Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жақсы бала еңбекшіл
Күні:_____________
Сабақтың тақырыбы: Шаттыққа толы жүрекпен
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету
Дамытушылық мақсаты: өзіне деген сеніділігін арттыру;
Тәрбиелік мақсаты: өзін және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Жаңа ақпарат
Біз бақытты баламыз!
Жылай қалсақ, жұбанамыз,
Ақыл тыңдап, тіл аламыз,
Біз тәртіпті баламыз!
Таңда ерте тұра аламыз,
Беті-қолды жуа аламыз,
Біз ұқыпты баламыз!
Үлкендерді сыйлаймыз біз,
· Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?
· Өзіңе, өзгеге, табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?
· Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсың?
Әңгімелесу
Өзін-өзі тану сабақтары арқылы адам өзін, басқа адамдарды және қоршаған ортаны тани алады. Сабақта сүйіспеншілік, отбасы, жақсылық, достық, ба - қыт, білім сияқты ең асыл құндылықтармен танысады.
Өзіңді тану
Жақсы болу - өзіңнен,
Жаман болу - өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзіңнен үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын? - деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын? - деп ойла.
Өзін-өзі танудан үйренген құндылықтар туралы түсініктеріңді айтыңдар.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Шаттық шеңбері
бірлік
Отан
білім
махаб - бат
Өзіңді танығанда ғана өзгені білесің.
Балапан
Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды.
Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа.
Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды.
Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.
· Арман мен Нұрлан балапанға қандай қамқорлық көрсетті?
· Айналаңдағыларға қамқорлық жасаған кездерің болды ма?
Суретке қараңдар. Төмендегі сұрақтарды қол - дана отырып, <<Біз осылай өсеміз>> тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
Жағдаятты шешу
· Өсімдіктер мен жан-жануарлардың өсуі үшін не қажет?
· Адамның дамуына не ықпал етеді?
· Өскен сайын өз бойларыңнан қандай өзгерістер бай - қадыңдар?
· Өз бойларыңда қандай қасиеттер болғанын қалай - сыңдар?
Жүректен жүрекке
Біз осылай өсеміз
Суда жүзіп өсеміз,
Қырды сүзіп өсеміз.
Күнге қызып өсеміз,
Құмда шыжып өсеміз.
Қайырмасы:
Талаптанып өсеміз,
Қанаттанып өсеміз.
Таулар көріп өсеміз,
Баулар егіп өсеміз.
Жеміс теріп өсеміз,
Жеңіскер боп өсеміз.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Күні:_____________
Сабақтың тақырыбы: Арайлап атсың әр таңым
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: әр түрлі көңіл күйді сезіне білуге және мәдениетті қарыс қатынас жасауды үйрету
Дамытушылық мақсаты: сыныптастарымен, үлкендермен, жақын адамдарымен жағымды қарым қатынастарын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: өзін және айналасындағы адамдарды сыйлау және қуанта білуге тәрбиелеу

Кел, балалар, күлейік!
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкімізді күн қылып,
Гүл өссін деп тілейік.
· Ренжіген немесе қуанған кездеріңде өздеріңді қалай ұстайсыңдар?
· Адамдардың көңіл күйі сендерге қалай әсер етеді?
Жаңа ақпарат
Бос қайық
Бір данышпан өз оқушыларына былай деді:
- Мен жас кезімде қайықпен жалғыз өзім жиі серуенге шығатынмын. Онда мен керемет рақатқа бөленетін едім. Мен ұзақ уақыт өзенде жүзіп жүретінмін.
Бір күні мен көзімді жұмып, қайық үстінде терең ойға шомып кеткен екенмін. Кенеттен ағыспен жүзіп келе жатқан бір қайық қайығымды соғып кетті. Мен ызаға булығып кеттім. Көзімді ашып, мазамды алған адаммен ұрыспақ болып, басымды көтеріп едім, қайық бос екен. Өшімді алар ешкім болмаған соң, қайта көзімді жұмып, өз ашуыммен бетпе-бет жалғыз қалдым.
Оны көрген сәттен бастап, мен өзімді өзім тануға бірінші қадам жасадым. Бос қайық маған өмірлік сабақ болды. Содан бері мен біреуге ренжіп, ашу-ыза қыса бастаса, өзімнен-өзім күлемін де: <<Бұл да бос қайық!>> деп, сабама түсемін.
· Аңызда адам көңіл күйінің қандай сәті сөз болады?
· Өздерің аңыздан қандай қорытынды жасар едіңдер?
· <<Бос қайық>> әдісін өмірде қалай қолдануға болады?
Ойын
Адамның көңіл күйі әр түрлі жағдайларға байланысты болады. Жақсы іс, ізгі ниет, жылы сөз, жақсылық хабар, қуаныш адамның көңіл күйінің көтерілуіне әсер етеді.
Суреттегі балалардың бет-бейнелеріне қарап, қандай көңіл күйде тұрғанын әңгімелеп беріңдер.

Өмір деген жарыста,
Шаттанғын, дос, қалыспа!
Өзіңнің, өзгенің көңіл күйін қалай көтеруге болады деп ойлайсыңдар?
Жаңа ақпарат
Тиін мен қасқыр
Тиін бұтақтан-бұтаққа секіріп жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлап түседі. Қасқыр ұшып тұрып, оны жемекші болады.
- Қоя бер мені! - деп, тиін жалына бастайды.
- Жақсы, қоя берейін, бірақ осы тиін біткен неге сонша көңілді боласыңдар, соның себебін айтшы маған. Мен үнемі жабығып жүремін, ал сендер төбемізде асыр салып ойнайсыңдар да жүресіңдер.
- Ең әуелі мені ағаштың басына жібер, сол жерде тұрып айтайын, әйтпесе сенен қорқамын, - деп жауап береді тиін оған.
Қасқыр тиінді қоя береді. Ол ағаштың басына шығып алып:
- Сен өзің зұлымсың, содан ылғи жабығасың да жүресің... Ал біз болсақ, қайырымдымыз, ешкімге жамандық жасамаймыз, сондықтан үнемі көңілді боламыз, - дейді.
· Тиін неліктен үнемі көңілді жүреді?
· Жақсы көңіл күйде жүру үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
Жүректен жүрекке
Жақсы көңіл күй:
1. тез түсінісуге септігін тигізеді;
2. өзара достасуға көмектеседі;
3. сыйластыққа негіз болады.
Көңілді балалар әні
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Күні:_____________
Сабақтың тақырыбы: Бәрін білгім келеді
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: оқушы, оқу, білім туралы түсінік беру
Дамытушылық мақсаты: білімге, оқуға, еңбек етуге құштарлықтарын және ұстазбен өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: жақсы оқушы болуға тәрбиелеу

Бақытты балалық шақ
Жарастықпен жайнатып өмiр көркiн,
Гүл-бақшада сайрандап өскен еркiн.
Шат көңiлдi, бақытты ел ұланымыз,
Келешекте ұлы iстi меңгеретiн.
Отанымыз әлпештеп анадайын,
Құшақтайды аялап сағат сайын.
Зәулiм мектеп, кең сарай, түрлi алаң,
Не керектiң бiз үшiн бәрi дайын.
Бiлiм шыңын өрлеймiз басып алға,
Қиындық жоқ, бөгелiс жолымызда.
Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,
Көк туымыз желбiреп қолымызда.
· Адамға білім не үшін қажет?
· Оқу кезінде қандай қиындықтар кездеседі?
· Оларды қалай жеңуге болады деп ойлайсыңдар?
· Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?
Әңгіме
Табанды бала
Ерте заманда Әлім деген бала өмір сүріпті. Оның әкесі қайтыс болып, жалғыз анасымен қалады. Олар кедей отбасынан еді.
Күн артынан күн өте береді. Баланың мектепке барып, оқитын уақыты келеді. Бірақ оны мектепке апаруға еш мүмкіндік болмайды. Алайда Әлім <<Мен оқуым керек>> деп арланады.
Кішкентай Әлімнің көршілері өте бай адамдар еді. Әлім көршісіне келіп: <<Сіз үйіңізге қызметші іздеп жүр екенсіз, мені алыңызшы! Еңбегіме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда-санда сіздің ұлдарыңыз қалай оқып жатқанын көрсем, жеткілікті>>, - дейді.
Бай тегін жұмысшы тапқанына қуанып, келісе кетеді.
Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға дейін бел жазбай жұмыс істейді. Бірақ Әлім мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын тығылып тұрып тыңдап алатын еді. Сөйтіп, Әлім оқу мен жазуды үйреніп алады.
Бір жылдан кейін өз бетінше сөздерді ажырата алатын болды. Бірақ қайда, немен жазарын білмей, басы қатады.
Әлім өзінің анасымен теңіз жағасындағы кішкентай үйде тұратын еді. Теңіз толқыны құм бетін шайып, тегістеп кететін. Әлім қолына таяқ алып, теңіз жағасына келіп, құм бетіне әріптерді жаза бастады. Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалықпайды.
Енді оған оқитын кітап керек болды.
Бір күні байға келіп: <<Сіз маған өз кітаптарыңызды оқуға рұқсат етсеңіз, мен тағы да бір жыл ақысыз жұмыс істеуге келісер едім>>, - дейді.
Бай мұндай тегін жұмысшыдан айырылғысы келмей, келісе кетеді.
Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келді.
Одан бері көп жылдар өтті. Әлім өз мақсатына жетіп, үлкен ғалым болыпты.
Адамдар кішкентай Әлімнің табандылығын әлі күнге дейін еске алып отырады екен.
· Бала өз мақсатына қалай жетті?
· Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті?
· Қазақ халқының қандай ғұлама ғалымдарын білесіңдер?
Дәйексөз
Білім алу қызығушылық, еңбекқорлық және табандылық танытуды қажет етеді.
Білім адам игілігіне қызмет етеді.

Өлеңді жаттап алыңдар.
Кітаптың жыры
Деме: <<Оңай үйренем>>.
Ақыл айтсам - Егеспе.
Оқу деген - <<Инемен
құдық қазу>> емес пе?
Менің әрбір жолымда -
Өмірдегі үлесің.
Мен отырсам қолыңда,
Білмегенді білесің.
Көп пайдадан құр қалма,
Жалқауланып отырып.
Қолдан келіп тұрғанда:
<<Кел, балалар, оқылық!>>
· Неліктен кітапты <<ұстаз>> деп атаймыз?
· Кітаппен қалай дос болуға болады?
Жүректен жүрекке
Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
Білім:
1. өзіңді, өзгені танытады;
2. өмірді түсінуге көмектеседі;
3. табиғат құпияларын ашады;
4. болашаққа жетелейді;
Мақал-мәтелдерді жаттап алыңдар.
1. Оқу - білім бұлағы.
2. Білім - өмір шырағы
3. Оқу - инемен құдық қазғандай.
4. Оқу түбі - тоқу.
Ақылшым - мұғалім
Сәбилік көңілден
Арналды бұл әнім.
Баулитын өмірге
Ақылшым - мұғалім.
Тіліңді аламын,
Айтқанды ұғамын.
Мен сендей боламын,
Ақылшым - мұғалім.
Арқаңда өзіңнің
Адам боп шығамын.
Бәрі алтын сөзіңнің,
Ақылшым - мұғалім.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Күні:_____________
Сабақтың тақырыбы: Достық қымбат өмірде
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: балаларды достарымен жағымды қарым қатынас жасауға үйрету
Дамытушылық мақсаты: өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым қатынастарын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
· Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?
· Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
· Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Әңгіме
Үш дос
Көп пәтерлі үйдің ауласында толас болмайды. Кішкене-кішкене балалар ойыншықтарын алып шығып, қызыл шеке болып ойнайды да жатады. Бүгін де Қазанқап пен Қарымсақ трамвайын әкеліп, ақаулы жерін жөндеп, біраз әуре болды. Бұлардың ойынының үстіне Самат келді. Ол трамвайдың иесі Қазанқапқа:
- Ойындарыңа мен де қосылайыншы, - деп өтінді. Қазанқап:
- Ойынға қоспаймыз, - деді бірден кесімін айтып. Сөйтіп, Саматтың бетін қайтарып тастады.
Самат біраз қарап тұрды да, томсырайған күйі үйіне қарай беттеді.
Келесі күні Самат өрт сөндіретін қызыл машинасын алып шықты. Жанына Қарымсақты қосып алды. Қарымсақ кіммен болмасын тату ойнайтын. Ойынның неше түрлісін тауып, қыздырып ала жөнелетін-ді. Бұлар үйден шыққан <<өртті>> оған су құйып, сөндіріп, баланы алып шығып, жедел-жәрдем көрсетіп ойнап жүрді. Қарымсақ Қазанқапқа:
- Кел! Ойынға сен де аралас, - деді. Қазанқаптың кешегісі есіне түсті.
- Самат мені ойынға қоса ма? - деп қипақтады.
- Кел, ойнай бер. Мен ойыншығымды қызғанатын сен сияқты емеспін. Өрт сөндіру үшін қолдың көп болғаны жақсы, - деп Самат Қазанқаптың қолынан ұстап, ойынға өзі араластырды.
Қазанқап қиналып, екі беті қып-қызыл болып:
- Самат, кешегімді кешір, мен енді ойыншығымды қызғанбаймын, - деді. Содан бері үшеуі тату ойнайтын болды.
· Балалар неліктен бірге ойнай алмады?
· Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Адамдар бірін-бірі сыйлап, түсіне білсе, жақсы қарым-қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі.
Өздерің ерекше сыйлайтын адамдар туралы айтып беріңдер. Оның қандай ісі, қасиеттері сыйлауға лайық деп ойлайсыңдар.

Жағдаяттарды шешіңдер:
1. Шығармашылық кез - десу кезінде өзіңді қызық - тырған сұрақ қойғың келді. Ол...
2. Сенің досың сыныптастарына ренжіп қалды. Себебі...
3. Сабақ үстінде досыңа қызық әңгіме айтқың келді. Бірақ...
Рақмет, ата!
Әңгіме
Баламның амандығын біліп, немеремді иіскеп қайтайын деп үйден шықтым. Мен өтетін жолдың қиылысында төрт-бес жа - сар шамасындағы қыз тұрды.
Қасына келіп:
- Бұл жерде неғып тұрсың? - дедім.
- Сізді күтіп тұрмын. Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды ғой.
- Ой, айналып кетейін, көп жаса! Атың кім?
Гүлнар.
- Кімнің баласысың?
- Әжемнің баласымын.
Немереме алып шыққан құрт, ірімшігім бар болатын. Соларды Гүлнарға бердім.
- Үйде кішкентай Сая бар.
Соған беремін. Рақмет, ата! - деп жүзіме қуана қарады. Кіп-кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптілігіне риза болып қоштастым.
· Гүлнардың бойынан қандай қасиеттерді аңғаруға болады?
· <<Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет>> дегенді қалай түсінесің?
· Өз достарыңа, туыстарыңа және жақын адамдарыңа қандай құрмет көрсетесің?
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Күні:_____________
Сабақтың тақырыбы: Әдептілік-әдемілік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: әдептілік, сыпайылық, ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру
Дамытушылық мақсаты: сыйластық қарым қатынас дағдыларын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: ізетілікке, сыпайлылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу

Адамдарға кешіріммен қарайтын,
Жан жылуы жылылық боп тарайтын,
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге балайтын.
· Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер?
· Достарыңмен және жақын адамдарыңмен ренжіскен кезде қандай күйде боласыңдар?
· Кешірім сұраудың достықты сақтауға көмектескен кездері болды ма?
Әдептілік
Тұрсын мектептен көңiлсiз қайтты. Үн-түнсiз отырып, тамағын iштi. Бiр кезде:
- Апа, әлгi бiздiң көшенi сыпыратын атай ауруханаға түсiп қалыпты, - дедi.
- Ә, бұл бейнет дегенiң де тiлсiз жау екен ғой. Құрал-жабдықтарын қоятын сарайының төбесiн жөндеймiн деп жүрiп, мертiгiптi. Өткен сенбiде екi-үш оқушы сарай төбесiнiң қара қағазын жыртып, iшiне түсiптi. Сарайдан сыпырғылар алса керек. Тентектер, өйтiп бүлдiргенше, сұрап алсашы.
Сөйтiп жүрiп апасы жұмысына жиналды.
- Апа, ұрыспайсыз ба? - дедi Тұрсын қипақтап.
- Не үшiн? Екiлiк алғаннан саумысың?
- Жоқ екiлiк емес. Одан да жаман ... мен де солардың ішінде болып едім... Айтайын дегенiм, аула сыпыратын атайға барсам деймiн. Халiн бiлiп, кешiрiм сұрайын.
- Қап, әттеген-ай, балам. Ағаттық жасаған екенсіңдер. Сендердiң кешiрiм сұрағандарың дұрыс, атайдың жан жарасына себi тиер.
Апасы жұмысына кеттi.
Тұрсын аула сыпыратын қартқа барды.
- Бiр қателiк кеткен шығар. Ештеңе етпес, бәрiнен де қателiктерiңдi түсiне бiлгендерiң жақсы. <<Көл бақасыз болмас, адам қатесiз болмас>> деген, - дедi қарт.
· Балалар өз қателіктерін қалай түсінді?
· Атай балалардың қылығын кешірді ме?
· Өздерің атайдың орнында болсаңдар, не істер едіңдер?

Кешірім - ізгіліктің белгісі
Халық даналығы
Ренішін ұмытып, райынан тез қайтатын адам кешірімшіл болады.
Кешіре білу адамның өзімен, өзгелермен үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.
Достар бір-бірін кешіре білсе, қателігін мойындай алса, достық берік болады.
Суреттерде берілген жағдаяттарды сахналап көрсетіңдер және талдаңдар.
¯ Ғазиз асығып келе жатып, дәлізде мұғалімді қағып кетті...
¯ Арсен мен Мәулен дүкеннің қабырғасына сурет салып ойнады. Арсен болса, қашып кетті...
¯ Дәулет сабаққа кешігіп қалды...
¯ Алпамыс байқамай Құралайды соғып кетті...
Автобуста
Автобус тоқтайтын аялдамаға келдік.
Көп ұзамай көк автобус келіп тоқтай қалды. Екі есігі бірден ашылды. Адам да көп. Бірі мінсе, бірі түсіп жатты. Алдыңғы есіктен апам екеуіміз ішке кірдік.
- Мұнда отырыңыз, - деп, менен үлкендеу екі бала анама орын ұсынды.
- Рақмет, балалар, - деді анам отырып жатып.
- Апа, рақметті не үшін айттыңыз?
- Кішіпейілділігі үшін. Сен де солардай бол. Үлкенді сыйла. Сонда үлкендер саған рақмет айтатын болады
Кешірім жасау:
1) татуласуға бірінші қадам жасау;
2) кішіпейіл болу;
3) қателікті мойындау;
4) өзара түсінісу;
5) ренішті ұмыта білу.
Күн күледі
Сөзі Қ. Толыбаевтікі
Әні И. Нүсіпбаевтікі
Қызғалдақтар қырда тұнып,
Жайқалады ырғатылып.
Анамыздай мейірлі Күн
Аймалайды шыңда тұрып.
Қайырмасы:
Ала таңнан оянамыз,
Күнмен бірге қуанып.
Біз ауылға ораламыз,
Құшақ-құшақ гүл алып.
Жалбыр шашы - гүл жібегі,
Жайнаң қағып Күн күледі.
Кешке дейін бізбен бірге,
Күлім қағып бір жүреді.
Қайырмасы.
Алау оты шоқтай жайнап,
Бетімізден өбеді.
Шапқылайды алақайлап,
Бізді жақсы көреді.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Күні:_____________
Сабақтың тақырыбы: Тіл табыса білейік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: өзара түсіністік, өзара сыйластық, тіл табысу туралы түсінік беру
Дамытушылық мақсаты: балалардың өзін және басқа адамдарды түсіне білу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: балаларды өзара жағымды қарым қатынас жасай білуге тәрбиелеу

Бала тIлегI
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, әндетiңдер, билеңдер,
Гүлденсiн деп атамекен - қара орман.
Болашақтың иесiмiз бәрiмiз,
Туған жердiң түрлендiрер нәрiмiз.
Алтын бесiк -- ұлан-байтақ елiмде,
Жарқын болсын шырқап айтар әнiмiз.
Қалықтаған көгершiнi көгiнде,
Мұңаймасын ешбiр бала елiмде.
Ата берген батаменен көркейсiн,
Ұлы Отаным, тiлегiм сол менiң де
· Сыныптастарыңмен ренжісіп қалған кездерің болды ма?
· Қалай татуластыңдар?
· Өзгелердің пікірімен келіспеген жағдайда не істейсің?
· Келісімге келу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Өсиет әңгіме
Бұл оқиға өте ерте заманда болса керек. Адам аңдарды үйіне шақырып, аз-кем кеңес құрыпты.
- Бәріміз бірлесіп, ынтымақты еңбек етсек, қиынымыз жеңілдер еді. Әрі біріміздің білмегенімізді екіншіміз айтар едік. Қалай десек те, <<Кеңесіп пішкен тон келте болмас>>, - депті.
- Осындай ой-пікірді алғаш айтқан адам біздің иеміз болсын. Мен оның айнымас көлігі әрі серігі болайын, - депті шұбар Ат құндыздай жалы жалт-жұлт етіп.
- Адам бізге басшы, біз қосшы болсақ, мен келістім. Адам мен Ат ұзақ жолға шыққанда, үй-жайын қорып, күзетуге мен әзірмін, - депті Төбет зор дауыспен арп-арп етіп.
Бадырайған көзін анда-санда ашып-жұмған Жапа - лақ Адамның шақыруын құп алмай, ағаш басында жападан жалғыз отыра беріпті.
- Шақырған жерден қалма, - деген шұбар Аттың сөзін естен шығарыпты.
- Төрт көзіміз түгел болғанға не жетсін! - деп ынтымаққа шақырған Төбет сөзін місе тұтпапты.
Бір кезде Адамның, Аттың, Иттің бұны іздеп келе жатқанын байқап қалып, Жапалақ елден ұзағырақ ұшып
кетіпті.
Жапалақтың өз достарынан жеке дара бөлектенуі, оны одан әрі адастырыпты. Өмір сүру тәсілі де өзгеріпті.
Содан бері Адамның, Аттың және Иттің көзіне күндіз түсіп қалмайын деп Жапалақ түнде ғана ұшатын болыпты.
· Адам, Ат, Ит үшеуі қандай келісімге келді?
· Жапалақ неліктен жалғыз қалды?
· Келісімде, жарастықта өмір сүру үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?
Адамдардың бір-бірімен өзара тіл табысуы, түсінісуі, ортақ шешімге келуі оларды қуанышқа, шаттыққа бөлейді.

Жағдаяттарды шешіңдер.
¯ Тілес Бегарысты байқамай
қағып кетті...
¯ Абзал мен Ғазиз ойыншыққа таласып қалды...
· Осындай жағдайларда өзара түсінісу үшін не істеуге болады?
Піл мен Маймыл
Ертегі
Бір орманда Піл мен Маймыл кездесіпті. Содан екеуі кезек-кезек мақтаныпты.
- Дүниеде менен күшті ешкім жоқ! Мен ашулансам, қандай ағаш болса да тамырымен жұлып аламын! - дейді Піл мақтанып.
- Ағаштан-ағашқа мен сияқты ешкім секіре алмайды. Мен ептімін! - дейді Маймыл тез-тез сөйлеп.
Піл мен Маймыл осылай мақтана береді, мақтана береді. Ең соңында Үкіден сұрамақ болады. Үкі бір ағаштың бұтағында ұйықтап отыр екен.
- Уа, данышпан, Үкі! - дейді Маймыл бұтақтан бір қолымен ұстап тербетіліп тұрып.
- У-у-х! Өй! - деп Үкі шошып кетеді. - Не болып қалды? Айта беріңдер!
- Піл: <<Дүниедегі ең күшті менмін>>, - деп мақтанады. Ал мен оған: <<Дүниеде менен асқан епті жоқ>> деймін. Төрелігін өзің айтып бер.
- Бір сөзбен айтқанда, - дейді Піл сөзге араласып. - Күшті болған жақсы ма, жоқ епті болған жақсы ма?
Үкі ұзақ үнсіз отырады. Содан үп-үлкен көзін бір ашып қалады да, қайта жұмады.
- Мына өзеннің арғы жағында бір зәулім алма ағашы бар. Жалғыз ғана ағаш. Соның ең болмағанда бір алмасын жесем, сонда ғана төрелік айта аламын, - дейді Үкі.
Піл мен Маймыл жүгіріп отырып өзенге келеді. Өзеннің ағысы қатты болатын. Содан Маймыл:
- Өзеннен қалай өтеміз? - деп уайымдайды.
- Уайымдама! Кел арқама мін. Өзеннен сені мен алып өтемін. Мен күштімін ғой! - деп Піл Тұмсығын көкке көтеріп, мақтана қышқырып алады.
Маймыл лып етіп Пілге мініп алады. Екеуі өзеннен өтеді.
Зәулім биік алма ағашының жанына келгенде Піл алмаға тұмсығы жетпейтінін көріп:
- Алманы қалай жинаймыз? - деп уайымдайды.
- Сен осы жерде тұр, - дейді Маймыл қуанып. - Қазір тез өрмелеп шығамын да, жемісті саған лақтырып тұрамын. Мен ептімін ғой!
Екеуі осылай бір-біріне көмектесіп, алманы жинап алады. Содан қайтадан Үкіге келеді.
Үкі тағы да көпке дейін көзін ашпайды.
- Уа, ормандағы құс атаулының ақылдысы! Біз саған алма әкелдік. Соны жеп ал да, өзіңнің әділ төрелігіңді айт, - дейді Маймыл.
- Сен өзеннен өзің өттің бе? - дейді Үкі көзін ашпаған күйі.
- Піл өткізді.
- Епті едің ғой, ебің көмектеспеді ме?
- Ағысы қатты, тау өзені екен. Ағызып әкетуі мүмкін еді.
- Ал, Піл, сен зәулім биіктегі жемісті қалай тердің?
- Маймыл көмектесті.
- Оның қалай, күшің көмектесе алмады ма?
- Жоқ. Егер Маймыл көмектеспесе, мен жеміс жинай алмас едім.
- Дұрыс, - дейді Үкі. - Мен екеуіңді, қиын сәтте бір-біріңе қалай көмектесуге болатынын білсін деп алмаға жұмсаған едім. Дүниедегі ең қымбат - достық, татулық екенін енді екеуің білдіңдер. Мына әкелген жемістеріңді өздерің жей қойыңдар. - Мен мүлде алма жемеймін.
Міне, осылай Піл мен Маймыл дос, тату болыпты, олар бір-біріне әрқашан көмектесіп жүреді екен.
· Піл мен Маймыл ортақ келісімге қалай қол жеткізді?
· Өзара тіл табысу қандай сезімдерге бөлейді?
· Ренжіскенде қандай көңіл күйде боласыңдар?
Келісіп пішкен тон келте болмас.
Мақал
Келісім:
· басқалармен жақсы қарым-қатынас жасауға көмектеседі;
· адамдарды бір-бірін жақсы тани білуге үйретеді;
· басқалардың көңіл күйін сезіне білуге ықпал етеді.
Ізгі тілек
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын.
Көк аспанда күн күлсін,
Ұл қолында ту жүрсін.
Қыз қолында гүл жүрсін.
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге жүрсін бүлдіршін.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Күні:_____________
Сабақтың тақырыбы: Көмектесе білейік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: мейірімділік адами қасиеті мен өзара көмек ірекеттері туралы түсінік беру
Дамытушылық мақсаты: қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: қайырымды, жағымды қарым өатынастар жасауға тәрбиелеу

Елімізді сүйеміз
Бал-бұл жанған гүл шағында
Біз Отанның ұланымыз.
Бақытты елдің құшағында
Білім алу ұранымыз.
Қайырмасы:
Біз өнерге, ұлы өмірге,
Гүл өмірге иеміз.
Көгімізді, көлімізді,
Елімізді сүйеміз.
Туған жерде аунап-қунар,
Біз ұланбыз, өрімдейміз.
Біз ұланбыз еңбекқұмар,
Өнер десе ерінбейміз.
Қуанышты әніміз де,
Біз ұланбыз жоқ арманы.
Біздер әлі бәріміз де
Боламыз ел қаһарманы.
Ырыс алды - ынтымақ
Баяғыда бір ақылды қария болыпты, оның тоғыз ұлы бар екен. Бірақ балалары әкесінің ақылын тыңдамай, әрқайсысы өз бетінше жүріп-тұрады. Олардың бұл қылығын былайғы жұрт күлкі етеді. Үлкені кішісін аямайды, кішісі үлкеніне ақшия қарайды. Бірлігі жоқ тоғыз баланы әркімдер-ақ ұрып кете береді, содан әкесі балаларының қылығы туралы терең ойға шомады. Айласы таусылған шал таудан бір құшақ тобылғы әкеліп, балаларын түгел шақырып алады.
Содан соң:
- Қане, балаларым, күштеріңді сынап көрейік, мына тобылғыны тобымен сындырыңдар, - дейді.
Тоғыз ұл кезектесіп күштерін сынайды. Буылған бір құшақ тобылғыны ешқайсысы сындыра алмай, әбден шаршайды.
Қария тобылғының бауын шешіп:
- Енді бір-бірден сындырып көріңдер, - дейді.
Балалары тобылғыны сол заматта-ақ шарт-шарт бөліп:
- <<Міне, сындырдық>>, - деп мақтанысады. Шал балаларын отырғызып қойып, нұсқалы сөзін бастайды.
- Мен сендердің келешектеріңді ойлап қапа боламын. Дұшпандарың көп, ынтымағың жоқ болса, дұшпан сендерді жаңағы жалғыз тал тобылғыдай бырт-бырт сындырады. Ал буылған тобылғыдай бірлікте болсаңдар, сендерді ешкім сындырмақ түгіл, майыстыра да алмайды. Менің айтарым сол, - дейді.
Көп ұзамай шал дүниеден өтеді. Балалары ақылға келіп, бірлесіп тіршілік етіп, кем-кетікке көмектесіп, ынтымақты өмір сүреді. <<Ырыс алды - ынтымақ>> деген сөз содан қалған екен.
· Қария балаларына бірліктің мәнін қалай ұғындырды?
· <<Бірлік болмай, тірлік болмас>> деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді аяқтаңдар.
1. Ынтымақ түбі - ... .
2. Бірлік, ынтымақ - байлық, ... .
3. ... - табылмас бақыт.
Қажетті сөздер: татулық, береке, бақ.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Күні:_____________
Сабақтың тақырыбы: Сыйласаң - сыйлы боласың
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: дос, туыс, жақын адам арасындағы өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту
Дамытушылық мақсаты: дос, туыс, жақын адамдарына деген сүйіспеншілікті арттыру
Тәрбиелік мақсаты: достық, туыстық, сыйластық қарым қатынас жасай білуге тәрбиелеу

Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату-тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады
Өмірлік сый
Анасы: Сендер тағы да ренжісіп қалғансыңдар ма, апалы-сіңлілісіңдер ғой, бір-біріңе кешірімді болсаңдар қайтеді?
Әмина: Мен тек үлкен болғандақтан ғана оны үнемі кешіре беруім керек пе?
Анасы: Сенің ақылың бар ғой, мен әрқашан саған арқа сүйеймін.
Әмина: Оның мені тыңдағысы келмейді.
Жасия: Әмина неге мені тәрбиелейді? Ол менің анам емес қой. Мен не себепті оны тыңдауым керек?
Анасы: Әпкең немесе ағаң сен үшін өмірдің баға жетпес сыйы, әрқашан бір-біріңе көмектесулерің керек.
Егер осы сыйдың құндылығын бағалай білмесең, күндердің күнінде оны жоғалтып алуың мүмкін.
Әмина: Сыйдың осындай болғаны өкінішті-ақ!
Анасы: Сіңліңнің саған деген қарым-қатынасының осылай болатын себебі: сен онымен ойнамайсың, оған дұрыс көңіл бөлмейсің, ол соны армандайды.
Жасия: Иә, мен үшін ең қызығы - әпкеммен ойнау.
Анасы: Сендерге бір-біріңмен тату, бірлікте өмір суру керек екендігін қалай түсіндірсем екен!?
· Сендер анасының сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
· Апалы-сіңлілер неге үнемі керісе береді?
§ <<Әпкең мен ағаң - өмірдің баға жетпес сыйы>> деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Татулық - табылмас бақыт
Халық мақалы
Берілген жағдаяттардың шешімдерін табыңдар.
¯ Марат пен Саматқа <<Жас техниктер>> үйірмесінде ұшақтың макетін жасау тапсырылды. Мараттың жасаған макеті барлық баланы қызықтырып, таң қалдырды.
Ал Самат қанша талпынғанымен, өзі жасаған макетке көңілі толмады. Бұған Самат қатты налыды.
Балаларға татулықтарын сақтау үшін қандай кеңес беруге болады?
¯ Марат балалармен де тату ойнай алатын еді. Сыныптағы барлық бала Маратпен ойнағысы келетін. Барлық уақытта сыныптас - тарына ықтиярымен көмектесуге дайын тұратын, қолында барын аямайтын.
Ал Самат болса, өз заттарын қызғыштай қорып әлек болумен шаршайтын. Саматқа осындай қылықтарынан соң балалар да көп жоламайтын болды.
· Саматты қалай көпшілдікке үйретуге болады?
¯ Марат Саматқа ойыншықтарын балалардан қызғануының дұрыс еместігін ескерткені сол еді, Самат өкпелеп, бұртиып ешкіммен сөйлеспей қойды.
· Достарының алдында сыйлы болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет?
Бірлік:
1) ортақ істе ұйымшылдық көрсету;
2) жаныңдағылармен тату өмір сүру; өзгенің пікірімен санаса білу;
3) өзінің ғана емес, өзгенің де қамын ойлау, көпшіл болу.
Бата
Ұзақ болсын ғұмырың,
Биік болсын тұғырың!
Ақиықтай қыран бол,
Абылайдай ұран бол!
Өнегелі, өрісті,
Елін сүйген ұлан бол!
Деп аталар өрелі
Баталарын береді.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Күні:_____________
Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету
Дамытушылық мақсаты: жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу

Жан-жағына нұр шашып
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе көк майса,
Жүрегім жыли бастайды.
Оралғанда сапардан
Алдымнан жақын жан шықса,
Кездескенде достарым
Құшағын маған кең ашса,
Жүрегім жыли бастайды.
· Үлкендер еркелеткенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?
· Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?
· Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?
Жай ғана әжей
В. Осеева
Айнұр мен Абзал көшеде келе жатыр еді. Алдарында қарт әжей кетіп бара жатқан. Жер тайғақ болатын. Әжей сүрініп кетіп, жығылып қалды.
Абзал:
- Сөмкемді ұстай тұршы! - деді де, қарт кісіге көмектесуге жүгіріп кетті.
Абзал қайтып келгеннен кейін Айнұр:
- Бұл сенің әжең бе? - деп сұрады.
- Жоқ, - деп жауап берді Абзал.
- Мамаң ба?
- Жоқ.
- Ендеше көршің шығар?
- Жоқ. Ешкімім емес. Жай ғана қарт әжей ғой, - деп жымиды Абзал.
· Бұл оқиғадан не үйрендің?
· Абзал мен Айнұрдың ой-пікірлері туралы не айтасыңдар?
Табиғаттағы барлық жылу - күннен,
Өмірдегі барлық жылу - адамнан
М. Пришвин.
Өздеріңнің жақсы көретін адамдарың туралы әңгімелеп беріңдер.
Суреттерге қарап, жағдаяттарды шешіңдер.
1. Сен бір құшақ газет-журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің...
2. Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досыңның ролигі жоқ...
3. Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің маза - сызданып кетті...
Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді.
· Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?
· Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?
ҮІ. Қорытынды бөлім

Қайырымдылық
Монтиған құрбыларынан бойы аласа Мұхтардың мектеп табалдырығын аттағанына көп болған жоқ. Әлі тіпті су жаңа киімдерінің қыры да кетіп үлгермеген, бәтеңкесі де қап-қара, жылт-жылт етеді.
- Айналайын, - дейді анасы күнде үйден шығарда.
- Байқап жүр. Үсті-басыңды ластама. Жарай ма?
Мұхтар мақұлдап, басын изейді. Міне, ол үйге қайтып келеді. Күн бұлыңғыр еді, сәлден соң жауын сіркірей бастады. Әп-сәтте әр жерде айнаның сынығындай қақ тұрып үлгерді. Әйтсе де, Мұхтардың көңілі жадыраңқы, ашық. Әлгінде мұғалима оны бүкіл сынып алдында тәртіпті, таза деп мақтаған. Ол үстіне қылау жұқтырмай, аяғын тақ-тақ басады.
Алда үш-төрт баланың ұйлығып тұрғанын көріп, іркіле берді. <<Неге күледі? У-шу боп даурығады ғой. О несі-ей?>> деп, Мұхтар таңдана мойнын созып қойды.
Аумақты қар суын қоршап алған, балалар соған тас атып, ду-ду күледі. Мұхтар елемей өтіп кетпек еді, кенет қақтың (іркіліп қалған жауын суы) ішінде жүзіп жүрген жұдырықтай күшікке көзі түсті. Тұмсығы қара, өзі - ақ күшік. <<Мені мыналардан құтқарсайшы. Өлтірер болды ғой>> дегендей аянышты қыңсылайды. Өліп-талып жағаға жетіп, бауырын сүйрете бергені сол еді, балалардың бірі аяғының ұшымен итеріп, суға түсіріп жіберді. Өзгелері қиқулап, жарыса тас атты. Тас тиген сайын күшік қаңқ етіп батып кетеді, сәлден соң су жұтып шашалып, қайтадан шығады. Әбден қалжырап, үрейі ұшқан күшік жан ұшырып жүр.
Мұхтар шыдамады. Араға кеп қойып кетті. Балалардың бірін иығымен қағып, бірін итеріп жіберіп, өлеусірей үні өше бастаған күшікті көтеріп алды. <<Әй, өзіңе не керек, ә?>> - деп әкіреңдеген сотқар баладан ығыспады. Күшікті бауырына қыса түсті.
Әлгі бала желкесінен түйіп қалып, шалшық суға жықса да, жыламады, күшікті тастамады.
Күшікті құтқар - ға - ны - на Мұхтар қуанышты. Су жаңа формасының бал - шық-балшық бол - ға - нын да елейтін емес. Үй - ге жетіп, есіктің қо - ңы - рауын қаққанда ғана киімінің ластығы есіне түсті.
Қап-қара бәтеңкесі - кір-қожалақ. Киімдері - сатпақ-сатпақ. Сықыр етіп есік ашылды. Мұх - тар абдырап, не істерін білмей қалды. Басын жерден көтерсе, апасы екен. Таңдана әрі тіксіне қарайды.
- Мынауың не? - деді ол, бірден ұрыспай, иегімен күшікті меңзеп.
- Күшік...
Мұхтар бәрі неден, қалай басталғанын айтып берді.
Міне, қызық. Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды. Мұхтар қуанып кетті. Еңсесін басқан зілден арылғандай жеңілдік сезінді.
- Киімдеріңді тазалармыз. Дәнеңе етпейді, балам, - деді ол Мұхтардың басынан сипап.
- Ең әуелі күшікті жуындырып, сүт берелік, жылынсын. Көремісің, ашыққан, әбден қажып, бұралып жатыр.
- Мақұл, апа. Әйтеуір, сіз маған ренжімедіңіз бе?
- Жоқ, құлыным. Түсінем ғой.
- Рас па?
- Әрине, әр кез солай қайырымды бол.
- Апа, мен ылғи өстіп балшық-балшық болып келеді екен деп ойламаңыз.
- Өйтпесіңе сенемін, жаным...
· Апасы неліктен Мұхтарға риза болды?
· Сендердің қайырымды іс-әрекеттер жасаған кездерің бол - ды ма? Сол жағдайда сендер өздеріңді қалай сезіндіңдер?
Мейірімді адам өзге адамға, туған-туыс - қан - дарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.
Маржан мен жауқазын
З. Мейiрханова
Маржан бала кезiнен табиғатты және оның байлықтарын сүйiп өстi. Ата-бабасынан берiлген қасиет шығар, атасы Есқалиды ауылдастары Мичуриннiң iзбасары дейтiн. Бiрде Маржан серуендеп жүрiп, бiр жылаған дауысқа құлағын түрдi. Абайласа, аяғының астындағы тастың қуысынан естiледi. Барлық күш-жiгерiн салып, тасты көтерiп едi, тастың астында қылтиып өсiп келе жатқан жауқазын гүлi, жапырақтары бүрiсiп қалыпты, күлтесi де мыжылған. Маржан тасты көтерiп қалған сәтте-ақ, жауқазын "ух!" деп тыныстады:
-- Мұндай жағдайға қалайша тап болдың, айтшы?
Жауқазын әлсiз де нәзiк даусымен мән-жайды түсiндiре бастады.
-- Күз айының аяқ кезiнде мына тас маған пана болам деп уәде берiп едi. Мiне, аяғы қандай жағдайға душар болдым.
Тасты алысырақ алып тастап, жауқазынның бүрiсiп қал - ған жапырақтарын жөндеп, топырағын қопсытып, су құйды.
-- Жауқазын, сен налыма, менiң жауқазынымсың, саған қамқоршы боламын, -- дедi.
· Маржан жауқазынға қандай жақсылық жасады?
· Тас пен Маржанның іс-әрекеттерінен қандай айырма - шылық байқадыңдар?
Суреттерге қараңдар. Тал мен мысыққа, үлкен кісі мен сырқат жанға қандай жақсылық жасау керек екендігі туралы айтыңдар.
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегім оттай жанады.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Күні:_____________
Сабақтың тақырыбы: Қамқор болып өсемін
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: қамқорлық ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу
Дамытушылық мақсаты: адамға, табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: қамқор, қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу

Келші, келші, балашым
Айым болып тудың ба?
Күнім болып тудың ба?
Ата жолын қудың ба?
Әке жолын қудың ба?
Бұл дүниеге келген соң,
Сұрауы бар судың да.
Айдарыңнан айналдым,
Маңдайыңнан айналдым.
Торсық шеке, тоқ шеке
Бақ болар деп ойладым.
Ашық жанар - көңілің,
Ақ болар деп ойладым.
Қуанышым - арай жүз,
Сөйлесерміз талай біз.
Бар ағайын жиналып,
Мәз боп саған қараймыз.
Сендей бала ешкімде
Болмаған деп санаймыз.
Жалғыз дара - өзіңсің,
Атасының көзісің,
Әжесінің сөзісің,
Аппақ мөлдір сезімсің.
Мен барымды аяман
Ботақаным, сен үшін.
· Өз аталарың туралы не білесіңдер?
· Нағашыларың туралы не айтар едіңдер?
· Жеті атаңды айта аласың ба?
Арұлан
Балабақшаға Арұланды 3-сынып оқушысы Аружан әпкесі ертіп келіп жүр. Ол өзі бір <<пысық>> бала болды. Мұрны пысылдап, әпкесі оятпаса да ерте тұрады. Өзі жуынып, шашын тарайды, <<өзім кием>> деп киімдерін де, орнына қойып, өзі киінетін болды. Ол киініп, арқа қоржынын асынып, қарақаттай көзі күлімдеп:
- Әпке, мен дайынмын! - дейді.
- Айналайын үніңнен, айналайын күнімнен! - деп, Аружан оны балабақшаға ертіп келеді де, оның айдай аппақ маңдайынан сүйеді.
- Апай, саламатсыз ба? - деп, Арұлан тәрбиешімен әдепті амандасады.
- Арұлан, айналайын, әдепті бала, - деп, тәрбиеші оны қуана қарсы алады.
Арұлан тіл алғыш бала болды. Ол үлкендер жұмсаса: <<міне қазір>>, <<мен дайынмын>> деп жауап береді.
- Жаным! Жарығым! Ақ балапаным! - деп әкесі Әбен оны көтере құшып сүйеді. Арұланның күмістей сыңғырлаған күлкісі үй ішін шаттыққа толтырады. <<Балалы үй - базар>> болады.
- Әпке, сен туралы тақпақ жаттап алдым, тыңдашы, - деп ол жылы жымияды.
- Айта ғой тақпағыңды, кәне!
- Қамқор дәйім, Күн мен айым - Әпкетайым!..
- Айналайын інімнен! Айналайын күнімнен! - деп, Арұланды әпкесі құшақтап, билей жөнеледі. Арұлан биге түсіп, әпкесімен бірге шыркөбелек айналып билейді.
- Айналайын, Арұланым, әкесіне тартқан өнерпаз болады, - деп Ажар ана қуанады.
- Мақтамаңыз, мама, мен мақтаншақ емеспін! - дейді Арұлан.
Ақсары бала Арұлан - үй ішінің күні, балабақшаның гүлі, әке-шешенің бақыты, әпкесінің <<жансаясы>> аман болсын!
:: Арұлан қандай бала? Аружан ше?
:: Олардың отбасындағы сыйластығын қалай байқауға болады?
Өз отбасыңдағы қуанышты сәттер туралы айтып беріңдер.

<<Отбасымыздың дәстүрлері>> тақырыбына фотоальбом құрастырып, әңгімелеп беріңдер.
Адамның жақсы қасиеттерінің бірі - өз отбасын құрметтеу. Отбасы мүшелері бір-бірін сыйлап, қамқорлық жасаулары керек.
Қамқорлық
Бабамнан басталар,
<<Өз жұртым>> мыналар:
Ең жақын адамдар -
Әкем мен Анам бар.
Әкемнің әкесі -
Ақ басты Атам бар.
Әкемнің шешесі -
Ақ шашты әжем бар.
Әкеге мен - бала,
Атаға - Немере.
Немере баласы -
Болады шөбере.
Шөбере баласы -
Шөпшек деп аталар.
Шөпшектің баласы -
Немене саналар.
Осы ұрпақ жалғасы
<<Жеті ата>> бола алар.
· <<Жеті ата>> дегенді қалай түсінесіңдер?
Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл.
Халық даналығы
Данышпан ата тілегінің мағынасын түсіндіріп беріңдер. Өздерің қандай бата-тілек білесіңдер?
Атаның ғана баласы болма, адамның баласы бол.
Қыздарымыз есті болсын, ұлдарымыз сесті болсын.
Балаларымыз қуаныш әкелсін, немерелеріміз жұбаныш әкелсін.
Ата-тегін біліп, олардың тілін, дәстүрін құрметтеп, сақтайтын бала жақсы азамат болып өседі.
Жеті ата:
1. ата
2. әке
3. бала
4. немере
5. шөбере
6. шөпшек
7. немене
Мен әдепті баламын
Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,
Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.
Қайырмасы:
Айтқан тілді аламын,
Айтқан жерге барамын,
Мен әдепті, мен әдепті баламын!
Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,
Қашанда мен үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса біреу сүрініп,
Сол заматта сүйеніш боп қол берем.
Тілін алып кішінің де кәрінің,
Көңілінен шығып жүрмін бәрінің.
Ата-ананың айтқан сөзін тыңдауды,
Әдептілік белгісі деп таныдым.

Сабақтың тақырыбы: Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету
Дамытушылық мақсаты: өзара адал қарым қатынас жасау іскерліктерін дамтыу
Тәрбиелік мақсаты: шыншыл, адал болуға тәрбиелеу

Көк алма
Жас түйнек көк алма
Түсіп қапты көгалға.
Көктей жұлған оларды
Сотқар бала оңар ма?
Сауап пенен обал да
Көкейіне қонар ма?
Мәуе берер, ал, күзде
Қайдағы алма оларға?
Соны неге білмейді,
Құлағына ілмейді.
Күтіп-баптап неге ертең
Тәтті алма жеп жүрмейді.
· Обал дегенді қалай түсінесіңдер?
· <<Обал болады>>, <<сауап болады>> деген сөздер қандай жағдайларда айтылады?
· Обал мен сауаптың айырмашылығын қалай ажы - ратуға болады?
Обал деген не?
Біз бірнеше бала болып, ауыл сыртындағы өзенге балық аулауға бардық. Кешке дейін далада жүретін болғандықтан, қарнымыз ашады деп, жолға азық, түрлі тамақ алып алдық.
Бұрын бір рет барғанда, әбден тамақ ішпей болдырған едік. Әсіресе нансыз ешқандай тамақ болмайды екен. Бұл жолы балықтан сорпа жасадық.
қалды. Қасымда отырған Асантай дорбасын ақтарды да, ішінен нанды, оның қиқымдарын жерге төге салды. - Енді керегі жоқ. Қарын тоқ. Ауылға көтеріп барамын ба?
- Обал емес пе? Нанды неге тастайсың?
- Ой, шіркін, обал дегенді кім біледі. Білсең айтшы, ол не?
- Соны айтам-ау, өзінше білгіш.
- Қазір не көп, нан көп.
Осылай деп, балалар маған әр бүйірден тиісті. Мен оларға, шамам келгенше, нан туралы, оның қасиеті туралы айттым. Мүмкін, мен де жөнді білмеспін. Ал сендер не дейсіңдер оларға?
· Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?
· Нанды жерге тастау дұрыс па?
· Балаларға обал туралы не айтар едіңдер?
Обалды біліп өссең, сауапқа кенелесің.
Әңгімені өз ойларыңмен жалғастырыңдар.

Торғай
Бақша арасындағы жолмен аяңдап келемін. Итім алдымда жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей-ақ төрт тағандап бұға бастады.
Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың сары жағал, ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті...
Суретке қарап, қандай жағдайларда обал болатынын айтыңдар.
Халқымыз <<обал болады>> деп ескерту арқылы адамның, жан-жануардың, табиғаттың қадірін білуге шақырады.
Басқаларға жақсылық жасап үйренген адам сауапқа кенеледі.
Құс ұясын бұзбайық!
Ей, балалар, балалар!
Аман болсын аналар!
Құстарда да ана бар,
Құстарда да бала бар,
Кім сүймейді баласын?!
Осылар еске түскенде,
Бір ойланып қаласың!
Өсіруге баланы,
Құстар ұя салады.
Жасауға жұмсақ ұяны,
Жабағы жүнді жияды.
Жайлы қып жасап ұяны,
Жұмыртқасын салады.
Бір қуанып қалады.
Тақия тұзақ салмайық!
Қарғысына қалмайық!
Әдейі көздеп атпайық!
Көп күнәға батпайық!
Құс ұясын бұзбайық!
Жұмыртқасын алмайық!
Обалына қалмайық!
· Құс балапаны мен адамдар арасында қандай ұқсастықтар бар?
· Құс өз балапанын қалай қорғайды?
· Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасай алады?
Суреттерге қараңдар. Табиғатқа обал жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
Жарқын заман бөбегі
Таң атады арайлап,
Күн күлімдеп туады.
Жадырайды бар аймақ,
Жарқырайды шуағы.
Дала гүлін жинаған,
Жазып ерлік дастанды.
Аталарым сыйлаған,
Бізге ашық аспанды.
Жарқын заман бөбегін
Аялайды нұрлы таң.
Алтын бесік өз елім,
Туған өлкем Ұлы Отан.

Сабақтың тақырыбы: Жауапкершілік пен жауапсыздық
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту
Дамытушылық мақсаты: балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету
Тәрбиелік мақсаты: өз сөзіне,ісіне деген жауапкершілікке тәрбиелеу

Болайықшы осындай
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым-ай.
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған,
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.
· Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
· Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
· Өздерің еңбектің қай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
Төмендегі суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтаңдар.
Еңбексіз өмір - сүреңсіз
(Мысал әңгіме)
Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппады. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас қамдалса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі <<шалқайып жатсам>> деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын.
Бір күні Қара пышақ ауыр еңбектен құтылудың оңай жолын тапты. Иесінің көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. <<Болды, - деді ол қуанып. - Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін! ...>>.
Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Оның қайда жатқанын ешкім білмейтін еді.
Бір күні:
- Әй, туысқан, - деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жарығынан жылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ-жұрқ етеді. Сұлуланып кетіпті.
- Төмен секір, - деді Қара пышақ, - бірге жатайық. Бізді ешкім білмейді.
- Ол жерде не бар?
- Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рақат!
- Ал жұмысты кім істейді?
- Жұмыс бізсіз де істеледі.
- Рақмет! - деді Сары пышақ. - Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір - сүреңсіз. Өзің-ақ жата бер, рақатыңа бата бер.
Қара пышақ орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойын тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінді.
· Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
· Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
· <<Еңбексіз өмір - сүреңсіз>> дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?
· Еңбек - қуаныш,
жалқаулық - айырылмас азап.
Өлеңді рөлге бөліп оқыңдар.

Қайдан келдің, бауырсақ?
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
- Қайдан келдің бауырсақ? -
Деп сұрады қуыршақ.
- Дүкеннен келдім
Нан сатқан, -
Деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жапқан.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен келдім ұн тартқан.
- Диірменге келдің қай жақтан?
- Даладан келдім кең жатқан.
Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.

Өздеріңнің жақын адамдарың қандай еңбек түрлерімен айналысады? Әңгімелеп беріңдер.
Жақсылардың жақсысы
Баяғыда бір адам өзі жалғыз қызымен бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды.
Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи жабық тұрады екен.
Сонда әкесіне қыз:
- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - деді.
- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарды әкесі.
Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыздың қуанышы қойнына сыймай, жүгіріп келіп, есікті ашып жібергенде, ол тек ұршық пен өрмек және кітапты көреді. Қыз әкесіне келіп, көз жасын бұлап тұрып:
- Әке, сен жабық бөлмеде <<Жақсылардың жақсысы бар>> деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, - дейді.
- Міне, жақсылардың жақсысы деген осылар, қызым!
- Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал, кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады, - деп түсіндірді әкесі.
· Неліктен әкесі ұршық, өрмек, кітапты <<жақсылардың жақсысы>> дейді?
· Дүниедегінің бәрі еңбекпен табылады дегенді қалай түсінесіңдер?
Еңбек - адамның өзіне, өміріне және қоғамға пайда келтіретін іс-әрекеті. Еңбек арқылы адам өз арманы мен мақсатына жетіп, қуанышқа, бақытқа бөленеді.
Суретке қарап, <<Еңбек - түбі береке>> тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
Еңбек
Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты - ЕҢБЕК.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты - ЕҢБЕК.
Сабағыңды жөндеп.
Әзірлесең - ЕҢБЕК.
Қиындықтың бәрін,
ЕҢБЕК қана жеңбек.

Сабақтың тақырыбы: Адам болу арманым
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: адам қасиеттері туралы түсінік беру
Дамытушылық мақсаты: адамгершілік қсһасиеттерін дамыту, жағымды қарым қатынас жасай білуге үйрету
Тәрбиелік мақсаты: ізгілікті, мейірімді болуға тәрбиелеу

Тарту
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!
· Халық даналығы деген ұғымды қалай түсі - несіңдер?
· Қандай адамды дана деп айтуға болады?
Халық даналығы өлең, жыр, жұмбақ, мақал-мәтел, ертегілер арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады.
Оларда халқымыздың ежелгі ерлігі мен еңбегі, ақылы мен арманы, тұрмысы мен салты бейнеленген.
Алпыстан асқаннан ақыл сұра
- Ерте, ерте, ертеде бір қатал патша болыпты. Олардан келетін ешқандай пайда жоқ деп, қарттарды ұнатпапты және <<Кім де кімнің жасы алпыстан асса, оны балалары теңізге не таудың шатқалына апарып тастасын>> деген жарлық шығарады.
Сол патшалықта өмір сүрген бір мейірімді бала әкесін өте жақсы көреді екен. Жасы алпыстан асып, жетпіске жетсе де, әкесін ешкімге көрсетпей жасырын ұстап, асырай береді. Күнде кешке даладан келгенде не болып жатқанын әкесіне айтып отырады екен. Бір күні қарт даладан күңіренген дауысты естіп, баласы келгенде оның мәнісін сұрайды.
- Балам, жұрт неге күңіреніп кетті?
- Әке, патша аң аулап жүріп, теңіздің жағасына барғанда, оның түбінен жарқыраған бір гауһар тасты көреді де, соны алып бер деп, уәзірлеріне бұйырады. Теңізге сүңгіп тасты таба алмағандарының басын ала береді.
Тіпті, ел ішіндегі талай жігітті жұмсап, олардың бәрі суға кетіп өлді. Сондықтан патшаның қатігездігін естіген ел күңіреніп кетті, - дейді баласы.
- Балам, теңіз жағасында үлкен ағаш жоқ па екен? - деп қайталап сұрайды қарт.
- Иә, патша гауһар тасты көретін тұста теңізге төне өсіп тұрған үлкен бір бәйтерек бар, - дейді баласы.
- Теректің басында құстың ұясы жоқ па екен? - деп қарт тағы да сұрайды.
- Иә, бір қыран құстың ұясын көргенмін, - дейді бала.
- Балам, тыңда, - дейді қарт сеніммен. - Асыл тас теңіздің түбінде емес, ұяның ішінде жатыр. Теңіздің түбіне оның сәулесі ғана түсіп тұр.
Келесі күні теңіздің жағасы тағы да у-шу, асыл тасты ешкім таба алмай жатады. Сол кезде бала патшаға жақындап барып:
- Мәртебелі патша, гауһар тасты теңіз түбінен іздемей-ақ қойыңыз, ол ана бәйтерек басындағы ұяның ішінде жатыр, - дейді.
Бір уәзір сол заматта-ақ терекке өрмелеп шығып, үлкендігі қаздың жұмыртқасындай гауһарды алып түседі. Патша қайран қалады.
- Сендер ақылдымыз, білімдіміз деп бөсесіңдер. Шынында мына баладан ақымақ екенсіңдер, - деп уәзірлеріне ұрысады да, балаға қарап:
- Бұл жайында саған кім айтты? - деп сұрайды.
- Оны өзім ойлап білдім, - дейді бала.
Бұл жайға ыза болған уәзірлер қайтсе де баланы сүріндіріп, оның көзін жоюды қарастырады. Патшаға келіп мынадай кеңес береді:
- Бала көп білемін деп, босқа мақтанады. Егер шын білгіш болса, сіз түр-түсі бірдей екі тай таңдаңыз да, оларды балаға алыстан көрсетіңіз. Қайсысының жасы үлкен, қайсысы жас екенін бірден ажыратып берсе, сыйлығын алар. Ал таба алмаса, жазасын тартатын болсын.
Патша баланы шақырып алып:
- Сен ертең таң азанда осында келесің. Мен саған екі тай көрсетемін.
Сен олардың қайсысы жас, қайсысы үлкен екенін табатын боласың. Таппасаң, басыңды аламын, - дейді.
Бала үйіне мұңайып оралады.
- Балам, неге мұңлысың? - деп сұрайды әкесі. Баласы болған жайды баяндайды.
- Балам, мұңайма, - дейді қарт.
─ Ол жұмбақтың шешуі қиын емес. Ертең саған тайларды көрсеткен кезде, сен олардың жүрістеріне мұқият қара. Жас тай жай жүре алмайды, әр қадамын ойнақшып басады. Жасы үлкендеуі сабырлы келеді. Осыны есіңе сақтасаң болғаны.
Ертесіне бала патша сарайына келгенде уәзірлер екі тайды алып шығып, оларды балаға алыстан көрсетеді. Әкесі айтқандай, бір тай билей басып, екіншісі сабырмен келе жатады.
Бала олардың жас айырмашылығын патшаға дәл айтып береді.
Баланың тапқырлығына өшіккен уәзірлер тағы бір сұмдықты ойлап, патшаға былай дейді.
- Мәртебелі патшамыз, бір талды кестіріп, оны ортасынан қақ бөліп, бірдей етіп аршытып, оны балаға көрсетіңіз. Сол кезде бала оның қайсысы жоғары жағынан, қайсысы төменгі жағынан кесілгенін табатын болсын. Таппаса, жазасын алатын болсын.
Патша арамза уәзірлерінің сөзіне еріп, баланы келесі күнге шақырады. Бала үйіне мұңая келіп, болған жайды әкесіне баяндайды. Әкесі ақылын айтады:
- Қорықпа, балам, оны табу қиын емес. Ол үшін екі бөренені де суға салдыр. Сол кезде жоғары жағынан кесілген бөрене су бетінде түгелдей қалқып жүреді де, төменгі жағынан кесілген бөрененің бір жағы суға батыңқырайды. Осыны есіңе сақтасаң болғаны.
Бала әкесінің айтқанындай, патша бөренелерді көрсеткенде, оларды суға салдыруын өтінеді. Осы кезде бала:
- Тақсыр, бөрененің мына жағы ағаштың жоғары жағынан, ал мына жағы төменгі жағынан кесілген, - деп, дәл тауып береді.
Патша баланың бұл тапқырлығына қайран қалып:
- Сен шыныңды айт, мұншама тапқырлық жасауға үлкен ақыл керек. Сен болсаң әлі жассың. Егер шындықты айтпасаң, жазаға тартамын, - дейді.
Бала тәуекел етіп, патшаға барлық шындықты айтады.
- Әкемді сондай жақсы көретін әрі қатты сыйлайтын едім. Сондықтан өлімге қимадым. Ал ол болса қиналған шақта әлгі ақылдарды айтып, жол тауып отырды.
Патша ойланып қалады:
- "Алпысқа келгеннен ақыл сұрама" деген мақал қате екен, енді оны "Алпысқа келгеннен ақыл сұра" деп өзгертейік, - деп, қарттарды жазалауға берген жарлығын қайтып алған екен.
· Патшаның жарлығы дұрыс па?
· Қарттың даналығы неден көрінеді?

Ақыл шыңы - даналық.
Өсиет әңгіме
- Ертеде бір ел билеген хан өзінің ұлын асқан шешен, тапқыр, сөзге жүйрік және ақылды еткісі келіп, өз уәзірлерімен ақылдасады. Сонда уәзірлері ханға <<шешендік, тапқырлық, сөзге жүйріктік халықтың даналығы арқылы бойға дариды>>, - дейді. Хан дүйім жұртты жиып алып, жар салады:
- Кімде-кім балама халық даналығын тауып берсе, мен сол адамға байлығымның жартысын беремін, - дейді. Сонда бір қария тұрып, былай дейді:
- Даналықтың көзі де, кені де ел ішінде. Балаңыз ел ішін аралап шықса, халық әңгімесіне, айтқан сөздеріне құлақ түрсе, даналықты өзі-ақ табады, - дейді.
Сол күннен бастап хан баласы ел аралап жүріп тапқыр, шешен, сөзге жүйрік болудың жолын тапқан екен. Әкесіне келіп: <<Даналық халық ішінде деген рас, өйткені олар айтар көп ойын бір мақал жолымен ғана жеткізеді, жұмбақтап сөйлейді, арман-қиялдарын ертегілері арқылы береді. Сол айтылған ойларды, арман қиялдарды ұғыну, жұмбақтарды шешу ақылды, дана адамдардың ғана қолынан келеді. Сондықтан да, оларды халық даналығы деп атайды>>, - деген екен.
Ақыл көркі - тіл,
Тілдің көркі - сөз.
Халық даналығы
Даналық сөздерді оқып, суреттерде берілген тақырыптарға сәйкес топтастырыңдар.
1. Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы.
2. Адам деген - ардақты ат.
3. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
4. Адам арын ойлайды.
5. Оқу - инемен құдық қазғандай.
6. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
7. Адамның сұлулығы - шыншылдығында.
Адам
Білім
Еңбек
Халық даналығы:
· мақал-мәтелдер.
· шешендік сөздер
· аңыз әңгімелер
· нақыл сөздер.
Халықтың даналығы -
Ақыл-ой қазынасы!
Түсінген саналыға
Тым терең мағынасы.

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа құштарлық
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: табиғат ұғымын түсіндіру, табиғатты аялауға үйрету
Дамытушылық мақсаты: табиғатқа деген аялы қарым қатынастарвн дамыту
Тәрбиелік мақсаты: таби,атты сүюге тәрбиелеу

Табиғат - анамыз
Табиғат ол - анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.
Жазда аралап тауын да,
Барамыз біз бауына.
Өзеніне шомылып,
Жүгіреміз жауында.
· Табиғат аясындағы демалыс сендерге ұнай ма?
· Адам табиғатты түсіне ала ма?
· Туған жерлеріңнің қандай көріністерін ұнатасыңдар?
Күн мен гүлдер
Құрманбек Толыбаев
Асқар таудың төбесінен бері асқан күн нуға бөккен қалың қатпарлы қапталға алқызыл шұғыласын себеледі. Шөптің бетіне, жапырақтың алақанына тұнған тұнық шықтың тамшылары інжудей жылтылдайды. Күннің күміс сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады.
- Оу, шоқтай Шұғынық, түрегел! Әлемге жарық жайылды. Құстар да оянды. Шырылдап сайрап жүр.
Ұйқысын аша алмай басы қалтылдаған Шұғынық ұйқысырай дыбыс береді:
- Қазір, Күн көке,...қазір, ақ Сәуле. Бұдан кейін Сәуле шілтиген көк гүлге барады.
- Көкжелкен! Аш, көк аспандай көгілдір көзіңді! Қойнауға тұнған тұман да сейілді. Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.
- Қазір, ашайын көзімді, қазір...
Сәуле әрі сырғиды. Тағы бір әсем гүл тербелді.
- Гүлбадан, көтер басыңды, аш, алтын қауашағыңды! Көрсін қалың жұрт.
- Жарайды, - деп керіледі сары басын сілкіп Гүлбадан: <<қазір қауашағымның алтын бүрін жарқыратып ашамын!>>
Ақ Сәуле сорайған көк бас қурайға барады.
- Атқұлақ, шапақтың жылуы молайды, бүріспе! Гүлдердің бәрі ұйқыдан оянды. Сен де көрсет көркіңді!
- Қазір, алтын Күн!
Атқұлақ керіліп-созылып, бойын жазды да, мүлгіп тұрған басын қалт жоғары көтерді. Қаз-қатар тізілген түймедей көгілдір гүлдері салтанатпен шайқалады.
Осылайша Күн сәске түске дейін тау салалары мен шатқалдарға үңіліп, ұйқыға шомып, манаураған гүлдерді оятады. Дүние жүзіндегі шуаққа бөленген Гүлдердің бәрі шоқтай жайнап, Жер бетін сәндендіріп жіберген.
· Гүлдерді, өсімдіктерді кім және қалай оятады?
· Таңда ұйқыдан оянатын сәттеріңді естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.
Суретте бейнеленген табиғат бөлшектерінің адамға тигізетін әсерлері туралы әңгімелеп беріңдер.
Табиғат - бізді қоршаған дүние: аспан мен жер, тау мен су, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі.
Адам қашан да Табиғат әсемдігіне, сұлулығына тамсанған, таңданған, қуанып, шабыт алған және қамқорлық жасаған.
Сурет бойынша табиғат сұлулығын сипаттаңдар.
Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде,
Сән түзеп, көрік берсін жер бетіне.
Табиғат та бір кітап
Қ. Мырза Әли
Тамаша ғой
Бүгін сен
Табиғатқа жүгінсең.
Құлақ түріп,
Көз тігіп,
Төңірекке үңілсең.
Еріп бұлттың ырқына,
Жоқ болады бір күн ай...
Табиғат та бір кітап,
Оқи алсаң, шіркін-ай!

Тәрбиелік мақсаты: табиғатты сүюге тәрбиелеу

Аталарым сыйлаған
Бізге ашық аспанды.
Жарқын заман бөбегін
Аялайды нұрлы таң.
Алтын бесік өз елім,
Туған өлкем Ұлы Отан.
· Табиғи тағамдарға нелер жатады?
· Таза ауа, су, топырақтың адам денсаулығына қандай пайдасы бар?
· Денсаулық мекенін қайдан табуға болады?
Өсиет әңгіме
Ертеде бір қарияның үш ұлы болыпты. Өздерінің әкесін қатты жақсы көретіні соншалық, қарттың ұзақ та сау өмір сүруін армандап, оның жолын қайдан табамыз деп, ұзақ кеңесіпті.
Әрі ойланып, бері ойланып, ақырында ел арасынан денсаулықтың мекенін іздемекші болыпты.
Үлкен ұлы денсаулық - тың мекенін табиғаттың "Саялы орманынан", ортаншы ұлы денсаулық - тың мекенін табиғаттың <<Таза көлді>> елінен, ал кіші ұлы <<Көрікті жер>> елінен кездестіріпті.
Ұлдарына дән риза болған қария, үш ұлының да еліне кезек-кезек барып тұрыпты.
Қария бақытты да баянды, ұзақ ғұмыр кешіпті.
· Қарияның ұлдары денсаулықтың мекенін қайдан тауыпты?
· <<Саялы орман>>, <<Таза көл>>, <<Көрікті жер>> неліктен денсаулық мекені бола алады?
Таза ауа, таза су, пайдалы тағам, көтеріңкі көңіл күй, спорт адам денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Суреттерге қарап, <<Табиғатпен біргеміз>> тақы - рыбына әңгіме құрастырыңдар.
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәрiмiз.
Р. Сәтiмбекұлы
Көктем
Көктем келіп шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау, алақай!
Құстар сайрап,
Бақтар жайнап гүл атты.
Ля-ля-ля-ля, ля-ля-ля-ля
Құстар сайрап,
Бақтар жайнап гүл атты.
Дала гүлге толыпты,
Аққу көлге қоныпты.
Алақай-ау, алақай!
Көктем қандай,
Көктем қандай көрікті.

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық құпиялары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: денсаулықты сақтау, нығайту қжеттігі туралы түсініктерін кеңейту
Дамытушылық мақсаты: денсаулықты нығайтуға қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік мақсаты: өз денсаулықтарын күттіммен қаруға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Армысың, алтын Күн!
Көгілдір көк аспан!
Бармысың, құстарым!
Қанатты достарым!
Суларым таза ма?
Талдарым аман ба?
Бас ием тауларға,
Жамылған қарларға.
Жайқалған даланы,
Табиғат - Ананы
Көруге сағынып,
Келген біз балаңыз!
Табиғатпен біргеміз деген сөзді қалай түсінесіңдер?
· Аймен, Күнмен, жұлдыздармен сөйлесіп көрдіңдер ме?
· Әсем табиғаттан, шуақты күннен, жауған жаңбырдан, қандай әсер аласыңдар?
Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, шабытқа кенелтеді. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі оның сұлулығы мен байлығын сақтауға көмектеседі.
Қысқы шынығу
Қыс мезгілі еді. Таң ата жапалақтап жауған қар түс қайта басылған. Ал кешке қарай алақұйын жел тұрды да, бірте-бірте күшейіп, жараған бурадай зіркілдеп, буырқана тапырақтады. Жұп-жұмсақ ұлпа қарды ұйытқыта үйіріп, астан-кестен қып сапырылыстырды. Кенет қардың астынан:
- Абайласаңшы, таптайсың ғой!... деген жалынышты нәзік дыбыс естілді. Тосын үннен сасқалақтап қалған жел қанатын жайып жіберіп, қонған құсша жерге шөге қалды. Қибыжықтап қасаттанған қарға қарады.
- Оу, неге сонша қиналдың, Ақ ерке?
- Білмейсің бе, менің құшағымда Көктемнің гүлі ұйықтап жатыр ғой. Соның ұйқысын бұзып алмашы!...
Қырдың бетін тозаңдатқан ұлпа қарының үнінде аса мейірімді өтініштің лебізі бар. Желдің тарпаңдығын еріксіз тындырды.
- Ә, солай ма?... Ендеше қойдым, абыржыма!
Желпінген Жел желігін басып, жерге бауырын төседі де, сұлай кетті. Табиғат құбылыстарының да тілеуі тіршілік сарынымен үндес секілді.
· Қар мен жел гүлге қандай қамқорлық көрсетті?
· Қар мен желге қандай тілек айтар едіңдер?
Суретке қарап, табиғат сұлулығы туралы өз ойларыңды айтыңдар.
Адам мен табиғаттың тілдескені - өмірдің үндескені.
Халық даналығы
Суреттегі табиғат құбылыстарымен тілдесіп көріңдер.
Жадыраған Күндейміз, Күндейміз!
Жайнап өскен Гүлдейміз, Гүлдейміз!
Тұнық таза Ауамыз, Ауамыз!
Сылдыраған сумыз біз, Тазамыз,Тазамыз!
ҮІ. Қорытынды бөлім. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Айналдым сенен, Атамекен-ай!
Кең далам! Толғанайын! Толғайын!
Домбырам қолға алайын, Жырлайын.
Қазағымның даласындай,
Көзімнің қарасындай,
Айналдым сені-ай, Атамекен-ай!
Теңіздей тебірендім, тербедің.
Сапарда сағынышым сен менің.
Дүние-ай, сырларындай,
Мөлдіреп тұнғанындай,
Сағындым сені-ай, Атамекен-ай!
Сағыныш мұңдарыңдай,
Айналдым сені-ай, Атамекен-ай!
Атамекен деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
· Сенің атамекенің несімен көрікті?
· Табиғаттың қандай құбылысы ұнайды?
Атамекен аясы - адамның жан саясы.
Халық даналығы
Қарлығаштың ұясы
Кәдуілгі балшықтан өрілген қарлығаштың ұясы.
- Ұяны бұзсақ қайтеді? - деді көрші қыз. Гүлжамал ойланып та үлгермеді. Ұзын бойлы қыз қолындағы таяқты шірене сілтегенде, тебетей сияқты балшық қақ бөлініп, жерге құлады. Сырт көзге ғана үлкен адамның уысындай.
Ал ішінде қауым тіршілік, дүйім дүние. Жүн-жұрқа, мамық баяу қалқып, ауада көлбей тұрып алды. Сол ортада көрші қыз ғайып болды. Гүлжамал бесіктен аударылғандай бей-берекет күй кешкен балапандарға ұмтылды. Жарық дүниеден үміттенгендеріне көмегін көрсетуге әрекеттенгенінде, екі қарлығаш та сарайға енді. Біреуі бөлмеде аялдап, екіншісі ізінше кері ұшып кетті де, көрші үйлерден топ қарлығашты ілестіре жетті. Құстар мұншалықты ұйымшыл болар ма? Қолға түскен қарақшы қызды олар ортаға алып, қанаттарымен сабалап жүр. <<Бейбіт тыныштығымызды бұзған қандай әдепсіз бала едің? Сен де ұлы адамзаттың ұрпағымын дейсің-ау!>>деп кінәлап, сөгетіндей. Қызының ойбайлаған дауысын естіп, арашаға ұмтылған анасынан шошынып қарлығаштар бөлмені босатты.
- Ау, мұның не, қызым?
- Астан-кестен дүниені байқап, апасының түрі бұзылды.
- Апа, менің жазығым жоқ. Екі көзі боталап, шырқырағанына қарамай жазасын берді.
- Енді көр де тұр, қарлығаш сенің үйіңе ұя салмайды, - дейді апасы үш балапанды балшық тебетейдің жарты сынығына салып жатып.
Апасы ұяны құрастырып, балапандар мысыққа жем болмасын деп, иттің ұясының қасындағы жиюлы отынның үстіне қойды. Балапандар сол арадан жетіліп ұшты.
Апасы сол бір ақылсыз іске араласқаны үшін бір апта бойы Гүлжамалды қасына жатқызбады.
Ең өкініштісі қарлығаштар, бұдан кейін қанша күн өтсе де, бұның үйіне ұя салмады.
· Қарлығаш не үшін үйдің шатырына ұя салды, деп ойлайсыңдар?
· Гүлжамалдың құрбысының әрекеті туралы не айтуға болады?
· Сендер Гүлжамал мен оның құрбысының орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
Адамның туған жері, өскен ортасы ерекше ыстық болады.
Ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалған құтты қоныс, қасиетті мекенді атамекен деп атайды.
Өздерің тұратын аймақтағы <<Қызыл кітапқа>> енген жан-жануарлар мен құстар туралы қысқаша әңгіме құрастырыңдар.
Табиғатқа қамқорлық жасауға байланысты сөздерді қойып, сөйлемді өз ойларыңмен аяқтаңдар.
1. Егер мен мұғалім болсам, ... .
2. Егер мен ауыл басшысы болсам, ... .
3. Егер мен орманшы болсам, ... .
4. Егер мен дәрігер болсам, ... .
5. Егер мен депутат болсам, ... .
Өс, ұлан!
Сау болсын десең
Он екі мүшең,
Ерте тұр!
Құлақ түр,
Тыңда сыр.
Жапырақтар жырлар,
Гүлдер сыбырлар.
Күн нұрын күт!
Таза ауа жұт -
Бойыңа құт.
Жүгір,
Селмен жарысып.
Жүгір,
Желмен жарысып.
Нұрға сылан,
Болып қыран
Өс,ұлан!

Сабақтың тақырыбы: Отанымды сүйемін
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Отан, сүйіспеншілік, татулық туралы түсініктерін кеңейту;
Дамытушылық мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру;
Тәрбиелік мақсаты: Отанын сүюге, патроиттық тәрбиелеу.

Туған жер, армысың!
Асқарлы, қарлы шың,
Аялаған ән құсым
Туған жер, армысың!
Саған мың алғысым
Туған жер - тірегім!
Сенде өстім түледім,
Бір, сен деп үнемі
Соғады жүрегім!
Туған жерім, туған елім -
Ардақтағаным, айбыным
Арманымсың, арман
Думан елім
Асқар белің, шалқар көлің
Құшағын жайған, айдыным
Мәңгілікке пана өзің ғана!
· Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
· <<Ұлттар достығы>> дегенді қалай түсінесіңдер?
Ағайынбыз бәріміз
Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Қайырмасы:
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша-бау.
Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын бізге ту да ортақ.
· <<Ағайын>>, <<бауыр>>, <<туыс>> дегенді қалай түсінесіңдер?
· Еліміздегі халықтар достығы туралы әңгімелеп беріңдер.
Елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері бейбіт, жарасымды өмір сүру үшін ынтымақ, татулық, сыйластық, құрмет, достық қажет.
Сурет бойынша <<Достық мерекесі>> тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
· Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің ортақ мерекелерін атап беріңдер?
Ынтымақ бар жерде бақыт бар.
Нақыл сөз

Отан деген...
Бірде құрбыластарым бас қосып, көңілді әңгімелесіп, сөз таластырып қалдық.
- Біз тұратын көше ауылдағы ең әдемі көше, жап-жалтыр асфальт төселген, - деді Мадина.
- Ешбір көше біздің көшеге жетпейді. Жол жиегі жап-жасыл ағаштар, тіптен өзіңді паркте жүргендей сезінесің, - деп мақтанышпен сөйледі Меруерт.
- Ой, қыздар-ай, біздің көше ше?! - деп, сөзін бастай берген Розаны Салтанаттың киліккен сөзі бөліп жіберді.
- Қойыңдаршы, қыздар. Бірде-бір көшенің ерекшелігі жоқ, бір үлкен қаладай-ақ бұл ауыл... - деп қабағын шытты.
- Қыздар үн-түнсіз қалды... Бәрі де Салтанаттың сөзін іштей мойындағандай. Өткір мінезді Самалдың қатқыл үні бәрімізді елең еткізді.
- Неге, неге олай дейсің, Салтанат? <<Отан>> деген құдіретті ұғымның өзі осы өз ауылыңнан, өз көшелеріңнен басталмай ма? Өз көшелеріңді сүймесең, оны мақтан тұтпасаң, Отанды қалай сүймексің? - деп жатыр.
Сол сәт мен де Самалдың өтімді сөзін толқи тыңдадым. Ойыма <<Отаншыл болу от басынан басталады>> деген батыр ағамыз Бауыржан Момышұлының аталы сөзі оралды...
· Балалар өз көшелерін қалай мақтан етті?
· Ал сендер <<Отан>> дегенді қалай түсінесіңдер?
Төменде берілген суреттерді пайдалана отырып, <<Менің Отаным>> деген тақырыпта айтып беріңдер.
Ризамыз саған біз.
Қ. Ыдырысов
Күнде шат күліп күн -
Өміріміз жайдары.
Мәңгілік бақыттың
Өзіміз - айғағы.
Күлеміз, ойнаймыз,
Демалып алаңсыз.
Ризамыз саған біз,
Ұлы Отан - анамыз!

Сабақтың тақырыбы: <<Өзін-өзі тану>> пәнінен үйренгенім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: <<Өзін-өзі тану>> пәнінен меңгерген білімдерін тиянақтау
Дамытушылық мақсаты: өз бойларындағы құнды қасиеттерді көрсете білуге жетелеу
Тәрбиелік мақсаты:

Анамның тілі - аяулы үні
Шона Смаханұлы
Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: <<Жаным,
Арайлы таңым>>.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретіп тынбай,
Бал тілін, әнін.
Анамның тілі - айбыным менің,
Анамның тілі - ай, күнім менің.
Сүйемін байтақ елімді туған.
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
· <<Өзін-өзі тану>> пәнінен өздеріңе қандай тақырыптар ұнады?
· <<Өзін-өзі тану>> сабақтарында не үйрендіңдер?
· Осы оқу жылында өздеріңнің және сыныптастарыңның бойынан қандай өзгерістер байқадыңдар?
· Сабақтан үйренгендеріңнің күнделікті өмірде кездескен кезі болды ма?
Суреттерді пайдалана отырып, <<Өзін-өзі тану>> пәні бойынша үйренген қасиеттер мен құн - дылықтарды естеріңе түсіріңдер.
Балалар елін бағындыру
Ерте, ерте, ертеде <<Балалар елі>> деген бір ел болыпты. Алдарына қойған ешқандай мақсаты жоқ жұпыны өмір сүріп жатқан көңілсіз ел екен. Күндердің күнінде Балалар елін бір патшалық бағындырып алады. Ол патшалықтың аты - Ойын екен.
келісімен-ақ, Балалар елі бірден көңілденіп сала беріпті деседі. Айнала айқай-шу, дыр-думан. Ертеден қара кешке дейін бар баланың білетіні - тек қана ойын. Уақыт өте келе Балалар елі бірыңғай Ойынға салынып, өмірдің басқа жағынан мақрұм қалуға айналады. Есіл-дертін Ойын билеген баланы көріп пе едіңіз? Мұндай бала, тіпті, тамақ ішіп, бір ауық жүрек жалғау керектігін де ұмытады екен.
Ата-аналар әрлі-берлі ақылдасып, енді Еңбекті шақыртыпты. Сол-ақ екен, Балалар елінің тіршілігі жаңадан жанданып қоя беріпті дейді. Балалар бір уақ ойнаса, бір уақыт еңбек етіп, үй ішіне көмектесіпті. Нанның дәмін сезіпті, оның дастарқанға қалай келетінін түсініпті. Ата-ананың қадіріне жетіпті. Бұл - ел өміріндегі өзінше жақсы кезең болған екен...
...Осылайша уақыт өте беріпті. Бірақ, сонда да, ел тіршілігінде бірдеңе жетіспейтін сияқты болады да тұрады. Ата-аналар әрі ақылдасып, бері ақылдасып, ол жетіспейтін нәрсенің атын Оқу деп тауыпты.
Өйткені балалар Ойын ойнап шынығып, Еңбек етіп өмірге бейімділік танытқанымен, өмірдің сырын түсінбейді. Табиғат құпиясын білмейді. Сонымен енді көмекке Оқу келіпті.
Ойын мен Еңбекке жіберетін уақыттың біразын балалар енді оқу оқып, білім алуға жұмсапты. Сол-ақ екен, балалар өмірі тіпті қызықты бола түсіпті.
Өмірдің құпия сырын меңгеріп, біліммен қаруланған олар ересектер шаруасына да араласыпты. Мұнан кейін күні бойы сабақ оқып, қажыған баланы сергіту үшін тағы бір мейірбан жан жәрдемге келеді. Оның аты Спорт екен.
Спортпен тұрақты айналысқан баланың денсаулығы мықты, көңіл күйі сергек, денесі сымбатты болыпты. Оны көріп, Өнер есімді сұлу бойжеткен де жас ұланды баулуға белсене араласып кетеді. Әр жерде ән шырқаған, күй шертіп, би билеген Балалар еліндей ел, әй, дүние жүзінде болмаған шығар...
...Оқудың Кітап деген атасы бар екен. Өзі - бір көзәйнек таққан қайырымды қарт көрінеді. Тыным таппай елді аралап жүрген оны балалардың көпшілігі ұнатып қалады. Кітаптың арқасында өмір тіпті қызықты бола түсіпті.
Бұл бір Балалар елінің кемеліне келіп, гүлденген дәуірі екен. Өйткені Ойын, Еңбек, Оқу, Өнер, Спорт, Кітап - алтауы балаларды кезек-кезек қағып әкетіп, тек жақсылыққа қарай жетелейді де отырады.
Бұл алтауы елдің ең сүйікті адамдарына айналады.
Олар да балаларды керемет жақсы көреді екен. Кейде, тіпті <<мен алам>>, <<жоқ, енді мен алам>> деп өзара таласып қалып та жүреді.
· Ойын мен Еңбектің айырмашылығы неде, деп ойлайсыңдар?
· Балалар еліне Спорт пен Өнердің қандай пайдасы болды?
· Неліктен Оқу мен Кітап <<Балалар елінің>> өмірін жақсарта түсті деп ойлайсыңдар?
· Өздерің <<Балалар елінде>> болып көрдіңдер ме?
Өзін өзі тану:
1. өзін-өзі жетілдіру.
2. өз ойы мен әрекеттерін жақсылыққа бағыштау.
3. сезімі мен ниетін басқара білу.
4. жақсы мен жаманды ажырата білу.
5. өзін, қоршаған әлемді құрметтей, сыйлай білу.
6. үнемі ізденісте болу.
Кел, достар, сапқа тұр
Ән қосып жарқынды шақта бұл,
Кел, достар, кел достар, сапқа тұр.
Күн сәулелі туған ел арайың,
Нұр құйсын көңілге.
Шын болаттай шыңдалып әрдайым,
Жалындаймыз өмірде.
Біз жастар, құрыштай шыныққан,
Өмірден таусылмас жыр ұққан.
Алтын күннен туған ел аумаған,
Нұр құясың көңілге.
Бойымызда күш-жігер қаулаған,
Жалындаймыз өмірде.
Жайнаған жастықтың алаңы
Біздерді құшаққа алады.
Күн сәулелі туған ел арайы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz