Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тапқырлар тобы

Атырау облысы.
Қызылқоға ауданы.
Қарабау орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Меңдібаева Жарқын

Сабақтың тақырыбы: << Математика әлемі >>
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Математикалық сұраққа мәдени түрде жауап беру, қарым - қатынасты дамыту
Сабақтың жүрісі
І Ұйымдастыру.
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар?
Армысыздар ардақты ұстаздар мен білім сайысына қатысушы жас қырандар. Кешті ұйымдастырушылар атынан жалынды сәлем! << Математика әлемі >> атты сайысымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі біздің << Математика әлемі >> атты кешіміз жарыс түрінде өтеді. Жарысқа 1 сыныптан бастап 4 сынып оқушылары қатысады. Сайысқа қатысушы оқушылар екі топқа бөлініп отыр. Осы топтардың әділ бағасын беретін << әділқазылар алқасын >> сайлап алайық.
1. Әлібек ағай
2. Арайлым апай
3. Ғайнел апай
Сайыстың ретімен таныстырып өтейін. Сайыс 8 бөлімнен тұрады:
1. Таныстыру
2. << Кім шапшаң ?>> ойыны
3. << Ғажайып математика >>
4. Ойлан , тап!
5. Тіл өнері ( Математикалық оқулар )
6. <<Тез айт,бірақ қателеспе>> ойыны
7. Математикалық жұмбақтар
8. Амал таңбаларын қою
Сіздерді сайысқа шақырамыз,
Есеппен бастарыңды қатырамыз.
Математиканы ұғындырып,
Аз да болса, білімдеріңді толтырамыз.
Енді сайысымыздың бірінші бөлімі << Таныстыру >> кезеңін бастаймыз.
1 топ << Тапқырлар >>
Бір мектепте оқимыз бәріміз де,
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге.
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз,
Мына жұртың таңырқасынбәрі бізге.
Біздің тобымыздың аты: << Тапқырлар >>
Біздің тобымыздың ұраны: <<Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ>>
2 топ << Алғырлар >>
Сендерді айта алмаймыз нашар деп,
Ойламаңдар, қорқып біздер қашар деп.
Біз дайынбыз жарысуға достарым.
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Тобымыздың аты: <<Алғырлар>>
Біздің тобымыздың ұраны : <<Оқу - білім азығы, білім ырыс қазығы>>

Архимедтей жаңалықтар ашар,
Болса үміткер, сайысқа үлес қосар.
Ұлы математик ізін басар,
Бізде жоқ па талапкерлер?
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар, - демекші сайысымыздың екінші бөлімі
<< Кім шапшаң ? >> ойынын бастаймыз. Ойынның шарты есеп екі топтың мүшелеріне 3 есептен берілген. Есепті қатесіз, шапшаң шығаруымыз керек. Қай топтың мүшелері есепті қатесіз шығарса сол топтың мүшелері жеңіске жетеді. Әр есептің дұрыс жауабы 5 ұпайдан.
<< Алғырлар>> тобы
1 с. 2+6=8 3+4=7 7-3=4
2с. 22+16=38 29+15=44 37-13=24
3с. 642 + 456 = 1098 253 + 265 = 518
50*2 - (35: 7) = 95
4с. 5463:9 = 607 453 * 200 = 90600
64 * 2 - ( 45 : 9 ) = 123

<< Тапқырлар >> тобы
1 с. 6+3=9 5+0=5 10 - 7 =3
2с.56+3=59 54+10=64 17-10=7
3с. 177 + 233 =410 890 + 110 = 1000
25 * 2 + 15 * 2 = 95
4с.4212 : 54 =78 732*300=219600
557 - ( 467 - 389 ) =479

4

Көрермендерге жұмбақ есеп
1. Ала шапан киініп,
Қарбыз жатыр үйіліп.
Қарбыздарды шетінен,
Санап шықтым екіден.
Бесеу болды жұп саны,
Нешеу болды түп саны? ( 10 )
2. Алдында үш балапан,
Артында үш балапан.
Ақ тауық пен балапан,
Айтшы санын балақан. ( 8 )
3. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан?
Жан - жағыңа қарамай. ( натурал сан )
Сайысымыздың үшінші бөлімі << Ғажайып математика >> деп аталады.
9 ұяшық берілген 9 ұяшықтың әрбірін таңдау арқылы өздеріңе ұпай жинайсыңдар. Әр ұяшықтарда логикалық есептер жасырылған. Егерде сұраққа жауап бере алмасаңдар, келесі топтың мүшелері жауап беруге болады, ұпай саны жауап берген қосылады.
Оң жақтағы 10. Үстелдің үстінде 5 стақан сүт тұр еді, Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды столдың үстіне қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды. ( 5 )
Ортадағы 10. 4 жұмыртқа 2 минут қайнайды.1жұмыртқа неше минут қайнайды. (2)
Сол жақтағы 10. Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар. ( 33 асығы бар )
Оң жақтағы 20. 1 тонна мақта ауыр ма, 10 центнер темір ауыр ма ? ( тең )
Ортадағы 20. Бір бөлке нан, 24 теңге тұрады, 6 бөлке нан қанша теңге тұрады?
(144 теңге)
Сол жақтағы 20. Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы қанша болады ? ( 6 кг )
Оң жақтағы 30. Үш түйеқұс ұшып келе жатқанда, біреуі жерге қонды. Неше түйеқұс ұшып кетті. ( Түйеқұс ұшпайды )
Ортадағы 30. Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның сегізден бір бөлігін тартады. Жаңа туылған пілдің баласы неше кг тартады? ( 125 кг )
Ортадағы 30. << Спутник>> жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті ? ( 1 сағат 43 минут )
IV. <<Ойлан, тап!>> ойыны
5
<< Тапқырлар >> тобы << Алғырлар >> тобы 4
6
15 шығу керек
6


5

4
20

V. Тіл өнері
Математикалық оқулар

1 топ <<Тапқырлар>> 2 топ <<Алғырлар>>
Т + 10 = ? тон 3 + кір = ? үшкір
6 + н = ? алтын 5 + ік = ? бесік
7 + к = ? жетік с + 10 + а = сона
100 + ім = ? жүзім қ + 10 + ақ = ? қонақ
К + 2 + л = ? кекіл 8 + көз = сегізкөз
Заманның лебіменен жел есетін,
Келді ғой кезек міне, кездесетін.
Жаңылтпаш сайысына уақыт бөліп,
Жаңылып қыран топан күлісетін. - деп сайысымыздың келесі бөлімі
<<Тез айт, бірақ қателеспе>> кезегіне береміз, яғни сіздерге жаңылтпаш оқылады сіздер сол жаңылтпашты қателеспей тез айтуларыңыз керек

VІ. <<Тез айт, бірақ қателеспе>> ойыны.

<<Тапқырлар >> тобына << Алғырлар >> тобына

1.Ұшып кетті үш құс, 1. Қырық қырықтық,
Ұшып келді ұшқыш. Сырық қырықтық.

2.Қырық үш қызғыш құсқа 2. Төрт төртім бар,
Қырық үш қызғыш құс қосса Төрт тортым бар.
Қанша қызғыш құс болады Төртім-маған,
Тортым-саған.

VIІ. Математикалық жұмбақтар
<< Жылдам тап >> ойыны
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін жұмбақтарға берелік.
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың енді жауаптарын көрелік. деп сайысымыздың 7 бөлімі Математикалық жұмбақтарға кезек берейік. Жұмбақ екі топқа бірдей беріледі.
1. 12 бұтағы бар алып емен
52 шыбық тарап өсіп өнген
Шыбық сайын жетіден жапырағы
Бар ма сондай ағашты көзің көрген?
( Жыл, 12 ай, 52 апта, 7 тәулік)
2. Бір - бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді. ( 8 )
3. Түйе бота маң басқан
Төртеуі аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Төрт қозылы екі қой.
Бәрін бірге санап қой. ( 15 )
4. Көлден ұшты 40 қаз,
Қайтып қонды 15 қаз.
Қонбады оның нешеуі,
Кәне, кім тез шешеді? 40 - 15 = 25
5. Табақта он бес алма,
Қолымда бес алма.
Барлығын қосқанда,
Болады неше алма. ( 15 + 5 = 20 алма )
VІІІ. Амал таңбаларын қою
Өткір болсаң ұтарсың,
Тапқыр болсаң табарсың.
Оқысаң өрге басарсың,
Жауабын жылдам табарсың. - дей отырып, сайысымыздың 8 бөлімі
<< Амал таңбаларын қою >> кезеңін бастайық.

37 + 20 = 57
255 - 55 =200
799 - 10 = 789
63 : 9 = 7
8 * 7 = 56
35 : 5 = 7
200 + 6 = 206
964 - 64 = 900
64 * 0 = 0
600 + 150 = 750
3642 : 6 = 607
360 : 4 = 90
560 * 2 =1120
440 : 2 = 220
420 * 0 = 0

27 + 30 = 57
155 - 55 = 100
899 + 1 =900
54 : 9 = 6
6 * 8 = 48
18 : 2 = 9
100 + 6 = 106
200 - 50 = 150
54 * 0 = 0
300 + 250 = 550
2427 : 3 = 809
810 : 9 = 90
630* 2 =1260
230 * 3 = 690
28 * 4 = 112

Құрметті көрермендер осымен << Математика әлемі >> атты пәндік шарамызды аяқтаймыз. Сөз кезегін әділ бағасын беретін әділқазылар алқасына берейік.
( әділқазылар алқасы өз шешімдерін айтады )
Білімнің тұңғиығына бойлайтұғын,
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылымдар патшасы боп дараланып,
Математика қызықты тойлайтұғын.
Сонымен біз бүгін математиканың көп тапсырмаларын орындадық. Барлық ғылымдардың патшасы математика деп бекер айтпайды. Қазіргі экономика заманында есепке жүйрік болуымыз керек. Сонда ғана өз заманымыздың алдыңғы қатарлы азаматы боламыз. Сайысымызды аяқтаймыз. Марапаттарыңыз құтты болсын . Биік шыңнан көріне беріңіздер.

Қарабау орта мектебі

( Апталық пәндік шара)

Өткізген: Қарабау орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Жарқын Меңдібаева

2012-2013 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Көңілді тапқырлар туралы ақпарат
Табиғатқа саяхат. 7 сынып. сабақ жоспары
Математикалық сайыс
7саны және цифры
Ойшылдар, алғырлар, тапқырлар сайысы 9-сыныптар
Сыныптан тыс жұмыс "кім білгір"
Отбасын ,ата-ананы қадірлеу үлкенді сыйлау
Қызықты математика (сайыс сабақ). 4-сынып
Тапқыр достар (Интелектуалды ойын - жарыс)
Ойнайық та, ойлайық ( сыныптан тыс )
Пәндер