Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Нұртас Оңдасынов деген кім
Тақырыбы: <<Н.Оңдасынов 110 жаста!>>
Мақсаты: Оқушыларға Н.Оңдасыновтың өмір жолы мен қызметін, қазақ халқы үшін жасаған ерен еңбегімен таныстыру, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту, өз елінің тарихына деген қызығушылығын арттыру
.
Көрнекілігі: суреттер, буклеттер, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
Қазақстан Республикасының әнұраны.
1- ші жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
9 <<А>> сыныбы әзірлеген қазақтың бірегей тұлғасы, асыл азаматы Н.Оңдасыновтың 110 жылдық мерей тойына қош келіпсіздер!
2- ші-жүргізуші:
Мен де қазақпын жаралған сүйек еттен,
Менде де ар бар, менде де ой бар шын тебіренткен.
Халқымның қарапайым бір ұлымын
Жанымды арым үшін құрбан еткен -
деген Бауыржан Момышұлының сөзі Н.Оңдасыновтың бейнесін ашатындай, өмір жолына баға беретіндей, арманы мен асыл ойларын паш еткендей әсер берері хақ.
1-ші жүргізуші: Нұртас Оңдасынов деген кім? Біз, өскелең ұрпақ ол кісі жайында не білеміз? Мектебімізге ұлы тұлғаның есімі қашан берілді? Осы және басқа да мағлұматқа құлақ түрейік. Ел ішінде Нұртас Оңдасынов жайлы <<Ел үшін туған ер>> деген жылы лебіз кең тараған.
Баяндама. Бақтыбай Айсана.
<<Ел үшін туған ер>>
Нұртас Оңдасынов (1904-1989) - қоғам қайраткері, тілші- ғалым. Ол кісі заманның ауыр кезеңінде 13 жыл бойы Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесінің төреғасы болды. Үкімет басына келісімен бірінші кезекте елде жүріп жатқан сауатсыздықты жоюды қолға алып, оны сәтті аяқтайды. Шалғай аудандарда мұғалімдер дайындайтын курстар, училище, облыс орталықтарында Мұғалімдер институн ашып, Орталық Комитеттің саясатының жүзеге асуына күш салады. Қазақстан Орталық Комитетінің бюро мүшесі ретінде ол мәдениет мәселелеріне жауапты болды. Н.Оңдасынов соғыс жылдарының ауыртпалығына қарамай Абайдың 95 және 100 жылдық мерейтойын аса биік дәрежеде атап өту жөнінде Үкімет қаулысын шығарып, комиссияның төрағасы өзі болып өткізген. Қыздар педагогикалық институты, Ұлттық Консерватория, Дене шынықтыру институты, Политехникалық, Технологиялық институттар ашу және медицина, шет тілдер институттарына көптеген жаңа факультеттер қосу, сол кісінің тұсында істелінген істер.Опера және балет театры құрылысының жедел аяқталуын тікелей бақылап, облыстарда театрлардың ашылып, филармония, ән-би ансамбльдерінің ұйымдасуына да ұйытқы болған. КСРО Ғылым академиясының дербес құрылуына бірден-бір атсалысқан адам. Соғыстың жүріп жатқанына қарамай жаңа ғимараттың салынуына қаражат қарастырып, оның іргесі қаланғанда ырымдап: <<Қазақ ғылымы күмістей таза болсын>> деп, күміс ақша шашқаны мәлім. Осы Ғылым академиясының басына Қаныш Сәтбаевтың келуіне де себепші болды. Қ.Сәтбаевтың газетке шыққан мақаласындағы болашақ ғалымның сөз саптасы ұнап, жаңа ойларын білуге, танысуға Мәскеуге шақырады. Кездесіп, сөйлескеннен кейін КСРО Ғылым Академиясының президенті В.Л.Комаровқа алып барып: <<Қазақтың Ғылым Академиясының президенті>> - деп, бірден таныстырады. 1942 жылдың басында Кенді Алтай, Лениногорға іссапарға келген Оңдасынов білімді, байсалды Дінмұхаммед Қонаевты кездестіреді. Кейіннен Алматыға келіп, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Скворцовпен ақылдасып, өзіне орынбасарлыққа шақырттырады. Д.А.Қонаев 10 жыл бойы Оңдасыновтың орынбасары болады. Нұртас Дәндібайұлы 1954-1955 жылдары Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының төрағасы, сосын Гурьев (Атырау) облыстық атқару комитетінің төрағасы және осы облыстың партия ұйымын басқарды. <<Жауапты қызметте жүріп, шығармашылықтан қол үзбейтін. Арап, парсы тілдеріне жүйрік еді. 1962 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін шығармашылықпен шындап айналысқан.1969 жылы
<< Арапша- қазақша түсіндірме сөздігі>>, 1974 жылы <<Парсыша- қазақша түсіндірме сөздігі>> жарық көріп, қалың оқырманның ыстық ықыласына бөленді>> дейді Д.А.Қонаев өзінің <<Өтті дәурен осылай>> кітабында. Алматыдағы Абай ескерткішінің авторы Хакімжан Наурызбаевты да Қостанайға барған іссапарында байқап, Алматыға алып келіп, оқытып, ат бағушыдан қазақтың тұңғыш мүсіншісін жасаған осы кісі. Біздің мектебімізге Нұртас Оңдасыновтың аты 1994 жылы берілді. Биыл 20 жылдық мерей тойын тойлағалы отырмыз.
2-ші жүргізуші: Нұртас Оңдасынов кішіге аға, үлкенге іні, бауыр бола білген, кең жүректі, адал пейілді асыл жан.
Шайық Назгүлдің орындауында <<Ағаларым>> әнін қабыл алыңыздар.
1-ші жүргізуші: Шынында, Нұртас Оңдасынов пішімі бөлек, бітімі бөлек ерен тұлға болғанына еш дау жоқ. Ол, әрине, еліміздің Тәуелсіздік алғанын көрген жоқ. Бірақ ол оптимист еді, болашаққа үлкен үмітпен, сеніммен қараған, алда жарқын болашақ бар екеніне, қазақ тілінің өркендеп, тарих сахнасынан өз орнын табатынына еш күмән келтірген емес. Қазақ тілінің маңдайы жарқырайтын күнінің алда екеніне нақ сенген.
Келесі кезекте Нұртас Оңдасыновтың қазақ тілі туралы айтқан дана сөзін тыңдалық.
Ордаш Фарида.
<<Қазақ тілі - аса бай тіл, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады-ау. Бұл тілден май тамады десе де сияр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, небір алуа шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне. Осындай майда, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады>>.
2-ші жүргізуші: Мырзақұл Ақтоты <<Үш бақытым>>
Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай - ақ кел дағы от ал менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста:
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
Мұратбек Жансая <<Туған тілім>>
1-ші жургізуші: Нұртас Оңдасынов үш рет Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, көптеген медальдармен, Құрмет грамоталарымен наградталды.Енді Нұртас Оңдасыновтың қазақ елі үшін жасаған ерен еңбектеріне тоқтала кетсек:
Түркмен Қайыпназар.
Н.Оңдасынов - елімізде білімнің де дамуына ерекше назар аударған азамат. Әсіресе, оның қазақ қыздарының білім алуына айрықша ден қоюы, қазақтың қыздар институтының ашылуына жасаған еңбегі зор еді. Ол кезде барлық мәселені Мәскеу шешетін еді. Басшылық тарапынан << тек қыздар оқитын институт ашу деген не сұмдық>> деп қарсы шыққанда, оларға қазақтың кең байтақ даласында орналасқан ауыл аймағының шалғайда жатқандығын дәлелдеп, ақыры өз дегеніне жетіп, 1944-1945 оқу жылында ауылдық жерлерге мұғалімдер дайындайтын институттың ашылуына қол жеткізді. Оқитын қыздарды тегін тамақпен, жатын орынмен, киіммен қамтамасыз етуді сұрап жазған хаттары мұрағаттан табылды. Тағы бір айта кетерлік жай, қазақ елінде алғаш консерватория ашу жөнінде үкімет атынан хат дайындап, КСРО Министрлер Кеңесінің мәдениет жөніндегі орынбасары К.Е.Ворошиловқа барады. Ол кісі <<Қазақтай халыққа консерваторияны баяғыда ашуымыз керек еді. Өнерлі, бәрі әнші, бәрі композитор халық қой. Мен М.Әуезовтың <<Абай>> романын оқып, енді ғана түсінгендеймін>>,- деп, рұқсатын беріпті.
Мұсахан Нұрсултан.
Орталық Комитеттің қаулысына сәйкес бюро мүшелеріне өнердің әрбір саласы бекітілгенде, ең кенже қалған кино саласына қамқорлық жасауды Н.Оңдасыновқа жүктепті. Ол Мәскеу, Ленинград қалаларының киноөнер мамандарымен, басшыларымен келісе отырып, М.Левиннің режиссерлығымен <<Амангелді>> фильмін тұңғыш рет жарыққа шығарды. Сосын М.Әуезовтың сценарииі бойынша түсірілген <<Райхан>> фильмі жарық көреді. Соғыс жылдары <<Мосфильм>>, <<Ленфильмдер>> Қазақстанға үкімет шақыруымен келеді. Оларға жағдай жасаудың нәтижесінде елімізде кино саласы дамып, қазақтың өз <<Қазақфильмі>> ашылды.
Төлтай Ақмарал.
Тарихи жазба деректерге сүйенсек, қазақтың атақты биші қызы Шара Жиенқұлова апамыздың би ансамблін құру туралы Оңдасыновтың атына жазған хаты көп нәрседен хабар бергендей. Бәрімізге белгілі М.Әуезовтың <<Абай жолы>> романының біріші кітабы өте сәтті шығып, Одақ көлемінде жоғары баға алған. Осы кітапты Сталиндік сыйлыққа ұсынғанда, оның орыс тіліне аударылып жатқанын, таяу арада аяқталатынын айта келіп, қазақ тіліндегі мәтінін қабылдау туралы Мәскеудегі өнер комитетіне өтініш хат жазғаны оның әдебиеттің бірден-бір жанашыры, әрі оны талдай білетіндігін, сөздің қадірін, құдіретін түсіне білетін әдебиет сүйер қауымының өкілі екендігін дәлелдейді.
Қошқарбай Бекарыс.
Сонымен қатар Н.Оңдасынов ақындар айтысын жаңғыртқан. Кеңес Одағы кезінде қазақ ұлтына көптеген қиыншылықтар туды. Тіптен адам баласы естімеген ашаршылықты қолдан жасап, елді, ұлтты қынадай қырды. Бір миллиондай қазақты шетелге босқын болып кетуге мәжбүрледі, қазақтың ұлт болып қалуын, салт-дәстүрін сақтауын ұнатпады. Кеңес халқы деген
бір-ақ ұлт болады деп ұрандатты. Осы қиыншылықтарға қарамай, 1943 жылы ақындар айтысын ұйымдастырып, өткізуі Оңдасыновтың көзсіз ерлігінің біріне жатады. Бұл қазақ халқы үшін ерекше бір тарихи оқиға болды.Еліміздің астанасы Алматы қаласында небір суырып салма ақындары елінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Ел бір серпіліп қалды. Назар Тұрсынқожа.
Хакім Абайдың 95,100 жылдық мерейтойларын ұйымдастыруға қолғабыс жасауы да Оңдасыновтың ұлылығын меңзейді. Дайындық жөнінде үкімет қаулысын ерте бастан қабылдатады. Өйіткені, елде әлі екі ұдай пікір болатын. Бірі <<ол бай- құлақтың баласы, оны дәріптеудің қажеті жоқ>> десе, екіншісі, керісінше <<қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушыларының бірі, ойшылы, философы>> деді. Ақыры ұлы ақынның 100 жылдығы Ұлы Отан соғысының жеңісіне тұспа-тұс келіп, жоғары деңгейде аталып өтті.
Тәуірше Бақытжан.
2-ші жүргізуші: Тарихи жазба деректерге сүйенсек, Нұртас Оңдасынов туралы тілшілердің, замандастарының естеліктері тек жағымды жақтарын бейнелейді, Оңдасыновтың өмірінен кішкене бір үзіндіге көз салсақ, оның қандай адамгершілігі мол, қазақ деп соққан жүрегінің бір үнін естігендей боларымыз анық.
Әлтөре Дінислам, Шорат Мұхамметжан, Ордаш Фарида, Берікбай Руслан.
<<Мен неге таңырқадым?>> - көрініс.
1-ші жүргізуші:
Қасым Аманжолов <<Туған жер>> Бегалы Кәмшат.
Хор <<Отан>>
2-ші жүргізуші:
Мұқағали Мақатаев <<Отан>> Орынбасар Жанел.
1-ші жүргізуші:
Отан! Отан!
Сен болмасаң не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем - деп Мақатаев жырлағандай, өзекті өртеген әуені Нұртас ағаның үш өкінішін, үш арманын паш еткендей.
Көрініс <<Үш өкініш>>. Тұтқабай Арайлым, Орынбасар Жанел, Әненбек Әзизхан.
2-ші жүргізуші: Шайық Назгүл мен Әзім Әсемнің орындауында << Атамекен>> әнін қабыл алыңыздар.
1-ші жүргізуші: Өмірі өнегелі болған азамат, өзінің адалдығына арланбайтын, ешкімнің алдында бас имеген Нұртас Оңдасыновтың адалдығының бір куәсі ретінде оның замандастарының, тілшілердің естеліктерін тыңдап, ұлы Ескендірдің хатына құлақ түрейік.
Өмірзақ Қасымжомарт. << Мен докторлық диссертация қорғау үшін жазған деректерді шет елде жүріп жазғандықтан, солардың деректерін алып едім. Біздің елде ол басқа екен. Содан комиссия қайта жазуымды талап етті. Ал комиссия басшысы бұрын Қазақстанда әкеммен бірге істеген таныс кісі болатын. <<Әке, бір ауыз айтыңызшы, менің жағдайым осылай болып тұр>>,- деп. Өмірімде бірінші және ең соңғы рет әкеме өтініш айттым. Сонда ол кісі біраз ойланып отырды да: <<Балам. Ғылым жолы - ауыр жол, ол инемен құдық қазғандай,- деді.
- Ғылымға таныстық жүрмейді. Онда ол ғылым емес, далбаса болады. Сондықтан қайта қарағаның дұрыс болады>>, - деді
2-ші жүргізуші: Шайық Назгүл мен Әзім Әсемнің орындауында <<Атамекен>> әнін қабылдаңыздар.
1-ші жүргізуші: Құрметті қонақтар, тәрбие сағатымызды аяқтай келе, Нұртас Оңдасыновтың үш тазасына көңіл қоялық. Базарбай Досжан.
2-ші жүргізуші: <<Шаттық биі>> Қыздар тобы,
Ән <<Жаса, қазағым>> Түркмен Қайыпназар.
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақ халқының бірегей тұлғасы, қоғам қайраткері, бірнеше сөздіктердің авторы, адал да парасатты ұлы Нұртас Оңдасыновтың туылғанына 110 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған тәрбие сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер! Барлықтарыңызға денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz