Қозы Көрпеш - Баян сұлу кешені

Қызылсая орта мектебі
Тақырыбы:
“Қозы Көрпеш - Баян сұлу” - махаббаттың қос шынары
Ғылыми бағыты:
“Қозы Көрпеш - Баян сұлу” жырының зерттелуі
Орындаған: Тезекбаева Нұргүл Сайранқызы
Жетекшісі: Бегалина Райхан Тоқсанбайқызы
Жоспар
І. Кіріспе бөлім:
“Қозы Көрпеш - Баян сұлу” жырының
шығу тарихы, зерттелуі
ІІ. Негізгі бөлім:
“Қозы Көрпеш - Баян сұлу” жырында кездесетін аңыз, әңгімелер, жер-су атаулары
ІІІ. Қорытынды бөлім:
Жырдың өміршеңдігі
І. Кіріспе бөлім
«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырының көптеген нұсқалары бар. Бұл жырды XIX ғасыр бойында орыс ориенталистері жинап, бастырған еді. Ең алғаш бұл сюжеттің башқұрт тілндегі бір нұсқасын 1812 жылы Т. Беляев жазып алып, Қазақ қаласында жарияланған.
«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырының қазақ арасындағы сюжеттерін 1830 жылдардан бастап белгілі шығыстанушы Г. Саблуков, орыс халқының ұлы ақыны А. С. Пушкин жазып алады. Бұлар жырдың қазақ тіліндегі нұсқасын бастауы алмаса да, «Қозы Көрпеш» жырымен орыс оқырмандарын тұңғыш рет таныстырады. Г. Саблуков жырдың бір сюжетін 1830 жылы Семей губерниясындағы Көкжиектеді жүрген орыс чиновнигінен түсіріп алады. Мұндай нұсқалар оның қолында көп болған. Оларда Шөже жырының әсері, содан туатын діни сарындар, ержегілік арна күштірек. Жырдың басқа да нұсқалары аз емес. Мысалы, «Қозы Көрпеш» жырының әлеуметік- реалистік мазмұны басым үлгісін 1833 жылы А. С. Пушкин жазып алып, сол жайында поэма жазуды жоспарланғаны анықталды, - дейді фольклорист, ғалым Ә. Қоңыртбаев өз еңбегінде. Жырдың сюжетін А. С. Пушкин Жайық бойындағы кіш жүз қазақтарынан жазып алған. Бұл вариант айрықша бағалы, халықтық мазмұны күштірек болғандықтан, академик А. С. Орлов өзінің «Казахский героический эпос» деген еңбегінде орысының прогресті жұртшылығын ең алғаш қазақ халқының тамаша эпосы «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырымен таныстырушы А. С. Пушкин болды деп дұрыс айтады.
Бұдан соң бұл жырдың бір нұсқасын Жанақ ақын аузынан қазақтың тұңғыш ағартушысы, демократы Ш. Уәлиханов жазып алған. Бұл өзіне мектеп жасаған дарынды айтушы, қобызшы Жанықтың өз аузынан шыққандықтан және Шоқанның, Г. Н. Потаннинің жақсы бағалаған жыры болғандан «Қозы Көрпеш» дастанының бір құнды варианты делінеді. Жалғыз-ақ Жанақ нұсқасы Шоқанның қолжазбаларымен бірге Тезек төренің ауылында жойылған, бізге келіп жеткен жоқ.
«Қозы Көрпеш» жырының қазақ, ұйғыр, барабы татарларының арасындағы түрлі нұсқаларын халық ауызынан жазып алып, сол елдердің өз тілінде тұңғыш рет жариялаған, айрықша еңбек сіңірген зерттеуші-академик В. В. Радлов. Ол «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырының әрі алғаш жинаушысы, әрі зерттеушілерінің бірі болды.
«Қозы Көрпеш» жырының қазақша нұсқасын В. В. Радлов 1865 жылы Аягөз бойынан жазып алып, өзінің «Образцы народной литературы тюрских племен» деген кітабының үшінші бөліміне қосқан. Бұл нұсқа 968 жол, бір буынды қара өлеңнен жазылған.
В. В. Радловтан соң «Қозы Көрпеш» жырының қазақша бір нұсқасын 1876 жылы Петербург университетінің профессоры И. Н. Березин өзінің «Турецкая хрестоматия» атты жинағына енгізген. Бұл нұсқа - Жанақ, Шоқан вариантының бір көрінісі.
Қазақтың халық ақындары ішінен «Қозы Көрпеш» әңгімесін Абай ауданынан Шәкір Әбенов жаңғырта жырлаған. Оның өз поэмасы 1936 жылы шықты.
Шөже нұсқасы да революциядан кейін жазылып алынған. Оны бізге жеткізген Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының қолжазбалар қорында Шөже жырының тағы бір үлгісі бар. Айтушысы- Мұқан Машанов, жазып алған (1905) - Бозтай Жақыпбаев. Жырдың тағы бір варианты институттың қолжазбалар қорына 1947 жылы Ұлытау өңірінен келіп түскенді. Соның бәрін Ы. Дүйсенбаев тапқан Әбдірахманов, Фролов, Батырханов нұсқаларына қосамыз. «Қозы Көрпеш» жырының ел ішінде басқа да варианттары болуға тиіс.
Жырдың сан алуан нұсқаларын сөз еткенде, біз қай айтушы қандай өзгерістер енгізеді, оның ерекшелігі қайсы, сол сюжеттердің өзара айырмашылығы неде деген сауалдарға жауап іздейміз.
«Қозы Көрпеш» жырының варианттарын сюжетіне қарай үш түрлі салаға жіктеуге болады:
- Мұнда жырдың көпшілік сюжеті трагедиялы болып келеді. Оған Шоқан - Жанақ, Березин, Пушкин, Чеканский, Кастанье, Машанов, Тверитин, Әбенов, Жылқайдаров, Батырханов, Дербісалин, Ұлғашев нұсқалары, барыбы, башқұр, ұйғыр тіліндегі, тағы басқа бірнеше ұсақ кестелер жатады.
- Жырдың бұл саласында трагедиялық аяқтама жоқ. Оларда Қозы мен Баян феодалдық қоғам жағдайында өздерінің армандарына жетеді. Бұл - В. В. Радлов пен Бейсембай нұсқасы. В Радлвтың қазақ арасынан жазып алған «Қозы Көрпеш» жыры трагедиясыз болса, барыбы татарларынан жазып алғаны- трагедиялы.
- Соңғы салаға жататын нұсқалар - Қазақ ССР Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институтында сақтаулы тұрған Мәшһүр Жүсіп Көпеев жазбалары. Бұл варианттарда Қодар қолынан өлген Қозы кейде отыз бір жыл, кейде жеті ай, енді бірде үш күнге тіріліп, Баянмен уақытша қосылып, біраз өмір сүргеннен соң қайта өледі.
«Қозы Көрпеш» жырының сюжеті қазақ, башқұрт, монғол, якут, ұйғыр, Сібір татарларында бар. Соған қарағанда оны бастапқы ертегілік желісі Алтай, Жетісу жағында, оғыз тайпалары дәуірінде туған ба дейміз. «Қозы»- қой аты емес, «оғыз» түбірінен туған. Монғолдар бұл жырды «Козюке», «Козы Еркеш», «Малшы мерген» десе, ұйғырлар «Бозы Көрпеш» дейді.
Жырдың сюжеті XIX ғасырда жазылып алғандықтан, Онда Қарқаралы, Қараөткел, Баянауыл, Қарасақпай, Аягөз дейтін кейінгі дәуір атаулары да жүр. Сол себепті, жыр VIII-XIX ғасырлар арасындағы қазақ өмірінің көп заманын қамтып, өзінше бір энциклопедияға айналған.
«Қозы Көрпеш» жыры көп заманнан бері келе жатқан сюжет болса да, онда XIX ғасырдың орта кезінде қазақ даласында туған саяси-экономикалық өзгерістердің те таңбасы бар. Соны кейінгі айтушылар құдалық, әмеңгерлік салттарының әсерімен жаңғырта жырлаған.
Жырдың өткір, әлеуметтік тартысына сай сюжеттік құрылысы да көркем әрі қонымды. Трагедиялы жырлардың сюжеті негізінен үш салаға бөлінеді: а) екі байдың аңға шығып құда болуы, Сарыбай өлген соң Қарабайдың антын бұзвп, көшуі. Бұл тарау жырдың экспозициясы мен байланысына сай;
ә) Қозының Баянды іздеп табуы, екеуінің табысуы мен өлімі. Бұл сюжеттің дамуы мен шарықтау шегіне тән;
б) Қозы өлген соң Баянның жұртта қалып, Қозы бейітінің басына барып өлуі. Бұл оқиғаның басты шешуі. Жырдың ең басты кейіпкері Баян болатыны да осыдан келіп туады. «Қозы Көрпеш» жыры өзінің тақырыбы жағынан өткен дәуірдің күрделі әлеуметтік проблемасына құрылған мазмұнды, шыншыл проблемалы эпостың бірі. Ол проблема- адам еркіндігі, әйел теңдігі мәселесі. Бұл жырдың өлмейтін көркемдік қасиеті - образдарының қуатында, әсерінде. Баян мен Қозы арасындағы тап теңсіздігі содан туатын жырдың негізгі тартысы қоғам өмірінің ұсақ сыртқы көрінісін емес, ішкі сырын, жұмбағын философиясын жинақтайды. Жырдың ең құнды жағы- тіл байлығында. Онда араб-парсы сөздігі мейлінше аз, жыр байырғы халық сөзінің мол лексикалық қорына негізделген. «Қозы Көрпеш» диалекті емес, қазақтың әдеби тіл нормасына жол салған эпостық мұраның бірі. Бұл үлгілердің тілі, өлеңдік кестесі, идеясы қарапайым халыққа жақын, түсінікті.
«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жыры қазақ даласындағы барлық лиро- эпостық жырларға жол салған шығарма. Сол негізінде «Мақпал қыз», «Құл мен қыз», «Қыз Жібек», «Айман- Шолпан», «Есім сері-Зылиха» сияқты көптеген ғашықтық жырлар туған.
ІІ. Негізгі бөлім:
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының зерттелуі
М. Ғабдуллин
Бұл жырға өткен ғасырдың өзінде талай ғалымдар көңіл аударып, бірсыпыра пікірлер айтқан. Жырды ғана сөз қылмай, олардың бейітін де зерттеген. Мысалға,
Г. Н. Потанин жырды аса жоғары бағалап, дүние жүзілік эпостық шығармалардың қатарына қояды. Шоқан да жырды сүйсіне тыңдап, Жанақтан жазып алғаны мәлім. Академик
Радлов, профессор Березин де жырдың ертеден келе жатқан мұра екендігін көрсетеді. Безверхов өз мақаласында халқымыздың ерте заманда туғызған ақындық шығармасы екендігін айтады да, Арыстан ақынның қалай жырлағанын жазады. Ал өлең құрылысын зерттегн ғалым Ф. Корш жырды «халық жыры» деп бағалап, жырдың көркемдігін сөз еткен.
Қозы мен Баянның бейітін зерттегн орыс ғалымдары Абрамов, Пантусов, Кастанье т. б. бейітті ерте заманның архитектуралық өнерін көрсететін белгі деп қарайды.
Советтік дәуірде С. Сейфуллин «Қазақ әдебиеті» деген кітабында жырда тек Радлов нұсқасы бойынша ғана тоқталады, барлық жырларды үстем таптың шығармалары деп көрсетеді. С. Мұқанов «Батырлар жыры» (1939 ж) туралы еңбегінде жырды халықтық сипаттағы деп дәлелдейді. Революцияға дейін қазақ жастарының, әсірересе қазақ қыздарының ескі әдет-ғұрып шырмауынан шыға алмай, ауыр күйге түскендерін бейнелейтін жырдың бірі деп бағалайды. Бұл пікірді Қажым Жұмалиев «Қазақ әдебиеті» (1944 ж) атты оқулығында, «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері»(1958 ж) монографиясында, Әлкей Марғұлан, М. Ақынжанов та айтады. Жырдың варианттарын салыстыра отырып, Қозы мен Баян жайындағы әңгімелердің негізі халықтық ортада туғандығын анықтайды. Бертін келе жырға арналған ғылыми еңбектер жазылды. Бұл ретте М. Әуезов пен Ы. Дүйсенбаевтың зерттеулерін атауға болады. Мұхтар жырдың қазақ арасынан тараған варианттарын зерттейді, жырдың әдебиеттік жақтарына толық талдау береді. Сонымен қатар жырдың шығу мезгілін мөлшерлейді. Бірсыпыра деректер келтіре отырып, жырдың ХҮ - ХҮІ ғасырлар шамасында шыққандығын айтады.
Қазақтың лиро - эпостық жырларын зерттеген Ы. Д бұл жырды арнайы зерттеді. Бұл жырдың қазақ арасында сақталған варианттарын басқа тілдердің түрлерімен салыстыра зерттейді.
Шоқан, Потанин және басқа да ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, жырдың оқиғасы халықтың аңыз - әңгімелерінен туған дейді. Қозы мен Баян тарихи адамдар емес, халықтың аңыз- ертегілері жасаған кейіпкерлер деген қорытынды жасайды.
Жанақтың айтуындағы жырды ел арасынан жинап, 1936 жылы бастырған - М. Әуезов. Оның айтуына қарағанда, Жанақ бұл жырын Сыбанның төресі Солтабай дегеннің үйінде жатып айтыпты деген де сөздер бар дейді. Содан оны басқа ақын - жыршылар үйреніп алып, елге таратыпты, кейінгі айтушы ақындар Жанақ нұсқасына біраз өзгерістер де енгізеді, Қозы мен Баянды арман-мүддесіне жеткізіп, өлтірмей тірі қалдырады.
Мұнысы Жанақ жырына қосылған жамау сияқты дейді Мұхтар.
Жырдың Жанақ айтты деген варианты Жанақтың өз аузынан емес, Бейсенбай деген жыршының айтуынан жазып алынған. Жанақтан Шоқан жазып алған вариант әлі күнге табылған емес. Сондықтан, жырдың Жанақ вариантына бергі ақындар қандай өзгерістер қосқанын анықтау қиын. Бірақ бұл жөнінде М. Әуезов аса орынды пікір айтады:
«Ел арасына тараған Жанақ жырының бір түрінде өлетін Көсемсары емес, Қозының өзі, онда жыр аяғы қайғылы халмен бітетін еді, ал жырдың қуанышпен аяқталуы Бейсенбай ақынның қоспасы, өзгертуі болып табылады», - дейді.
Бұл дұрыс пікір. Өйткені жыр оқиғасының дамуына қарасақ, Қозының өлмей тірі қалуы мүмкін емес.
Демек, бергі айтушы ақындар Жанақ вариантын өңдеп, өзгерткен.
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры
Мұхтар Әуезов
Халық арасына ең мол таралған ғашықтық жыр - «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастанының жазылып алынған бірнеше нұсқасы бар. Қазақтың көне мұрасын жинаушы орыс ғалымдары өткен ғасырда дастанның алғашқы жазбаларын хатқа түсірген
В. В. Радловтың өлеңмен жазылған нұсқасы, Е. А. Кастаньенің қара сөзбен баяндалған варианты осындай. Пушкин архивынан осы дастанның қысқаша мазмұны айтылған қолжазба табылды. Белгілі форльклор жинаушысы Пушкин Орынборға барған кезде оған жазып берген. Сибирьден шыққан талантты ақын Г. Н. Тверитин дастанның желісін орыс тілінде өзінше жырлап шыққан.
Бұл жырдың әңгімесі қазақтан басқа елдерде де бар. Жырдың бір түрі орыс тілінде 1812 жылы Қазанда басылып шыққан. Барабин татарларының және қазақ арасында айтылатын нұсқасын Радлов жазып алып, бастырған. Ойрат тілінде «Қозын Еркеш» дейтін жыр бар. Солардың бәрі де «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын өзіне меншіктейді. Қазақ арасында бұл жырдың 16 түрлі нұсқасы бар. Көп заман бойында көп ақындар жырлағандықтан осындай әлденеше варианттар пайда болуы фольклор көлемінде заңды саналады. Бізге мәлім болған жырлардың кейбір варианта ертедегі заманның өзіне байланысты айтылса, енді біреулері бергі ХҮІІІ - ХІХ ғасырда өңделіп жаңғырған.
Жырды 1870 жылы қазақ арасынан жазып алып, орыстың атақты ғалымы академик Радлов немісше және қазақша бастырған. Екінші түрлі бір көркем нұсқасын қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлиханов атақты Жанақ ақынның өз айтуынан жазып алдым дейді.
Шығыс әдебиеті мен араб тілін зерттеуші орыс ғалымы Саблуков хикаяны бұрынғы Семей губерниясы, Көкпекті маңындағы бір жыраудың аузынан жазып алған. Орынбор музейінің басқарушысы, орыс тарихшысы Кастанье, өзінің «Қазақ даласы мен Оренбург өлкесінің белгілері» атты кітабында жырдың толық аудармасын берген. Мұнысы Ғылым академиясының Петербургта шығатынВестнигінде басылған. Кастаньенің аудармасы бойынша хикаяның мазмұнымен қазақ тілін зерттеуші орыс ғалымы Меморанский де таныс болған. Онан соң жырды Петербург университетінің профессоры Березин жинап, 1876 жылы өзініңғ «Түрік хрестоматиясы» деген кітабында басып шығарған. (ІІІ том, 162-170 бет, 1876 жыл. )
1899 жылы хикаяның бір нұсқасын Баранов ел аузынан жинап алып, Петербургтағы «Нива» журналының қосымшасында басып шығарған.
Жырды көп зерттеп, оған үлкен мән берген кісінің бірі - Сібір ғалымы Г. Н. Потанаин (1890 жылы, 9 кітап), одан соң «Русское богатство» деген журналында
(1896 жылы № 8) бұл жырға айрықша тоқталып, оны жоғарыбағалайды.
«Қозы Көрпеш» - жыры туралы Ұлы Октябрь революциясынан бері қарай қазақ тілінде жазылған түсініктер, мақалалар, оқу құралдарының бөлімдері де аз болған жоқ.
Орыстың ұлы ақыны Пушкиннің бір қолжазбасында дастанның орысша жазылған сюжеті табылған. Совет үкіметі тұсында көкшетаулық орыс ақыны Тверитин жырдың мазмұнын өлеңмен орысша жазған. Оның бұл көркем поэмасы 1928 жылы Қызылорда қаласында, содан соң 1941 жылы Москвада жеке дастан болып басылған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы Бейсенбай деген ақынға жырдың жаңа айтқан вариантын хатқа түсірткен. Осы Бейсенбайдың аузынан алынған Жанақ айтты дейтін жырдың бір-екі қолжазбасы бар. Осы Жанақ-Бейсенбай вариантын М. Әуезов 1936 жылы Алматыда жеке кітап қылып бастырған. Және бұл нұсқа 1939 жылы басылған «Батырлар жырының» 1 томына енгізілген.
Радлов жинап бастырған жыр революциядан кейін 1925 жылы Москвада қазақша жеке кітап болып басылған. С. Мұқанов пен Х. Бекхожин 1939 жылғы орта мектептерге арнап құрастыратын хрестоматияда осы вариант үзінді түрінде басылған. Бұлардан басқа Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында Шөже ақын айтты дейтін тағы бір көркем ескілеу нұсқасы бар. Бұл нұсқаны Мәшһүр Жүсіп жинаған, әлі баспа көрген жоқ. Бұл жырлардың ішіндегі айрықша назар салатын тәуір нұсқасы осы. Бұдан басқа Ғылым академиясында 1905 жылы Павлодар уезі, Баянауыл қазағы молда Мұқан Машақұлынан Жақыпбаев жазып алатын жырдың екінші түрлі бір қолжазбасы бар. Бірақ бұл вариант кейбір өзгерген сөздерін, кісі аттарын айтпасақ, Шөже нұсқасынан алынған көрінеді.
Жырды көп басып халыққа таратқан орынның бірі - Қазандағы Хұсаиновтар баспасы.
Бұлар дастанның түрліше нұсқаларын 1878, 1890, 1896, 1909 жылдар қазақша кітап етіп бастырған.
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры
Қажым Жұмалиев
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры қазақ лиро - эпостарының ең ескі түрлерінің бірі болып саналады.
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының қазақ тіліндегі нұсқасын ел аузынан жазып алып, бірінші рет бастырып шығарған В. В. Радлов. Ең соңғы басылуы 1957 жылы Қазақ Ғылым Академиясы, Тіл және әдебиет институты.
1870 жылы мен 1957 жылдардың арасында «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жеке кітап болып та, жинақтарға енгізіліп те талай рет басылып шықты. Оны кімдер бастырып шығарғаны жайлы мәліметтер «Қазақ әдебиеті тарихының» І томында болғандықтан және ол поэманың 1957 жылғы баспасында да келтірілмегендіктен, ол мәселеге әдейі тоқталмадық. Поэманың жиналу, басылу жайлы кеңірек танысқысы келгендер сол кітаптардан деректер таба алады.
Лиро - эпос поэмаларының ішінде біздің әдебиетшілеріміздің көңілін аударып, көбірек зерттелгені де осы жыр. 1941 жылдан бері орта мекиепке арналған оқу құралдарына енгізіліп, жеке тақырып ретінде зерттеліп келеді. Жыр туралы кандидаттық диссертация қорғағанда, негізгі тақырыптарының бірі осы жыр болды. Жоғарғы аталып өткен І томға да жеке тақырып болып енгізілді.
Осылардың бәрінде «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» поэмасы версия, варианттары, идеялық - мазмұны не көрсетеді, образ композициясы, көркемдік ерекшеліктері қандай деген мәселелердің айналасында талдаулар болды. Әйтсе де, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» поэмасы жөніндегі зерттеулердің ішіндегі қай жағынан алсақ та ең жақсы жазылғаны - «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томындағы профессор М. О. Әуезовтың мақаласы деуге болады.
Бұл жырдың 16 варианты бар десек, солардың ішіндегі ең толығы да, көлемді, көркемдісі де Жанақ - Бейсенбай варианты.
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» варианттарымен таныс адамға ең көркемі осы вариант. Тек аяқ жағындағы жалғамалы бір - екі эпизод пен оқиғаның шешуі болмаса, басқа жағы шебер құрылғандығын зерттеушілердің бәрі де мойындайды.
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының әр түрлі варианттағы мазмұны
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz