Компьютердің құрылғысы

А. Түркебаев атындағы орта мектеп
Пән мұғалімі : Меллатұлы М
«Озық ойлы оқушы» сайысы
Сайыс-сабақ
Күні:
10. 04. 2013ж.
Қатысушылар:
8 сынып оқушылары.
Түрі:
Сыныптан тыс сайыс-сабақ
Мақсаты:
Білімділік
: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.
Дамытушылық
: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік
: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
: Мультимедиялық құралдар, сайыс бойынша дайындалған слайдтар, ДК, таратпа тапсырма.
1-кезең. Таныстыру.
2-кезең. Ойлан, тап!
3-кезең. Шешіп көр4-кезең. Сан жасыру.
5-кезең. Үй тапсырма.
6-кезең. Кім жылдам?
7-кезең. Марапаттау.
Информатика әлемі,
Неткен ғажап әсерлі.
Шыққан сонау ертеден,
Әр қилы компьютер өнері.
Интернетте құстай ұшып самғаймыз,
Әрбір елдің арасын біз жалғаймыз.
Технология дамып жатыр күнбе-күн,
Біз қырандар осы лектен қалмаймыз!
Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған информатиканы сүюші қауым, ұстаздар мен оқушылар, және қонақтар! Бүгінгі біздің «Озық ойлы оқушы» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Олай болса сайысымызды бастаймыз, сіздерді бүгінгі сайыскерлермен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1-ші топ «Интернет»,
2-ші топ «Windows».
Енді әділ қазы алқасымен таныс болыңыздар:
- Мектеп психологы - Айтбаева А
- Математика пәнінің мұғалімі - Омарова Д
- Физика пәнінің мұғалім - Батанова Ә
1-кезең. Таныстыру.
Сайыскерлерге сәттілік тілей отырып, бірінші кезең таныстыруды бастаймыз. Ортаға «Интернет» тобын шақырамыз… Келесі «Windows» тобы қарсы алыңыздар!
Әділ қазы алқасы бірінші кезең бойынша топтардың бағасын берсеңіздер.
2-кезең. Ойлан, тап!
Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну-дей отырып «Ойлан, тап!» атты 2-кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезеңде әрбір топқа информатика саласы бойынша 9 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 5 ұпай. Экранға назар аударамыз, Олай болса «Интернет» тобының сұрақтары, экранға назар аударыңыздар.
1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс т. б. ) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы (Ақпарат) .
2. Ресейде XVI-XVII ғасырда пайда болған есептеуіш құрал (Есепшот) .
3. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды
қалай атайды (Кодтау) .
4. Paint графикалық редакторында неше құрал пайдалануға болады? (16)
5. Санның цифрына бөлінетін позицияны қалай атайды? (Разряд)
6. Берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру (Алгоритм) .
7. “Кибернетиканың атасы” деп қай ғалымды атайды? (Норберт Винер)
8. Integer сөзі қандай типті білдіреді? (Бүтін)
9. Microsoft Word қандай редактор? (Мәтіндік)
Келесі кезек «Windows» тобында.
1. Көрінетін бейнелер мен символдар арқылы берілетін ақпарат түрі? (Визуалды)
2. Графикалық редакторды табыңыз? (Paint)
3. Сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі. (Санау жүйесі)
4. Мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою. (Мәтінді форматтау)
5. “Қосу машинасын” ойлап тапқан ғалым? (Блез Паскаль)
6. Сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. (Excel)
7. Трансляторлар неше түрге бөлінеді? (3)
8. Паскаль тілін ұсынған швейцариялық ғалым? (Никлаус Вирт)
9. Графикалық файлдардың кеңейтілуі (gif)
Әділ қазы алқасы 2-кезең бойынша топтардың ұпай сандарын білсек.
3-кезең. Шешіп көр
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
3-кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезеңде оқушылар компьютерде көрінген жұмбақтарды шешеді. Әр топқа 2 жұмбақтан және бір сөзтізбек берілген. Бұл кезеңге бес минут беріледі. әр жұмбақ 5 ұпай, сөзтізбекке 10 ұпай. Ортада «Интернет» тобы.
1. Төрбұрышты әйнек,
Барып тұрған әлек. (Монитор)
2. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені. (Кактус)
Келесі кезекте «Windows» тобы.
1. Ақпаратты қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай аталады. (Принтер)
2. Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болса жыпылықтап тұрады. (Меңзер, курсор)
4-кезең. Сан жасыру
Бұл бөлімде 12 ұяшық берілген. Қатысушылар қалаған санын таңдап, сұрақтарға жауап береді. Ішінде тосын сиы бар. Егер тосын сиға иеленсе берілген міндеттерді орындау керек.
Ал іске сәт.
1. Компьютердің жанындағы өсімдік? (Кактус)
2. Баспаға шығару құрылғысы? (Принтер)
3. Жалпы желіге қосылу үшін не керек? (Модем)
4. Калкулятордың неше түрі бар? (2)
5. Вирусқа қарсы программа? (Антивирустық пр)
6. Дыбыс шығару құрылғысы? (Колонка)
7. Үш программалау тілдерін ата? (Паскал, Делфи, Си++)
8. Бос орын қалпына келтіру пернесі? (Пробел)
9. Дыбыс жазу құрылғысы? (Микрофон)
10. Вирус деген не? (Компьютердегі ақпараттарды бүлдіруге арналған программа)
11. Ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы? (Пернетақта)
12. Winzip, WinRar қандай программа? (Архиватор)
5-кезең. Үй тапсырма.
Бұл кезеңде қарама-қарсы топ дайындп әкелген сұрақтарын, сөз жұмабқ жасырады.
Әр сұраққа 5 ұпай, сөз жұмбаққа 10 ұпайдан қойылады.
6-кезең. Кім жылдам?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz