6-сынып математика: Сан аралықтары - сабақ жоспары

Математика 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Сан аралықтары»

Мақсаты: Теңсіздіктердің шешімдері жиынын сан аралығында кескіндеуді, теңсіздіктер шешімдерінің жиынын сан аралығымен жазуды үйрету;

Тәрбиелік: Шапшаңдылыққа, нақтылыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Алдыңғы сабақтарда алған білімдерін әрі қарай жетілдіру.

Көрнекіліктер: карточкалар, таблицалар, тест тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезені
  2. Жаңа сабаққа қажетті ұғымдарды еске түсіру, үйге берілген тапсырманы пысықтау.
  3. Жаңа сабақ /негізгі ұғымдар/
  4. Негізгі ұғымдарды бекіту
  5. Ауызша жаттығулар
  6. Есептер шығару
  7. Кестемен жұмыс
  8. Сергіту сәті
  9. Үйге тапсырма беру, сабақ қортындысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер-деп бүгін білімнің биік шыңының асуларын ала біліңдер.

Жұмбақ жасыру арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын тудыру

Үлкен кіші сандарды сен,

Ажыратқың келсе, егер

Қандай таңба қояр ең? /теңсіздік/

II. Осыған дейін теңсіздік жайлы не білеміз, еске түсірейік, ол үшін алдарыңда 5 фигура бар, «Еркің білсін!», фигура таңдау арқылы оқушылар сыртындағы сұрақтарға жауап береді

Қандай теңсіздік белгілері бар?

Санды теңсіздік деген не?

е

деген не

Теңсіздік белгілерін енгізген кім?

Қос теңсіздікке мысал келтір

1< x≤ 5 теңсіздікті оқы, шешімін тап

III. Дәптерді ашып бүгінгі күнді жазамыз.

Тапсырма: теңсіздіктің шешімдерін таптық қой,

шешімдерін координаталық түзуде кескіндейік

А. 1< х≤5

2, 3, 4, 5. Шешімі болмайтын шеткі нүктені шеңбермен, шешімі болатын нүктені дөңгелекпен кескіндейміз.

(1; 5] оқылуы :1-ден 5-ке дейінгі аралық 5-тің өзін қоса, /жартылай интервал/

Ә. Келесі теңсіздікке назар салайық : 1≤ х<5

Алдыңғы теңсіздікпен салыстырайық, айырмашылығын айтып қорытынды жасауға тырысайық :

Сонымен айырмашылығы неде? Оң жақ шеткі нүкте 4 саны, 5 саны енбейді,

шешімдері 1, 2, 3, 4 [1; 5) оқылуы: 1-ден 5-ке дейінгі аралық 1-дің өзін қоса/ жартылай интервал/

Б. 1< х<5 шешімдері : 2, 3, 4 (1; 5) 1-ден 5-ке дейінгі аралық / интервал/

В. 1≤ х≤5 шешімдері: 1, 2, 3, 4, 5 оқылуы: 1 ден 5-ке дейінгі аралық 1 мен 5 тің өзін қоса; /кесінді/

Г. х≥3 /сәуле/

Д. х<3/ ашық сәуле/

IV. Сан аралығының түрлері: жартылай интервал, интервал, кесінді, сәуле, ашық сәуле, сандық түзу

V. Есептер шығару (ауызша) №986 (7; 15) ;

2. [-5; 5] ; 3. (6; + ∞) ; 4. (-∞; 9) ; 5. (2; + ∞) ; 6. [0; + ∞) ;

IV. 987, 988, 997, 1002

IVI, 990 /өздік жұмысы, таблица/

IVI Сергіту сәті

1. /Теңсіздік таңбасы өзгереді, теңсіздіктің оң жақ және сол жақ бөліктерінің орынын ауыстырса; /ие/

2. а<d а мен d-ның айырмасы оң сан; /жоқ/

3. Санды теңсіздік дегеніміз құрамында сандар бар теңсіздік; /ие/

4. Нөл теріс сан /жоқ/

IX Үйге тапсырма: 996/1002 есеп сияқты, 1004, сұрақтар 1-4, 224 бет

Ойын «Жұбын тап » ойын шарты берілген теңсіздіктердің белгіленуі дұрыс емес, дұрыстарын тауып қатарына жазу қажет

реті
теңсіздік
белгіленуі
дұрысы
реті: 1
теңсіздік: -2< х<2, 5
белгіленуі: (-2; 2, 5]
дұрысы:
реті: 2
теңсіздік: -2≤ х≤2, 5
белгіленуі: (-2; 2, 5)
дұрысы:
реті: 3
теңсіздік: -2≤ х≤2, 5
белгіленуі: (-2; 2, 5]
дұрысы:
реті: 4
теңсіздік: х≥-2
белгіленуі: (-∞; -2)
дұрысы:
реті: 5
теңсіздік: х>2
белгіленуі: (2; +∞)
дұрысы:
реті: 6
теңсіздік: х≤2, 5
белгіленуі: [2, 5; +∞)
дұрысы:
реті: 7
теңсіздік: х<2, 5
белгіленуі: (-∞; 2, 5]
дұрысы:

Ұқсас жұмыстар
6-сынып: Сан аралықтары тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары
6-сынып математикасы: Сан аралықтары сабағының оқу-әдістемелік жоспары
III деңгей біліктілігін арттыру курсы аясындағы мектеп тәжірибесі: №82 жалпы білім беретін орта мектебінің математика пәні мұғалімі Аманкелді Самалдың 6ә сыныпқа арналған Сан аралықтары тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары (07.02.2014)
Сан есімдер: дара және күрделі сан есімдер - 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары
6-сынып: Сан есімдерді қайталау (киелі сандар арқылы) - сабақ жоспары
Санды теңсіздіктердің қасиеттері: 6-сынып математика сабақ жоспары
6-сынып математика: Теріс сандарды қосу - сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы
6-сынып: Сан есімді қайталау - саяхат түріндегі ашық сабақ
6-сынып математика: Рационал сандарды көбейту бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz