаға нені түйдік, еске нені түсірдік, қағаз бетіне сызып, жазып көрсетіңдер. Болған топ кезекпен презентацияларын қорғайды.
Синквейн: (оқушыларға сабақтан түйгендерін 4-5 жол шумақтарымен жеткізуді ұсынамын.)
Оксид деген - бинарлы
Екі элементтен тұрады.
Бірі оның оттегі
Болу керек міндетті
Екеуі бірге қосылса,
Тотығу реакциясы болады.
Нәтижесінде осының
Күрделі зат туады.
5. Рефлексия. <<Таразы>>. Балалар оксид жайлы бұрыннан білетін едіңдер, енді бүгінгі алған білімдеріңді таразылап көріңдерші. Бұрынғы білгенімізге неше пайыз қостық. Таразының салмақты жағы бүгінгі қосқан біліміміз.

6. Үйге:§44 оқу. №6-9 жаттығу 121 бет
7. Бағалау:

Ұқсас жұмыстар
Негіздердің қасиеттерін түсіндіру
Оксидтердің жіктелуі, алу жолдары. 8 сынып
Сутектің химиялық қасиеттері
Оксидтердің жіктелуі, аталуы мен алу жолдары
Оқушылар мин
Тиімді жоспар - нәтижелі сабақ
Күкірт қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуы
Оксидтердің жіктелуі
Есептерді шығару
Химия пәнін тиімді әдістер арқылы оқыту
Пәндер