Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бүгінгі тәрбие сағаты кіммен таныстыңдар

№25 жалпы білім беру мектебі

Махмет Қайырбаевтың 90 жылдығына арналған
сынып сағаты
<<Батырлар ерлігі ұмытылмас>>

2014-2015 оқу жылы

Сынып сағатының тақырыбы: <<Батырлар ерлігі ұмытылмас>>
Мақсаты:Оқушы бойындағы патриоттық сезімін жоғарылату, Отанына деген намысшылдығын, сүйіспеншілігін арттыру. Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қабілетін жоғары ұстауға тәрбиелеу. Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың өмірбаянымен таныстыру.
- Қазақстандық патриоттық тәрбие беру іс - шараларында мектеп, сынып, мектептен тыс мекемелердің бірлігін қалыптастыру;
- Біздің заман қаһарманы бейнесінің үлгісін жетекші патриоттық тәрбие беруші құралдары көмегімен жасау.

Күтілетін нәтижесі:
- Оқушы бойындағы азаматтық қасиеттерінің дәрежесін арттыру;
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
3. Тақырыпқа шолу
4.Негізгі бөлім.
5. фильм көрсету
6. қорытынды

1 оқушы:
Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар - қатпар белесінен байқасақ, ежелден - ақ ру - тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен.
2 оқушы:
Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: "Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді" - деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден - ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді. Күлтегін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады:

3 оқушы: Бүгінгі тәрбие сағатымыз Махмет Каирбаевтың 90 жылдығына арналған.
Махмет Қайырбаев


Махмет Қайырбаев - 1925 жылы, 1 қаңтарда, Самей облысы, бесқарағай ауданы, Семиярка селосында дүниеге келді. Жастайынан әкесінен айырылып жетім қалды. Репрессия кезінде оны қытай шпионы ,ұлт дұшпаны деп жалған жаламен айыптады. Махмет Қайырбаев орта мектепті бітіріп, Павлодар қаласындағы педучилищеге оқуға түсті. Кейіннен өзі туған селосында Семиярка орта мектебінде ұстаз қызметін атқарды.1941 жылдың жазында Қаирбаев өз қалауы бойынша соғысқа баруға рұқсат сұрады, бірақ жасына қарап оны жіберген жоқ. Тағы бір жыл өткеннен кейін тағы да өтініш білдірді. Осындай қайсар мінезімен ол 1942 жылдың тамыз айында Подольское артиллериялық училищесінд жедел әскери курсты бітірді.
4 жүргізуші:
1943 жылдың сәуірінен бастап Ұлы Отан Соғысына қатысты. 1943 жылы Қайырбаев Смоленщине шайқасында бірінші ерлігін көрсетті. Александр Невский ордені Махмет атамыздың ең алғашқы 18 жасында алған марапаты болған еді. 1944 жылдың жаз айында <<Багратион>> операциясы кезінде өзінің дұшпанның жойғыш танктерімен жұмыс істеу қабілетін жоғары дәрежеде көрсете алды.
Бас командование резервіндегі 17 дербес танкіге қарсы жойғыш-артиллерия бригадасы құрамында әр түрлі майдандарда соғысты.
1944 жылдың 19 тамызы күні 712-танкіге қарсы жойғыш-артиллерия полкінің батарея командирі, аға лейтенант М. Қайырбаев пен оның он бес жауынгері үшін мәңгі өшпес даңққа бөлену жолы басталды.
Бұл оқиға Литва жерінде Шауляй қаласында болды. Қаза болған командирдің басшылығын өз қолына алып, жаудың 7 шабуылын тоқтатуды ұйымдастырды. Батарея жаудың үш танкісін жойып, бір батальонға жуық фашистерді жойды. Неміс танкілері үшін Шауляйға өтер жол жабылды.

4 оқушы:
М. Қайырбаев 1945 жылы Ф. Дзержинский атындағы Соғыс Академия курсын, ал, 1960жылы Қазақстан Компартия Орталық Комитетінің Жоғарғы партия мектебін бітірді.
I және II дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Александр Невский ордендерімен, медальдармен, 3рет Қызыл ту орденімен марапатталған.
Соғыстан кейін ол Павлодар облысында партия қызметінде болды. Тың жерлерді игерудегі еңбегі үшін екі рет Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталды.
1994 жылы қаланың бір көшесіне Махмет Қайырбаев есімі берілді
5 оқушы:
1945 жылдың, 24 наурызында Махмет Қайырбаевқа Совет үкіметінің батыры атағымен қоса Ленин ордені мен <<Золотая звезда>> медалімен марапатталды. Өзінің ақырғы шайқасын Кенигсберг түбінде аяқтады.
1960 жылы Қайырбаев Қазақстанның ЦК КП жоғарғы партмектебін аяқтады
2 жүргізуші:
1968 жылы Махмет Қайырбаевты Павлодар қаласына жұмыс бабымен ауыстырды.Ол обком партиясының екінші хатшысы болып , кейіннен, 1982 жылға дейін ұлттықоблисполком депутаттарының председателі болып жұмысын атқарды. Павлодар қаласының алюминий, феросплав және и трактор зауытының, Павлодар электростанциясының , қазіргі Ақсу қаласын басқарды
1996 жылдың 12 шілдесінде дүниеден өтті. Павлодар қаласында жерленді.
5. фильм көрсету
(интерактивті тақтаны пайдалану)

6. Қорытынды
1.Бүгінгі тәрбие сағаты кіммен таныстыңдар?
2. Тәрбие сағатында алған мәліметтерден қандай түйін сөз жасауға болады?
3.Сабақ қызықты өтті ме, несімен?
4. Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың өмірбаянынан өзіңе не алдың?

Ұқсас жұмыстар
Сынып сағатының құрылымы
Тапқыр достар. 2-сынып
Орыс халқының музыкасы
Өз құқығыңды білесің бе
Баланың ата - анаға деген махаббатын ояту
Құрметті балалар
Менің атым - қожа Бердібек Соқпақбаев
Достық туралы
Достық жайлы ақпарат
Балаңызбен қарым - қатынасыңыз қалай
Пәндер