Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Адалдық пен шындықтың адами қарым - қатынастағы мәнін түсіндіру
Алматы облысы, Көксу ауданы, Қызылтоған ауылы <<Орталау мектебі>> мемлекеттік мекемесінің психологы Керимбекова Эльвира Қалиахметқызы
13-14-ші сабақ. 3-10 желтоқсан.2013- жыл.
9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Мінез-адам көрсеткіші
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету;
* Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;
* Адамгершілікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту
Шаттық шеңбері Оқушылармен амандасып,олардың көңіл-күйлерін көтеріп,сабақта көңілді орта құру мақсатында Қ.Нақысбековтың өлеңін оқуды ұсыну.
Әңгімелесу
Адам өмірі-іс-әрекеттер тізбегінен,басқалардың әрекеттерін қабылдаудан және оларға деген түрлі көзқарастардан тұрады.Кез келген әрекеттерді дұрыс түсініп,қабылдай білу әркімнің қолынан келмейді.Алайда адамның өзін осы қабілетке баулып,тәрбиелеуге мүмкіндігі мол.
* Неліктен <<Мінез-адам көрсеткіші>> болады деп ойлайсыңдар?
* Адамның жақсы мінезіне нелер жатады деп ойлайсыңдар?
* Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
* Жаман мінезді қалай түзетуге болады деп ойлайсыңдар?
Мәтінмен жұмыс Жаңа сабақ мазмұнын аша түсу үшін және адамдар арасында қарым-қатынаста мінез-құлықтың орнын түсіндіру мақсатында оқушыларға А.Құнанбаевтың өлеңін оқу ұсынылады.
Тапсырма Оқулықта В.А.Сухомлинскийдің өсиет сөздері берілген.Бұл өсиет сөздердің берілу мақсаты-жақсы мінез-құлық адам өмірін нәрлендіретіндігін,шынайы бақытқа қол жеткізуіне,адамит қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретіндігін оқушыларға ұғындыру болып табылады.
Назар аударыңыз Мінез сұлулығы.Жанның да өз әсемдігі бар,оның кербездігі-істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлейді.Ол жұрттың бәріне берілмеген,бұл рухтың ұлылығына байланысты.Оның алғашқы белгісі-жаратпайтын адамы туралы жақсы пікір айту.Ол әсіресе өш алуды күткен жағдайда жарқырай көрінеді:өш алу былай тұрсын,бәрі жақсылықпен бітеді-енді өш алады дегенде,кенет ақкөңілдікпен қайран қалдырады.Ол саясатқа да пайдалы,тіпті мемлекеттік резонға көрік береді.Мақтануды білмейтін ол,еңбек сіңіріп жеткен жеңісін аңқылдақтығымен жасырады.
Тапсырма Оқулықта берілген ұлағатты сөздерді оқып,олардың мәнін түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс <<Дән мен тас>>ертегісін оқып,оны талқылау.
Жаңа ақпарат Қ.Жарықбаевтың сөзін жаңа ақпарат ретінде таныстыра отырып,жақсы мінез,адал ниет,ақкөңіл адам өмірінің нұрлы болуына,басқалармен тез тіл табыса білуіне,сол арқылы өзін қоршаған ортамен жарқын жарастыққа,бауырмалдыққа,достыққа,тіпті бақытқа қол жеткізудіңалғы шарты болатындығына назарларын аударту.
Дәптермен жұмыс Оқулықтағы мәтінді оқып,өз мінезің туралы ой түй.Мінездегі міндердің түзеудің жолын белгілеп,жазу.
Дәйексөз Сабақты оқулықта берілген дәйексөзді талдаумен жалғастыру:
Кісіге екі дүниеді пайдалы (нәрсе)-ізгі іс немесе түзулік.
Екіншісі-ұят,үшіншісі-әділдік.
Бұл үшеуі арқылы адам шын бақытын табады.
Ж.Баласағұни.
Адамдардав бір-біріне ізгі іс немесе мінезі тұзулік,ұят,әділдік болса өмірде бақыт табылатынын түсіндіру.
Дәптермен жұмыс Мәтіндерді оқып,берілген тапсырмаларды орындап,өз ойларын айтып беру.
Жүректен жүрекке Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін Ш.Мұхамеджановтың <<Сыйластық>> өлеңімен жалғастырып,сабақты аяқтайды.
Алматы облысы, Көксу ауданы, Қызылтоған ауылы <<Орталау мектебі>> мемлекеттік мекемесінің психологы Керимбекова Эльвира Калиахметқызы
15-16-шы сабақ. 17-24-ші желтоқсан.2013- жыл.
9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Адалдық-адамдықтың белгісі
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру;
* Адалдық,шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;
* Адал,шыншыл болуға тәрбиелеу.
Мақсаты: Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру.
Шаттық шеңбері Оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен көңіл күйлерін көтеру және олардың мақсат-міндеттерін ұғындыру мақсатында С.Сейітовтің <<Шындық шырайы>> өлеңін бірге оқып түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс Сабақты З.Шашкиннің <<Темірқазық>> әңгімесімен жалғастыру.
Әңгімелесу
* Сіздің адалдыққа деген сеніміңіз қандай?
* <<Адалдық-адамдық белгісі>> дегенді қалай түсінесіздер?
* Неліктен адалдық <<кеңпейілділік,ақкөңілділік,шыншылдық>>ұғымдарымен қатар жүреді?
* Адалдық қандай әрекеттен қандай жағдайда көрінеді?
Тапсырма Оқулықта берілген мәтінді оқу және жүйелеп айтып беру.
Тыныштық сәті Баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін <<Тыныштық сәті>> әдіс-тәсілін қолдану.
Дәйексөз <<Адалдық-ардың ісі>> деген халық мақалын түсіндіру арқылы оқушылар жаңа ақпараттан пайымдаған ой пікірлерін жалғастырып,ары таза адал адам мәнді өмір сүретінін тусіндіру мақсатын жүзеге асырады.
Жаңа ақпарат Ары таза адал адам мінді өмір сүреді.Оның ішінде Отанына,отбасына,қоғамға адалдық адамның өзіне,өзгеге,болашаққа деген сенімен арттыра түседі.
Адалдық әр адамның өзін де,өзгені де сыйлауын көрсетеді.
Адалдық бар жерде адам өзіне де,өзгеге де шындықты айтады,оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды.Адал болу тек қана өтірік айтпау емес,шындыққа ешбір қалтықсыз сену.
Адалдық біздің жан дүниемізден басталады.Ол адами қарым-қатынастан және іс-әрекетімізден көрінеді.Адал адамға сенім артуға болады,оның қандай жағдайда да күмән келтіруге болмайды.Адалдығы бар адамның рақымы мол болады.
Жағдаятты талдау Берілген жағдаят бойынша оқушылардың көзқарастары мен пайымдауларын талдау кезінде,олардың пікірлерін дәйектеуде,оқушылардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.Оқушы ойын түйіндеп,бір арнаға тоғыстыру мақсатында мұғалім жағдаят бойынша адал болу,өтірік айтпау,алдамау т.б. ұғымдардың мағынасын ашу.
Дәйексөз. <<Адалдық деген ашық , шыншыл қарым-қатынас>> деген А.Макаренконың сөзін түсіндіру арқылы оқушылар жағдаяттан пайымдаған ой пікірлерін түйіндеу.
Жағдаяттарды талдау. Бұл тапсырма жоғарыда айтылған ойларды тереңдете түседі. Оның ерекшелігі - өзгенің сенімін ақтау,адамның жауапкершілікті сезінуін қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты тапсырманы орындау оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Төмендегі жағдаяттарды шешіп,әдептілік тұрғысынан баға беру.
Тапсырма берілген ой тұжырымдамамен танысу. Адалдық туралы өз ойымен толықтырып, түйгендерін ортаға салу.
Адалдық:
* Қоғам әділеттілігінің негізі болады;
* Адамдардың ізгілікті қарым-қатынас жасауына ықпал етеді;
* Жеке тұлға мінез - құлқының жағымды қалыптасуына әсер етеді.
Жаңа ақпарат
Адам өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуі, өзін-өзі тануы, ар-ұятты,алдында жауапкершілікті сезінуі үшін адалдық қажет. Адам өзгелермен қарым-қатынаста, іс-әрекетте адалдық танытуына байланысты оның сенімді достары да көп болады. Адалдық болғанда ғана адамдар шындықпен өмір сүре алады.
Адал болудың, өтірік айтпаудың да өзіндік қиындықтары бар. Өйткені өмірде шындықты айту барысында қайырымдылық, төзімділік, басқаның басындағыны түсіне білуі т.с.с. қасиеттерді бойға сіңіруге ұмтылған жөн.
Шындықты айтуым қажет деп, тұрпайылық танытқан дұрыс емес.
Әңгімелесу
Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықта <<Ойланайық, пікірлесейік>> атты айдармен берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі:
* Адалдықтың адами қарым-қатынастағы маңызы қандай?
* Өзіңе - өзің адал болу деген не? Өзін-өзі алдау деген не?
* Адал болуға ұмтылу неге керек?
Тапсырма Оқушыларға оқулықтағы мәтін тапсырма ретінде беріледі.
Жүректен жүрекке Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап,шеңбер құрып, <<Аман болсын адамдар>> әнімен сабақты аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz