6-сынып информатикасы: Мәтінді құру және кестелерді слайдтарға кірістіру (саяхат түріндегі сабақ)

Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы
Ақсай қаласы жалпы білім беретін №4 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Сисенова Гулим Салимовна
Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат- міндеттері:
а/ проблеманы шешу
ә/ ақпараттық
б/коммуникативтік
Өз жұмысында компьютер мүмкіндіктерін пайдалану, өз әрекетін бағлау және талдау, оқушының өзіне деген сенімділігін арттыру, өзіндік дамуды жүзеге асыру, практикалық сипаттағы оқу мәселелерін шешу жолымен материалдарды талдауға үйрету.
Оқушылардың мәтін жазу дағдысын одан әрі дамытып, суретті көшіру, бұру әрекеттерін үйрету, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдайда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану білігін арттыру, дәстүрлі /қағаздық/ және жаңа ақпараттық технологияларды / электрондық/ пайдалану арқылы ақпарат көздерініздеуге баулу. Өз әрекетінде ақпаратты өңдеу, талдауды меңгерту.
Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін арттыру, өз ойын ашық айта білуге, ойын жүйелеп жеткізу. Оқушының бойында коммуникативті құзыреттіліктің вербальді және вербальді емес формаларын қалыптастыру және дамыту. Коммуникативтік мәдениетке тәрбиелеу, коммуникативтік потенциалын көтеру.
а/Амандасу
ә/ Сабаққа дайындықтарын тексеру
Кіріспе сөз.
- Оқушылар біз бүгінгі сабағымызда Астана қаласына саяхат жасаймыз. Саяхатқа шықпас бұрын дайындық жұмысын жүргізейік, ол үшін есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік
/ 1-аялдама/
б/қауіпсіздік ержелерін еске түсіру.
Оқытушымен амандасу
Оқулықтар мен жұмыс дәптерлерін және қажетті құрал-жабдықтарды дайындау.
/ 2-аялдама. Мәдениет үйі. /
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
/ 3- аялдама. «Бәйтерек»/
Практикалық жұмыс.
Перфокартамен жұмыс
Бұл аялдамада елбасымыз Н. Ә. Назарбаев сіздерге тапсырма әзірлеген екен. Тапсырманы орынымызда орындаймыз.
ІV. Жаңа білімді бекіту. Соңғы 6- аялдама.
« Кешкі Астана»
Оқытушының қызметі